«Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»



жүктеу 4,91 Mb.
бет2/19
Дата08.02.2020
өлшемі4,91 Mb.
#28616
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Баспа формасын қолдану

  • Полиграфиялық техниканың келесі даму буыны алдын ала дайындалған рельефті элементтерді дайындау, яғни оның әрқайсысы жазудың бір әріпі болды.

  • Бұл әдістің артықшылығы текстік баспа формасының жылдам дайындалуында және баспа кезінде кеткен қатені оңай түзетуге болды және артықшылығы рельефті элементтерді қайта пайдалануға болды. Бұл әдісті Қытайда ХІ ғасырдың ортасында ұста Би Шэном (Пи Шэном) ұсынды және іс жүзінде пайдаланды.

  • XIV ғ. аяғында XV ғ. басында Кореяда жылжымалы металл литерлер кең қолданысқа ие болды, бұл әдіспен біршама кітаптар басылып шықты.



Европа баспасының тарихы

  • Европада ксилографиялық баспаны алғаш XV ғасырдың басында қолдана бастады. Салыстырмалы түрде бұның соңынан XV ғасырдың ортасында форма дайындау және жылжымалы литерлерді дайындау пайда болды

  • Европа полиграфиясының белсенділеріне Германияда Иоганн Гутенберг болып саналады (Сурет 2), Ян Костер Голландияда, Памфило Кастальдив Италияда, олар полиграфиялық процесті Қытай мен Кореяда қолданған әдістерді бір уақытта дамытты.

  • Жылжымалы литермен кітап басуды нақты түрде Европада 1440 жылы пайда болды деп есептелінді.




  • XV ғасырдың ортасында Европада негізгі полиграфиялық процестерді жүзеге асырды: жылжымалы литер арқылы теру, яғни баспа формасы үшін әрбір әріп, таңба үшін рельефті элемент дайындалды.

  • Алғашқы баспа аппараты екі жазықтың өзара әрекеттесу принципінде құрастырылды, біреуінде баспа формасы (талер), ал екіншісінде (пиан) қарапайым винтті құрылғымен қағазды қолмен сырланған баспа формасына басып ұстайды (Сурет 3). Станоктың барлық детальдары ағаштан дайындалды. Баспа станогының өнімділігі сағатын 100 таңба басатын болды.

  • Европада бір уақытты батырылған баспа пайда болды. Баспа элементінің құралы мыс тақташада дайындалды. Алғашқы баспасы 1446 жылы шықты.


Ресейдің кітапбасу тарихы

  • Ресейде полиграфиялық техника XVI ғасырдың ортасында пайда болды. Орыс мемлекетінің дамуы, орыс әдебиеті, орыс мәдениеті және жазу татар-монғол басқыншылығынан азат етілген соң, кітапбасу қажеттілігі туды. Кітапбасу патша биілігін нығайтуға және монархия идеологиясын тарату үшін қажет болды.

  • 1553 жылы Иван IV патшаның әмірімен Москвада бірінші полиграфиялық өндіріс ауласының құрылысы басталды. Оны жасауды шіркеудің адамы Иван Федоров (Сурет 4) пен оның көмекшісі Петр Мстиславқа жүктеді, олар барлық жабдықтарды және типографияға арналған жарықты өз беттерінше дайындады және кітапбасу технологиясының процесін ойлап тапты (Сурет 5).

  • «Апостол» – бірінші баспа кітап, Иван Федоров пен Петр Мстислав 1564 ж. Шығарған. Графикалық әдемілеу мен шрифт түрінің әсемдігімен ерекшеленді.

  • Кітаппен жұмыс 1 жылға созылды. 1564 жылы 1 наурызда орыстың алғашқы даталанған баспа кітабы жарық көрді. Көркем-техникалық жағынан кітапта кемшілік болмады. Сөзсіз осы уақытта Федоров пен Мстислав типографиялық өнердің тәжірибелі шебер болып алды.

  • «Апостола» дан кейін екі басылыммен «Часовник» жарық көрді. (1565 жылдың сентябрь және октябрінде) (Сурет 5).




XVIII ғасырдың кітапбасуы

  • XVIII ғасырдағы үлкен әлеуметтік қозғалыстар баспа қазметінің дамуына ықпал етті. Жыл сайынғы тираждары көбейіп отырды. Бұл полиграфиялық техниканың кемелденуіне, технологиялық процесс пен жаңа механизмді жасауға әкелді.

  • Газет және журналдар басылымының тираждарының өсуі баспа станогінің дамуын ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялық процесс-стереотипінің, яғни жаңа түпнұсқа формасының көшірмесін алуды дамытты.


Петербургтегі кітапбасу

  • 1711 жылдың көктемінде Санкт-Петербургте Троицк алаңындағы Березово аралында алғашқы типография ашылды. Бұнда Москвадан екі типографиялық станок және шеберлер: төрт теруші, төрт баспашы, екі бояу әзірлегіш әкелінді. Типография Қару канцеляриясының цейх-директоры Михаил Петрович Аврамовтың үйінде орналасты, ол орыстың бірінші газеті «Ведомость» және типографияның бірінші редакторы болды.

  • Осында алғаш 1711 жылы Петербургтың алғашқы газеті «Ведомость» (кейіннен «Санкт-Петербургские ведомости») шықты. Газетті дайындауда Ұлы Петрдің өзі қатысты. Типографияда сонымен бірге мемелекеттік үкімдер мен азаматтық басылымдар басылды.


XIX ғасырдың кітапбасуы

  • XIX ғасырдың ең үлкен жаңалығы ол баспа машинасы. Оны 1808 жылы Фридрих Кениг құрастырды, қол станогынан айырмашылығы ол механикаландырылды. Бұл баспа машинасы сағатына 400 таңба басты (Сурет 7).

  • 1812-1814 жж. Олар тағы жаңа баспа машинасын ойластырып жасады. Бұл баспа машинасы қол станогы мен алғашқы баспа машинасына қарағанда үлкен форматта сағатына 800 таңба басты.

  • 1814 жылдың 29 қарашасында Лондонда алғашқы «Таймс» газетінің бірінші нөмері басылып шықты.

  • Ары қарай полиграфияның дамуы және оның мүмкіншіліктері өте жылдам қарқынмен өсті.

Үстелдік баспа жүйесі (DTP)



  • Компьютерлердің кең тарауымен пайда болды;

  • Аз тиражды басылымдарды жоғары сапамен және өте үлкен жылдамдықпен дайындайды;

  • Гуттенберг, Скорин, Федоров, Бодони, У. Блейк, Родченко, Эль Лисицк, Фаворск, «Әлем өнері» суретшілері, Библия, Құран және ұлы ақындар аттарының, каллиграфиялық үлгілері қазіргі заманғы дизайнерлер мен типографтарға маза берер емес.

  • 1984 пен 1987 ж.ж. — жаңа концепциялар мен технологиялар пайда болды, оларды қазіргі күнге дейін практикада қолданады. Алдымен Adobe PostScript тілі пайда болды, оны Xerox инженерлері — Чак Гешке (Chuck Geschke) және Джон Уорнок (John Warnock) — InterScript негізінде құрастырған (Xerox принтерлерін қолдаушы тіл).

  • 1985 жылы бірінші лазерлі принтер қолжетерлік бағада шықты (LaserWriter Plus).

  • 1985 жылдың маусымында Пол Брейнард (Paul Brainard) Aldus компаниясының негізін қалаушы , Aldus PageMaker 1.0 for Apple Macintosh нұсқасын шығарды (495 долл.),

  • 1985 жылы желтоқсанда, PageMaker 1.0 нұсқасы IBM үшін ойлап тапты, ол алғаш «desktop publishing» терминін енгізді.

  • Сол уақытта Microsoft (далее MS) Windows 1.0 және Word 1.0 for Windows & Macintosh шығарды.

  • 1986 жылы қарашада атақты Manhattan Graphics' Ready.Set.Go! 3 — DTP-шықты, бұл программа бір уақытта бірнеше беттерді көрсете алды және бірнеше тілді қолданды, автоматты түрде тасымалдау және орфографияны тексеру мүмкіндіктері пайда болды.


Front end - қосымшасы

  • Үлкен құжаттармен жұмыс істеуге арналған программалардың топтасуы, (мыңдаған беттерден тұратын бір тұтас байланысқан публикация), олардың тиімді компоновкасы мен жасалуы үшін, оларды форматтау және баспаға шығару үшін немесе басқа форматқа ауыстыру (мысалы, PDF, SGML, XML, HTML).


I буын (Classic)

  • QuarkXPress көшбасы болды, 5 нұсқасын қосқанда ( 2002 жылдың 24 қаңтарда шықты.), және Adobe PageMaker 7.

  • 1985–87 жылдары екпінді түрде жаңа идеялар мен олардың іске асырылуы, пайдаланылуға берілді. DTP-индустрииі және принциптері қазірге дейін қолданылуда.

ІI буын

  • DTP-қосымшалары, шрифтік технологияны қолданушы Apple GX/AAT және QuickDraw GX мүмкіндіктері.

III буыны

  • DTP-қосымшалары, MS/Adobe OpenType қолданып және Apple ATSUI (Apple Typography Services for Unicode Imaging). Қазіргі заманғы шрифтік технология — DTP ядросы - индустрия және цифрлік дизайн.



Бекіту сұрақтары

  1. Үстел баспа жүйесі дегеніміз не?

  2. Полиграфия термині нені білдіреді?

  3. Баспа жүйесінің даму тарихы қандай?

  4. Алғашқы басылымдар қалай аталған?

  5. БЖ буындарын бөліп, олардың артықшылықтарын түсіндір.


Дәріс 2

Тақырыбы: Верстканың дәстүрлері мен заңдары. Терминологиясы

Мақсаты: Верстканың дәстүрлері мен заңдарымен және онда қолданылатын терминологияларымен таныстыру.
Сіздер журнал, кітап, газет, жарнамалық беттер және брошюраларды оқығанда олардың ең жақсыларымен, кемшіліктері барын таңдап, оларды «жақсы» және «жаман» деген екі папка бастап жинақтаңыз. Жәнеде несімен жақсы, қандай кемшіліктер бар екенін көрсетіп, ескерту жасап, жазып қойыңыз. Біраз материал жиналған соң сіз өзіңізге техникалық және көркемдік өңдеу жағынан сенімді боласыз.

Болашақ жасайтын құжатыңыздың жоспарын құрыңыз. Неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым жақсы. Осы ережені есте сақтасаңыз аз қателесіз. Сонымен бірге қрапайым макеттер анық, әрі оқуға жеңіл және оқушылардың назарын қамтамасыз етеді.

Сіздің макетіңіз құжаттың мазмұнын ашатын болуы керек. Егер сіз қандайда бір өнім туралы жарнама жасаңыз оныңыз ғылыми трактат емес, жарнама түрінде болсын. Енді беттеу бағдарламасын дайындауда есте сақтайтын ережелерге тоқталайық.
Теріп жазудың жалпы ережесі

Мәтін теру кезіндегі символдар арсындағы қалыпты бос орын бір символға тең болуы керек.

Абзац және шегіністер барлық мәтінде бірдей болу керек.

Абзацтың ең соңғы жолының ұзындығы абзацтан 1,5 есеге артық болуы керек.

Егер абзац шегініссіз жасалатын болса, онда соңғы жол толық болмауына болады.

Жолдың ұзындығы 60-65 символдан артық болмауы керек.

Бетіміз 30-40 жолдан тұруы керек.

Тараудың соңғы беті жарты беттен асып тұруы керек.


Тасымалдау ережесі

Сөздің мағынасына әсер ететін сөздер тасымалданбауы керек.

Бас әріптермен жазылатын аббревиатураларды тасымалдауға болмайды, мысалы MS DOS, NC, СМПИ т.с.с.

Қысқартылған сөздерді тасымалдауға болмайды, мысалы т.с.с.

Бір санды құрайтын цифрларды тасымалдауға болмайды, бірақ сызықша арқылы жазылған сөздерді бөлуге болады, сызықшасы алдыңғы жолда қалады, мысалы 2007-2008, Х-ХІ ғ.

Мүмкіндігінше адамның иницалдарын фамилиядан бөлмей жазуға тырысу керек.

Мүмкіндігінше қысқарған сөздерді кісінің фамилиясы мен атынан бөлмей жазуға тырысу керек, мысалы п.ғ.к. Мақамбаев М.Б. проф. Нұрсултанов Қ.Н.

Жақшасы немесе үтірі бар цифрды келесі сөзден бөлуге болмайды.

Өлшем бірліктері бар сөздерді тасымалдауға болмайды.

Алдыңғы цифрдан оның таңбаланған белгісін тасымалдауға болмайды, мысалы 50%, $ 100, №39.

Тасымалдау таңбасы мен келесі бөлік сөз арасында пробел болмауы керек.

Тасымалдау таңбасымен келесі жаңа жол басталмауы керек.

Тыныс белгілерін тасымалдауға болмайды.
Таңбалар мен цифрлар

Сөздің алдындағы үш нүктені сөзден пробел арқылы ажыратуға болмайды.

Цифрлар арасындағы сызықшаны пробелмен бөлуге болмайды: 20-30.

Дефисті пробелмен бөлуге болмайды.

Тырнақшаларды сөзден пробелмен бөлуге болмайды, мысалы «Семей».

Тырнақша сөз терілген шрифт түрімен теріледі.

Номер, параграф таңбалары және цифр арасында міндетті түрде пробел керек, мысалы № 10, § 73.

Градус, процент, минут, секунд таңбалары және цифр арасында пробел болмауы керек, мысалы 50%, 25О .

Градус таңбасынан кейінгі қысқартылған сөзден кейін міндетті түрде пробел керек, мысалы 25О С.

Екі таңба номер немесе параграф бірге жазылады, мысалы №№, §§.

Бірліктерді білдіретін сандар жүздік, мыңдықтарды пробелмен жазамыз, мысалы 4 655 210.

+ және – таңбаларын цифрдан бөлмейміз, мысалы +10, -25.

Бөлшек пробелсіз жазылады: 4/7.

Реттік нөмерінен кейін сөз пробелмен жазылады.



Тақырып

Көп жолды тақырыптың мағынасы болуы керек. Тақырыпты тасымалдауға болмайды. Тақырып екі сөйлемнен тұрса, онды екінші сөйлемнің жартысы бірінші сөйлеммен бір жолда жазылуы керек. Екінші сөйлемнен кейін нүкте қойылмайды.


Кесте

Кесте келесі шрифт кегельдерімен теріледі: мәтін 12 болса, кесте 8 немесе 10; мәтін 10 болса, кесте 8 немесе 6; мәтін 8 болса, кесте 8 немесе 6.

Кесте тақырыбы міндетті түрде көлденең және ортасы бойынша туралануы керек.

Егер тақырып ені ұяшық енінен үлкен болса, онда тақырып тігінен жазылады.

Егер кесте екі немесе одан да көп бетте болатын болса, тақырыптар келесі бетте нөмірленуі керек.
Негізгі қолданылатын терминдер

Шрифт – белгілі бір өлшемдері және суреті бар символдар тіркесі.

Шрифті төрт топқа бөлуге болады: антиква (serif), гротеск (scan serif), декоративті (decorative), жазбаша (script).

Шрифтар жазылуы бойынша бөлінеді: қалыпты жағдайда, Ж –қарайтылған, К-курсив, Ч – асты сызылған. Бұл жазылудың басқа түрлері көп, алайда жоғарыда келтірілген түрлерін жиі қолданамыз.

Пропорцияға байланысты шрифтер ығысқан, қалыпты, және сиретілген болып кездеседі.

Көркемдеуге байланысты кез келген шрифтарды контуры бойынша, көлеңке бойынша эффектілер қолдануға болады.

Буклет (Booklet) - бір бетке шығарылатын көркем басылым. Екі немесе одан да көп беттерге бүктеуге болады.

Кітапша (Брошюра) – жұмсақ мұқабалы, периодты емес басылым.

Кітап – көлемі 48 беттен асатын, қатты мұқабалы, графикалық, мәтіндік, иллюстрациялық мәліметтер басылған қағаз беттерінен тұратын периодты емес полиграфиялық басылым.

Афиша – үлкен форматты, көпшілік алдында өтетін жиынды жарнамалайтын, біржақты (одностороннее) басылым, жарнама.

Дайджест – қандай да бір уақыт аралығында шыққан ең қызықты басылымдардың қысқаша мазмұны берілетін басылым.

Журнал – тұрақты рубрикасы бар және әр түрлі тақырыптар бойына мақалалар беретін периодты баспа құралы.

Плакат – үлкен форматты беттік басылым.

Проспект – бір немесе бірнеше тауарларды (қызметті) олардың ерекше қасиеттерін ерекшелей отырып көрсететін жарнамалы басылым.
Бекіту сұрақтары


  1. Теріп жазудың жалпы ережесі қандай?

  2. Тасымалдау ережесі қандай?

  3. Таңба мен цифрлар қалай жазылуы керек?

  4. Тақырыптың жазылу ережесі қандай?

  5. Кесте қалай ұйымдасытырылуы керек?

  6. Қандай терминдер қолданамыз.



Дәріс 3

Тақырыбы: Баспа жүйесінің техникалық құралдары. Полиграфиялық жұмыстар үшін компьютерлерге қойылатын талаптар
Мақсаты: Үстелдік баспа жүйесінің техникалық құралдары және оларға қойылатын талапатарымен таныстыру.
Полиграфия техника мен технологияның белгілі бір даму кезеңінде ғана сала ретінде қалыптасты.
Баспа жүйесінің аппараттық қолдау деңгейі. Үстелдік баспа жүйесінің минималды конфигурациясына ақпаратты енгізу, өңдеу және сақтау, ақпараттарды шығару және жіберу құрылғылары болуы керек.

Ақпаратты енгізу құрылғыларына:



  1. ДК пернетақтасы – ол мәтіндерді енгізуге арналған;

  2. сканер;

  3. цифрлық фотокамера;

  4. дигитайзер;

  5. цифрлық планшет;

  6. дайын кескін көздері, яғни графикалық ақпараттарды енгізуге және өңдеуге болатын.

Ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғылары аппараттық деңгейдің орталығы болады. Қазіргі таңда басылымдарда компьютерлік желілерді кеңінен қолданады, ондағы жедел жады көлемі 1 Гб және 160 Гб көлемді дисктермен қамтамассыз етілген.

Ақпаратты шығару құрылғыларына монитор, принтер, автоматты фототеру жатады.

Программалық деңгей түсінігі – ол басылымдарды дайындауға қажетті программалардың бірігуін айтамыз. Оларды шартты түрде нақты бірнеше компьютерлік технологияларға бөлуге болады:


  1. кескіндерді өңдеу технологиясы;

  2. полиграфиялық дизайн технологиясы;

  3. үстелдік баспа жүйесінің жеке өзіндік технологиясы (Кесте 1).

Кесте 1. Баспа ісіндегі компьютерлік технология



Технология

Объектілермен орындалатын негізгі әрекеттер

Программалық өнім

кескіндерді өңдеу технологиясы (растрлық графика)


Иллюстрациялық материалдарды жасау және өңдеу:

қандайда да бір материалдық тасымалдауышта цифрлық формада



  • жасалған, дайын кескіндерді түрлендіру;

  • иллюстрациялық материалдарды бірден цифрлық түрде жасау

Adobe Photoshop,

Corel Photo-Paint,

Fractal Desing Painter, Micrografx Picture Publisher


полиграфиялық дизайн технологиясы (векторлық графика)


Графикалық өнімдерді өңдеу: фирмалық белгілер, бланкілар, афишалар, шақыру билеттері, визиткалар, логотиптер, хабарламалар және т.с.с.

Adobe Illustrator,

Corel Draw,

Macromedia FreeHand,

Micrografx Desingner



үстелдік баспа жүйесінің жеке өзіндік технологиясы.


ДК көмегімен басылымдарды дайындау (газет, журнал, кітап, көпбетті құжаттар) дайындау және өңдеу. Полиграфиалық дизайн және графикалық технология нәтижелерін қолдануы мүмкін.

Adobe PageMaker,

QuarkXpress,

CorelVentura,

Microsoft Publisher,

Microsoft Word



Қолданушыны қолдау деңгейі

Егер аппараттық және программалық деңгейлерде әртүрлі құрылғылар мен программмалардың бірігуі болса, қолданушы деңгейінде ең басты орынды АДАМ алады. Әрбір адам қайталанбайтын тұлға. Әрбір адамның өзінің мінезі, әлемге деген өзінің көзқарасы, көркем суретке деген талғамы, өмірлік тәжірибесі, осының барлығы оның шығармашылығына әсер етеді.

Басылымдық іс – шығармашылық процесс және әр адамда әртүрлі деңгейде болады.

Баспа басылымының объектілері

Баспа басылымын бастамас бұрын ондағы әртүрлі объектілермен жұмыс істеудің қарапайым алгоритмдерін үйренуіміз керек.

Объектілерге мәтіндер, символдар, кестелер, иллюстрациялар жатады.

Алдымен журнал жасау кезінде қандай объектілермен жұмыс істейтінімізді анықтап алайық. Объектілерді екі топқа бөлуге болады: құжаттар және құралдар (Сурет 1, 2).





Сурет 1. Құжатты құрушы объектілердің классификациясы
Әрбір объектінің өзінің қасиеті болады. Мысалы, мәтін объектісі келесі қасиеттерге ие:

  1. шрифт түрі (кегль, гарнитура, түсі);

  2. абзац стилі;

  3. бет параметрі.

Фигуралы мәтін объектісі келесі қасиеттерге ие:



  1. шрифт түрі (кегль, гарнитура, түсі);

  2. мәтін формасы;

  3. арнайы эффектілер (көлеңке, қисаюуы, бұрылуы);

  4. бетте орналасуы.

Сурет объектісі келесі қасиеттерге ие:



  1. графикалық файлдың форматы;

  2. масштабы, өлшемі;

  3. түстерді қабылдауы;

  4. бетте орналасуы.

Құралдардың көмегімен біз құжаттарда әртүрлі әрекеттер орындаймыз. Әртүрлі символдарға сүйене отырып, мәтіндерді енгізіп, оларды бетте орналастырып, керекті түрімізбен өңдейміз. Фигуралы мәтінмен титулді бетте әдемі де, көркем етіп тақырыпты әсемдейміз. Суреттермен операциялар орындау арқылы құжаттың ішкі түрін әсемдейміз.



Сурет 2. Құралдар классификациясы
Бірінші басылымды дайындау үшін келесі алгоритмдерді білуіміз қажет:

  1. мәтін енгізу;

  2. мәтіндерді өңдеу;

  3. символдарды форматтау;

  4. абзацтарды форматтау;

  5. иллюстрацияларды қою;

  6. сноскаларды қою;

  7. колонтитулдарды қою;

  8. беттерді форматтау;

  9. титулдық беттерді әсемдеу.


Бекіту сұрақтары

  1. Қандай салада жұмыс істейтін адамдар үстел баспа жүйесін жиі қолданады?

  2. Баспа басылымын дайындау үшін қандай қолдау деңгейлері қажет?

  3. Үстел баспа жүйесінің минималды конфигурациясына нелер жатады?

  4. Құжат қандай қарапайым объектілерден тұрады?

  5. Мәтін, сурет, фигуралы мәтін объектілерінің негізігі қасиеттері қандай?

  6. Басылымды дайындау үшін қандай негізігі әркеттерді білуіміз керек?

Дәріс 4

Тақырыбы: Сканер. Құжаттарды сканерлеу. Принтер. Көбейткіш техникалар

Мақсаты: Сканер, принтер, көбейткіш техникалар және сканердің түрлері, олардың айырмашылықтары мен артықшылықтары туралы түсінктерін қалыптастыру.
Сканер – мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жасайтын құрылғы.

Сканерлердің түрлері

Коммерциялық тұрғыда пайдалануда сканерлердің үш базалық түрі бар: барабанды сканерлер, планшетті сканерлер және пленка-диапозитивтерді өңдейтін сканерлер. Әр түрдегі сканердің жұмыс істеу саласы болады. Бірақ қазіргі кезде осы үш түрдің, әсіресе неғұрлым қымбат бағалы инструменттер арасындағы сапалық айырма білінбей барады. Сондықтан бұл орайда абай болған жөн.

Барабанды сканерлер әрқашан жоғары дәрежелі түрлі түсті баспа өнімдері (жарнамалық материалдар, жылдық есептер, сондай-ақ, жоғары сапалы көркем көшірмелер) саласында жұмыс істеуге арналған инструменттер ретінде танылады. Олардың фотоэлектронды көбейткіштерге негізделген есептеу технологиясы кез келген түпнұсқадағы әрең көрінетін реңктердің өзін де шығаруға мүмкіндік береді; олар шағылысатын да, мөлдір де түпнұсқаларды (негативті пленкадан басқасын) бояуын қанық етіп, санмен таңбалай алады; өте жоғары шешімі шағын түпнұсқалардың сапасын төмендетпей, оларды көп есе үлкейтуге мүмкіндік береді. Барабанды сканерлердің көпшілігінде күрделі бағдарламалық басқару құралдары бар, олар «жол-жөнекей», сканерлеу барысында басып шығару жағдайын ескере отырып, бейнені автоматты түрде өңдейді. Барабанды сканерлер бұрын басуға дайындау жөніндегі агенттіктерде ғана қолданылатын, қазір Windows бойынша жұмыс істейтін Macintosh немесе РС компьютерлеріне тиімді қосылып, үстелге орнатылатын жабдықтар қатарын толықтырды. Егер сендер бояуына жоғары талап қойылатын құжаттарды тұрақты басып шығарып, позитивті түпнұсқаларды көп сканерлейтін болсаңдар, барабанды сканерде сандық бейне алу турасында ойланғандарың жөн.

Планшетті сканерлерде ҚБП есептеу технологиясы пайдаланылады, оны нақты жүзеге асыру сапасы әр түрлі болуы мүмкін. Қарапайым модельді және аралық класты планшетті сканерлерде ҚБП әдетте шулы болып келеді де, сызықтар немесе «қате» түсті кажетсіз пиксельдер түріндегі артефактілерге апарады. Кейбір қызмет көрсету бюролары мен корпорацияларында неғүрлым жоғары класты планшетті сканерлер жұмыс істейді. Оларда неғұрлым таза сандық бейнелер шығаратын, шуы аз ҚБП бергіштері пайдаланылады. Планшетті сканерлер әсіресе суреттер мен фотосуреттер түріндегі шағылысатын түпнұсқаларды санмен таңбалау кезінде өте ыңғайлы. Аралық және неғұрлым жоғары класты планшетті сканерлер сондай-ақ мөлдір түпнүскаларды да сканерлей алады, бірақ ең жоғары класты планшетті сканерлер ғана оларды барабанды сканерлер немесе пленка-диапозитивтерді өңдейтін сканерлер сияқты сапалы етіп шығара алады. Бүгінде аралық және неғұрлым жоғары класты планшетті сканерлер қанағаттанарлық сапаға ие, сондықтан оларды түрлі түсті құжаттар мен коммерциялық тұрғыдағы мерзімдік басылымдарды жасау кезінде пайдалануға болады.



Пленкалар мен диапозитивтер өңдейтін сканерлерде, планшеттік сканерлердегідей, ҚБП-бергіштер қолданылады, тек олардың қабылдағыштығы жоғарырақ және шешу қабілеті анағұрлым жоғары — бұл қасиеті оларды кішігірім мөлдір түпнұсқаларды санмен белгілеу үшін теңдессіз қолайлы етеді. Мұндай сканерлердің көбінің динамикалық диапазоны әжептеуір жоғары және кәдімгі мөлдір түпнұсқаға түстердің толық диапазонын енгізуге мүмкіндік береді. Негізінде, түрлі түсті жарияланымдардың көбінде барабандық сканер көмегімен және пленкалар/диапозитивтер өңдейтін жоғары сапалы бергіштері бар сканер арқылы алынған (мысалдар Сканерлеу — кәсіби амал кітабының түрлі түсті жапсырмасында келтірілген) бейнелерді айыру қиын. Пленкалар/диапозитивтер өңдейтін аралық және одан жоғары класты сканерлер негативті пленка түсінің бүрмаланған сияқтануын автоматты түрде реттейді.
Сканерлердің сипаттамасы

Түпнұсқаны санмен белгілеу үшін пайдаланылған сканердің мүмкіндіктерін көбіне-көп басу кезінде алынған сапа анықтайды. Сондықтан қарапайым модельдегі планшеттік немесе аралық класты сканер жоғары сапалы жарнамаға қажетті түс диапазонын қамтамасыз ете алмайды, газеттік қағазда каталогтар жасау үшін барабанды сканерді пайдалану да - долларды сканерлеу сияқты мәнсіз іс. Бір кластағы сканерлердің өзі бірдей емес. Сканерлейтін құрылғының сапасын бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар маңызды параметрлер бар, олар: салыстырып оқу үшін пайдаланылатын бергіштердің түрі, оптикалық шешім, өңделетін материалдардың түрі, түстің барынша қанықтығы және динамикалық диапазон.


Қолданыс салалары

Баспа ісіндегі түрлі жобаларға қай сканер ең қолайлы екенін қарастырайық. Кейбір негізгі сипаттамаларын келтірейік:

Барабанды сканерлер, жоғары класты планшеттік сканерлер немесе пленкалар/диапозитивтер өңдейтін сканерлер — жоғары класты жарияланымдар — жарнамалық материалдар, жылдық есептер, ғылыми немесе техникалық қосымшалар, қымбат бағалы журналдар, плакаттар, коркем репродукциялар, үлкен пішімді түрлі түсті бейнелер.

Пленкалар/диапозитивтерді өңдейтін сканерлер-коммерциялық сапалы жарнамалық материалдар, бұқаралық және салалық журналдар, түрлі түсті каталогтар түрлі түсті және көмескі иллюстрациялары бар кітаптар (әдебиден басқалары).

Аралық класты планшеттік сканерлер - аймақтық жарнамалық материалдар мен каталогтар, аймақтык ақ-қара түсті мерзімді басылымдар (газеттерді қосқанда), корпоративті хат алмасу, корпоративті нұсқаулар, бір түсті иллюстрациялы кітаптар.

Қарапайым модельдегі планшеттік сканерлер — жергілікті жарнамалық парақтар, фирма ішіндегі корпоративті байланыс, позициялау мақсаттары үшін ғана арналған бейнелер.


Құжаттарды сканерлеу

Сканерленген бейненің сапасы көп жайларға байланысты. Олар, айталық, мыналар: сканерленетін түпнұсқаның түрі, сканердің техникалық мүмкіндіктері, сканер операторының біліктілігі, түпнұсқаның өлшемі (бұған қажетті еселеп үлкейту тәуелді), сканерлеу кезіндегі шешім, сондай-ақ, сканерлеу барысында бейнелеуге қолданылған кез келген өңдеу ерекшелігі.

Түпнұсқаның жағдайы сканер түрін таңдауға көмектеседі, ал оны бейнені санмен белгілеуде және сканерленген бейнені басуға дайындау үшін қажетті өңдеу барысында пайдалану керек.

Түпнұсқаны қалай сканерлеу мәселесін шеше отырып, оның тығыздығын - материалдың жарықты сіңіру, шағылыстыру немесе өткізу қабілетін ескеру керек. Бұл параметр 0-ден 4,0-ке дейінгі диапазонда жатыр. Түпнұсқаларды бейнеленген және мөлдір деп екі класқа бөлуге болады.

Бейнеленген материалдар дегеніміз — алдын ала басылған өнімдер, яғни қолдан салынған суреттер, фотосуреттер, олардың тығыздығы шамамен 1,0-ден 2,3-ке дейінгі шекте болады. Планшеттік сканерлер мұндай түпнұсқалардағы түстердің барлық градациясын жеңіл шығара алады. Мөлдір материалдарға негативті пленкалар (тығыздылығы 2,8), түрлі түсті слайдтар (тығыздылыгы 2,7-ден 3,0-ге дейін) және үлкен пішімді диапозитивтер (тығыздылығы 3,0 — 3,2) жатады. Егер негізінен мөлдір түпнұсқалармен жұмыс істесеңдер, онда оларды санмен белгілеу үшін пленка/диапозитивтерді өңдеуге арналған сканерлер мен барабанды сканерлерді пайдаланған жақсы. Ең жоғары сапалы нәтижелерге қол жеткізу үшін сканердің әдеттегі санмен белгіленетін түпнұсқалар тығыздығының ерекшеліктеріне сай болуы қажет.

Принтер ақпараттарды кағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін қалауымыз бойынша ақ-қара немесе түрлі түсте шығаруға болады. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік.

Олардың ішіндегі басу сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелі) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің кағаз бойы жылжып келе жаткан бастиегіндегі инелері шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады.



Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтерден айырмашылығы - тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түрлі түсті сұйық сияны кішкене тесіктер (сопло) арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Мұнда әрбір символдың матрицасы қағазда бөлек нүктелерден бағаннан соң баған болып қалыптасады. Сия кішкене картрижде (ыдыста) сақталады, оны оңай ауыстырып отыруға болады. Түрлі түсті кескінді салғанда, принтер алдымен кескінді бір түспен бояйды да, содан кейін оның үстіне басқа түстерді салады. Бояулар араласып, қағазға әдемі түрлі түсті сурет шығады.

Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып, оған жабысады.
Көбейіткіш техникалар

«Ксерокс» ретінде көбірек танымал көшіру аппараты (мұндай аппараттарды шығаруды алғашқы игерген Хеrох фирмасының атынан) әр түрлі кескіндер (мәтіңдік материалдар, иллюстрациялар және т.б.) көшірмесін көбіне қағазға шығаруды қамтамасыз етеді. Көшіру аппараттары жұмысының негізін (көптеген электрондық принтерлердің де) ксерография технологиясы құрайды. Бүріккіш көшіру аппараттары да бар, бірақ олардың көшіру жылдамдығы төмен және қолданыста қолайсыз, сондықтан таралымы төмен.

Көшіру аппараттарының негізгі техникалық сипаттамаларына мыналар жатады:


  • көшіру жылдамдығы — аппаратпен бір минут ішінде жасалатын көшіремелер саны (көш./мин.);

  • ұсынылған көшіру көлемі (көш./ай немесе көш./күн). Бұл сипаттама «материалдар қажуы» түсінігімен байланысты. Көптеген көшіру аппараттарының механикалық бөлігі пластмассадан жасалған, сондықтан ұсынылған көшірме санынан асыру ксерокстардың осы бөлігінде сынықтар пайда болуына әкеледі;

  • масштабтау — аппараттың көшірмені түпнұсқаға қатысты үлкейте (кішірейте) алу мүмкіндігі. Әдетте пайызбен белгіленеді;

  • түпнұсқа және алынатын көшірменің максимал өлшемі (егер масштабтау қолданылса, түпнұсқа және көшірменің өлшемдері бірі-біріне тәуелсіз бола береді).
    Бұл сипаттамалар қағаз беті өлшемдерінің стандарттарына сәйкестендірілген (А6; А4; АЗ);

  • тонер-картридж қызметінің мерзімі — картриджді бір тонермен толтырғанда алынған көшірмелер саны. Тонер таусылған соң, картриджді кезектегі тонермен толтыруға болады, бұл жаңа картридж алғаннан гөрі арзан түседі, бірақ шығарылатын көшірмелер сапасы төмендеуі мүмкін. Тонерді ауыстыру саны шектеулі (әдетте 3 ретке дейін);

  • көшіру барабаны қызметінің мерзімі — бір селен барабанында жасалған көшірмелер саны. Барабанның үстін жауып тұрған селен қолданыс барысында өшеді, сондықтан барабанның да қызмет ету мерзімі көшірмелер санымен шектелген. Селен қабатын қалпына келтіруге болады. Бұл жаңа барабан сатып алғаннан шамамен екі есе арзан түседі, бірақ барабанды қалпына келтіргеннен кейін, көшірмелер сапасы әдетте нашарлайды;

  • қағазды автоматты түрде беру құрылғысының болуы. Егер ол бар болса, онда тағы бір сипаттама — қағаз салатын орынның сыйымдылығы көрсетіледі. Ол парақ санымен өлшенеді, Бүгінде ұсынылатын көшіру аппараттарының спектрі барынша кең: дербес портативті аппараттардан жоғары жылдамдықтағы стационарлы аппараттарға дейін. Сондықтан аппаратты сатып алу алдында ол орындайтын жұмыс мөлшерін айқын білу қажет.

Егер көшірмеленетін жұмыс көлемі көп болмаса (15-20 көш./күн), онда арзандау модельдер жарайды. Мұндай аппараттар шағын және ыңғайлы келеді әрі көшірме сапасының жақсы болуын қамтамасыз етеді.

Егер басу көлемі 200-400 көш./күн-ге дейін баратын болса, онда қымбаттау модель алған тиімді. Мұндай аппараттар қағазды автоматты түрде беру, түпнұсқаның өлшемін анықтау және көшірме дайындау үшін тиісті пішінді автоматты түрде таңдау құрылғыларымен жабдықталған. Кейбір аппараттардың конструкциялары түпнұсқаларды автоматты түрде беру құрылғысы және көшірмелерді комплекттері бойынша іріктеп алуға арналған сұрыптау құрылғысы орнатылуын қарастырады.

Егер жұмыс мақсаты баспа өнімінің үлкен таралымдармен (10 мың данаға дейін) дайындалуы болса, онда қымбат жоғары жылдамдықтағы түрлі түсті, сенсорлы монитормен және кірістірілген микроЭЕМ-мен жабдықталған аппараттар алған тиімді. Оларда қосымша кескіндерді редакциялау (түсті өзгерту, реңін енгізу және т.б.), көшірмелерді кітапша етіп бекіту қызметтері де қарастырылған.

Ксерокс алар алдында олардың бәрі түгел отандық электрожеліге бейімделмегеніне назар аудару керек. Сипаттамаларында 220 В/50 Гц деп көрсетілуі керек. Көрсету үстелі бекітілген немесе жылжымалы болуы мүмкін. Бекітілген көрсету үстелі бар аппарат жұмыс кезінде қанша орын алса, жұмысқа қосылмаған кезде де сонша орын алады. Ал жылжымалы үстел жұмыс кезінде біршама жылжиды, демек, оған қосымша жұмыс кеңістігі қажет. Аппаратта көшірмелердің қанықтылығын қолмен және/немесе автоматты түрде реттейтін құрылғы орнатылуы мүмкін (сипаттамаларда былай көрсетіледі: «қол экспозициясы» және/немесе «авто-экспозиция»).



Бекіту сұрақтары

  1. Сканерлеу процесі немен анықталады?

  2. Сканерлеудің, кандай негізгі сипаттамаларын білесіңдер?

  3. Сканерлер қалай жіктеледі?

  4. Әр түрлі кластағы сканерлердің қызметі?

  5. Принтер не үшін керек?

  6. Принтерлердің түрлерін атап, олардың айырмашылықтарын түсіндір.

  7. Көшіру аппараты дегеніміз не?

  8. Көшіру аппаратының атқаратын міндеттері кандай?

  9. Көшіру аппараттары қандай кластарға бөлінеді?


Дәріс 5

Тақырыбы: Басылымды дайындаудың технологиялық процессі. Баспа жүйесінің программалық жабдығы
Мақсаты: Басылымды дайындаудың технологиялық процессімен және баспа жүйесінің программалық жабдықтарымен таныстыру.
Баспаны басуға әзірлеу - күрделі және ұзақ процесс. Ол ұзын бір-бірімен байланысқан бірнеше кезеңнен тұратын тізбек. Осы уақытқа дейін әрбір кезеңде арнайы мамандар орындады: редактор, корректор, суретші, теруші, баспашы. Үстелдік баспа жүйесінің пайда болуы (Desktop Publishing = DTP) баспа дайындаудың әрбір кезеңдері арасындағы арақашықтықтарды жойды. Баспа еңбегінің автоматтандырылған күшті құралы DTP, ондағы басылымды дайындаудың бүкіл процесін бір адам басқара алады. Әрбір кезеңнің технологиялық ерекшеліктерін, сонымен бірге олардың өзара байланысын және өзара тәуелділігін білуі керек. Қысқаша басылымды баспа дайындау төмендегідей түрде болады (Сурет 1):


Сурет 1. Басылымды баспа дайындау
Макет дайында да өзара бірнеше кезеңдерден тұрады:

  • макеттеу;

  • мәтінді дайындау;

  • иллюстрацияларды дайындау;

  • шрифтер таңдау;

  • беттеу (верстка);

  • түпнұсқа – макетін басу;


Макеттеу

Бұл бөлімде:

  • макет сызбасы;

  • формат таңдау;

  • Бет ориентациясы - Өрістер

  • Дизайн элементі

  • Модульдік тор

  • Макеттеуге арналған бес кеңес


Макет сызбасы

Жақсы макет алу үшін, эскизден бастап, мысалы құжаттың соңғы түріне дейін. Алдымен дайын құжат қандай түрде болатынын елестетіп көріңіз де, бірнеше сызбасын қағазға түсіріңіз. Сіз 210 х 297 мм (формат А4) стандартты өлшемде 8 – беттен тұратын ақпараттық бюллитень жасағыңыз келеді. Сызба үшін 210 х 297 мм өлшемді екі ақ бет алыңыз. Бірінің үстіне бірін қойып оны ені бойынша бүктеңіз, осылайша сіз 8-бетті бюллитеннің кішірейген түрін аласыз. Қарындаш алып шапкасын және сыртқы түрін, сурет және мәтінді, жоғарғы және төменгі колонтитулды, іргедегі және төменгі өрістердің сызбасын түсіріңіз. Әрбір бетте сурет пен мәтінді белгілеңіз.

Өзгертуді құжатты дайындаудың ең соңғы сатысында да енгізуге болады. Егер сіз DTP программаларының бірімен жұмыс істеген болсаңыз, онда қарандашсыз бірден монитор экранында сызбасын дайындауға болады.
Формат таңдау

Европада өндірістерде форматты Халықаралық Стандарттау Ұйымы (ISO) анықтаған А-сериялы қағаздарды типографияда қолдануға шығарады. Германияда бұл стандарт басқа атпен белгілі - DIN (Deutsche Industrie-Norm) – Неміс өндіріс стандарты.

Барлық форматтар өлшемі 1189 мм х 841 мм DIN А0 форматынан тараған. Егер осы форматты тең екіге бөлсек, онда екі DIN A1 болады. Егер осы әрекетті қайталасақ, онда DIN А2 форматы және т.с.с. Ең кіші формат ол пошта карточкасының форматы А6. Ең кең тараған форматтар DIN A5, A4 и A3 (Кесте 1).

Кесте 1. Барлық форматтар өлшемі



Формат (DIN)

Миллиметр

Дюймы

A0

841 x 1198

33,1 х 46,8

A1

594 x 841

23,4 х 33,1

A2

420 x 594

16,5 х 23,4

A3

297 х 420

11,7 х 16,5

A4

210 x 297

8,3 х 11,7

A5

148 x 210

5,8 х 8,3

A6

105 x 148

4,1 х 5,8


Бет ориентациясы

Беттегі жолдар әртүрлі орналасуы мүмкін. Олар кітапша (книжной или портретной - от англ. portrait) бет ориентациясы, керісінше альбомды бет ориентациясы болып бөлінеді (аль­бомды немесе ландшафты - ағыл. landscape).


Өрістер

Бетте мәтіндер мен өріс өлшемдері белгілі бір гормониямен орналасулары керек. Осыған байланысты нақты ереже бар. Өріс ені, яғни мәтінді беттің шекарасынан алшақтатату, бір бетте әртүрлі болуы мүмкін, ол мәтінді бетте беттеуге байланысты.


Дизайн элементі

Болашақ жарияланымның дизайнын жасауда әртүрлі элементтер көп мөлшерде қолдануға болады. Олардың кең тараған бірнешеуі төменде келтірілген.


Би әріп (буквица -drop cap)

Абзацтың басындағы әріпті үлкен етіп жазу үшін қолданады, ол бірнеше жолды төмен түсіреді. Сонымен бірге мәтін оны қоршай орналасады. Тарау немесе бөлімнің басталуы және әсемдеу элементі ретінде қолданылады.



Рамка (printing rule)

Иллюстрацияны, мәтін бөлігін, фонды қоршап тұрған сызық.


Кітап элементі

1 – сыртқы қаптау бетінің бүктемесі(суперобложка); 2 - форзац; 3 - фронтиспис; 4 - ти­тульды бет; 5 - сыртқы қаптау бетінің бүктемесі (суперобложка); 6 – кітап бөлігі; 7 – ляссе (Сурет 2).




Сурет 2. Кітап элементі

Модульдік тор

Макет дайындауда модульдік тор көп көмектеседі. Модульдік тор болашақ жарияланымның дизайнын анықтайды және колонцифр, текст, ил­люстрация, тақырып және бастапқы немесе соңғы стадиядағы автор фамилиясы тұрған жолды т.с.с. орналасырады. Торды суретші өңдейді. Оларды шаблон немесе трафарет деп атайды.


Макеттеуге арналған бес кеңес

Үлгілер банкісін жасаңыз. Газет, журнал, кітап, жылдық есеп оқығанда, жарнамалық беттер және брошюралар қарағанда солардың ішіндегі өте жақсы шыққан және кемшіліктері барын жинаңыз. Оларды «жақсылар» және «жамандар» деп екі топқа бөліп, несімен жақсы, несімен жаман екенін белгілеп папкада жинастырыңыз. Жеткілікті материал жинаған соң сіз өзіңізді техникалық және көркемдік редактор ретінде еркін сезінесіз.

Болашақ құжатыңыздың жоспарын құрыңыз. Неғұрлым қарапайым болса, солғұрлым жақсы. Осы ережелерді сақтай отырып, сіз аз қателесесіз. Қарапайым макеттер анық, жақсы оқылады және оқырмандардың көңілін аударады.

Құшаққа сыймайтынды құшуға тырыспаңыз. Мысалы, сіз бір бетті 30 колонка орналастыра аласыз, бірақ оны кім оқиды? Жалпы ереже: қос бетте үш арнайы типографиялық эффектіден артық қолданбаңыз. Сіздің макетіңіз сіздің құжатыңыз туралы нақты түсінік беруі керек. Егер сіз қандайда бір өнім туралы жарнама жасасаңыз, онда ғылыми түрде емес, сіздің макетіңіз жарнама түрінде болсын.


Бекіту сұрақтары

  1. Макет сызбасы дегеніміз не?

  2. Форматты қалай таңдаймыз?

  3. Бет ориентациясы дегеніміз не?

  4. Өрістер деген не?

  5. Дизайн элементіне не жатады?

  6. Модульдік тор деген не?

  7. Макеттеуге арналған қандай бес кеңес бар.


Дәріс 6

Тақырыбы: Microsoft Word: беттеудің және макеттеудің мүмкіндіктері

Мақсаты: Мәтіндік процессордағы беттеужәне макеттеудің мүмкіндіктері және ерекшеліктерімен таныстыру.
Сіздер күнделікті өмірде әртүрлі баспа басылымдарымен кездесесіздер: газеттер, журналадар, кітаптар және де, әр басылымда мәтін әртүрлі орнасқан. Мәтін беттің бүкіл бетіне немесе бірнеше бағандарда орналдасауы мүмкін. Бағандар саны бірден жетіге дейін өзгере алады. Баған саны оның ендерін анықтайды, ол дегеніміз құжатты оқу жеңілдігін көрсетеді. Бағандар неғұрлым тар болса, солғұрлым көзді тез талдырады және өте кең бағандарда көзге өз әсерін тигізеді.

Көпбағанды беттеу – мәтінді бірнеше бағандарға орналастыру.

Бағандардың санын анықтауда оның ені шрифт өлшеміне әсер ететінін ескеру керек. Неғұрлым ені кіші болса, солғұрлым шрифт кіші болады немесе керісінше.

Бетті беттеу – мәтін блоктарын, иллюстрацияларды, колонтитулдарды, тақырыпты және басқа да әсемдеу элементтерін бетте белгілі бір ретпен орналастыру.



Мәтінді екі бағанға бөлу үшін келесі командаларды орындаймыз: Формат – Колонки... немесе Форматтау тақтасындағы батырманы басамыз. Форматтау тақтасындағы батырма кіші терезе ашады (Сурет 1), онда бірден алты бағанға дейін бірдей енімен орналастыруға болады. Ал Колонки... командасы сәйкесінше сурет 2 сұқбат терезесі шығады. Оның көмегімен баған санын, олардың енін бөлу сызығын, бағандар арасындағы арақашықтықты анықтауға болады.






Сурет 1. Баған терезесі

Сурет 2. Колонки сұқбат терезесі
Кесте1. Екі бағанды жолақты беттеу технологиясы

Қызметі

Алгоритмі

Екі бағанды жолақты беттеу

  1. Формат – Колонки... командасын таңдау.

  2. Баған санына 2 енгізу.

  3. Приминить тізімінен Ко всему документу таңдау.

  4. ОК батырмасын шерту.

Бір тақырыпты екі бағанды жолақты беттеу

1-әдіс


  1. Бағанға бөлетін мәтіннің бөлігін ерекшелеу.

  2. Формат – Колонки... командасын таңдау

  3. Баған санына 2 енгізу.

  4. Приминить тізімінен Ко всему документу таңдау.

  5. ОК батырмасын шерту (Сурет 4).

Бір тақырыпты екі бағанды жолақты беттеу

2-әдіс


  1. Курсорды тақырып соңына орналастыру (немесе абзац)

  2. Вставка - Разрыв командасын таңдау

  3. Пайда болған сұқбат терезеде Новый раздел бөлімінде ауыстырғышында На текущей странице жалаушасын орнатамыз (Сурет 3).

  4. Курсорды жаңа бөлімдегі кез келген позицияға ауыстырамыз

  5. Формат – Колонки... командасын таңдау

  1. Баған санына 2 енгізу.

  2. Приминить тізімінен Ко всему документу таңдау.

  3. ОК батырмасын шерту.






Сурет 3. Разрыв сұқбат терезесі Сурет 4. Екі бағанды беттеу мысалы
Үш бағанды етіп беттеу

Жолақты үш бағанды етіп беттеу үшін де сол әдістер қолданылады тек, баған санына 3-ті көрсетуіміз керек. Біз күрделі жағдайын қарастырайық, онда тақырыбымыз екі бағанның бойында орналасады (Сурет 5). Кесте 2-де орындалу технологиясының алгоритмі келтірілген.




Сурет 5. Үш бағанды беттеу, оның тақырыбы екі бағанда орналасуына мысалы
Кесте 2. Үш бағанды жолақты беттеу технологиясы

Қызметі

Алгоритмі

Үш бағанды жолақты беттеу

  1. Формат – Колонки... командасын таңдау.

  2. Баған санына 3 енгізу.

  3. Приминить тізімінен Ко всему документу таңдау.

  4. ОК батырмасын шерту.

  5. Тақырыбын ерекшелеу және Вставка-Надпись командасын орындау.

  6. Екі бағанның еніне сәйкес келетін етіп жақтаушаның өлшемін өзгертіңіз.

  7. Жұмысыңыздың мақсатына қарай жақтаушаға түс, шекара бере аласыз.

  8. Формат-Надпись... командасының көмегімен жақтаушаның төменгі шекарасынан келесі мәтінге дейінгі арақашықтықты орната аласыз.

  9. ОК батырмасын шерту.


Бекіту сұрақтары:

  1. «Беттеу» ұғымын қалай түсінесіз?

  2. Қандай беттеу көп бағанды деп аталады?

  3. Бағандарға қандай талаптар қойылады?

  4. Көпбағанды беттеу технологиясын түсіндіріңіз.

  5. Ортақ тақырыпты көп бағанды беттеудің әдістерін түсіндіріңіз.



Дәріс 7

Тақырыбы: Microsoft Word-тың инструментариі және баспа жүйесінің қызметінен айырмашылығы

Мақсаты: Word мәтіндік процессорының баспа жүйесінің бағдарламаларынан айырмашылығын түсіндіру.

Мәтіндік процессор баспа басылымдары үшін үлкен мүмкіндіктерге ие: әртүрлі шрифтарды қолданады, көп бағанды беттеулер, стилдерді қолдану, колонтитулдар жасау, графикамен жұмыс және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Алайда басылымды типографиялық деңгейде басып шығару үшін бізге арнайы беттеу бағдарламалары қажет. Енді Word және PageMaker бағдарламалардың функцияларының айырмашылықтарына тоқталайық.





Функциясы

Word

PageMaker

Мәтін енгізу

Мәтіндік процессор макет режимінде жұмыс істеу мүмкіндігін береді

Қарапайым редактор ретінде және макет режимінде мәтіндерді енгізу мүмкіндігі

Грамматиканы тексеру

Бар

Жоқ

Сөзарлық интервал қою

«Пробел» символын енгізгенде, яғни формат-тау кезінде ені бойынша туралау автоматты түрде өзгереді (әр жолдағы сөздар арасы әртүрлі болу мүмкін)

Қажетімізше, минималды немесе максималды мәндерді беру арқылы баптау мүмкіндігі бар. Бір жолдағы сөзаралық қашықтық біркелкі болады.

Символ аралық интервал қою

Символ аралық интервалдың үш түрі бар: кәдімгі (обычный), сиретілген (разреженный), ығысты-рылған (уплотненный) нақты мәндері беріледі.

Қажетімізше, минималды немесе максималды мәндерді беру арқылы интервал беру мүмкіндігі бар.

«Сұйық» жолды бақылау, яғни өте үлкен символ аралық интервалдары бар жолдар

Жоқ.

Ондай жолдарды көру үшін беттелген беттерді мұқият қарап шығу керек.




Ондай жолдар кездескенде сұр немесе сары түске бояп, автоматты түрде бақылау жасайды

Мәтіндік блоктарды орналастыру

Мәтіндік блок түсінігі жоқ. Мәтін бағандарға бөлінуі мүмкін, бірақ фрагменттерді еркін манипуляциялау мүмкін-дігі жоқ. Егер олар жақтаушаларда жазылмаса.

Мәтіндерді бірнеше байланысқан блоктарға бөлуге болады. Оларды беттерде еркін қозғалтуға және ретсіз орналас-тыруға болады. Олардың өлшемін өзгертуге, бұруға, қисайтуға және кескіндерін беруге болады.

Кесте қою

Шексіз бірнеше беттерге дейін кесте қоюға мүмкіндігі бар

Басылымның бір бетінен аспайтын кесте қоюға ғана мүмкіндігі бар

Графикалық объектілермен жұмыс

Графикалық объектілерді төртбұрыш аймақ ішіне орналастыру мүмкіндігі бар және оның шекарасы беттің шекарасымен параллель болып орналасады. Графикалық объектіні масштабтау және шеттерін қию мүмкіндігі бар.

Графикалық объектілерді көпбұрышты аймақ ішіне орналастыру мүмкіндігі бар және масштабтау және шеттерін қию, бұру мүмкіндігі бар.

Графиканы текспен көмкеру

Мәтін шекарасы төртбұрыш формасында болады, оның шекарасы беттің шекарасымен параллель болып орналасады.

Мәтін шекарасы кез келген формада бола алады.

Мәтін блоктарын және кескіндер

Ондай функция жоқ

Суреттер мен мәтіндерді бір біріне қатысты бірнешеуін орналастыру мүмкіндігі бар.

Жоғарыда айтылған айырмашылықтардан басқа мәтіндік процессорда жоқ БЖ-нің құралдары мен функциялары бар.



  1. PageMaker-дегі барлық жұмыс «монтаж үстелі» деп аталатын арнайы өрісте ұйымдастырылады. Оның ерекшелігі – бұл беттеуге арналған әртүрлі материалдарды бір уақытта бір бетке орналастыруға болатындығы, олар: мәтіндік блоктар, суреттер, басылымның бірнеше беттері т.с.с.

  2. Беттік-шаблондарды жасау, яғни беттерге қайталанатын элементтер енгізілуі: колонтитулдар, колонцифрлар, графикалық әсемдеу, бағандарды бағыттауыш, сонымен бірге осындай бірнеше беттерді қоя алуы.

  3. Модульдік тор қоюуы және модульдік кітапханаларды қолдана алуы. Модульдік тор – бұл беттерге ақпараттық блоктарды орналастыру сызбасы.

Сонымен кәсіби баспа жүйе ең алдымен басылымды беттеуге арналған, ол мәтіндік процессорда мүмкін емес функцияларды орындайды. Көпбетті басылымды сауатты түрде беттеу кезінде әр беттің төменгі шекарасы бір деңгейде орналасуы керек. Ал мәтіндік процессорды бұндайға жету практика жүзінде мүмкін емес, ал баспа жүйесінде көлденең бағыттауыштар мен беттік шаблондар арқылы беттеуге болады.

БЖ-де жұмысқа егер сіздің мәтініңіз және иллюстрацияларыңыз дайын болғанда және болашақ басылымның қағаздағы жоспары құрылған кезде ғана кірісе аласыз. Ал мәтіндік процессорда мәтінді теріп, өңдеп, грамматикасын тексеріп, ал иллюстрацияны сізге ыңғайлы кез келген графикалық редакторда өңдеп әкеліп орналастыруға болады. Осыдан кейін БЖ сіздің басылымға дайындағандарыңызды кәсіби түрде өңдей алады.
Бекіту сұрақтары


  1. БЖ не үшін пайдаланылады?

  2. БЖ және мәтіндік процессоры қандай бірдей функцияларды атқара алады?

  3. Басылды дайындау үшін бір ғана БЖ қолдану мүмкін бе?

  4. Беттік-шаблон дегеніміз не?

  5. Модульдік тор дегеніміз не?

  6. Мәтіндік процессордағы графикалық объектілермен жұмыс істеу БЖ-дегіден айырмашылығы қандай?

  7. «Сұйық» жол дегеніміз не?


Дәріс 8

Тақырыбы: Microsoft Word-ты баспа бағдарламалары үшін баптау

Мақсаты: Баспа бағдарламасын қолданбас бұрын оларды баптауды үйрену.
Басылымды бастамас бұрын алдымен бет параметрін орнатып алуымыз керек. Оған беттің ориентациясы және өлшемі, өріс шамасы, жоғарғы және төменгі колонтитулдардан қашықтығы. Орнатылған параметрлерді басылыммен жұмыс істеп отырған кезде де өзгертуге болады. Бет параметрлерін барлық басылым үшін бірдей болуы немесе кейбір бөлімдерінде өзгертуге болады.

Бет өлшемді таңдау кезінде басу құрылғысына байланысты таңдайды. А4 форматты кез келген қазіргі принтерлерде басуға болады, ал А3 формат арнайы модификацияланған принтерлерде ғана басуға болады. Беттің ориентациясын кітапша және альбомдық етіп таңдауға болады.

Беттердің өрісін таңдағанда басылым бір жақ бетті немесе екі жақ бетті басылым екендігін анықтап алған дұрыс. Бір жақ бетті басылымда басылымның мазмұны баспа бетінің бір жақ бетінде ғана орналаса алады, оларға реферат, диссертация, баяндамаларды жатқызуға болады. Бұл жағдайда жоғарғы, төменгі, оң және сол жақ өрістерді айырмашылығы болады. Журнал және кітап басылымдарын дайындағанда екі жақ бетті басылымды таңдайды. Мұнда айналы өріс түсінігі, сол және оң өрістер орнына ішкі және сыртқы өріс түсінігі қолданылады.

Бет параметрін орнату



Бет параметрін орнату үшін менюдегі Файл-Параметры страницы... командасын қолданады және оған сәйкес сұқбат терезе ашылды (сурет 1). Бұл терезеде 4 бөлім бар: өріс, қағаз өлшемі, қағаз көзі. Оған сәйкес қолданылатын алгоритмі төмендегі кесте 1-де көрсетілген.


Сурет 1. Параметры страницы сұқбат терезесі
Кесте 1. Бет параметрін орнату

Қызметі

Алгоритмі

Бет ориентациясы және өлшемдерін орнату

  1. Параметры станицы сұқбат терезесіндегі Размер бумаги бөлімін таңдау

  2. Размер бумаги ашылған тізімінен қажетті өлшемді таңдау

  3. Ориентация орнату ауыстырғышында керекті ориентацияны таңдау жалаушасын қою

Өріс шамаларын қою

  1. Параметры станицы сұқбат терезесіндегі Поля астарлы бетін таңдау

  2. Екі жақты басылым жағдайында Зеркальные поля жалаушасын орнату

  3. Сәйкес есептегіштер көмегімен өріс өлшемдерін орнату.

  4. Переплет есептегіші көмегімен қажетті переплет өрісін орнату

  5. Сәйкесесептегіш көмегімен колонтитуль мен бет шекарасы арасының қашықтығын орнату

Мәтіндерді енгізуде келесі ережелерді сақтаған дұрыс.

Қазіргі кездегі барлық мәтіндік процессорларда жаңа жолды бастау автоматты түрде мәтіндерді теруден басталады, ал абзацтың біткенін пернесін басу арқылы аяқтаймыз және жаңа жолға көшеміз.

Тыныс белгілерінен кейін міндетті түрде бос орын тастау керек. Рим цифрлары латынның бас әріптерімен жазылады. Арнайы таңбалар енгізу келесі кесте 2-де көрсетілген.


Кесте 2. Арнайы тыныс белгілерін орнату

Таңба

Перне немесе пернелер комбинациясы

Дефис

<->

Бөлінбейтін дефис

++<дефис>

Сызықша

++<сұр минус>

Бөлінбейтін пробел

++<пробел>


Стиль – көркемдік ерекшелігі бар, белгілі бір үлгілі құжат. Стильдің екі түрі бар:

  • символ стилі, символ түрлерін береді;

  • абзац стилі, абзац түрлерін береді.

Стильдік өңдеу құжатты форматтауды (өңдеу) едәуір жеңілдетеді. Стиль құжатпен бірге немесе шаблонда сақталады. Қажетті стильді форматтау тақтасынан немесе Формат Стили и форматирование ... командасының көмегі арқылы таңдауға болады.

Автоматты түрде бұл құжатта қолданған стильдер тізімі ғана сақталады. Барлық стиль тізімінде шрифт түрі, түсі, өлшемі және абзац өңдеу әдісін көруге болады.



Стильдерді өзгертуге, өңдеуге және жаңа стиль жасауға болады. Ол үшін: Формат Стили и форматирование ... командасын таңдаймыз. Ашылған Стиль сұқбат терезесінде стиль тізімін үш тәсілмен көруге болады:



  • барлық стиль тізімін көру;

  • қолданылған стиль тізімін көру;

  • арнайы стиль тізімін көру.


Стильмен жұмыс жасау технологиясының алгоритмі төменгі кестеде көрсетілген.

Әрекет

Алгоритм

Символ стилін жасау

  1. Стиль сұқбат терезесін ашу;

  2. Жасау (Создать) батырмасын шерту;

  3. Стиль жасау (Создания стиля) сұқбат терезесі ашылады;

  4. Стиль тізімінен Символ пунктін таңдау;

  5. Стильге негізделген (Основан на стиле) тізіменен қажетті стилді таңдау;

  6. Формат батырмасын шерту ( Шрифт и язык командаларын өзгерту).

  7. Қажетті өзгерістерді енгізу;

  8. Имя өрісінде стильге ат қою;

  9. ОК батырмасын шертіп Стиль сұқбат терезесіне қайтамыз;

  10. Жабу (Закрыть) батырмасын шертеміз.




Абзац стилін жасау

  1. Стиль сұқбат терезесін ашу;

  2. Жасау (Создать) батырмасын шерту;

  3. Стиль жасау (Создания стиля) сұқбат терезесі ашылады;

  4. Стиль тізімінен Абзац пунктін таңдау;

  5. Стильге негізделген (Основан на стиле) тізіменен қажетті стильді таңдау;

  6. Формат батырмасын шерту.

  7. Шрифт, Абзац командаларын қолданып қажетті өзгерістерді енгізу;

  8. Имя өрісінде стильге ат қою;

  9. ОК батырмасын шертіп Стиль сұқбат терезесіне қайтамыз;

  10. Жабу (Закрыть) батырмасын шертеміз.




Стилді өзгерту.

  1. Стиль сұқбат терезесін ашу;

  2. Өзгерту (Изменить) батырмасын шерту;

  3. Стильді өзгерту (Изменения стиля) сұқбат терезесі ашылады;

  4. Стильге негізделген (Основан на стиле) тізіменен қажетті стилді таңдау;

  5. Формат батырмасын шерту.

  6. Қажетті өзгерістерді енгізу;

  7. ОК батырмасын шертіп Стиль сұқбат терезесіне қайтамыз;

  8. Жабу (Закрыть) батырмасын шертеміз.





Бекіту сұрақтары:

  1. Бет параметрі дегенді қалай түсінесіз?

  2. Бет өлшемін қалай алуға болады?

  3. Бет параметрін қалай орнатамыз?

  4. Мәтін енгізу кезінде қай жағдайда пернесін қолданады?

  5. «Бөлінбейтін дефис», «Бөлінбейтін пробел» таңбалары қай уақытта қолданылады?


Дәріс 9

Тақырыбы: Microsoft Word-ты верстка үшін пайдаланудың мүмкіндіктері: суреттерді қою, биәріп, колонтитулдарды, автофигураны пайдалану

Мақсаты: Microsoft Word-ты беттеу үшін пайдалануда колонтитулдарды, автофигураны пайдалану, суреттерді қоюдың әдістерін үйрену.
Сіздер әртүрлі анықтамалық басылымдардан журнал, ғылыми-техникалық, және кітаптардың төменгі және жоғарғы бөлігіндегі ақпараттарға көңіл бөлген боларсыз. Олар тақырып немесе оның бір бөлімі, қандай да бір графикалық элемент. Осындай ақпаратқа қарап сіз үлкен басылымдардан керегіңізді жылдам таба аласыз. Міне осы ақпаратты колонтитул дейміз.
Колонтитульдер

Әрбір бетте бет нөмірі, авторлық құқық, тақырып жолы, сізідің аты-жөніңіз, компания аты т.с.с. мәліметтер автоматты түрде шығып отыру үшін Жоғарғы/төменгі колонтитулдер қолданылады. Ол үшін:

  1. Вид Колонтитулы командасын орындаймыз;

  2. Колонтитулдар саймандар тақтасы пайда болады, сондағы колонтитул батырмасын шертеміз; (Сурет 1).

Сурет1. Колонтитул тақтасы

  1. Колонтитул батырмасын шертіп, Парақтар (Страницы) жолын таңдау арқылы бет нөмірлерін қоямыз, ал автомәтінді (мысалы ай, күн, жыл т.б.) енгізу үшін осы жерде қажетті мәтінді таңдау жеткілікті және авторлық құқық, тақарып жолы, сізідің аты-жөніңіз, компания атын енгізу үшін осы колонтитулге теріп енгізу жеткілікті.

Колонтитулдерді алып тастау үшін:



  1. Вид Колонтитулы командасын орындаймыз;

  2. Жоғарғы/төменгі колонтитулдер батырмасын шертеміз;

  3. Беттің нөмірін белгілейміз.

  4. Егер мәліметтерді өшіру керек болса, онда колонтитул ішінде Delete пернесі көмегімен символдарды өшіреміз.

Биәріптен бастап жазу

Абзацтын басындағы әріпті үлкен етіп жазу үшін Биәріп (Буквица) құрылады. Биәріп құру үшін:

  1. Биәріп құратын абзацта тышқанды шертеміз;

  2. Формат Буквица… командасын орындаймыз;

  3. БАшылған сұқбат терезеде қажетті шамаларды береміз де, ОК батырмасын шертеміз (Сурет 2).

ұл сұқбат терезеде Биәріпті құру орнын (мәтін ішінде, мәтінен тыс), қаріп түрін, жолдағы биіктігін, мәтінге дейінгі ара қашықтық шамаларын көрсете аламыз. Сондай-ақ құрылған Биәріпті алып тастау қажеттігі туса Жоқ (нет) өрісін таңдаймыз.

Сурет 2. Буквица сұқбат терезесі



Word Art объектісімен жұмыс істеу

С
Сурет 3. Word Art жинақталған сұхбаттасу терезесі
урет салу саймандар тақтасындағы Word Art объектісін қосу батырмасы немесе кірістіру (Вставка) Word Art объектісі командасын таңдаймыз. Мәтінді әр түрлі тәсілмен бейнелеп жазу, оған көлеңке салу, қисайту, айналдыру созу, үлкейту, қысқарту мумкіндігін беретін Word Art программасының көмегімен мәтінге әртүрлі эффектілер беруге болады.
Құжатқа бейнелі мәтін енгізу үшін:

  1. Тышқан курсорын мәтін қойылатын орынға орналастырамыз.

  2. Меню қатарынан кірістіру (Вставка) Word Art объектісі командасын орындаймыз немесе сурет салу тақтасындағы Word Art объектісі қосу батырмасында тышқанды шертеміз. ашылған терезеде мәтінді жазу стилінің өзімізге ұнаған біреуін таңдап аламыз да, Word Art жинақталған сұхбаттасу терезесі Ок батырмасын шертеміз (Сурет 3).

  3. Word Art мәтінін өзгерту терезесі ашылады. Осы терезеден қажетті мәтінді оның форматын көрсете отырып, теріп жазамыз да ок батырмасын шертеміз.

Word Art обектісі енгізілгеннен кейін объектіні өңдеуге арналған барлық командаларды қолдануға болады. Word Art обектісі енгізілген соң экранға онымен жұмыс жасау мүмкіндігін беретін саймандар тақтасы шығады. Бұл объектіні бұру, көлемін өзгерту тағы басқа әрекеттерді орындауға жеңілдетеді. Көлемін өзгерту үшін ерекшеленгеннен кейін пайда болған тіктөртбұрышты белгішелерді қажетті орынға тышқанның көмегімен жылжытамыз. Объектілерді тышқанды екі рет шертсек мәтінді өзерту терезесі ашылады.
Суреттерді кірістіру
MS ClipArt программасында кез келген адам пайдалана алатын құжаттық мәтіндерді өңдеп көркемдеуге арналған қомақты суреттер жиыны бар. Сол себепті МSOFFICE бумасында сурет түріндегі әртүрлі обьектілері бар CLIPART программасы орналастырылып қойылған. Суреттерді мәтінге кірістіру үшін кірістіру –сурет (вставка-рисунок) командасын орындап, CLIPART бумасындағы суреттерді қарап шығуға мүмкіндік алып, қажеттісін таңдаймыз. Кез келген сурет түріндегі обьектілер жиынына қол жеткізу үшін келесі командаларын орындаймыз.


  • Кірістіру-объект (Вставка-объект) командасын орындаңыз

  • объектіні кірістіру (Вставка-объекта) сұқбат терезесінде даярлау (Создание) парағына өтіңіз.

  • объект типі (Тип объекта) тізімінен MS ClipArt .

  • бөлімдер (Разделы) тізімінен қажетті бөлімді таңдап алыңыз.

  • ұнаған суретті таңдап кірістіру (Вставить) батырмасын басыңыз.

жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау