Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған "Әдебиеттік оқу" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. "Әдебиеттік оқу" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Әдебиеттік оқу" оқу пәнінің мазмұны



жүктеу 49,24 Kb.
бет2/3
Дата03.02.2023
өлшемі49,24 Kb.
#41140
түріБағдарламасы
1   2   3
399 бұйрық Әдебиеттік оқу

2-тарау. "Әдебиеттік оқу" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Әдебиеттік оқу" оқу пәнінің мазмұны
6. "Әдебиеттік оқу" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат;
2) 3-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат;
3) 4-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағатты құрайды.
7. "Әдебиеттік оқу" оқу пәні бойынша оқу жылдамдығының нормасы:
1) 2-сыныптың І жартыжылдық соңында минутына 40-50 сөз, ІІ жартыжылдық соңында 50-60 сөз;
2) 3-сыныптың І жартыжылдық соңында минутына 60-70 сөз, ІІ жартыжылдық соңында 70-80 сөз;
3) 4-сыныптың І жартыжылдық соңында минутына 80-90 сөз, ІІ жартыжылдық соңында 90-105 сөз.
Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
8. "Әдебиеттік оқу" оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) ауыз әдебиеті үлгілерінен: балаларға арналған тақпақ, санамақ, мадақтау, өтірік өлеңдер, төрт түлік жырлары (төрт түлік туралы өлеңдер, жан-жануарлар айтысы), Наурыз жыры, ертегілер (әртүрлі тақырыптағы хайуанаттар жайындағы ертегілер мен қиял-ғажайып оқиғалы ертегілер), мақал-мәтелдер, әртүрлі тақырыптағы жұмбақ, жаңылтпаштар, жазба әдебиеті үлгілерінен: Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М.Әуезов, С. Бегалин, Б. Соқпақбаев, Ш. Смаханұлы, Қ. Мырза Әли, М. Әлімбай, С.Қалиев,Ө. Тұрманжанов, Ж. Смақов, Қ. Баянбай, Ә. Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Ә. Табылдиев, А. Асылбеков, Ө. Қанахин, Е. Елубай, Т.Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, Б. Кірісбаев, С. Сейітов, Б. Ысқақов, Д.Жұмагелдинова, М. Айымбетов, М. Абылқасымованың өлең-жырлары, ертегі-мысалдары, әңгімелері;
2) ғылыми-танымдық шығармалар: мақала, естелік, өмірбаян (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы);
3) әлем халықтары балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің үлгілі шығармалары: әңгіме, мысал, ертегілер;
4) әдеби-теориялық білім: халық ауыз әдебиеті жөнінде (ертегі, өтірік өлең, жыр, жұмбақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар) өлеңнің ұйқасқа құрылатыны, ақынның көңіл-күйі туралы түсінік (өлең түрлері: табиғат лирикасы, арнау өлеңдер, мысал өлеңдер, сықақ өлеңдер), мәтіндегі көркем сөз жөнінде практикалық түрде түсінік, мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі ой туралы қарапайым мағлұмат, диалог туралы;
5) мәтінмен жұмыс: шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру, шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау, шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау, өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу, қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын шығармадан табу, шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау, мәтіндегі негізгі ойды, оның басталуын, жалғасуын, шарықтау шегін, аяқталуын анықтау, мәтінді әңгімелеу, мәтін кейіпкерлерін атау, кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау, сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі, кестеге салу, көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру, мәтінге берілген суреттермен жұмыс, мәтін мазмұны бойынша сурет салу, сөздік жұмысын жүргізуге қатысу, түсіндірілетін сөздермен жұмыс, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізу: шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар, санамақтар құрастыру, сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу;
6) оқу дағдысы: шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу.
9. "Әдебиеттік оқу" пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) ауыз әдебиеті үлгілері: аңыз әңгімелер, бата, мысалдар, шешендік сөздер, нақыл сөздер, жазба әдебиеті үлгілері: ұсынылатын ақын-жазушылардың шығармалары: Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б.Майлин, М. Әуезов, С. Бегалин, Б. Соқпақбаев, Ш. Смаханұлы, Қ. Мырза Әли, М. Әлімбай, Ө. Тұрманжанов, Ж. Смақов, Қ. Баянбай, Ә. Дүйсенбиев, Ф.Оңғарсынова, Ә. Табылдиев, А. Асылбеков, Ө. Қанахин, Т. Молдағалиев, Е.Өтетілеуов, Б. Кірісбаев, Е. Елубай, С. Қалиев, С. Сейітов, Б. Ысқақов, Д.Жұмагелдинова, М. Айымбетов, М. Абылқасымованың өлең-жырлары, ертегі-мысалдары, әңгімелері;
2) ғылыми-танымдық шығармалар: мақала, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, адамзат сырлары, техника жетістіктері, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы);
3) әлем халықтары балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің үлгілі шығармалары: әңгіме, мысал, ертегілері;
4) әдеби-теориялық білім: халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары (ертегі, аңыз, бата, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, шешендік сөздер) туралы ұғымдар, олардың басты белгілері, мысал, әңгіме туралы ұғым, шығарманың тақырыбы, идеясы, сюжеті туралы қарапайым түсініктер, теңеу, эпитет, кейіптеу қолданысы, олардың анықтамалары, кейіпкерге мінездеме, портрет, диалог, монолог туралы);
5) мәтінмен жұмыс: шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу, көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау, қолдануға (практикалық) және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру, кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау, көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру, шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмдерден нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау, мәтіннен немесе мәтін бөлімдерінен түйін сөздерді көрсету, түйін сөздер мен негізгі ой арасындағы байланысты орнату, сөздіктермен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар: шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу;
6) оқу дағдысы: шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу.
10. "Әдебиеттік оқу" пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) ауыз әдебиеті үлгілері: батырлар жырынан үзінділер, аңыз әңгімелер мен қиял-ғажайып оқиғалар, шешендік сөздер, ертегілер, мысалдар, ұсынылатын ақын-жазушылардың шығармалары: Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Бегалин, Б. Соқпақбаев, Ш. Смаханұлы, Қ. Мырза Әли, М. Әлімбай, Ө. Тұрманжанов, Ж. Смақов, Қ. Баянбай, Ә. Дүйсенбиев, Ф. Оңғарсынова, Ә. Табылдиев, А. Асылбеков, Ө. Қанахин, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, Б. Кірісбаев, Елубай, С. Қалиев, С. Сейітов, Б. Ысқақов, Д. Жұмагелдинова, М. Айымбетов, М. Абылқасымованың өлең-жырлары, ертегі-мысалдары, әңгімелері, ғылыми-танымдық шығармалар: мақала, очерк, естелік, өмірбаян, күнделік, әлем халықтары балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің үлгілі шығармалары: әңгіме, мысал, ертегілері;
2) әдеби-теориялық білім: көркем мәтіндердегі пейзаж, портрет, мінездеу, диалог, монологтың орны туралы қарапайым түсінік, жазушы қолданған көркем сөздерді (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу, шығарманың тақырыбы мен идеясы, композициясы, сюжеті туралы практикалық тұрғыда түсіндіру, эпикалық жырлар, аңыз, теңеу, мысал, диалог, монолог, сатира, кейіптеу, фантастикалық шығарма, портрет, лирика, мінездеме, қайталау, логикалық екпін, сюжет, естелік туралы ұғымдар;
3) мәтінмен жұмыс: мәтін бойынша автордың көзқарасына өз пікірін білдіру, шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру, шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу, шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау, өлеңдерге сай ырғақты таңдай білу, сөздіктерге сүйене отырып, сөздердің мағынасын түсіндіру, жазушы тіліне назар аудару, көркем сөздерді қолдану, эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру, көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру, түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу, тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету, "автормен диалог" жүргізу, оқыған шығарманың басты ойын өздігінен тұжырымдау, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланысты орнату, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып жоспар құру, негізгі ойды тұжырымдау, оны мәтін атауымен сәйкестендіру, жоспар бойынша мәтінді мазмұндау, шығарма кейіпкерлерінің образын сезіне отырып, рөлге бөліп оқу, шығармашылық жұмыс: таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу;
4) оқу дағдысы: шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу.
11. Мұғалім ортақ тақырыптардың мазмұны аясында оқу мақсатын жүзеге асыруда білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзге де әдебиеттерді қолдана алады.

жүктеу 49,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау