- Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
- №46 А. С. Пушкин атындағы орта мектебі
- Бекітемін:
- Мектеп директоры: ______________ Б. Сыздық
- «_____» _______________ 2008 жыл
- Адам физиологиясы
- 1 жыл
- Қосымша білім беру педагогы: Мыханов Ғ
- Шиелі кенті, 2008 жыл
- Қолданбалы курс дегеніміз оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, тақырыпты кеңінен ашып көрсету, ойлау қабілетін дамыту, оларды оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін сабақтар. Жаратылыстану – математикалық бағытында 10 – сыныпта жүргізілетін биология пәнінен қолданбалы курс бағдарламасы жалпы орта білім беру саласындағы биология бағдарламасына сәйкес жасалған.
- Физиология (грекше physis - табиғат, logos - ілім ) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін , тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Адам физиологиясы курсынан алған білімін іс жүзінде қалыптастыру. Қазіргі таңда мектеп бітіруші түлектеріміздің медицина саласына көп көңіл бөлуіне байланысты курсты адам физиологиясы деп алуды жөн көрдім. Сонымен қатар қосымша материалдар мен зертханалық жұмыстармен үнемі шұғылдану еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке, табандылыққа және жігерлілікке үйретеді. Алға қойған мақсатқа жету үшін қайсарлықты қалыптастырады, ақыл – ойы мен таным белсенділігі артады.
- Түсінік хат
- Курстың мақсаты:
- Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету;
- Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен нығайту тәсілдерін үйрету.
- Курстың міндеттері:
- ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдар мен теориялардан тұратын биология ғылымының негізін білу;
- негізгі ұғымдар мен теорияларды білу.
- өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету;
- оқыту өмірмен тығыз байланыстыру;
- қосымша білім беру арқылы алған білімді сапалы да орынды пайдалана алу машығын қалыптастыру;
- ҰБТ – ға дайындық.
- Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
- физиологияның даму кезеңдерін қалыптастыру;
- жасушаның құрылысы, қызметі туралы түсінік қалыптастыру ;
- орталық жүйке жүйесінің қызметі туралы білімін кеңейту;
- қанның құрамы мен қызметі туралы түсінігін қалыптастыру;
- зат алмау процесін түсіндіру;
- адамның мақсатты іс - әрекеті туралы көзқарасын қалыптастыру.
- 4. Пәнаралық кіріктіру:
- Физика , химия, математика т.б
- 5. Кәсіпке бағдарлау:
- Генетик , селекционер, дәрігер, фармацевт, биология пәнінің мұғалімі, агроном, зоотехник, биотехнолог, эколог.
- 6. Курстың уақыт көлемі: 34 сағат, аптасына 1 сағат.
- 7. Курсты ұйымдастыру формасы: теориялық (түсіндіру), практикалық (зертханалық жұмыс).
- 8. Аяқтау формасы: тест жұмысы, рефераттар қорғау.
| | | | | | | | | | | | | - Адам мен жануар ағзасының ұқсастықтары мен айырмашылығы
| | | | - І – тарау. Физиология ғылымы
| | | | - Физологяның даму кезеңдері
| | | | - Организмнің құрылымы мен қызметі
| | | | - Цитофизиология №1 зерт.жұмыс
| | | | | | | | - ІІ – тарау. Орталық жүйке жүйесі
| | | | | | | | - Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі
| | | | | | | | | | | | - Жүйке жүйесінің гигиенасы
| | | | | | | | - ІІІ – тарау. Қан және қан айналым
| | | | - Қанның физикалық және химиялық қасиеттері
| | | | | | | | | | | | | | | | - Жүректің қан айдау қызметі
| | | | | | | | - Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем №2 зерт.жұмыс
| | | | | | | | | | | | - Денедегі энергиялық өзгерістер
| | | | - Пластикалық және энергиялық алмасу
| | | | - Дәрумендер және олардың маңызы
| | | | - Қоректік заттардың калориялық коэффициенті
| | | | - Нәруыз, май, көмірсулар мен минериалды заттардың организм үшін маңызы
| | | | | | | | - Ү – тарау. Адамның мақсатты іс -әрекеті
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | - Бағдарламаның мазмұны
- Аптасына - 1 сағат, барлығы - 34 сағат.
- Бағдарлама 5 тараудан тұрады.
- Кіріспе (2 сағат).
- Адам ағзасына жалпы шолу
- І – тарау. Физиология ғылымы (4 сағат)
- Физиологияның даму кезеңдері.
- Цитофизиология.
- ІІ – тарау . Орталық жүйке жүйесі (6 сағат)
- Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі, жұлын, ми және оның бөлімдері
- ІІІ – тарау. Қан және қан айналым. (8 сағат).
- Қанның құрамы, иммундық жүйе, жүректің қан айдау қызметі, қантамырлар
- ІҮ –тарау. Зат алмасу (6 сағат)
- Денедегі энергиялық өзгерістер, қоректік заттардың калориялық коэффициенті
- Ү – тарау. Адамның мақсатты іс -әрекеті (8 сағат).
- Еңбек физиологиясы, ой еңбегі, дене жаттығулары
- Пайдаланылған әдебиеттер
- І. Оқушылар үшін:
- 1. Оқушылар анықтамасы. 6-11 сынып . Биология.
- 2. Қызықты физиология. Б.Сергеев.
- 3. Биология және салауаттылық негіздері (журнал).
- 4. Денсаулық журналы.
- ІІ. Мұғалім үшін:
- Адам физиологиясы. Сәтбаева Х.Қ, Өтепбергенов А.А, Нілдебаева Ж.Б. 2005 ж
- Жалпы генетика. Стамбеков С.Ж
- Қызықты биология. Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлов. 2006 ж
- Адам анатомиясының практикумы. М.М.Юсупов. Алматы .1979 ж
- 5. Биология және салауаттылық негіздері (журнал).
Достарыңызбен бөлісу: |