IV Қорытынды
Мал дәрігер мамандары қай жануарға, қандай препарат, қандай дозада берілуі керектігін, қолдану дозасын білу керек.
Гельминтоздардың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек малда кездесетін гельминтозооноздар (фасциолез, трихинеллез, эхинококкоз) түрлері белгілі.Гельминтоздарға қарсы арнайы дәрілер – антгельминттер қолданылады.
Гельминтоздар ауыл шаруашылығы малдарында көп кездеседі, қазір оның 2000-нан астам түрі белгілі. Қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, т.б. ірі қара малда – фасциолез, эхиноккоз, т.б.; жылқыда – стронгилятоз, құстарда – аскаридиоз, полиморфоз, т.б.; балықтарда – ботриоцефалез, диплостомоз, т.б. кездеседі. Гельминтоздар ауруларын сақтану шаралары: тазалық сақтау. Іш тазартатын дәрілер ішу. Үй жануарларын малдәрігерлік тексеруден өткізіп, ауырған малды бөліп алып, дәрі-дәрмекпен емдеу, мал қалдықтарын биотермиялық жолмен өңдеу, ортаны қоздырғыштарынан тазарту.
Гельминттер (грек. helmіnthos – құрт) – жануарлардың ауруларын қоздыратын құрттар. Қазір Гельминттердің 12 мыңнан астам түрі белгілі. Бұларға:
1) жалпақ құрттардан кейбір кірпікшелі құрттар, трематодтар, моногенетикалық сорғыштар, темноцефалдар, гирокотилидтердің барлығы, талшықты құрттардың біразы;
2) алғашқы қуысты құрттардан (Nemathelmіnthes типінің өкілдері) жұмыр құрттардың көбі, қылқұрттар мен тікенбас құрттардың барлығы;
3) буылтық құрттардан (Annelіda тип тармағына жататындар), көпқылтанды құрттардың көпшілігі жатады. Гельминттер адамда, жануарларда, өсімдіктерде тұрақты немесе уақытша тіршілік етеді және осы кезде ауру туғызуы мүмкін.
Гельминттердің дамуы – дернәсілдік және жыныстық кезеңді екі сатыдан тұрады. Олар дернәсілінің тіршілік ерекшелігіне сәйкес, дамуы басқа тірі организмдерде өтетін (биогельминттер) және дамуы организмнен тыс, сыртқы ортада еркін тіршілік ететін (геогельминттер) түрлері болады. Гельминттердің адамды, малды құрт ауруына шалдықтыратын аскарида, эхинококк, трихинелла, миқұрт сияқты түрлері, ал өсімдіктерді гетеродероз, мелоидигиноз, дитиленхозға шалдықтыратын түрлері өте қауіпті және олар жиі кездеседі.
Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі.
Аскаридоз-ұзындығы 25-40 см болатын аскаридалармен шақырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шағады да, аузына су, жеміс-жидектор, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпеге өтіп альвеолаларға түседі, альвеолаладан қақырық арқылы қайта асқазан-ішек жолдарына түседі. Осында өсіп-жетіледі.
Клиникасы: Аурудың айқындалуы-личинкалар қанда болғанда әлсіздік сезініп, үстіне бөртпе шығуы мүмкін.
Аскаридалар ішекте болған кезде жағдайы бұзылып, жүрегі айнып, іші ауырып, тәбеті төмендеп, шаршағыш болады, салмағы кемиді.
Энтеробиоз-кішкене жұмыр, ұзындығы 4-12 мм болатын ішек құрты-острицалармен шақырылады. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді, ұрғашылары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады.
Клиникасы: іші ауырады, құйрығы қышиды, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді.
Гельминтоздардың диагностикасы: Нәжісті гельминттер жұмыртқасына тексереді, тік ішектен және анустың айналасынан қырынды алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |