Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі



жүктеу 467,18 Kb.
Pdf просмотр
бет16/16
Дата13.05.2018
өлшемі467,18 Kb.
#12185
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

оқушыларға  арналған  мінез-құлық  ережелері  құқықтық  білімнің  алғашқы 

негізін  қалайды.  Онда  оқушылардың  құқықтары  мен  міндеттері  туралы 

нормалар бар. 

2. 


Мемлекет  пен  мемлекеттік  заңдарға  құрметпен  қарау  сезімдерін 

тәрбиелеу.  Мұндағы  маңызды  мәселе  –  бүгінгі  таңда  елімізді  қайта  құру 

кезеңінде  Парламентте  қабылданып  жатқан  заңдарды  таныстыру,  олардың 

қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі 

мен  ерекшеліктеріне  көңіл  бөлу,  соның  негізінде  оқушылардың  сана-сезімін 

қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерімен тәрбиелеу. 

3. 

Оқушылардың мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына 



сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға айналдыру. 

4. 


Ата Заңның 14-бабында: «Заң  мен сот  алдында жұрттың бәрі тең» деп 

атап  көрсетілген.  Олай  болса

адамзат  баласы  Қазақстан  Республикасының 



азаматы  болған  жерде  бір-біріне  қамқор  болып,  ел  байлығын  халық  игілігіне 

жұмсауға  атсалысуы  тиіс.  Құқықтық  тәрбиенің  міндеті  –  оқушылардың 

азаматтық  белсенділігін  қалыптастыру,  заңды  бұзушылыққа  қарсы  күресу, 

әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру. 

Құқықтық  тәрбиенің  нәтижелі  болуы  үшін  сатыдан  сатыға  көшкенде 

құқықтық  тәрбие  күрделеніп,  тереңдей  береді.  Оқушылардың  құқықтық  сана-

сезімін  қалыптастыруда  бір  сатыда  қол  жеткен  табыс  келесі  сатыда  баянды 

етіліп, молая беруі тиіс. Тәрбиенің негізі- мектепте оқу болса, оқушыларға оқу 

пәндерінің  құқықтық  тәрбие  берудегі  қызметі  айрықша.  Бастауыш  мектепте 

дүниетану  пәнін  оқытқанда  балаларға  қоршаған  ортаны  сақтап,  тиімді 

пайдалануға,  қорғауға  арналған  заңдар  туралы  мәлімет  беруге  болады.  Ата 

Заңның  38-бабында:  «Қазақстан  Республикасының  азаматтары  табиғатты 

сақтауға  және  табиғат  байлықтарына  ұқыпты  қарауға  міндетті»,-  деп  атап 

көрсетілген. 

Оқушыларға  құқықтық  тәрбие  беруде  сыныптан,  мектептен  тыс 

жұмыстардың  да  алатын  орны  ерекше.  Осы  бағыттағы  жұмыстарға  жататын 

тәрбие берудің жолдары мыналар: 

1. 


Мораль мен құқық мәселелеріне арналған әңгімелер өткізу. 

2. 


Полиция, МАИ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру. 

3. 


Құқық  мәселелеріне  арналған  кештер,  конкурстар,  олимпиадалар 

ұйымдастыру. 

4. 

Құқықтық үйірмелерге қатыстыру. 



5. 

Оқушылар  конференциялары,  айтыстары,  адамгершілік  және  құқық 

тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем мәтіндерді талқылау. 

6. 


Құқықтық  тақырыптарға  арналған  деректі  және  көркем  фильмдерді 

талқылау. 



Мектептегі құқықтық сауаттылықты қалыптастыру

 - 


негізгі  құқықтық 

бағыттағы  тәрбие  жұмыстары  болып  табылады.  Баланың  өміріне  және 

әрекетіне  қолайлы  жағдайлар  туғызып,  баланың  бойына  біткен 

мүмкіншіліктерді  ақиқатқа  айналдыру  жолында  әрекет  етіп,  баланың 

әрекеттерін  ұйымдастырып,  басқарып,  оларға  дұрыс  бағытын  беріп,  жетекші 

болып отырады.  

34 



Мектептегі  құқықтық  тәрбие  жұмысы.  1-  сыныптан  бастап,  белгілі  бір 

жүйелілік пен ұйымдастырылған түрде оқуды бітіргенге дейін жүргізілуі қажет. 

Әрине,  құқықтық  тәрбие  тиімді  нәтиже  беру  үшін  –  арнайы  жүргізілетін 

сабақтар, әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.  

Құқықтық тәрбиенің міндеттерін бөліп көрсететін болсақ, ол төмендегідей 

болады: 


қоғам мүшелерінің бойына құқықтық білімді сіңіру; 

құқыққа сай жүріс-тұрысты әдетке, дағдыға айналдыру; 



құқықтық іске белсенді араласу қабілетін ояту; 

қоғам мүшелерінің заңда белгіленген құқықтары мен мүдделерін қорғай  



және пайдалана алуға машықтандыру; 

құқықтық сананы қалыптастыру. 



Құқықтық  тәрбиенің  негізі  -  оқушыға  құқықтық  нормаларды  таныту 

болып  табылады.  Құқық  нормалары  мен  ережелері  адамдардың  іс-әрекеттері 

мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған 

заңдарға  сай  келуін  талап  етеді.  Сондықтан  да  осы  талаптарға  сай  өмір  сүру 

үшін құқықтық нормаларды білуді борышы ретінде бастауыш мектептің  беру 

міндеті. 

Олай  болса,  оқушы  жастарға  құқықтық  білім  беріп,  олардың  құқықтық 

сауаттылығын қалыптастыруда мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты: 

1. 


Өскелең  жас  ұрпақты  қоғамның  заңдары  мен  нормаларын  бұлжытпай 

орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу. 

2. 

Мемлекет  пен  қоғам  ісіне  саналы  түрде  белсенділікпен  қатысып,  өз 



Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру. 

3. 


Өз  елінің  материалдық  және  рухани  байлығын  сақтап,  оны  молайтуға 

қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу. 

Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері 

құқықтық  білімнің  алғашқы  негізін  қалайды.  Онда  оқушылардың  құқықтары 

мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы қарапайым құқықтық нормалар 

төменгі  сыныптан  бастап  оқу  тәрбие  процесінің  барлық  құрылымында 

түсіндірілуден, білім беруден, оқытудан басталады. 

Мектепте  құқықтық  тәрбие  беру  үдерісін  кезең-кезеңмен  өткізген  жөн. 

Оқушылар  1-4  сыныптарда  алғашқы  құқықтық  ұғымдармен  танысады, 

адамгершілік  тәрбиесіне  баса  көңіл  бөлінеді.  Содан  кейін  әркімнің  өз  істеген 

ісіне  жауапкершіліктің  болатыны  түсіндіріледі.  Мысалы,  олар  мектептің 

өздеріне  бұрын  беймәлім  ішкі  тәртібін  меңгереді,  міндеттерін  ұғынады, 

алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды (кезекшілік, т.т.). осы әрекеттер 

барысында  олардың  сынып,  мектеп  алдында  жауапкершілік  сезімдері 

қалыптасады.  

 

2.6 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  денсаулық  мәселелеріне 

байланысты сауаттылығы   

 

Бастауыш  мектептің  оқу-тәрбие  процесінде  денсаулық  сауаттылығын 



қалыптастырудың  негізгі идеясы төмендегі өлшемдер арқылы белгіленеді: 

35 



а) оқушылардың денсаулығын жақсарту;  

ә)  оқушылардың  салауатты  өмір  сүруге  сұранысы  мен  құндылықтық 

бағыттылығын қалыптастыру; 

б) мектепте және мектептен тыс уақытта салауатты өмір сүруді насихаттау; 



Бастауыш  мектептің  оқу

  – 


тәрбие  процесінде    денсаулықты  сақтау 

сауаттылығын қалыптастырудың келесі  принцптеріне сүйенеді: 

 

1. 



Денсаулық  сақтау  сауаттылығын  қалыптастырудың    оқытудың 

мақсатына сәйкестігі. 

2. 

Оқу 


тәрбие  жұмыстарының  денсаулық  сақтау  сауаттылығын 

қалыптастырудың заңдылығына сәйкестігі. 

3. 


Денсаулық  сақтау  сауаттылығын  қалыптастырудағы  оқушының  

саналылық және белсенділік.  

4. 

Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілік.  



5. 

Денсаулық 

сақтау 

сауаттылығын 



қалыптастырудың 

жүйелілік және бірізділік. 

6. 

Денсаулық  сақтау  сауаттылығына  байланысты  білім,  білік,  дағдының 



бір-бірімен байланысы. 

Денсаулықты  сақтау  сауаттылығын  қалыптастырудың  негізгі  мақсаты 

болып: Дені сау, жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру. 

 

Денсаулықты  сақтау  сауаттылығын  қалыптастырудың  негізгі 

құралдары: 

1) 


қозғалысқа бағытталған құралдар. 

2) 


табиғаттың сауықтыру күштері. 

Денсаулық  сақтау  сауаттылығын  қалыптастырудағы  оқыту  -

 

тәрбие 


процесіндегі негізгі жұмыстар: 

 

физикалық жаттығулар; 



 

сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар; 

 

эмоцияны басу мен «тыныштық минуттары»; 



 

сауықтыру гимнастикасы;   

 

емдік дене шынықтыру;  



 

қозғалысты ойындар; 

 

массаж, психогимнастика, тренинг т.б.  



 

табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану;  

 

таза ауадағы сабақ. 



 

Денсаулықты  сақтау  сауаттылығын  қалыптастырудан  оқушы  келесі 

тұлғалық нәтижелерге жетуі керек: 

1)  


Денсаулық сақтау сауаттылығына байланысты білім, білік, дағдысының 

қалыптасуы. 

2)  

Оқу сабақтары баланың өзіне сыни көзбен қарау, партада дұрыс отыру, 



дұрыс жүру ережелерін меңгеру құзыреттілігі.  

36 



3)  

Жалпы  дамытушылық  жаттығулар  кешенін,  гимнастика,  шаңғы, 

қозғалыс ойындары түрлерін білу, қажеттілігін ұғыну мен тәжірибеде қолдана 

білу. 


4)  

Қозғалыс ойындары арқылы денені дамыту әрекетінің қалыптасуы. 

5)  

Дене  тәрбиелеу  мен  денсаулық  сақтауға  байланысты  оқушының 



танымын, өмірге қажетті, пайдалы дағдысын қалыптастыру құзыреттілігі.  

6)  


Ұлттық ойындарды рухани құндылық деп түсіну, құрметтеу. 

7)  


Табиғаттың сауықтыру күштерін сауатты пайдалана алу. 

8)  


Намыс,  шыдамдылық,  батылдық  секілді  тұлғалық  қасиеттер 

құзыреттілігі. 

9) 

Жеке, ұжымдық және отбасылық демалыста және бұқаралық-спорттық 



көпшілікке арналған жарыстарға қатысуда. 

10) 


Белсенді  шығармашылық  жұмыстар,  салауатты  өмір  салтын  таңдау 

және қалыптастыруды. 

37 



Қорытынды 

 

Бастауыш  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру тақырыбында жазылған әдістемелік құралды қорытындылай келе 

мынадай тұжырымдар жасалды: 

1. 

Функционалдық сауаттылық ұғымына келесі анықтама берілді: тұлғаның 



пәндік  білім,  білік,  дағдыларын  әлеуметтік-қоғамдық  ортада  кез  келген 

жағдаятқа сәйкес еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.  

2. 

Пәндік  білім,  ептілік  және  дағдыларға  сүйене  отырып,  оқу  пәндері 



арқылы  функционалдық  сауаттылықты  дамыту  үдерісі  ойлау  дағдыларын 

қалыптастыру негізінде жүзеге асады. 

3. 

Функционалдық сауаттылық қалыптастыру процесі жекелеген пәндер мен 



іс- әрекеттерді игеруде білім, ептілік, дағдының құзыреттілікке көшуі.  

4. 


Бастауыш  мектеп  оқушыларына  оқыту  мен  тәрбиелеу  нәтижесі 

оқушылардың  алған  білімдерін  өмірде,  тұрмыс-  тіршілікіте  қолдана  алуына 

бағытталуы  -  білімнің  білікке,  біліктің  қолдана  білуге  ұласуының  бірден-бір 

кепілі болып табылады. 

5.  

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  қазіргі  таңда  оқыту 



жүйесіне  қойылып  отырған  әлеуметтік  сұраныс  талаптарымен  сай  келу  үшін 

бастауыш  сыныптардан  бастап  оқушының  оқу,  жазу  сауаттылығын, 

жаратылыстану  ғылымындағы  сауаттылығын,  математикалық  сауаттылығын, 

компьютерлік  сауаттылығын,  денсаулық  мәселесіндегі  сауаттылықты, 

құқықтық  сауаттылығын  қалыптастыруға  бағытталған  арнайы  жұмыс  арқылы 

оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.  

      

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім 

беру жүйесінде басшылыққа алынатын

 

нысандар анықталды:  

•   


білім  беру  мазмұны  (ұлттық  стандарттар,  оқу  бағдарламалары); 

 

оқыту нысандары мен әдістері; 



• 

білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  диагностикалау  мен  бағалау 

жүйесі;  

• 

мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;  



• 

мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу  

жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);  

• 

барлық мүдделі  тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы 



білім беру ортасының болуы;  

• 

ата-аналардың  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіндегі  белсенді 



рөлі.  

6. 


Функционалдық  сауаттылықты  жүзеге  асырудың  тетіктері  анықталды: 

(

оқытуәдіснамасы  мен  мазмұнын  түбегейлі  жаңарту;  оқыту  нысандары  мен 



әдістері;  оқу  нәтижелерінің бағалау  жүйесін өзгерту;  қосымша  біліммен  және 

мектептен  тыс  сабақтармен  қамтуды  жатқызады;  мектепті  басқару  моделі 

(қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің  оқу  жоспарын  реттеудегі 

дербестігінің  жоғары  деңгейі);  барлық  мүдделі  тараптармен  әріптестікке 

38 



негізделген  достық  қалыптағы  білім  беру  ортасы;  ата-аналардың  балаларды 

оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуы;). 

7. 

Оқушының   функционалдық   сауаттылығын   қалыптастыру   біртұтас  



әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап 

оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы 

жүзеге  асады.  Сондықтан  мақсатқа  қол  жеткізудің  басты  құралы  саналатын 

білім  мазмұны  оқушының  функционалдық  сауаттылығына  негізделіп,  сынып 

сайын күрделендіріліп отыру керек       

8. 


Бастауыш  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыруда  қатысымдық,  рөлдік  ойын,  дара  тұлғаға  бағдарланған  оқыту 

және  сұрақ-жауап  әдістері  арқылы  жүзеге  асатын  жағдаяттық  тапсырмалар, 

рөлдік  ойындар,  сұқбаттық  тапсырмалар,  құзыреттіліктерді  қалыптастыратын 

тапсырмалар арқылы  кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

39 



Қолданылған әдебиеттер тізімі 

 

1. 


Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  

2012-


2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  (Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы). 

2. 

«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 



бағыты»    Елбасы    Нұрсұлтан  Әбішұлы    Назарбаевтың    2012  жылғы  

27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы. 

3.   

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Қазақстанның  әлеуметтік 



жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам»  («Егемен 

Қазақстан»), 2012 ж. 10 шілде мақаласы. 

4. 

2012  жылғы  5  қыркүйекте  Назарбаев  Университетіндегі  Қазақстан 



Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың интерактивті дәрісі. 

5. 


Словарь русского языка. – М.: Русский язык. 1998 г. – 46 с.  

6. 


Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1986. 10 том. – 17 б. 

7. 


Дополнительное  образование  детей:  Учебное  пособие  для  студентов 

вузов/ Под ред. О.Е.Лебедева. – М.: ВЛАДОС, 2000. – 256 с. 

8. 

Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. - «Оқушылардың функциональдық 



сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. - Б. 42-47. 

9. 


Рауандина  А.К.  «Қазақ  тілін  оқытуда  оқушылардың    функционалдық 

сауаттылығын  қалыптастыру  әдістемесі  (орыс  тілді  мектептердің  

5-6-

сыныптары)» автореферат дисс. – Алматы, 2010. - 26 б. 



10. 

Выготский  Л.С.  Психология  развития  человека.  –  М.:  Смысл,  2006.  –  

48 с. 

11. 


Оразбаева Ф.Ш., Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы, 

Ы.Алтынсари атындағы Қазақтың білім академиясының баспа кабинеті, 2000.– 

30 б. 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

40 



Мазмұны 

 

 

Кіріспе .........................................................................................................    3 

1. 

Бастауыш 



мектеп 

оқушыларының 

функционалдық 

сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі .................. 

 

  5 


2. 

 

Оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру 



әдістемесі........................................................................................ 

 

16 



 2.1   

Бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу  және  жазу 

сауаттылығы....................................................................................

 

 



16 

 2.2 


Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану бағытындағы 

сауаттылығы...............................................................................

 

 

19 



 2.3 

Бастауыш сынып оқушыларының математикалық 

сауаттылығы......................................................................................

 

 



21 

 2.4 


Бастауыш 

сынып 


оқушыларының 

компьютерлік  

сауаттылығы..................................................................................

 

 



24 

 2.5 


Бастауыш сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығы..........

 

32 



 2.6 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  денсаулық  мәселелеріне 

байланысты сауаттылығы..............................................................  

 

 



35 

Қорытынды.................................................................................................  37 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................  39 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

41 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын  

қалыптастыру әдістемесі 

 

Әдістемелік құрал 



 

 

Басуға 19.04.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 



1/

16

. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. 



Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 2,4. 

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 

010000, 

Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» с.-і. о., 13-қабат. 



 

 

 



42 


 

43 

жүктеу 467,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау