Баспа №3 26. 02. 2010ж орнына №4


Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 1,39 Mb.
бет4/7
Дата22.05.2018
өлшемі1,39 Mb.
#16068
1   2   3   4   5   6   7

Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:

8 Дәріс



Тақырыбы: Аддиктивті мінез-құлық қалыптасуындағы ата-ананың ролі.

  1. Бала тәрбиесіндегі ата-ана, жанұяның ролі

  2. Жасөспірімдердің адаптациялық қиындықтары.

  3. Ата-аналардың әрекетсіздігі мен немқұрайлылығы.


Аддиктивті қылық-әрекет (addictive behavior)психологиялық күйді өзгертетін түрлі заттарды, соның ішінде алкоголь мен темекі шегу, оларға деген тәуелділік пайда болғанға дейін теріс қолдану. Аддиктивті мінез-құлық шығуына отбасы негізгі орын алады. А.Фрейд, Д.Винникота, М.Балинта, М.Кляйн, Б.Спока, М.Маллер, Р.Спиц еңбектерінде бала дамуына кері әсер ететін анасының баласын түсінбеуі мен қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы екенін көрсеткен.

Тәуелділік қалыптасуының негізі нәрестелік кезеңдегі соққы болып табылады (екі жасқа дейін алаңдаушылық формасында). Соққы физикалық аурумен, анасын жоғалтумен немесе анасы мен баласының темпераменттерінің сәйкес келмеуімен сипатталады. Ата-аналар өздерінің нәрестелеріне психотравмалық әсер еткендерін білмей де қалады, мысалы: қинап таиақтандыру, баласын еркелетуге шек қояды, т.б. Дисстресті басынан кешірген бала өзіне-өзі көмек бере алмастан ұйықтап кетеді. Бірақ Г.Кристалдың ойынша, ауыр соққының қайталануы дамудың бұзылуы мен апатияға әкеп соғуы мүмкін. Кейіннен бала кез-келген аффектілерге қорқынышпен қарайды, өзін қорғансыз сезінеді және үнемі сәтсіздіктерді күтеді. Мұндай тәуелділіктің ерекшелігі төмен аффектілі толеранттылықпен белгіленеді. Мұндай кезде әркім де өзіне жанашырын іздейді, бірақ оны таба алмаған соң, жансыз объектілер адамзаттық қатынасты алмастырады. Осылайша психикалық соққыны өткізген бала тез тәуелділікке баруы мүмкін.

Отбасы үшін ең бір елеулі мәселе ата-ананың эмоционалды ауытқушылықтары, олар алекситимиямен немесе ата-ананың сезімін сөзімен жеткізе алмауы. Бала оны тек «жұқтырмайды», ол ата-анасынан өзінің сезімін жасыруды үйренеді, оны жоқ деп есептейді. Әр жастағылардың арасындағы шекараның болмауы, отбасы мүшелерінің бір-біріне тәуелділігі, гиперстимуляция-тағы бір негативті фактор. Отбасы тәуелді мінез-құлқының қалыптасуына ғана емес, соны ұстап тұруына да ролін корсетеді. Сонымен қатар бір отбасындағы балалар әртүрлі мінез-құлықтарды көрсете алады. Егер ата-анасы алкогольді қолданатын болса, балада ондай тәуекелділік болмауы мүмкін. Яғни индивидуалды тұлға ерекшеліктері де ерекше орын алады.Тәуелділік мінез-құлқы индивидуалды жыныстық айырмашылықтарына да қарай болады. Мысалы, тамақтану аддикциясы әйелдерде, ал гэмблинг ер адамдарда көбіне кездеседі. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі–балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата – аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөректілікті, өзімшілдікті туғызады.

Екінші себеп – бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналарының және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан (эпилепсия) азап шегеді, олардың ақыл – ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата – ана азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мән әсер етуі керек.

Үшінші себеп–ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отюасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған орта қатынасын жете біле бермейді.

Төртінші себеп–бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс–әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіие, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – аналарын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапайым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан – жақты білу мүмкін емес.

В.Г.Степанов пен В.А.Крутецкий мінез–құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі. Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез–құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар–тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киімдегі тазалық және жинақтылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез – құлықты осыған қарама – қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады.

Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез–құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады.

Тәуелділік мінез-құлқы кейде тұқымқуалаушылыққа да байланысты болады. Маскүнемділікпен ауыратын отбасының балалары көбіне сол жолды таңдайды. Бірақ, кейде алкогольді қолданатын ата-анасы бар балалар анашаны ерте жасынан қолдана бастайды. Отбасы мүшелерінің тәуелділік мінез –құлқы уақыт өте келе тәуелділік қалпының өзімен күреске түседі. Өйткені, тәуелділік кезінде тұлғаның негативті өзгерістерге ұшырауы, мінез-құлқының бұзылуына әкеледі. Әртүрлі тәуелділік мәселелеріне отбасы әртүрлі қорғану жүйесін құрайды. Бірақ отбасы мүшелері аддикциядан құтылу үшін балаларын тоқтатуға тырысады. Бірақ бұл жүйе шырқау шегіне жеткенде бәрібір шығып, аддикция циклі қайта айланады. Тәуелділікпен ауыратын отбасында жауапкершілікті мойнына алатын роль болмайды. Ол болып жатқандарды басқаларға жаба салады. Тәуелділікке бейім отбасының өзін-өзі жоғары сезінуі мүлде төмендейді. Отбасы мүшелері келесі өзгерістерге ұшырайды: - Өзіндік «мені» жоғалады. -Басқа отбасы мүшелерінің эмоционалды күйімен аддикттің мінез-құлқы анықталады. - Өкініш, ашулану аффектілері билеп алады. - Өзін сыйлауы мен бағалауы төмендейді. Мысалы: «біз жаманбыз, бәріне кінәлі-біз» сезімі пайда болады. -Жалған ролі күшейеді: «не үшін маған мұндай қиыншылықтар түсті» т.б. -Эмоционалды апатия күйін сезінеді. Стресс кезінде денсаулығы төмендейді: соматикалық ауруларға, депрессияның дамуына әкеледі. Депрессия еңбекке құлшынысын төмендетумен, көңіл - күйін түсіруден басқа, суицидтік мінез-құлқына әкеледі. Осылайша,тәуелділік мінез-құлқы отбасы бұзылуына әкеледі. Тәуелділік (аддиктивті) мінез-құлқының концептуалды модельдеріне жататындары:

1) Моральді модель (теріс қылықтарды күнә деп санайды);

2) Ауру моделі (аддиктивтілік ауру болып саналады, оған арнайы маман көмек көрсетеді)

3) Симптоматикалық модель (аддиктивті мінез-құлықты жеке мінез-құлықтың «симптомдары» немесе әдет деп қарастырады);

4) Психоаналитикалық модель (жекелік динамиканың бұзылуы деп көрсетеді);

5) Жеке-жүйелік модель (тәуелділік мінез-құлық дисфункционалдылығы, тұлғаның ерекше қатынасындағы жүйелердің бұзылуы);

6) Биопсихоәлеуметтік модель («әлеумет-тұлға-ағза» жүйесінің бұзылуы ретінде көрінеді).

Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:

9 Дәріс



Тақырыбы: Психотропты заттардың психикаға тигізетін әсері

1. Психотропты заттардың жасөспірім денсаулығы мен психикасына әсері

2. Есірткі қолданудың психикалық себептері мен мотивациясы

3. Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері

Есірткімен күресу және оның таралуын шектеуімен айналысқан мемлекеттік қызмет механизмі іс – тәжірибе бойынша басылып қалды, жағдай бақылаудан шығып кетті. Наркобазары құрылымын өзгертті, нашақорлық жаңара бастады. Наркобизнес сферасына жеткіншектермен қоса балалар да қызыға қарай бастады. Осы кезде «шөппен» және «ұнтақпен» студенттер қолданылатын болды.

Наркологиялық жағдайлар халықтың басым көпшілігін қамтып алды. Кейінгі жылдарда балалар арасындағы алкоголизм мен нашақордың таралуын мінездейтін барлық көрсеткіштер жедел көтеріліп кетті. Сондайақ, өкінішке орай бүгіндері жасөспірімдер арасында нашақорлардың саны көбейіп барады. Статистика бойынша қазіргі кезде есірткіні қабылдайтындардың көпшілігі жастар болып отыр. Кәмелеттік жасқа толмағандардың есірткі қолдануының өсуі басқа қылмыстармен тығыз байланысты. Бүгінгі күнде әрбір 10-шы оқушы есірткіні пайдаланып көрген. Есірткіні қолдана бастаған жеткіншек біртіндеп нашақор бола бастайды. Мәдени ақпараттық агрессия жасөспірімдер мен жастар санасын құрықтап, олардың арасында нашақорлықты, ішімдікті және зор­лық-зомбылығы басым қатыгез сананы орнықтыруда. Есірткіге әуес жас­өс­пірімдердің көбін қалалықтар құрайтын болып шықты. Қаладағы ойын-сауық түрлерінің және түнгі клубтардың көптігі балалардың зерігу ортасына айналып барады. Бұдан бөлек жасөспірімдер еліктегіш келеді. Яғни анашаға алғаш әуестену оның бар өмірін қыршыннан қиятынын білмейді көбі. Мамандардың айтуынша, бұрынғы­дай апиын емес, қазiр жасөспiрiмдер көбіне­се күштi психотроптық дәрі-дәрмектерді, синтетикалық есірткілерді, героиндi пайдаланады. Жүректе қайраттың жоқтығы, ұйықтаған ойды түртуге өзіндік мұршаның болмауы, ақыр аяғында талай жастың ерте жастан мүгедек болуына немесе ұзақ уақыт бойы емделуге апарып соқтыруда.

Нашақорлықтың бес кезеңін көрсетуге болады:

1.есірткіні жалғыз және сирек қолдану.

2. психикалық және физикалық белгілерсіз есірткіні көп қолдану.

3. 1-ші деңгейдегі нашақор: психикалық тәуелділік, қажетсіну құрылған. Жағымды әсер алу үшін ғана іздеу, бірақ әлі физикалық тәуелділік жоқ, ал есірткіні қолданудан бас тарту жағымсыз ауыртпалы әсерді туғызбайды.

4. 2-ші деңгейдегі нашақор: есірткіге физикалық тәуелділік құрылған, іздеу эйфория туғызу үшін емес, қиналғаннан, абстиненциядан қашу үшін салынады.

5. 3-ші деңгейдегі нашақор: толық физикалық – психикалық деградация.

Бірінші не екінші деңгейде ғана есірткіден бас тарту, қолданбауға мүмкіндік бар деп саналады. Зерттеулер көрсеткендей, есірткі қолданатын жеткіншектердің 5 бөлігі ғана оқыс кезеңді өтеді, түзелмейтін нашашы болады. Сонымен қатар, әлі нашашы болмаған, жай есірткі қолданатын жеткіншектер бәрібір де тұрақты психикалық комплекске ие болады, қоғамдық моральға, дәстүрлерге өзін қарсы қояды.

Жасөспірімдік нашақорлық эксперименттелгенмен, жаңа әртүрлі жағымды әсерлерді іздеумен байланысты. Балалық және жеткіншектік нашахордың дамуының жағымды фоны – тұрақты комплексті реакция болып табылады. Соның ішінен негізгісі – эмансипация реакциясын атауға болады. Оның негізінде жеткіншектің күнделікті жағдайдан қашуы, құтылуы жатыр (отбасынан, оқу ортасынан және т.б.). Бұл көбінесе СПТУ – дан , арнайы мектептен шыққан жеткіншектерге мінезді. 90 пайызға дейін наркомандар есірткіні топта құрдастарымен қолдана бастайды: мұндай қылықтың негізінде – топтың ережелеріне еліктеу, бағыну керек. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың пікірінше, гашиша тарту сексуалды потенцияны жоғарылатады дейді.

Есірткіні бірінші қолданған жеткіншектерге мынандай мотивтер мінезді: 31 пайызы болуға ұмтылыс, 19 пайызы жаңа әсер сезінуге тырысу, 12 пайызы – фонтастикалық іздеу салу, 10 пайызы – ұмытуға ұмтылу, жағымсыздан қашу, аулақ болу үшін. Сонымен қатар, жеткіншектердің есірткіні демалу, көңілдену, «керемет» болып көріну үшін қолданылатынын айту керек. Кейде есірткі жастардың арасында өзін көрсету үшін, күш жинау үшін пайдаланады. Есірткіні күш көрсетіп бұрышқа отырғызып қолдануда кездеседі. Ал кейбір жағдайларда жеткіншектерге есірткіні шексіздіріп, қылмыс жасауына бұйрық беретін жағдайлар да боллады.

Есірткі мәдениеті: қарама – қайшы мәдениеті, «хиппи мәдениеті».

Құмарпаз отбасыларға мінездеме. Балалар және жеткіншектер арасында нашақорлықтың таралуына себеп болатындардың бірі - әлеуметтік жетімдіктің өсуі. Көптегенжас нашашылар, алқаштар және таксикомандар – бұл жағымсыз отбасынан шыққан балалар. Ішімдікке салынған асоциальды өмір салтымен өмір сүретін ата-аналар, баланың тағдырымен қызықпайтын ата-аналар, өз жұмыстарымен ғана шұғылданатын ата-ана. Есірткі мәдениеті: қарама – қайшы мәдениеті, «хиппи мәдениеті».

Наркотизацияның әр түрлі этапындағы мінез-құлық ерекшеліктері.

Психоактивті заттарды қолдану әсіресе топ ішінде болады, ол мінез-құлықтың, топтың стандартымен тығыз байланысты. Есірткіні қолдану қарым қатынасты жеңілдету тілегімен, тыңдап отырған әуеннен рахат алу, жақсы әсер алумен байланысты. Топта көшбасшы болатыны анық. Ол психоактивті затты қайдан алу керек екенін не қолдануы туралы ұсыныс жасап айтып отырады. Негізінен, топ мүшелері ешқандай қарсылық білдіртпейді. Наркотикалық заттарды көпке шейін қолдануда патологиялық мінездің қозғалуы пайда болады.

Нашақордың бірінші этапында психиканың тәуелділігі пайда болады. Есірткіні кекілжінді жағдай кезіндегі эмоционалды қысымды басу үшін қолданылатын «дәрі» болып табылады. әлеуметтік дезадаптация өсуі байқалады. Жеткіншек бұрынғы жағымды бағытын жоғалтады, онда жауаптылық, қарыз сезімі болмайды.

Нашақорлардың негізгі белгілері, есірткінің әсерлері, ағзалық психикалық және әлеуметтік материалдық әсері. Нашақорлықтың екінші этапында есірткіні қолдану кезінде қандай да бір әсер сезіледі. Топтағы қарым қатынастың мүлдем орнатылмайды, жеткіншектер арасындағы қарым қатынас тек қана есірткі қолдану мақсатына көзделеді.

Әйел адам баласынан айырылмайтындықтан әйел-құмарпаздардың мәселесін қозғау маңызды болып отыр. Ресей тұрғындарының 14 пайызы есірткіні қолданып көргендер және басқаларды да есірткі қолдануға тартты. Емдеу мекемелерінде жалпы нашашылардың 13 пайызы әйелдер болып табылады. Еркектерге қарағанда әйел адамдар есірткіге тез бейімделеді, агрессивті бола бастайды. Болашақ құмарпаз әйелдер өзіндік ой-пікірге ие болмайды, олардың қызығушылығы мен тәуелділігі тұрақты емес. Олар өте сезімтал келеді және біреудің жағымсыз теріс қылықтарына жеңіл беріледі. Есірткіні қолдану үшін әйел адам аморальды қылық жасауға, қылмыс жасауға дейін барады. Нашахордың соңы болып нерв жүйесінің қажуы, ақыл ойының төмен болуы, психоз, ұнамдық және әлеуметтік дезадаптация табылады.

Алкоголь этил спирті наркотиктер тобына жатады және барлық ішімдіктердің құрамында болады. Оны ішкен кезде адамның көңіл-күйі көтеріледі. Бір-екі рет ішіп көрген соң әртүрлі себептерді сылтауратып адамның оны тағы да ішкісі келіп тұратындығы сондықтан. Сөйтіп оған бірте-бірте құмарлықта пайда бола бастайды. Көңіл-күйін көтеруге ересек адамдардан гөрі жастар тез еліктегіш. Ішкісі келгендерге, әрине себеп те, сылтау да көп. Біреу "тәбетін ашуға", екіншісі "тезірек ұйықтауға", үшіншісі "көңіл-күйін көтеруге", төртіншісі "батылырақ болу үшін", т.б. Осының бәрі маскүнемдікке салынудың бастауы. Ішкен күннің ертеңіне басы ауырып, мең-зең болып, көңіл-күйі нашарлап оянады да бір жүз грамм қағып тастаса, "жақсарып" шыға келеді. Осылайша "бас жазумен" жүріп абыройдан айырылып, маскүнемдіктің батпағына қалай батқанын өзі де байқамайды.

М а с к ү н е м д і к т і ң биологиялық табиғатын зерттеу нәтижелері, жануарларға жасалған тәжірибелер психологтар мен психиатрлардың "алкоголь орталық жүйке жүйесіндегі ләззат алу орталықтарын ынталандыратын болар" деген ойларын расқа шығарды. Ол, әрине, адамның мінез-құлқына, әсіресе, Гиппократ ашқан адамның мінез-құлықтарының қалыптасу түрлеріне байланысты. Мінез-құлқына қарай адамдар төрт топқа бөлінеді: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик, сангвиник пен холериктер күшті, ал меланхолик пен флегматиктер болса әлсіз топтағы адамдарға жатады. Сол себептен меланхоликтер мен флегматиктер маскүнемдікке тезірек салынады және олардың бұл дерттен айығулары да өте қиынға соғады. Ал сангвиниктер мен холериктердің аналарға қарағанда ерік-жігерлері мықтырақ. Бірақ, әрине, өзін өзі бақыламай жиі ішсе, тіптен өз күштеріне сенімді, жинақы, ешкімнің ықпалына беріле қоймайтын жігерлі адамдардың өздері де арақтың торына түсіп, маскүнемдік қасіретіне қалай шалдыққандарын сезбей де қалады. Ішімдік ішкен сайын ми орталығынан қанға норадреналин бөлініп шығып отырады. Ми клеткалары өзі жоғалтқан норадреналиннің қорын қайта қалпына келтіріп үлгере алмайды да, ең қажетті катехоламиннің жетіспеушілігінен маскүнемнің көңіл-күйі нашарлайды. Сол себепті адам өзін қолайсыз сезініп, үнжырғасы түсіп, іс-қимылында және қылығында сылбырлық пайда болады. "Ішу керек, ішу керек" деген ой кетпей қояды.

Физиологтар организмнің алкогольден тез арыла алмайтынын оның белгілі бір мөлшері 1-2 тәулік бойы зиянды әсер ете беретінін анықтады. Ішкеннен қейін екі апта өткен соң да бауырдан ішімдік табылған. Алкоголь, әсіресе, жас жеткіншектердің жүйке жүйелеріне өте зиянды. Олардың өте нәзік және сезімтал жүйке жасушалары арақ-шараптың азғантай мөлшерінен-ақ уланып қалады. Арақ адамның барлық ішкі органдарын уландырып, істен шығарады. Алкогольдің әсерінен жүректің еттері уланып, оның орнын май жасушалары басады. Маскүнемдердің жүректерінің көлемі сау адамдардың жүректерінен екі еседей үлкен болса да қызметі әлдеқайда нашар келеді. Өйткені май жасушалары жүрек етінің қызметін атқара алмайды. Сөйтіп организмде қан айналымы бірте-бірте әлсіреп, жедел қимылдағанда дем жетпей, ентігу және дененің ісінуі пайда болады. Жүректің қызметі нашарлап, қан тамырлары уланып мезгілінен бұрын "қартайып", тозады. Маскүнемдерде инфаркт және инсульт (миға қан құйылу) аурулары жиі кездесетіндігі сондықтан. Алкогольдің әсерінен өңеш, асқазан және адамның ішектері қабынып, әртүрлі созылмалы ауруларға — асқазан жарасына, тоқ ішектің қабынуына (колит) әкеліп соғады.

Меңгерген білімді тексеруге арналған сұрақтар:

10 Дәріс



Тақырыбы: Виртуалды және интернет тәуелділігінің психикалық аспектісі.

1. Интернет тәуелділік жайлы түсінік

2. Интернет тәуелділіктің психикалық және физиологиялық симптомдары

3. Интернет тәуелділіктің белгілері мен механизмдері
«Интернет-тәуелділік» ұғымы 1990 жылы пайда болды. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық–эмоционалды «наркоманияға» жатқызады. Бүгінгі адамдарға, әсіресе жастарға қауіп төндіріп тұрған ең үлкен әдеттердің бірі интенет-тәуелділік болып табылады. Қазіргі таңда технология және оның нәтижелерін пайдаланатын адамдар байланыс құралдарын жақсы меңгеріп алған. Әрине, адамның өмірін жеңілдететін технонологияларын пайдалану керек. Бірақ, технология дамуының жемісі болып табылатын атом бомбасының адамзатқа тигізген зияндарын айтып жеткізу қиын.

Осындай технологияның зиянды жемістерінің бірі интернет болып табылады. Интернет дүние жүзінің қай жерінде не болып жатқанын білу, қажетті мағлұматты керек уақытта алу және біздің қолымыздағы мағлұматтың басқа жерге жетуін қамтамасыз етеді. Бұл шынымен де үлкен жеңілдік және бұл жеңілдікті адамдар барынша көп пайдалануда. Бұл құралдарды мағлұмат алу және ойын-сауық үшін қолдану да тәуелділікке әкеліп соғуы мүмкін. Тәуелді адамдардың интернетке кіру немесе компьютер ойындарын ойнау әдеті күнделікті өмірін ұмыттыратындай дәрежеге дейін жетеді. Адам көп уақытын компьютермен өткізіп, компьютер қолданбаған кезде мазасызданады, оны сағынып, бұл істі тастау немесе азайту шаралары нәтижесіз болып шығады. Бір мезгіл ойын ойнамаса, немесе аз ойнаса, бәрібір ойнауды арттырады.

Тәуелділік, жалпы алғанда, өмірдің басқа салаларына қанағаттанбауды білдіреді. Адамды қоғамдық өмірден басқа белсенділіктен алыстатып, шын өмірді ұмыттырады. Интернет пен компьютерге тәуелді адамдар интернет қолданбайтын адамдардың қасында өздерін мазасыз сезіне бастайды. Қоғамға жабайы тұлға болу көбінесе компьютермен көп уақыт өткізетін балаларда байқалады. Мысалға, мектеп немесе достарының ұйымдастырған саяхат, пикник және әртүрлі іс-шараларға қатыспайтын балалардың ең жақсы досы компьютер болып табылады.

Ол балалар әрдайым интернетті немесе компьютер ойынын ойлап, проблемаларды ұмыту үшін немесе көңіл-күйлері нашар болғанда компьютердің басына отырады. Бұл үшін көп ақша жұмсаулары да мүмкін. Ұйқылары бұзылып күндіз бен түні ауысып кетеді. Ұйқысыздықтан денсаулық проблемалары, ұмытшақтық пайда болады. Интернет тәуелділігінің карта ойындарындағы құмарлыққа ұқсас жақтары көп болады. Бір ғана маңызды айырмашылығы материалдық шығының болмауы. Сонымен қатар, интернет арқылы, материалдық зиянға ұшыраған адамдар да баршылық.

Аддиктивті әрекет–қылықтың белгілі бір түрі бола отырып, интернет тәуелділік өз эмоционалды–психикалық көңіл–күйін трансформациялау әдісі арқылы күнделікті өмірден кетуге деген бағыттылықпен сипатталады. Бұл сәтте адам тек өз жұмыстарын артқа қарай итермей, сондай–ақ оның психикасының жұмысы бәсеңдейді, кейде дербес жеке тұлғалық дамуы тоқтатылады. Адамдар өз өмірінің түрлі проблемаларын шешуден құтылғандай болады. Ресей психологтарының мәліметтері бойынша компьютерлік ойын ойнайтын адамдардың 10-14% оған тәуелді болады екен. Бұл тәуелділік кез–келген шақта пайда болуы мүмкін, алайда жеткіншектер оған әлде қайда бейімдірек болып табылады.

Бала виртуалды реалдылыққа қай себептермен енеді? Себептердің бірі көңіл көтеруге деген құмарлық, оның балалар түрлі компьютерлік ойындардан ала алады. Басқа себеп баланың қараусыз қалуы, яғни ата–ананың бос еместігі соншалықты, тіпті өз баласына да уақыты жетпейді. Мұндай ата–аналар баланың сезімдері, күйзелістері, мектептегі жоғары нәтижелерімен қызықпайды, өз баласының не қалап, қандай өмір сүріп жүргендігі жайлы білмейді. Олар жай ғана балаға компьютер сатып алады, бұл арқылы олар ата–аналық парыздан құтылғандай сезінеді.

Бала болса, толық еркіндікте, өзімен–өзі. Келесі себеп ата–ана немесе оны орнындағы адамдар арасындағы үнемі ұрыс–керістер. Мұндай жанұяларда эмоционалды–психологиялық күйзеліс орын алған. Виртуалды реалдылыққа қашудың тағы бір себебі сыныптас немесе құрдастары жағынан көрсетілетін физикалық, эмоционалды–психологиялық зорлық көрсетулер. Ата–ананың айырылысуы да бұған себеп бола алады. Ата–анамен, құрдастарымен, кластастарымен немесе өзі үшін маңызды адамдармен қарым–қатынастың жетіспеуінен де Интернет тәуелділік пайда болады. Баланың өзін–өзі бағалау деңгейінің төмен не жоғары болуы виртуалды реалдылыққа жүгінудің себебі болуы мүмкін.

Егер де баланы өз жанұясы, ата–анасымен қарым-қатынасы немесе өмір сүру ерекшелігі қанағаттандырмаса (мысалы, ата–анасы ішімдікті көп қабылдайды), мұндай жағдайларда балада өз жанұясынан жансыну сезімі пайда болады, оның нәтижесінде виртуалды әлем баланы толық өзіне сіңіріп алады. Егер де жанұяда ата–ана балаға қатыгездікпен қараса, зорлықты көрмеу мақсатында виртуалды әлемге кіріп кетеді. Бұл жаңа шындықта оны ешкім ренжітпейді, ол әрқашанда өзін–өзі қорғай алады, ол күшті әрі жеңімпаз болады. Оның «өмірлерінің» саны ештеңемен шектелмеген, ал егерде дұрыс болмай кеткеннің өзінде–ақ ол кез–келген сәтте ойынды басынан бастай алады.



Интернет-тәуелділік феноменін психологиялық зерттеудің негізін қалаушы екі американдық: клиникалық психолог Кимберли Янг және психиатр И.Гольдберг. К.Янг 1994 жылы интернет-тәуелділікті анықтайтын арнайы сұрақша дайындап, оны веб-сайтта орналастырды. Нәтижесінде 500 анкета толтырылып, оның 400-ін адддиктілер толтырылған. Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың ортасында тәуелділік құбылысын анықтау үшін И.Гольдерг (1996) «Интернет-аддикция»терминін және тәуелділікті анықтауға көмектесетін диагностикалық критерийлер жиынтығын ұсынды. M.Orzack, 1998 мәліметтерінде М.Орзак Интернет-тәуелділікке тән келесідей психологиялық және физиологиялық симптомдарды бөліп көрсетілген:

Психологиялық симптомдар:

  • көтеріңкі көңіл-күй және компьютердің алдындағы эйфория сезімі;

  • тоқтау дың мүмкін еместігі;

  • компьютер алдында өткізілетін уақыт көлемінің артуы;

  • жанұя және жолдастарын елемеу;

  • компьютерден алыс кездерде бос болу сезімі, депрессия, мөлшерден тыс қозу;

  • өз қызметі жайлы қызметкерлеріне немесе жанұя мүшелеіне жалған айту;

  • жұмыс немесе оқудағы проблемалар.

Физииологиялық симптомдар:

  • карпальды канал синдромы (бұлшықеттің ұзақ күйзеліске ұшырау мен байланысты қолдың жүйкелік жолдарының туннельдік жолдарының зақымдануы);

  • көз сұйық затының құрғауы;

  • бас ауруы;

  • омыртқа ауруы;

  • уақытында тамақтанбау;

  • жеке гигиенаны сақтамау;

  • ұйқының бұзылуы.

К.Янг (Young, 1998) зерттеулеріне сәйкес қауіпті белгілерге (Интернет-тәуелділігінің нышандары) мыналар жатқызылады:

  • электрондық поштаны тексеруге деген бағыттылық;

  • келесі он-лайн сеансына алаңдаушылық;

  • он-лайн уақытын арттыру;

  • итернетке төленеін ақшаның артуы.

Орныққан итернет-аддикцияның белгілеріне К.Янг (2000) бойынша келесі критерийлер жатқызылады:

  • интернетке толық ену;

  • желіде өткізілетін уақытты үнемі арттырып отыру;

  • интернетті пайдалануды тоқтату кезіндегі тынымсыздық сезімдері;

  • уақытты басқарумен байланысты проблемалар;

  • қоршаған ортамен (жанұя, мектеп, жұмыс, достар) проблемалар;

  • желіде өткізген уақыт жайлы жалған айту;

  • интернетті пайдалану кезіндегі көңіл-күй өзгерісі.

Интернет–тәуелділігінің қалыптасуы біртіндеп жүреді. Берілген тәуелділіктің қалыптасуының кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.

Жеңіл қызығушылық кезеңі. Бала алғашқы рет компьютерлік ойын ойнағаннан кейін ойынның сюжеті ұнай бастайды, өзін басты кейіпкермен ұқсата бастайды, графика, сурет, музыкасы ұнайды. Бала реалды және виртуалды әлемді салыстыра бастайды да, таңдауын ақырғысына тоқтатады. Компьютерлік реалдылық балаға өз армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алайда бұл кезеңнің спецификасы бар: ойын комрьютерге жүйелік сипат емес, ситуациялық сипат береді. Ойынға тұрақты қажеттілік әлі де қалыптаспаған, ойын процесі адам үшін мәнді құндылыққа ие емес.

Қызығушылық кезеңі. Бұл кезеңде балада жаңа қажеттілік пайда болады – компьютерлік ойын ойнау қажеттілігі. Бұл жерде ойын жүйелік сипатқа ие. Бұл қажеттілігін қанағаттандыра алмаса, бала белсенді әрекеттерге көшеді.

Тәуелділік кезеңі. Мұнда баланың құндылықтық–мағыналық сферасында күрделі өзгерістер пайда болады. Өзіндік сана және өзін–өзі бағалау өзгерісіне ұшырайды.ойын реалды әлемді толық ығыстырып тастайды. Тәуелділік өз көрінісін екі формада табады: әлеуметтенген және индивидуалданған. Интернет–тәуелділіктің әлеуметтенген формасында бала өзі сияқты тәуелді балалармен болса да, қоғаммен әлеуметтік байланысты ұстайды. Мұндай жеткіншектер бірлесіп ойнағанды ұнатады.берілген жағдайда ойындық мотивация негізінде жарыстық сипат жатыр. Тәуелділіктің бұл формасы келесі формаға қарағанда әсері әлдеқайда жағымсыз. Индивидуалданған формасында адамның тек дүниетанымы ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта, социуммен өзара әрекеттестігі бұзылады. Мұндай балалар үшін интернет наркотикпен теңдес болады. Егер де біраз уақыт бұл құмарлықтың орнын басқа бірдеңе баспаса, онда ол табиғаты бойынша «ломкаға» жақын күйге (жағымсыз эмоциялар сезеді, қозулы және агрессивті болады, прострацияға ұшырайды) көшеді. Мұндай құбылыстар клиникалық тілмен психопатология немесе берілген патологияны тудыратын өмір сүрудің стилі деп атайды.

Құштарлық кезеңі. Бұл интернет тәуелділіктің ақырғы кезеңі. Ол адамның ойындық белсенділігінің сөнуімен, индивидтің сауығуға психолгиясының өзгеруімен сипатталады. Мұнда бала компьютерден дистанция ұстайды, алайда орныққан тәуелділіктен толық босай алмайды. Берілген кезең ұзақ, кейде тіпті өмір бойы сақталады. Ол құштарлықтың сөну жылдамдығына тәуелді.

Интернет тәуелділікке бейім адамдар интернетке аддекватты қарайтын адамдардан ерекшеленетіні анық нәрсе. Интернет тәуелділік белгілерінің пайда болуын анықтауға зерттеулер жүргізілуде. Олар Интернет тәуелділігі қалай пайда болады, неде көрінеді, оны қалай емдеуге болады деген сұрақтарға жауап іздеуде болды. Зерттеуді шетел психологтары М.Шоттон, Ш.Тэкл және К.Янг жүргізді. Және мынандай ой қорытындыларына келді:



  • Ата–ана Интернеттегі ойыннан біраз уақытқа көңіл бөлуді сұрау кезінде, жеткіншек оны істеуге айқын қарсылығын білдіреді.

  • Баланы компьютерден алып тастаудың өзінде де ол өте қозулы күйде болады.

  • Компьютердегі программаларды жаңарту және жаңа ойындар сатып алу үшін бала көп қаражат жұмсайды.

  • Жеткіншек үй жұмысы, міндеттері, сабақ жайлы ұмытады.

  • Қоректену және ұйқы графигі толық бұзылады, бала өз денсаулығын сақтамайды.

  • Өзін үнемі сергектік күйде сақтау мақсатында жеткіншек кофе және басқа психостимуляторларды көп пайдаланады.

  • Компьютер алдында көп қоректенеді.

  • Компьютер алдында ойнау немесе жұмыс істеу барысында бала эмоционалды көтеріліс сезеді.

  • Қоршаған адамдармен үнемі түрлі Интернеттік тақырыптарда әңгімелесу басталады.

  • Компьютер алдында эйфория сезімін сезеді.

  • Өзінің компьютерлік фантастика әлеміне келесі енудің ұсақ–түйегіне дейін ойластырады және оған жағдай жасайды. Ал бұл көңіл–күйдің көтерілуіне жағдай тудырады, барлық ойларын билейді, ол жайында армандайды.

Біраз уақыттан кейін дамып келе жатқан ағзада асқорыту жүйесінің қызмет етуінде

бұзылыстар; омыртқа, жауырын, қолдарында аурулық сезімдер пайда болады, ал көз алмаларының үнемі қозу жағдайында болуы көз ауруларының пайда болуына жағдай туғызады. Егерде бала келесідей әрекеттер жасайтын болса, ата–ана мен жақындарға көңіл аударған жөн:



  • Компьютерден алыстамай ішіп жейді, сабағын оқиды.

  • Компьютер қасында түн өткізе бастайды.

  • Компьютер алдында отыру үшін мектептен қала бастады.

  • Пәтерге кіре салысымен компьютерге бағытталады.

  • Тамақ ішу, тіс тазалау, шашты тарау, киім ауыстыруды ұмытып кетеді (бұдан бұрын ол байқалмаған болатын).

  • Компьютер сынып қалған жағдайда қозулы, агрессивті күйде болады, немен айналысарын білмейді.

  • Компьютер алдына отыруға тыйым салынса, бопсалап қорқытады.

Интернет–тәуелділік механизмдеріне тоқталсақ, ол ағзаның түсініксіз талаптары мен психикалық жүйесіне негізделген. Бұл талаптар персонаж роліне енуге деген құмарлыққа және бұл арқылы шындықтан қашуға негізделеді. Берілген механизмдер адам санасы мен мотивация сипатынан тәуелсіз жұмыс істейді. Бұл мотивтер бала белгілі бір компьютерлік ойынмен алғашқы танысуынан кейін пайда болады.

жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау