дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың
бойында адамгершілік қасиетті қалыптастырады.
Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып
оқушылары
үшін
сыныптан
тыс
жұмыстар
арқылы
олардың
қызығушылықтарымен пәндік, функционалдық сауаттылығын дамытуға
болады. Мысалы: математикалық үйірмелерде сабақтан тыс уақытта тек
математикалық сауатты оқу мен жазуға, ұғымдарды дұрыс қолданып дұрыс
ажыратуға көңіл бөліп, тұрмыс тіршілікке қажет экономикалық есептерді
шығаруға жаттықтыруда маңызы зор.
Математика пәнін игеру барысында оқушыларды математика ұғымдарын
оқумен бірге өзінің ойын жеткізе білуге, оқыған математикалық ұғымдарды
дұрыс тани біліп, қолдана алуға баулудың маңызды айрықша екендігі белгілі.
Математикалық ұғымдарды біліп қана қоймай, оның қолдану ерекшеліктерін
ұғуға, оларды іс- тәжірибеде қолдана алуға үйрету қажеттігі туындайды.
Математикалық ұғымдарды оқытуда, келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет:
а) математиканы, қарапайым ұғымдарды мектепте оқытуда теориялық
жақтарын таныстырумен бірге, іс- тәжірибеде қолдана алу бағытында жұмыс
жүргізу;
ә) математикалық ұғымдарды үйретуді олардың жас ерекшеліктеріне
байланысты күнделендіріп, алған білімді тұрмыс- тіршілікте қолдана білуге
үйрету;
б) математикалық ұғымдарды қалыптастыруды сабақта, сыныптан тыс
жұмыстарда жүргізу.
Мысалы: оқушылар нумерацияны оқып үйренгенде меңгеруі тиіс, қолдануа
білуі тиіс:
-
біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы санмен бірліктен, сондай-ақ сан
мен бірліктен, қалай жасалатынын игеру мен қолдана білуі;
-
екіншіден, әрбір сан қалай аталады және ол баспа және жазба цифрмен
қалай белгіленетінін, сан мен заттың сәйкестігін білу;
-
үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан қанша
үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші болатынын білу;
-
төртіншіден, әр санның сандар қатарында қандай орында тұратынын, оны
санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын айтатынын, реттілікті
тұрмыс- тіршілікте қолдана білу.
Осы білімді ұғыну: санды жеке өзін емес басқа сандармен өзара
байланысты қарастыру, санның натурал қатары жөнінде түсінігі оны тұрмыс-
тіршілікте қолдана білуі, сан ұғымын саналы түрде игеруі тақырып бойынша
функционалдық сауаттылығының көрсеткіші бола алады.
Математикалық ұғым – мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы
логикалық өрнектелеген ой. Пәндік ұғымдарды игеру оқытудың негізін
құрайды. Математикалық ұғым – ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін
ғана бейнелеумен бірге түрлер мен қатынастардың көрінісі білдіреді. Егер олар
болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғым мазмұны
–
нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығы.
23
Ұғым көлемі – нәрселердің осы ұғымды тарату жиынтығы. Мысалы:
«Үшбұрыш» ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал
көлемі «барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың» жиыны. Математикалық
ұғымдарды қарастыра отырып, олардың ерекшеліктерін ескере отырып,
математикалық сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз
байланысты. Мысалы: «бірдей», «пішіндері әртүрлі» сөз тіркестерін, сондай-ақ
«ұзын-қысқа», «жуан-жіңішке», «кең-тар», «биік-аласа», «үлкен-кіші»,
«жоғары-төмен», «ең ұзын- ең қысқа», т.б. ұғымдарын игеру жүзеге
асырылады; «Тез фигура құрастыр», «Не өзгерді?», «Екі бірдей фигураны тап»,
«Қандай?», «Геометриялық лото» сияқты балалар ойындарын ойнатуға болады.
Таратылатын материалмен (санау материалдары мен қағаз парақтары) жұмыс:
жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру;
ә) кеңістік түсініктерді қалыптастыру: жоғары, төмен, жоғарыда, төменде,
сол жақта, оң жақта, солдан оңға қарай, алдында, артында, арасында, жанында,
жоғары жақтан, төмен жақтан, ішінде, артынан, алдынан және т.б.
б) уақыт жайлы түсінікті анықтау: ерте, кеш, алдымен, содан соң, одан соң,
басында, соңында, таңертен, түсте, кешке, күндіз, түнде және т.б. Циклдік
уақыт ұғымдарын бекіту: тәулік өзгеру (кеше, алдыңғы күні, бүгін, ертең,
бүрсігүні) және жыл мезгілдерін (қыс, көктем, күз, жаз), сондай-ақ тәулік
бөліктері (таңертен, күндіз, кеш, түн).
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда келесі пәндік және
функционалдық сауаттылық қалыптасуы тиіс.
1)
ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық
материалда қолдану біліктігін;
2)
қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас
пәндерде математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік
дағдыларын;
3)
ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып,
практикалық есептеу техникасын;
4)
математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін,
қатаңдығын;
5)
дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар
жасау біліктігін;
6)
математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу),
математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша
және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;
7) жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін;
8) өзін-өзі бақылау жүзеге асыруды;
9) өз іс әрекетін бағалауды;
10)
оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін
қолдана білуі қажет.
24