Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі



жүктеу 467,18 Kb.
Pdf просмотр
бет6/16
Дата13.05.2018
өлшемі467,18 Kb.
#12185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Пәндік  білім,  білік,  дағдыларды  меңгертудегі  шығармашылық  ұстаным 

сабақты  шығармашылық  үдеріс  ретінде  құруды  мақсат  етеді.  Оқу  үдерісінде 

жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен шығармашылық тапсырмалар мен 

жобаларды орындауға үлкен мән берілді. Белгілі бір қатысымдық міндеттерді 

шешу барысында оқушылардың өз тілек-емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі 

болады. Оқу үдерісінде оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды, 

біліктерін  жаңа  жағдаятта  қолдана  алуына  қажетті  дағдылары  дамытылады. 

Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден 

қойылады.  

Оқыту  үдерісінде  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

(жаратылыстану,  математика,  оқу  және  жазу,  т.б.)  қалыптастыруда,  ең 

бастысы,  оқушыларды  ғылыми  біліммен  қаруландыру  міндеті  аса  маңызды. 

Осы  орайда  оқытудың  ғылымилығы  ұстанымы  жетекші  рөл  атқарады.  Бұл 

ұстаным  бойынша  оқушыларға  берілетін  білімнің  мазмұнының  ғылымның 

қазіргі  даму  деңгейіне  сәйкестігі,  оларға  заттар  мен  құбылыстардың 

заңдылықтарын  ұғындыру  және  олардың  арасындағы  себеп-салдарлық 

байланысты  ашу  ескеріледі.  Бастауыш  мектепте  кез  келген  пәнді  оқытуда 

оқушылардың  қарапайым  ғылыми  зерттеу  дағдыларын  қалыптастыру,  заттар 

мен  құбылыстардың  негізгі  және  жанама  белгілерін  ажырату,  қоршаған 

әлемде  және  табиғатта  болып  жатқан  құбылыстарды  түсіну,  салыстыру, 

талдау,  жіктеу,  жүйелеу,  жалпылау  білік,  дағдыларын  меңгерту  мақсаттары 

көзделгенде 

ғана 

оқушылардың 



функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыруға болады.  

Оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыруды көздесек, оның жүйелілігі 

мен сабақтастығы, бірізділігі де ескерілуі міндетті. Бұл орайда дидактиканың 

оқытудың  жүйелілігі  мен  бірізділігі  ұстанымы  жүзеге  асырылады.  Аталған 

ұстаным  оқытудың  ғылымилығы  ұстанымымен  тығыз  байланыста  жүреді. 

Оқытудың  жүйелілігі  мен  сабақтастығын,  бірізділігін  қамтамасыз  ету  үшін 

әрбір  пән  бойынша  берілетін  білімнің  мазмұны  мен  көлемін  анықтағанда 

ұғымдық-ақпараттық  материалдардың  белгілі  бір  жүйемен  берілуін, 

сабақтастығын,  біртіндеп  тереңдетілуін  және  кеңейтілуін,  сондай-ақ 

оқушылардың  білімді  меңгеру  әрекеті  белгілі  бір  сатымен  (мысалы: 

ынталандыру, алғаш көру – байқау, қабылдау – түсіну, ұғым құру, есте сақтау, 

қорытынды  шығару  немесе  тұжырым  жасау,  т.б.)  іске  асырылуын  ескеріп 

отыру керек. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  (жаратылыстанулық, 

математикалық,  оқу  және  жазу,  т.б.)  қалыптастыруда  басты  рөл  атқаратын, 

басты  орында  тұратын  ұстаным  –  теория  мен  практиканың  байланыста 

болуы  ұстанымы.  Оның  мәні  –  оқушыларға  теориялық  білім  беріп  қана 

қоймай,  сол  білім,  білік,  дағдыларын  күнделікті  жаңарып,  өзгеріп  жатқан 

өмірде,  кез  келген  жағдаятта  емін-еркін  қолдана  білуін  қамтамасыз  ету.  Ол 

үшін  күнделікті  оқыту  үдерісінде  әрбір  пәннен  берілетін  теориялық  білімді 

өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру 

керек.  


13 


Сондықтан  теория  мен  практиканың  байланыста  болуын  қамтамасыз  ету 

үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда 

теориялық  қағидалардың,  заңдылықтар  мен  ережелердің,  яғни  ұғымдық-

ақпараттық  материалдардың  бала  өмірінде  кездесетін  түрлі  проблемалық 

мәселелерді  шешуге  көмегі  тиетіндей,  бала  оны  қолдана  алатындай 

практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын 

тек  жаттап  қана  алмай,  оның  мән-мағынасын  терең  түсінуін  қамтамасыз  ету 

міндетті боп саналады. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  жаратылыстану  ғылымындағы 

сауаттылығын  қалыптастыруда  ерекше  орын  алатын  ұстанымдардың  бірі  – 



кiрiктiру  ұстанымы.  Бұл  ұстанымның  мәні  –  ғылыми  жаратылыстанулық 

бiлiм  мен  адам  әрекетiнiң  түрлерi  және  қоғам  туралы  ұғымдар  кiрiктiрiлiп 

бiртұтастықта берiлуi. Яғни, адам, табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның iс-

әрекетi  үнемi  табиғи  ортада,  қоғамда  (отбасында,  мектепте,  қоғамда, 

табиғатта, т.б.) бiр-бiрiмен байланыста қарастырылады. 

Заттар,  нысандар,  құбылыстар  туралы  мағлұматтар  беру  кезiнде  де  адам 

әрекетi  солармен  бiрлiкте,  байланыста  беріледі.  Жаратылыстанулық  бiлiм, 

білік,  дағды  қалыптастыру  бастауыш  мектепте  «Дүниетану»  пәні  арқылы 

жүзеге асырылады. «Дүниетану» пәнінде кiрiктiру ұстанымы «адам – табиғат 

– 

қоғам» ретiнде ғана емес, «адам – заттар», «адам – қоғам», «адам – табиғат 



әлемі»,  «адам  –  адамдар»,  «адам  –  отбасы»,  «адам  –  оның  шығармашылық 

әрекеттерi», «адам – туған елінің тарихы», т. б. арқылы да жүзеге асады.  

«Дүниетану»  пәнін  оқыту  үдерісі  кiрiктiру  ұстанымына  негізделсе, 

бастауыш  сынып  оқушысы  «адам  –  табиғат  –  қоғам»  жүйесіндегі  өзара 

байланысты ұғынады, экологиялық мәдениеттің қарапайым білік, дағдыларын 

игереді,  өзінің  табиғаттағы  әлеуметтік  өмірдегі,  қоғамдық  ортадағы  орнын 

түсініп,  жеке  тұлға  ретінде  өзін-өзі,  өзінің  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерін 

сезінетін болады. 

Психологиялық зерттеулерде анықталғандай, балаларға берілетін білімнің 

көлемі мен мазмұны олардың өмірден жинаған тәжірибесіне, таным деңгейіне 

және  психикалық  тұрғыдан  дамуына  лайықталуы  тиіс.  Сондай-ақ  олардың 

сұраныстары  мен  қабілеттері  де  ескерілуі  керек.  Өйткені  бала  ақпараттар 

ағынынан өзіне қажеттісін әрі түсініктісін ғана қабылдай алады.  

Сондықтан  бастауыш  сынып  үшін  оқушылардың  жас  ерекшелiктерiн 



ескеру ұстанымы басшылыққа алыну қажет. Бұл ұстанымның мәні – бастауыш 

сынып  оқушыларының  ұғымына  жеңiл,  психологиялық  ерекшелiктерiне  сай 

келетін,  бiлiм  деңгейлерiне  лайықталған  және  олардың  өмiр  тәжiрибесiн 

есепке алатын материалдардың қамтылуы.  

Білім  беруді  оқушылардың  жас  ерекшелiктерiне  бағдарлау  ұстанымымен 

үндес  келетін  бiлiмнiң  жеңiлден  ауырға,  қарапайымнан  күрделіге, 



нақтыдан белгiсiзге қарай берiлуі ұстанымын да ескерудің маңызы зор. Осы 

орайда  ұлы  ұстаз  Абайдың:  «Адам  ата-анадан  туғанда  есті  болып  тумайды: 

естіп,  көріп,  ұстап,  татып  ескерсе,  дүниедегі  жақсы,  жаманды  таниды-дағы, 

сондайдан  білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді  болады»

 

деген  дана 



14 


жүктеу 467,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау