Саденова Бакытжан Разиқызы
Күләш Байсейітова атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебі
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қазақстан
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық
сауаттылығын артыру
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан-2050»
Стратегиясында:
«Балаларымыздың жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық
сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға
бейімделген болу үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсетті. Қазіргі заманның
осындай ерекше талабын орындау да өзінің өткір ой – өрісімен, шабытты
шығармашылығы мен ордалы білім мекемесінің мақтауға да, мақтануға да
лайық ұстаздар қауымы талмай еңбек ете бермек.
Бастауыш саты –оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын
құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға
етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте
білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын
арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек,
сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-
қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен
қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп
саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін
білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Бұл функционалдық
дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз –
оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс
жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Егер осы
шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық
сауаттылығы қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушылардың фукционалдық сауаттылық мазмұны
келесі мағынада сипатталады:
- оқу, жазу сауаттылығынан;
- жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;
- математикалық сауаттылығынан;
- компьютерлік сауаттылықтан;
- денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
- құқықтық сауаттылығынан.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
арттыруда алға қойылатын мақсаттар:
- түрлі жаңа әдістер арқылы ауызша тілдерін дамыту;
- оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру;
- коммуниктивті қарым-қатынасын қалыптастыру;
- өз ойын жеткізіп, өзгенің ойын тыңдау дағдысын жетілдіру.
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
арттыруда мұғалім оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі
тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты
әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен
қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,
ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, проблемалық
мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын
шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік
пікір білдіруі, баяндама жасауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек.
Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдалана білген мұғалімнің
шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді.
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін
дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын
еркін жеткізе алуға баулуы қажет.
Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты
дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.
Мен өз сабақтарымда алдымен топқа бөліп, ой қозғап, жаңа тақырыпқа
қызықтырып бағыттаймын. Тақырыптың ең құнды мәселелерін анықтауға
ұсынамын, салыстыруға, ойларын сыни тұрғыда ойлана отырып жазуды
ұсынуға, қорытынды жасай алуға, сабаққа кері байланыс ұсынуға үйретемін.
Ал, мұндай сабақта оқушы топта жұмыс жасауға бейімделеді, мәтінмен өздері
танысады, менің пайдаланған жаңа әдіс-тәсілдерім арқылы жаңа сабақты
меңгереді, ой қорытып қағаз бетіне түсіреді, ой толғайды, диалогқа түседі, пікір
алмасады, сыни ойланып сұрақтарға жауап береді. Яғни, сыни ойлау ақпарат
алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан
аяқталады. Сыни тұрғыда ойлауы қалыптасқан оқушының функционалды
сауаттылығы да дамып, өзіне анық мақсат пен міндет артады және өзіне деген
сенімділігі пайда болады. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке
тұлғасы қалыптасады.
Қорытындылай келе, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық
сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген
оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді,
әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды
сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер
жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-
әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен
әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды
қамтамасыз ететіндігін айтқым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
2. Оразбаева Ф.Ш., Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы,
2016.
Достарыңызбен бөлісу: |