«Бәйтерек девелопмент» АҚ
Басқармасының
2018 жылғы «___» _______
№ ___ шешімімен
БЕКІТІЛДІ
«Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы жұмыскерлеріне
еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру қағидасы
Астана 2018 ж.
2
Мазмұны
1. Жалпы ережелер ................................................................................................................................... 3
2. Жауапкершілік ...................................................................................................................................... 4
3.Лауазымдарды бағалау және грейдтер құрылымы ........................................................................ 5
4.Қоғам жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі ............................................................................... 6
5.
Лауазымдық қызметақылар схемасы................................... Ошибка! Закладка не определена.
6.
Лауазымдық қызметақы ......................................................... Ошибка! Закладка не определена.
7.
Жұмыскерлерге сыйлықақы беру ......................................... Ошибка! Закладка не определена.
8. Қорытынды ережелер ........................................................................................................................ 10
Қосымша ............................................................................................. Ошибка! Закладка не определена.
3
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы жұмыскерлеріне
еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан
Республикасының
заңнамасына
сәйкес
әзірленді
және
«Бәйтерек
девелопмент» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) жұмыскерлеріне
еңбекақы төлеудің және сыйлықақы берудің бірыңғай шарттарын,
қағидаттарын, тәртібін айқындайды және Қоғам жұмыскерлеріне еңбекақы
төлеу және сыйлықақы беру қағидаттарын, тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағида:
1) грейдтер негізінде еңбекақы төлеудің тиімді жүйесін белгілеу жолымен
Қоғам мен Холдингтің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне ықпал ету;
2) жұмыскердің еңбекақы деңгейі, оның дербес тиімділігі және тұтастай
Қоғам қызметінің нәтижелері арасындағы айқын өзара байланысты
қамтамасыз ету;
3) әділ және бәсекеге қабілетті сыйақы беруді қамсыздандыру
мақсатында әзірленді;
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
грейд – лауазымды бағалау факторларын ескере отырып, ұйымның ортақ
мақсаттарына қол жеткізуге олардың қосқан үлесіне байланысты лауазымдар
топтастырылған шартты деңгей;
лауазымдық қызметақы – жұмыскердің біліктілігін, орындалатын
жұмыстың күрделілігін, санын, сапасын және шарттарын ескере отырып,
еңбек міндеттерін орындаудың күнтізбелік айы үшін жұмыскердің базалық
сыйақысы, еңбекақысының тиянақты мөлшері;
ЕТЖМ – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасымен белгіленген және сыйлықақы беру туралы
бұйрықты шығару күніне қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшері;
жауапты бөлімше – Қоғамның адам ресурстарын басқару үшін, не
еңбекақы төлеу мәселелері үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі;
Холдинг - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы;
есепті кезең – Қоғам Басқармасы төрағасының шешімі бойынша
анықталатын тоқсан немесе жыл;
лауазымды бағалау – бағалау факторларының (шешетін мәселелердің
күрделілігі, әрекеттер еркіндігі, жауапкершілік деңгейі және басқа) негізінде
ұйымдастыру үшін лауазымның салыстырмалы құндылығын анықтау
мақсатында лауазымды талдау;
қызметтің түйінді көрсеткіштері (ҚТК) – белгілі уақыт кезең ішіндегі
Қоғамның стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізу
тиімділігін және жұмыскерлердің өз алдында тұрған мақсаттары мен
міндеттерін орындау тиімділігін сипаттайтын құрылымдық бөлімшелер мен
жұмыскерлердің қызмет көрсеткіштері;
4
сыйлықақы – мөлшері Қоғам жұмыскерлерінің көпшілігі немесе
барлығы үшін бірдей, сондай-ақ жұмыскердің қызметі барысында алынған
жеке нәтижені бағалауға (ҚТК) байланысты әртүрлі болуы мүмкін айнымалы
төлем;
жұмыс жылы – жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген
он екі күнтізбелік айға тең кезең;
жұмыскер – Қоғаммен еңбек қатынастарында тұрған және еңбек шарты
бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
басқарушы жұмыскерлер – Қоғам Басқармасының төрағасы және
мүшелері;
грейдтер құрылымы – Қоғам Басқармасы бекітетін, схемалық түрде
ұсынылған және Қоғамның грейдтер иерархиясында лауазымның орнын
көрсететін Қоғамның лауазымдарын бағалаудың жалпы нәтижесі;
құрылымдық бөлімше – Қоғамның ұйымдық құрылымына кіретін және
қызметтің белгілі бір бағыты үшін жауап беретін дербес бөлімше;
лауазымдық қызметақылар жүйесі – Қоғам жұмыскерлерінің
лауазымдық қызметақыларының мөлшерін белгілейтін және Қоғам
Басқармасы бекітетін ең төменгі, орташа және ең жоғары деңгейі бар схема;
біліктілікке қойылатын талаптар – кәсіби дайындық деңгейін
белгілейтін талаптар, сондай-ақ көзделген лауазымдық міндеттерді орындау
үшін қажетті тәжірибе мен білімге қойылатын талаптар;
басқарушы жұмыскерлер – басқарушы директорлар;
нақты жұмыс істеген уақыт – жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне
және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындаған
уақыт, соның ішінде ақылы еңбек демалысында, біліктілігін арттыру
курстарында және қызметтік іссапарда болған кезең;
штаттық кесте – Директорлар кеңесі белгілеген штаттық санның
шеңберінде құрылымдық бөлімшелер құрамын, Қоғам Басқармасы бекітетін
лауазымдар тізбесі мен грейдтерді белгілейтін құжат.
4. Осы Қағида басқарушы жұмыскерлерге, Директорлар кеңесіне
бағынатын жұмыскерлерге, сондай-ақ еңбек шартының талаптарымен
белгіленген
тәртіппен
Қоғамдағы
жұмысқа
тартылған
шетелдік
жұмыскерлерге таралмайды.
2. Жауапкершілік
5. Осы Қағиданың шеңберінде жауапты бөлімше жауап береді:
1)
еңбекақы
төлеуге
қаражаттардың
жұмсалуын
жоспарлау,
мониторингтеу және бақылау;
2) жұмыс берушінің актілерін дұрыс, уақтылы, дұрыс ресімдеу және
бухгалтерлік есептің жүргізілуі үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге беру
үшін жауап береді.
6. Осы Қағиданың шеңберінде Бухгалтерия:
5
1) жұмыскерге осы Қағидамен көзделген жалақының және өзге
төлемдердің уақтылы есептелуі және төленуі;
2) жұмыскерді тиісті кезең үшін тиесілі жалақысының құрамдық
бөліктері, жалақыдан ұстап қалудың мөлшері және негіздері туралы, соның
ішінде ұсталған және аударылған зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ
төленуі тиіс жалпы ақша сомасы туралы ай сайын жазбаша немесе
электрондық нысанда хабарландыру үшін жауап береді.
3.Лауазымдарды бағалау және грейдтер құрылымы
7. Грейдтер құрылымын бағалау факторларын ескере отырып, Қоғамның
жалпы стратегиясына/мақсаттарына қол жеткізуге олардың қосқан үлесіне
байланысты құндылығы бірдей лауазымдарды топтастыру негізінде
лауазымдар иерархиясы қалыптастырады.
8. Грейдтер құрылымы жалақы мөлшері мен қажетті біліктілік деңгейі,
қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік дәрежесі және Қоғам
қызметінің нәтижелеріне ықпалы бөлігінде лауазымға қойылатын
талаптардың негізінде анықталған лауазымдық грейдтің тиісті деңгейінің
арасындағы өзара байланысты белгілейді.
9. Бағалау факторлары:
а) білім мен қабілет – стандартты деңгейде лауазымдық міндеттерді
орындау үшін қажетті білімдер, дағдылар және тәжірибе жиынтығы;
б) мәселелерді шешу – лауазымда шешімдерді талдау, талқылау, бағалау,
құру, гипотеза қалыптастыру және тұжырымдар жасау үшін қажетті ойлау
деңгейі және табиғаты;
в) жауапкершілік – лауазымның әрекеттер және осы әрекеттердің салдары
үшін есептілік дәрежесін сипаттайды, ұйым қызметінің түпкілікті
нәтижелеріне лауазымның ықпалын көрсетеді.
10.
Лауазымды бағалау, лауазым грейдін белгілеу және қайта қарау
тәртібі Қоғам лауазымдарын бағалау қағидаларында айқындалады.
11.
Лауазымдарды бағалау нәтижелері бойынша әрбір лауазымға
грейд белгіленеді, ол бағалау факторларының жиынтығы бойынша лауазым
деңгейін көрсетеді.
12.
Грейдтер құрылымы және лауазымдарды бағалау негізінде
грейдтер бойынша лауазымдарды бөлу, сондай-ақ Қоғам грейдтерінің
құрылымына өзгертулер Қоғам Басқармасының шешімімен бекітіледі.
13.
Грейдтер жүйесін ендірген кезде және/немесе Қоғамның
құрылымын және/немесе ұйымдық өзгертулерін (жаңа лауазымды ендіру,
штаттық кестеден лауазымдарды алып тастау және т.б.) бекітуден кейін
және/немесе Қоғамның/Холдингтің Стратегиясына өзгертулер енгізу, сондай-
ақ лауазымдық міндеттер елеулі өзгертілген кезде бұл лауазымдар Қоғамның
лауазымдарды бағалау қағидасына сәйкес лауазымды бағалау рәсімінен өтеді
және грейдтердің жалпы құрылымына енгізіледі.
6
4. Қоғам жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі
14. Қоғам жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі еңбекақының тұрақты
бөлігінен (лауазымдық қызметақы) және еңбекақының айнымалы бөлігінен
(сыйлықақы) тұрады.
15. Лауазымдық қызметақы грейдтер құрылымы негізінде анықталады
және Қоғам Басқармасы бекітетін лауазымдық қызметақылар схемасы мен
штаттық кестеге сәйкес анықталады.
16. Сыйлықақы мөлшері Қоғам жұмыскерлерінің қызмет тиімділігін
бағалау қағидасына сәйкес есепті кезеңнің қорытындысы бойынша
анықталады.
17.Жұмыскерге еңбекақы төлеу еңбек шартына және жұмыс берушінің
актілеріне сәйкес жүргізіледі.
18. Жұмыскерге еңбекақы төлеу тиісті қаржы жылына Қоғамның
бюджетінде еңбекақы төлеуге көзделген қаражаттар есебінен жүргізіледі.
19. Еңбекақы
төлеуге қаражат жоспарлауды жауапты бөлімше
лауазымдық қызметақылар жүйесімен және штаттық кестемен, сондай-ақ осы
Қағидада қарастырылған төлемдермен көзделген әрбір лауазым бойынша
орташа мөлшерлердің есебіне орай (med3 жоғары емес) жүзеге асырады.
20. Еңбек шартында жұмыскердің лауазымдық қызметақысының
мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және
басқа міндетті аударымдарды ұстап қалуға дейінгі мөлшерінде көзделеді.
21. Жалақы жұмыскерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін құрылымдық
бөлімшелердің басшылары жауапты бөлімшеге берген жұмыс уақытын есепке
алу табелінің негізінде есепті айдан кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей төленеді.
Жұмыс уақытын есепке алу табелін дұрыс толтыру және уақтылы ұсыну үшін
жауапкершілікті құрылымдық бөлімшелердің басшылары және жауапты
бөлімшенің жауапты жұмыскері көтереді. Бұл ретте әр айдың 15-нен
кешіктірмей жұмыскерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін жұмыс
уақытын есепке алу табеліне сәйкес жалақының 40%-нан аспайтын мөлшерде
аванс төлене алады.
22. Жұмыскерге барлық төлемдер жұмыскердің банк картасына
аударылады. Қоғам карточкаларға қызмет ету шартын жасасқан банкке
сыйақыны Қоғам төлейді.
23. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін төлем Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Басқарма төрағасының не ол
уәкілетті еткен тұлғаның бұйрығының негізінде жүргізіледі.
5. Лауазымдық қызметақылар схемасы
24. Әрбір грейд үшін әрбір грейдке ең төмен, орташа және ең жоғары
төлемді айқындайтын еңбекақы төлеу диапазонын белгілейді.
7
25. Лауазымдық қызметақылар схемасы грейдтегі төлем деңгейінің ең
төменгісінен ең жоғарғысына дейінгі шамасын көрсетеді.
26. Лауазымдық қызметақылар схемасы ішкі әділдік (берілген ауқымда
лауазымдарды ұйымдастыру үшін құндылығы бойынша ұқсас төлем) және
сыртқы бәсекеге қабілеттілік (Қоғам жұмыскерлерін тарту және ұстап қалу
үшін базалық сыйақының жеткілікті деңгейі) қағидатын сақтауды ескере
отырып қалыптастырылады.
27. Лауазымдық
қызметақылар схемасын осы Қағидаға сәйкес
Холдингпен келісу бойынша Қоғам Басқармасы бекітеді.
28. Лауазымдық қызметақылар схемасы экономикалық жағдайды,
инфляция деңгейін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
еңбек нарығындағы өзекті жағдайға сәйкес өткен жылғы немесе ағымдағы
күнтізбелік жылдың жалақысына шолу негізінде түзетіле алады. Лауазымдық
қызметақылар схемасын өзгертуге жауапты бөлімше бастамашылық етеді
және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Лауазымдық қызметақы
29. Жұмыскердің лауазымдық қызметақысының мөлшері штаттық
кестеге және жұмыскер атқаратын лауазымға сәйкес келетін грейд бойынша
лауазымдық қызметақылардың схемасына сәйкес белгіленеді.
30. Жұмыскердің қызметақысы келесі қағидаларға сәйкес бұл грейд үшін
белгіленген айырдың ең төменгісінен ең жоғарғы мәніне дейін өзгере алады:
төменгі аймақ (min) – Қоғамға жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімі
белгіленген жұмыскерлерге, сондай-ақ есепті кезеңнің қорытындысы
бойынша қызмет тиімділігін бағалауға сәйкес қызмет тиімділігінің деңгейі
төмен жұмыскерлер үшін белгілене алады;
орташа аймақ (med1, med2, med3) – Қоғамға жұмысқа қабылдау кезінде
сынақ мерзімі белгіленбеген жұмыскерлерге, не сынақ мерзімінен сәтті өткен
Қоғам жұмыскерлеріне, сондай-ақ есепті кезеңнің қорытындысы бойынша
қызмет тиімділігін бағалауға сәйкес қызмет тиімділігінің деңгейі орташа
жұмыскерлер үшін белгілене алады;
жоғарғы аймақ (max) – біліктілік деңгейі лауазымға қойылатын
біліктілік талаптарынан едәуір асып түсетін Қоғам жұмыскерлеріне, сондай-
ақ есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қызмет тиімділігін бағалауға сәйкес
қызмет тиімділігінің деңгейі жоғары жұмыскерлер үшін белгілене алады.
31.Жұмысқа қабылдау кезінде лауазымдық қызметақының мөлшерін
Басқарма төрағасы немесе ол уәкілетті еткен тұлға осы Қағиданың ережелерін
ескере отырып бекітілген лауазымдық қызметақылар схемасына сәйкес
жұмыскерлерге қатысты тікелей басшысының ұсынуы негізінде белгілейді.
Ұсыну жетекшілік ететін Басқарма мүшесімен немесе басқарушы
жұмыскермен (жетекшілік ететін Басқарма мүшесі болмаған кезде) және
жауапты бөлімшенің басшысымен келісілуі тиіс.
8
32. Сынақ мерзімінен өту нәтижелері бойынша немесе қызмет тиімділігін
бағалау қорытындылары бойынша төлемнің өзге деңгейіне ауыстыру
мақсатында бөлімше басшысы жұмыскерге ұсынуды Басқарма төрағасының
немесе жетекшілік ететін Басқарма мүшесімен немесе басқарушы
жұмыскермен (жетекшілік ететін Басқарма мүшесі болмаған кезде) және
жауапты бөлімшенің басшысымен келісілген уәкілетті тұлғаның атына
дайындауға құқылы. Бұл ретте өзгертілген қызметақы ағымдағы
қызметақыдан 50%-дан аспайтын шамаға жоғары немесе төмен болуы тиіс.
33. Басқарма төрағасының немесе уәкілетті тұлғаның келісу қарарының
негізінде жауапты бөлімше еңбек шартына қосымша келісімді дайындайды,
онымен лауазымдық қызметақының өзгертілген мөлшері белгіленеді.
34. Бір лауазым бойынша жұмыскердің лауазымдық қызметақысын
өзгерту жұмыс жылында бір реттен жиі емес жүзеге асырыла алады.
35. Лауазымдық қызметақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу
табелінің негізінде нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
36. Өзінің негізгі жұмысынан босатылмай лауазымдарды қоса атқарғаны
және уақытша жоқ жұмыскердің міндеттерін орындағаны үшін Қоғам
жұмыскерінің лауазымдық қызметақысына осы Қағидаға сәйкес қосымша
төлем жүргізіледі.
37. Лауазымдарды қоса атқарғаны және уақытша жоқ жұмыскердің
міндеттерін орындағаны үшін қосымша төлем негізгі жұмыс бойынша
лауазымдық қызметақының белгіленген мөлшерінен 30%-дан аспайтын
мөлшерде белгіленеді. Уақытша жоқ жұмыскердің міндеттерін атқаратын
Қоғам жұмыскерлеріне қосымша төлем жоқ жұмыскерді нақты алмастыру
күндері үшін жүргізіледі.
38. Қосымша төлем Қоғам Басқармасы төрағасының не ол уәкілетті еткен
тұлғаның бұйрығымен құрылымдық бөлімшенің басшысының қызметтік
жазбасының негізінде жетекшілік ететін Басқарма мүшесімен және жауапты
бөлімшенің басшысымен келісу бойынша қосымша төлем мөлшерін және
қосымша орындалатын жұмыс мерзімін көрсетумен белгіленеді. Аталған
мерзім аяқталғаннан кейін қосымша төлемдерді төлеу бұл жөнінде
жұмыскерге ескертпей тоқтатылады.
7. Жұмыскерлерге сыйлықақы беру
39. Қоғам бюджетінде көзделген ақша қаражаттарының шегінде
жұмыскерлерге есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қызметтің
нәтижелілігін бағалау қорытындылары бойынша сыйлықақы және
мемлекеттік мерекеге сыйлықақы төлей алады.
40.
Сыйлықақы төлеу бойынша ұсыныстар енгізуді, сондай-ақ
сыйлықақы қорының мөлшерін есептеп шығаруды жауапты бөлімше жүзеге
асырады.
41. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қызметтің нәтижелілігін
бағалау қорытындылары бойынша сыйлықақы есепті кезеңде нақты жұмыс
9
істеген уақытқа барабар есептеледі. Сыйлықақы есептеу үшін нақты жұмыс
істеген уақытқа сонымен қатар:
- кезекті еңбек демалысында болу уақыты (жұмыс күндері);
- ұзақтығы 40 күнтізбелік күнге дейін іссапарда болу кезеңі;
- ұзақтығы 30 күнтізбелік күнге дейінгі біліктілігін арттыру курстарында
болу кезеңі;
- жұмыскерді мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тарту
уақыты;
- жұмыс берушінің есебінен кезең сайынғы медициналық тексерулердер
өту уақыты;
- тексерілу және қан мен оның құрауыштарын тапсыру (донация) уақыты
қосылады.
42. Жұмыскерге ынтасын көтеру мақсатында қолданыстағы заңнамаға
сәйкес мемлекеттік мерекеге сыйлықақы төлеудің көзделуі мүмкін, бұл ретте
осы сыйлықақының жылдық жалпы мөлшері Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес салықтар мен міндетті аударымдарды ұстап қалудан кейін
1 жұмыскерге 10 ЕТЖМ-нен аспайды.
43. Мемлекеттік мерекеге сыйлықақы Басқарма төрағасының немесе ол
уәкілетті еткен тұлғаның бұйрығының негізінде Қоғамның барлық
жұмыскерлеріне төленеді.
44. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қызметтің нәтижелілігін
бағалау қорытындысы бойынша сыйлықақы Қоғам жұмыскеріне:
- тәртіптік жазаның қолданылу кезеңі үшін және мерзімі уақытында;
- сынақ мерзімінің кезеңі үшін және уақытында;
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4), 7)-
13), 15-18), 21), 22), 25) тармақшаларында, сондай-ақ 56-бабында және 57-
бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша еңбек
шарты бұзылған (тоқтатылған) кезде төленбейді.
45. Жұмыскер Холдингке немесе Холдингтің еншілес ұйымына жұмысқа
ауысқан жағдайда, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қызметті бағалау
қорытындылары бойынша сыйлықақы беру жаңа жұмыс орнынан анықтама
берілген жағдайда есепті кезеңдегі нақты жұмыс істеген уақытқа барабар
есептеледі.
46. Есепті кезеңнің ішінде лауазымдық қызметақы өзгертілген жағдайда,
есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қызметтің нәтижелілігін бағалау
қорытындылары бойынша сыйлықақы нақты кезеңде белгіленген
қызметақының мөлшеріне орай жұмыс істеген уақытқа барабар есептеп
шығарылады.
47. Мемлекеттік мерекеге берілетін сыйлықақыны қоспағанда, есепті
кезеңнің қорытындысы бойынша қызметтің нәтижелілігін бағалау
қорытындылары бойынша сыйлықақы төлеу Қоғам жұмыскерлерінің қызмет
тиімділігін бағалау қағидасына сәйкес Қоғам бюджетінде осы мақсаттарға
жоспарланған қаражаттар шегінде жүзеге асырылады, бұл ретте қызмет
10
нәтижелілігін бағалау қорытындылары бойынша сыйлықақының жалпы
мөлшері жылына 6 (алты) лауазымдық қызметақыдан асуы тиіс.
8. Қорытынды ережелер
48. Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген
төлемдерді қоспағанда, осы Қағидамен көзделмеген қосымша төлемдерге,
үстеме ақыларға, сыйлықақыларға және ақшалай немесе заттай нысандағы
басқа көтермелеу нысандарына рұқсат етілмейді.
49. Осы Қағида Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келген
жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қолданылуы
тиіс.
11
«Бәйтерек девелопмент» АҚ
жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу
және сыйлықақы беру қағидасына
Қосымша
Еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру ЕҰ Директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне
жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Қоғам жұмыскерлерінің лауазымдық
қызметақы схемасы
Грейд
Лауазымдық қызметақы айыры
Min
Med1
Mеd2
Med3
Max
* лауазымдық қызметақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес салықтарды және басқа міндетті аударымдарды ұстап
қалуға дейін айлық көрінісінде теңгемен көрсетілген
Достарыңызбен бөлісу: |