Силлабус
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
Базалық білім беру институты
«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы
1.Оқытушылар туралы мәлімет:
Оқытушы туралы мәлімет
|
Өткізу уақыты және орны
|
Байланыс үшін ақпарат
|
Аудиториялық сабақтар
|
СОӨЖ
(Офис сағаттары)
|
Whats’Up
|
Әлеуметтік желі аккаунты
|
e-mail
|
Үдербаев А.Ж.,
асс.профессор, ҚжОТК меңгерушісі
|
|
512 БОҒ
|
|
|
|
Жақсылықова К.Б., профессор
|
|
610 БОҒ
|
87087769869
|
|
kulyai@inbox.ru
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Курстың мақсаты: сөйлеу әрекеттері модельдері арқылы студенттердің іскери қатынастық және мәдениетаралық құзіреттілігін қалыптастыру, іскери терминологияны меңгеріп, іс қағаздары мен іскери құжаттарды сауатты құрастырып жазуға үйрету.
Курстың міндеттері: Студенттерді төмендегідей құзыреттіліктерге:
студенттердiң іскери қатынасқа қажетті аялық білімдерін кеңейте келе, мемлекеттік тілде іскери қарым-қатынас жасауға;
өзi жайлы, кәсібі немесе фирмасы, алға қойған жоспарлары туралы, әлеуметтік-тұрмыстық, оқу-еңбек, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери аялар бағытында ойын дұрыс жеткізуге;
іскери қарым-қатынаста айтылған мәселеге қызығушылығын танытуға, өз пікірін нақты дәлелдермен түсіндіруге;
іскери құжаттар мен жарнама, хабарландыруларды, іскери ақпараттарды түсініп оқу, қажеттiсiн iрiктеп ала бiлуге;
тақырып бойынша мәтiндердi оқып түсiну, қажетті мәліметті іздей білуге, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсiнуге және алынған ақпаратты сыни ой елегінен өткізуге;
ғаламтор материалдарымен еркін жұмыс жасау, қазақша ақпараттармен жұмыс iстей бiлуге, мәтінге талдау, сараптама жүргізіп, сыни пікір айтуға;
жағдаяттар бойынша жұптық, топтық шығармашылық, жоба жұмыстарына белсенді қатысу барысында мемлекеттік тілде өз ойын еркін, жүйелі жеткізуге;
өзін қызықтыратын тақырып бойынша мәтін құрастыра білу, өтілген тақырыптар негізінде баяндама, пайымдама, сипаттама жаза білуге, іскери-ресми құжаттар мен іс қағаздарының стильдік ерекшелігін сақтай отырып, сауатты жазуға машықтандыру.
3. Курстың сипаттамасы: «Іскерлік қазақ тілі» курсы Қ.И.Сәтбаев атындағы
ҚазҰТЗУ-дың орыс тілді аудиторияларында барлық мамандықтар бойынша бакалавриаттың В2-базалық стандартты (ІІІ ҰС) деңгей бойынша оқитын студенттеріне арналған.
«Іскерлік қазақ тілі» курсы төрт модульге бөлінген және студент бойында базалық пәндер бойынша қалыптасқан білімді пайдалану арқылы өзекті мәселелерді көтеруге және олардың шешу жолдарын анықтау дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Силлабус мазмұны өзара тығыз байланысқан екі бағыттан, атап айтқанда, студенттердің іскерлік бағыттағы қатысымдық құзыреттіліктерін функционалдық қырынан қалыптастырып, дамытуға арналған қатысымдық тақырыптардан және іс қағаздары мен іскери құжаттарды сауатты және дұрыс жазу дағдысын жетілдіруге арналған тілдік құрылымдарды меңгертуге арналған тапсырмалар жүйесінен тұрады. Ұсынылған тапсырмалар жүйесін студенттер өз бетімен және оқытушы басшылығымен орындай алады.
4. Пререквизиттер: Академиялық қазақ тілі (В1)
5. Постреквизиттер: Кәсіби қазақ тілі, Риторика, Іскери қатынас мәдениеті.
Курс соңында білім, білік, дағды бойынша күтілетін нәтижелер төмендегідей:
Тыңдалым
|
тыңдаған таныс/таныс емес тақырыптар бойынша іскери қатынас тiлiн түсiне алады;
іскери тақырыпқа жақын аудиомәтіндердің мазмұнын тыңдай отырып түсінеді;
тыңдаған мәтіндегі негізгі деректерді екшелеп саралайды;
іскери кездесулердегі, дөңгелек үстелдердегі пікірталастарда
көтеріліп отырған мәселелердің басты идеясын, мазмұнын
түсінеді;
радио және телехабарлардың, сұхбат, интервьюлердің
жалпы мазмұнын түсініп, пайымдайды;
телевизиялық жаңалықтар бағдарламаларын және ағымдағы
оқиғаларды тыңдап, түсінеді.
|
Оқылым
|
тақырыпқа сәйкес әртүрлі жанрдағы көлемі шағын аутентикалық мәтіндердің мазмұнын оқып түсінеді;
іскери құжаттар мен іскери бағыттағы мәтіндерді оқу техникасы жетіледі;
оқыған мәтін бойынша сыни пікір, қолдау, ұсыныс білдіру, қиындықтан шығу жолдарын ұсына алады;
мәтіндегі мәліметтерді шығармашылық жұмыс барысында, жобалық жұмыстар мен презентация жасауға, сұхбат пен дөңгелек үстелдерде өз пікірін айту барысында пайдалана алады;
мәтіндегі іскери қатынас және ресми терминдерді түсіне алады;
әр түрлі мәтіндерден өзіне тиісті мәліметтерді дұрыс ала біледі.
|
Айтылым
(монолог, диалог)
|
іскери жағдаятты суреттеу, түсіндіру арқылы сұхбаттасын әртүрлі ақпараттардан хабардар ете алады;
әр түрлі бағытта (ақпаратты құптау, қарсы шығу, әр түрлі сұрақ үлгілерін дамыта білу, өтініш білдіру, ұсыныс жасау, болжам жасау, өзін таныстыра білу, іскери әңгімені қостау, іскери кездесу туралы келісу, алғыс айту, кешірім сұрау, сипаттау, баяндама, хабарлама жасау) іскерлік қатынасқа еркін түсе алады;
тірек сөздерге, жоспарға сүйеніп те, сүйенбей де оқылған үзіндінің мазмұнын аша отырып, әңгімелеп бере алады;
сұхбат мазмұнын кейбір сөйлеу оралымдарын сақтай отырып монологқа айналдырып бере алады;
сұхбаттасына кеңес бере отырып, іскери бағыттағы мәселені оның көзін жеткізе, сендіре баяндай алады;
оқылған немесе тыңдалған мәтінде құрылған жағдаят немесе кейіпкерлер атынан сөйлей алады.
|
Жазылым
|
іскери қатынаста кәсіби сауаттылығы, іскери тіл стилін қолдана білуі, ресми құжаттарды толтыруда жазу стилінің дұрыстығын өз бетінше тексеріп отыру дағдысы қалыптасады;
ойын іскерлік тұрғыдан жеткізіп, ресми құжаттарды талапқа сай толтырады және сауатты жаза алады;
әріптесіне іскери тақырып бойынша деректер мен оқиғаларды ретіне қарай баяндап, жазбаша хабарлама, хат жаза алады;
іс-қағаздарын стилистикалық, грамматикалық тұрғыдан қатесіз ресімдей алады;
іскери құжат мазмұнын жүйелі, басқа мәліметтермен сәйкестендіре қорытындылап, өз ойын жеткізе біледі.
|
Тілдесім
|
әртүрлі іскери тақырыптар бойынша ауызша сипаттау, баяндау, ойын дәлелдеу, монологтік сөйлей білу құзыреттілігі қалыптасады;
іскери, ресми-іскери, саяси-әлеуметтік тақырыптар бойынша өз ойын жүйелі, еркін жеткізе алады;
өзінің компаниясы, өнімін сипаттап, кәсібі туралы әңгіме өрбіте алады;
тақырып бойынша сұхбат, интервью, пікірталас, дөңгелек
үстелдерге қатысып, келісу, келіспеу, қолдау, мақұлдау, түсіндіру,
жоққа шығару сияқты себеп-салдарлық қатынастарды түсіндіре
алады.
пікір алысу, сұрақ-жауап, әңгімелесу арқылы күнделікті іскери қарым-қатынаста әріптесінің ойын түсінеді және оған өз пікірін дәйектеп жеткізе алады;
кәсіби, оқу және оқу-ғылыми бағыттарда тілдік қатынастың әртүрлі салаларында кездесетін сөйлеу жағдаяттарында еркін қатынасқа түсіп, сөйлеу мақсатына сай тілдік, сөйлеу бірліктерін орынды қолдана біледі.
|
6. Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
Өтебаева Г.К., т.б. Іскерлік қазақ тілі. – Алматы, 2017.
Балабеков А.К., Бозбаева-Хунг А.Т., Досмамбетова Г.Қ., Салыхова Б.О., Хазимова Ә.Ж. Қазақ тілі: Ортадан жоғары деңгейге арналған оқулық. В2 – Астана: 2017. – 340 бет.
Тілешов Е.Е., т.б. Іскери қазақ тілі. – Деловой казахский язык: Оқу құралы + CD/ – Астана:
«Руханият» орталығы ЖШС, 2014.
Қосымша әдебиеттер:
Балабеков А. және т.б. Қазақ тілі. B2. Астана, 2012.
Алдашева А., Қадашева Қ., Ахметжанова З., Сүлейменова Э. Қазақ тілі. Ресми қарым-
қатынас, іс қағаздары тілі. Алматы: «Рауан», 2000.
Дүйсембекова Л. Қазақ ресми іс қағаздары. Алматы: «Ана тілі», 2005.
Оқытушылардың дайындаған аудио және видеоматериалдары, басқа материалдар.
Интернет қор:
http://www.kazakhstanets.narod.ru/
http://www.kazakhtest.kz
www. soyle.kz
http://kz.host.kz/
http://www.tilashar.kz/
http://www.akorda.kz/
http://www.edu-gov.kz
http://www.kaztube. kz
http://www.egemenkazakhstan.kz
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Апта
|
Аудиториялық сабақтар
|
1.СӨЖ /2.СОӨЖ
Тапсырма түрлері және орындау мерзімі
|
Тапсыру
мерзімі
|
|
Практикалық сабақтардың тақырыбы
|
Әдебиеттер
|
1.СӨЖ /2.СОӨЖ
|
1-апта
1-модуль
Іскери қатынас – бәсекеге қабілеттіліктің басты шарты
|
Курстың мақсат-міндеттерімен, саясаты мен, пән силлабусымен студент терді таныстыру.
|
|
1. Курс силлабусымен жұмыс
2.СӨЖ, СОӨЖ жұмыстарын
орындау талаптарымен
таныстыру
|
|
2-апта
|
2-тақырып. Жас маман мұраты жұмыс табу. Түйіндеме, танысқы дайындау.
|
НӘ 1[5-21]; 2[55-59]; ҚӘ 4[73], 5[33-46, 225]; 6; ИҚ [1-7]
|
1.СӨЖ-1. Түйіндеме, танысқы жазу. Танысқы ұсыну әдебі.
2.СОӨЖ-1. тақырыбын бекіту. «Жолым болса, ... » тақырыбында жұмыс іздеу және жұмысқа тұру үрдісі жайында іскерлік ойын ұйымдастырып, өткізу. Ақпарат көздерінің тізімін жасау. Материалдарды жинап, талдау. Жобаның жоспарын, орындау кестесін құру.
|
|
3-апта
|
3-тақырып. Жақсы жұмыс –
жанға тыныс. Өтініш, арыз жазу.
|
НӘ 1[22-33]; 2[37-41]; ҚӘ 4[37, 49], 5[73-85]; 6; ИҚ [1-7]
|
1.СӨЖ-2. Өтініш түрлерін, арыз жазу.
2.СОӨЖ-1. Зерттеу жүргізу, мәселенің негізгі ойын анықтау. Жоба жұмысының кіріспесін жазу.
3. Мамандыққа қатысты 10 терминнің этимологиясы мен жасалу жолына жазбаша түсініктеме беру.
|
|
4-апта
|
4-тақырып. Іскерлік әлемі және уақытты басқару. Өмірбаян,
Жеке іс парағын толтыру.
|
НӘ 1[34-48]; 2[6-30, 48-54]; ҚӘ 4[73 ], 5[21-32, 179]; 6; ИҚ [1-7]
|
1. СӨЖ-3. Өмірбаян құрастыру. Жеке іс парағын
толтыру.
2.СОӨЖ-1. Жоба жұмысының
негізгі бөлімін жазу.
|
|
5-апта
2-модуль
Іскерлік қызмет әлемі
|
5-Т. Іскер адам әдебі.
Қолхат, сенімхат жазу.
|
НӘ 1[49-58]; 2[166-174]; ҚӘ 4[121, 131], 5[61]; 6; ИҚ [10-7]
|
1.СӨЖ-4. Қолхат, сенімхат құрастыру, беру.
2.СОӨЖ-1. Жобаның қорытынды бөлімін жазу
|
|
6-апта
|
6-тақырып. Ұжымдық қарым-
қатынас әдебі. Іскерлік құттықтау, хабарландыру жазу.
|
НӘ 1[59-75]; 2[80-88, 92-96]; ҚӘ 4[62-72]; 6; ИҚ [1-7]
|
1. СӨЖ-5. Іскерлік
құттықтау, хабарландыру жазу.
2. СОӨЖ-1. Жобаның
презентациясын дайындау.
3. Мамандыққа қатысты 10 терминнің этимологиясы мен жасалу жолына жазбаша түсініктеме беру.
|
|
7-апта
|
7-тақырып. Электрондық хат алмасу ережесі.
Электрондық хат жазу.
|
НӘ 1[96-112];
ҚӘ 6; ИҚ [1-7]
|
1.СӨЖ-6. Электрондық хат жазу, жіберу.
2.СОӨЖ-1. Жобаның
дайындық деңгейі туралы есеп.
|
|
8-апта
1-АБ
|
1-аралық (Midterm) аттестация
|
Мультиварианттық тест
|
1) ұсынылған тақырып бойынша тапсырманы жазбаша орындау;
2) тест тапсырмаларын орындау.
Жобаны қорғау.
|
|
9-апта.
3-модуль Іскерлік қатынас мәдениеті
|
9-тақырып. Іскерлік хат алмасу мәдениеті. Қызметтік хаттың түрлерін құрастыру.
|
НӘ 1[76-96]; 2[63-100]; ҚӘ 5[109-115]; 6;
ИҚ [1-7]
|
1. СӨЖ-7.
Қызметтің хаттың түрлерін құрастыру.
2.СОӨЖ-2. «Іскерлік кездесу»
Жоба тақырыбын анықтап, бекіту.
|
|
10-апта
|
10-тақырып. Іскерлік мәжіліс жүргізу – өнер. Хаттама және хаттамадан үзінді құрастыру.
|
НӘ 1[113-123]; 2[148-165];
ҚӘ 4 [109], 5[139]; 6;
ИҚ [1-7]
|
1.СӨЖ-8. Хаттама және хаттамадан үзінді құрастыру.
2.СОӨЖ-2. Ұтымды ұсынысын дәлелдей алатын ақпарат
көздерінің тізімін жасап, мәліметтер жинақтау.
Жобаның жоспарын құру.
3. Мамандыққа қатысты 10 терминнің этимологиясы мен жасалу жолына жазбаша түсініктеме беру.
|
|
11-апта
|
11-тақырып. Шетелдік
әріптестермен байланыс.
Мінездеме, ұсынымхат
дайындау.
|
НӘ 1[124-136]; 2[31-36, ҚӘ 5[47]; 6; ИҚ [1-7]
|
1. СӨЖ-9. Мінездеме,
ұсынымхат дайындау.
2.СОӨЖ-2. Мәселені зерделеп, зерттеу жүргізу. Жобаның
кіріспесін жазу.
|
|
12-апта
4-модуль
Іскерлік қатынас мәдениеті
|
12-тақырып. Қызметтік іссапар туралы не білеміз?
Өкім шығару, түсініктеме, есеп жазу.
|
НӘ 1[137-147];
ҚӘ 6; 9; ИҚ [1-7]
|
1.СӨЖ-10. Өкім шығару, түсініктеме, есеп жазу.
2.СОӨЖ-2.
Жобаның негізгі бөлімін жазу.
|
|
13-апта
|
13-тақырып. Басшы келбеті. Бұйрық және оның
түрлерін дайындау.
|
НӘ 1[148-160]; 2[116-128]; ҚӘ 4[138], 5[11-25]; 6; ИҚ [10-14]
|
1.СӨЖ-11. Бұйрық және оның түрлерін дайындауға үйрену. 2.СӨЖ-2. Жобаның қорытынды бөлімін жазу.
3. Мамандыққа қатысты 10 терминнің этимологиясы мен жасалу жолына жазбаша түсініктеме беру.
|
|
14-апта
|
14-тақырып. Іскерлік
презентация жүргізуге үйрену. Хабарлама, баяндама дайындау.
|
НӘ 1[161-164];
ҚӘ 6; ИҚ [1-7]
|
1.СӨЖ-12. Хабарлама,
баяндама дайындауға үйрену.
2.СОӨЖ-2. Жұмыстың дайындық деңгейі туралы есеп. Ұсынып отырған жобаның тиімділігін дәлелдеу сөзін дайындау.
|
|
15-апта
|
2-соңғы (Endterm) аттестация
|
|
Ұсынылған тақырыпқа іскери хаттың бір түрін
құрастыру.
Тестілік тапсырманы орындау.
2-СОӨЖ. Жобаның
презентациясын дайындап, қорғау.
|
|
|
Соңғы емтихан
|
|
1. Ұсынылған тақырыптың біріне іскери хат немесе ісқағазын құрастыру.
2. Өтілген тақырыптар бойынша берілген тест тапсырмаларын орындау
|
|
* Семестр барысында өтетін мейрам күндерін ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарға өзгеріс енгізілуі мүмкін.
8. Курс бойынша жұмыс түрлерінің сипаттамасы:
Практикалық тапсырмалар әр апта сайын сабақта өткен тақырып бойынша алға қойған міндеттерді өз бетінше дұрыс орындауға арналған ағымдық жұмыс. Әр практикалық сабақтың тапсырмасына уақытында дайындалып жүру – курсқа қойылатын міндетті талап болып табылады. Тапсырманы орындау барысында оқулықта көрсетілген бөлімдерді және қосымша материалдарды ұтымды пайдалана білу қажет. Мұндай дайындық жаңа материалды қабылдауыңызды жеңілдетеді және Сіздің университет қабырғасында терең білім алуыңызға ықпал етеді.
Студенттің өзіндік жұмысы (үй тапсырмалары) (СӨЖ) – өткен тақырыптар бойынша семестр бойына 14 тапсырманы өз бетінше орындаудан тұрады. Барлық СӨЖ тапсырмалары Силлабуста көрсетілген мерзімде жазбаша түрде тапсырылуы тиіс. Оларды барлық студенттер ағымдық өзіндік жұмыс ретінде орындауға міндетті. Үй тапсырмасын орындау барысында Сіз сабақта алған білімдеріңізді тиімді пайдалануыңыз керек.
Студенттің оқытушының жетекшілік етуімен орындалатын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – оқытушының жетекшілік етуімен Сіз өзіңіз жеке немесе топ құрамында 2-3 студенттің қатысуымен жоспарлы түрде орындалатын шығарашылық жұмыс. Жоба тақырыптарын өзіңіз оқытушымен келісе отырып, алғашқы аптаның бірінші сабағында белгілейсіз. Тапсырма шағын топпен орындалатын болса, жоба тақырыбы мен шағын топтағы студенттердің фамилиялары бірге бекітіледі. Сіз жоба жұмысының барысын (оның тиісті бөліктерін) оқытушымен бірге күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген мерзімге сәйкес әр апта сайын белгіленген уақыт ішінде офис сағатында үнемі талқылап отыруыңыз керек. Топтық жоба жазбаша түрде орындалып, сабақ кезеңінің соңғы аттестациялық аптасында барлық студенттер алдында ауызша қорғалады және компьютерде терілген жазба түрде тапсырылады.
*СОӨЖ тапсырмаларын орындау талаптарымен және оны бағалау критерийлерімен танысу үшін интранеттен Әдістемелік нұсқауды мұқият оқыңыз!!!
Қатысымдық тапсырма – студенттің пән бойынша білімін, тілді іскерлік қатынаста қолдану білігі мен шеберлігін шыңдау үшін беріледі. Қатысымдық тапсырма жазбаша орындалып, сабақтан тыс офис сағатында көрсетілген уақыт кезінде компьютерде терілген жазба түрінде және ауызша тапсырылады.
Аралық бақылау – семестрде екі рет курс бойынша өтілген білім, білік, дағдыны тексеру, қайталату, пысықтау, бекіту және түзету мақсатында аттестациялық аптада орындалады. Әр аттестациялық бақылау жұмысы сол аралықта өткен материал мазмұнын қамтиды және тестілік тапсырма, шығармашылық жұмыс түрінде орындалып, бағаланады.
Қорытынды емтихан – курс бойынша барлық материалдарды қамтиды және қорытындылайды. Емтихан жазбаша өткізіледі және түрлі тапсырмаларды қамтиды: курс бойынша өтілген материалдарды қамтитын тест сұрақтарынан, шығармашылық және қатысымдық тапсырмалардан тұрады. Емтихан ұзақтығы 2 академиялық сағат.
* Емтиханда егер баға төмен болып қалса, оны көтеру үшін ешқандай қосымша тапсырма берілмейді. Сондай-ақ емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
9. Әр жұмыс түрі бойынша білімді бағалау критерийлері:
Тапсырма түрлері бойынша максимальды баға
Практикалық сабаққа қатысу және белсенділік (сабақтан қалған немесе қатыспаған әрбір күн үшін 0,2б. алынып тасталады)
|
8 х 0,65б = 5
|
Үй тапсырмаларын орындау (СӨЖ)
|
7 х 1б = 7
|
Қатысымдық тапсырма
|
2 х 2,5б = 5
|
Студенттің өзіндік жұмысын (СОӨЖ) дайындау (5б) және қорғау (3б)
|
5б + 3 б= 8
|
1-аралық бақылау
|
5
|
1-аралық аттестация(Midterm)
|
30
|
Практикалық сабаққа қатысу және белсенділік(сабақтан қалсаңыз немесе қатыспасаңыз 0,2б. алынып тасталады)
|
8 х 0,65б = 5
|
Үй тапсырмаларын орындау (СӨЖ)
|
7 х 1б = 7
|
Қатысымдық тапсырма
|
2 х 2,5б = 5
|
Студенттің өзіндік жұмысын (СОӨЖ) дайындау (5б) және қорғау (3б)
|
5б + 3 б= 8
|
2-аралық бақылау
|
5
|
2- соңғы аттестация(Endterm)
|
30
|
Қорытынды емтихан
|
40
|
Барлығы
|
100
|
Практикалық сабақ тапсырмаларын бағалау критерийлері: әр тапсырманы толық, мұқият орындау және уақытында өткізу – 0,45 б. Сабақ тапсырмаларын орындауда белсенділік таныту 0,2 б.
СӨЖ тапсырмаларын бағалау критерийлері: 1) орындалған тапсырманың тақырыпқа, жұмыс жанрына, құжат түріне және құрылымына сәйкес келуі; 2) тапсырма мазмұнының талапқа (жүйелі мазмұндалуы, ақпараттығы, құжат мазмұнын ашуы) сай келуі; 3) орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателердің болмауы; 4) тапсырманың көшірілмеуі және безендірудің техникалық талапқа сай келуі.
Барлық критерийлерге сәйкес – макс.балл 1 б.
1 критерий сәйкес болмаса – 0,8 б.; 2 критерий сәйкес болмаса – 0,6 б.;
3 критерий сәйкес болмаса – 0,4 б.; 4 критерий сәйкес болмаса – 0 б.
СОӨЖ тапсырмаларын, яғни, студенттің оқытушының жетекшілік етуімен орындалатын өзіндік жұмысын дайындау (5б) және қорғау (3б). СОӨЖ жұмыстарын (топтық жоба) бағалау өлшемдері: жоба шешімдерінің креативтілігі, шешімдердің бұрынғысынан ерекшеленуі, қорғау кезіндегі белсенділік, көрнекілік және коммуникативтілік.
* СОӨЖ-ді дайындау және оны қорғау жұмысын бағалау критерийлері Әдістемелік нұсқауда толық берілген.
Қатысымдық тапсырманы бағалау критерийлері – макс.балл 2,5 б.
Тапсырманы бағалау критерийлері: 1) мамандыққа қатысты 10 терминді дайындап, этимологиясына жазбаша түсініктеме беру – 0,6б.; 2) терминдердің жасалу жолына жазбаша түсініктеме беру – 0,5б.; 3) әр терминнің ғылыми, ресми стильдегі қолданысына сөйлем құрастыру немесе газеттен, журналдан алынған осы термин кездесетін дайын цитата, сөйлемді ссылкасымен беру – 0,5 балл; 3) орфографиялық, грамматикалық қателердің болмауы – 0,5 балл; 4) тапсырманы безендірудің техникалық талапқа сай келуі – 0,4 балл.
Аралық және қорытынды емтихан жұмысын бағалау өлшемдері: дұрыс және толық жауап беру, мұқият және нақты баяндау, грамматикалық және стилистикалық талаптарға сай болу, ойды айқын, жүйелі жеткізу, тақырыпты ашу, ешқайдан көшірмеу және т.б.
* Аралық және қорытынды бақылаудың билеттерінде әр тапсырманы бағалау критерийлері жеке, айқын және нақтылы көрсетіліп беріледі.
Жұмыстарды орындау және тапсыру графигі
№
|
Жұмыс түрі
|
Апталық
макс.балл
|
Апталар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Барлық макс. балл
|
1
|
Сабаққа қатысу және белсенділік
|
0,65
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
10
|
2
|
Қатысымдық тапсырма
|
2,5
|
|
|
*
|
|
|
*
|
|
|
|
*
|
|
|
*
|
|
|
10
|
3
|
СӨЖ: Үй тапсырмасы
|
1
|
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
14
|
4
|
СОӨЖ дайындау және қорғау
|
|
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
16
|
5
|
1Аралық бақылау (Midterm)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
*
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
6
|
2 Аралық бақылау (Endterm)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
*
|
5
|
7
|
Қорытынды емтихан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
40
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100
|
10. Баға қою саясаты:
Семестр соңында Сіздің семестр бойындағы жұмыстарыңыздың жалпы көрсеткіші болып табылатын қорытынды бағаңызды аласыз. Қорытынды баға «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ белгілеген бағалау шкаласына сәйкес қойылады.
Курстың баға қою саясаты мынадай талаптарды қамтиды: Студент әр сабаққа үнемі дайындалып келуі тиіс. Шығармашылық жұмыстарды, жұмыстың басқа барлық түрлерін толық жүзеге асыра отырып, уақытылы қорғауы, тапсыруы қажет. Студент сабақтан кешікпеуі және сабақты жібермеуі, ұқыпты және міндетті болуы керек.
Аттестациялық бағалау кесте бойынша бір семестрде 2 рет өткізіледі. Мұнда студенттің семестр бойына сабаққа қатысуы мен белсенділігі, ағымдағы және аралық бақылаудан көрсеткен білім нәтижелері, шығармашылық жұмыс бағасы есепке алынады. Әр аттестация бойынша студенттің білім көрсеткішінің жоғары межесі – 30 балл. Курс бойынша студенттің білім көрсеткішінің жоғары межесі – 60 балл.
* Егер, белгілі себептермен аралық бақылау кезеңін өткізіп алсаңыз, онда Сіз емтиханға дейін оқытушыға ескертуге міндеттісіз. Емтихан өткеннен кейін қайта тапсыру мүмкіндігі жоқ. Себепсіз емтиханды өткізіп алған студент те оны тапсыру құқығынан айырылады.
Есте сақтаңыз!
Ешқандай себепсіз сабақтың 20%-на қатыспаған студентке «қанағаттанарлықсыз» - F «Fail» қойылады.
1 және 2-аттестация қорытындысы бойынша 30-дан төмен балл (макс. 60б.) жинаған студент курс бағдарламасын толық өтпеген болып саналады және емтиханға жіберілмейді.
Емтиханда 20 балдан (макс. 40б.) төмен жинаған студентке (1 және 2- аттестация ұпайы қанша болса да) F қойылады.
Белгісіз себеппен емтиханға келмеген студентке «F» бағасы қойылады.
AW», «F», «I» ҚазҰТЗУ-дағы «Оқытудың кредиттік жүйесі ережелеріне» сәйкес қойылады.
10.1 Мерзімінен кеш тапсырылған жұмысты бағалау саясаты:
Курс бойынша орындалатын әр тапсырма, өзіндік жұмыс Силлабуста көрсетілген мерзімде тапсырылуы тиіс. Кері жағдайда, мерзімінде орындалмай, кейінірек тапсырылған жұмысқа алған тиісті бағаның тек 50% ғана қойылады.
11. Сабаққа қатысу және белсенділікті бағалау саясаты:
Сабақтарға үзбей қатысу және сабақта белсенділік таныту міндетті және Сіздің қорытынды балл/бағаңыздың бір бөлігін құрайды.
Сабақтан қалу – Сіздің оқу үлгеріміңіз бен қорытынды бағаңызға әсерін тигізеді. Кез-келген себептер бойынша сабақтан екі рет кешігу және /немесе сабақтың соңына дейін кетіп қалған жағдайда бір рет сабақтан қалған болып саналады. Егер студент сабақтан 20% және одан да көп қалған болса, емтиханға жіберілмейді.
Алайда сабаққа тек қана қатысу балды көбейту болып саналмайды. Сабаққа әрдайым белсенді қатысып отыру қажет.
12. Академиялық мінез-құлық және әдеп саясаты:
Пән бойынша оқыту шеңберінде, сыбайлас жемқорлық көрінісінің кез келген түріне жол берілмейді. Осындай әрекеттерді ұйымдастырушы (олардың тапсырмасы бойынша
Курс саясатымен таныстым, оны қатаң сақтауға міндеттенемін:
№
|
Студенттің аты-жөні
|
Факультет, мамандығы
|
Қолы,
күні, айы, жылы
|
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
6
|
|
|
|
7
|
|
|
|
8
|
|
|
|
9
|
|
|
|
10
|
|
|
|
11
|
|
|
|
12
|
|
|
|
13
|
|
|
|
14
|
|
|
|
ҚазҰТЗУ 703-08 Ү. SYLLABUS
Достарыңызбен бөлісу: |