Қыздыру (отжиг) – қаттылықты төмендетеді, өңдеуді жақсартады, металдың құрылымын жөңдейді; құйғаннан немесе қысым арқылы өңдегеннен кейін қалған ішкі күштенуді азайтады. Ол кезекті қыздырып өңдеу операциясына даярлау үшін де керек.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 6 дәріс
Тақырып: Қара металлдар.
Дәрістің мазмұны:
Физикалық химиялық құрылымы
Мақсаты: Қара металлдар туралы толық мағлұмат алу.
1.Қара металлдар. Болат және Шойын
Қара металлургия.
Қара металлургия –шойын, болат, прокат, ферросплав, болат және шойын құбырларын өндіретін ауыр өнеркәсіп саласы.
Қара металлургия-машина жасау мен құрылысты дамытудың негізі, өндіріс құрал-жабдығын өндірудің, халық шаруашылығының барлық салаларын техникалық жағынан жарақаттандырудың аса маңызды шарты.
Қара металдар сонымен бірге тұтыну заттарын өндіруде де үлкен роль атқарады. Әрбір елде жинақталған металл қоры-оның экономикалық дамуын және өнеркәсіп қуатын білдіретін аса маңызды көрсеткіштердің бірі.
14 ғасырдың орта шеніне дейін темір өндіру қолөнер және майдагерлік өндіріс түрінде болды. Сол дәуірде пайда болған домна пештерінде шойын балқыту металл өнімдерін шұғыл арттыруға мүмкіндік берді. 18 ғасырдың аяғында қара металлургия ірі машиналы индустрияға өтті.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 7 дәріс
Тақырып: Шойынды өңдеу
Дәрістің мазмұны:
Шойынның құрылысы
Мақсаты: Болат пен шойынның қолданылу аясы.
1.Шойынды өңдеу
Шойын-құрамында марганец (1,5 %-ке дейін), кремний (4,5 %-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайтын), фосфор (1,8 %-ке дейін),т.б. Элементтер болатын темірдің көміртекті қорытпасы. Шойын құрамындағы көміртектің мөлшері 2% -тен астам болады.
Домна пешінде қорытылған руданың алғашқы өнімі болғандықтан, шойын қара металлургияда ерекше орын алады. Пайдалану мақсатына қарай домналық шойындар: қайта өңделетін (яғни болатқа түрлендіру мақсатында қайта өңдеуге жіберелетін); мәнерлі құймалар өндірісі үшін пайдаланатын құйма шойын, болатты қышқылдандыруға және легирлеуге арналған арнайы немесе домналық ферроқорытпалар (ферромарганец, ферросилиций,айналық шойын, силикомарганец) т.б. болып бөлінеді. Шойын құрамындағы көміртек 2 түрлі құрылымдық жағдайда болады.
Бұл шойынның көміртекті темір қорытпаларының басқа түрлерімен салыстырғандағы ерекшілігі болып саналады. Алғашқы жағдайда шойын құрамындағы көміртек еркін күйдегі графит түрінде болады.
Мұндай шойын сұр шойын немесе шыңдалған шойын деп аталады. Екінші жағдайда шойын құрамындағы көміртек байланысқан күйде яғни темір карбиді Fe3C (цементит) түрінде болады. Мұндай шойын ақ шойын деп аталады. Ақ шойын көбінесе цементит пен ферриттің эвтектикалық қоспасы түрінде кездеседі. Ол ледебурит деп аталады.
Сұр шойынның (кремниі көп, ал оның осылайша аталуы металдың сынған жерінің түсі сұр болуына байланысты) құймалық қасиеттері жоғары болуы себепті ол шойындық құймаларды өндіру үшін негізгі материал болып табылады. Оның механикалық қасиеттері едәуір дәрежеде құрылымына тәуелді (перлитті шойын, болатты шойын) болады. Сондықтан химиялық құрамын өзгерту (аз мөлшерде модификаторлар деп аталатын арнайы элементтерді қосу) арқылы шойында құрылымдық өзгерістер жасалады. Сөйтіп, шойынның механикалық қасиеттерін едәуір жоғарылатуға болады. Магниймен модификациялап нәтижесінде алынатын беріктілігі жоғары шойынның құрамындағы графит домалақ түйіршіктер (сфероидты) тәрізді орналасады. Машина жасау саласында сұр шойыннан әр түрлі құймалар (шестерня, цилиндр, суппорт, стахина т.б.) дайындалады. Лигерленген (никельмен, хроммен, мыспен) сұр шойыннан термиялық өңдеу арқылы) арнайы қасиеттері бар, тозуға төзімділігі жоғары штампылар, тұтқырлығы жоғары поршень сақиналары, коррозияға төзімді тигель т.б. құймалар алынады.
Ақ шойыннан (кремний аз, металдық сынған жерінің түсі ақ болады) негізінен болат дайындалады. Құрамы белгілі кейбір ақ шойынды тотықтандырғыш немесе бейтарап ортада қыздыру арқылы шыңдалған құймалар (машина жасауға қажетті) алынады. Металдық негізінің құрамына қарай шыңдалған шойын: ферритті шойын және перлитті шойын болып ажыратылады. Ақ шойынға лигерлеуші элементтер (бор, хром, никель, кремний) қосу арқылы оның механикалық қасиеттерін едәуір жоғарылатуға болады. Мысалы, 12-20% хром қосылған ақ шойын ыстыққа төзімді әрі тозбайтын материал ретінде, ал 22-28% хром қосылған ақ шойын коррозияға төзімді материал ретінде пайдаланылады. Өнеркәсіпте табиғи лигерленген шойын да пайдаланылады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 8 дәріс
Тақырып: Болатты өңдеу
Дәрістің мазмұны:
Болаттың құрылысы
Мақсаты: Болатты қолдану аясы
Болат
Болат – темірдің көміртекті қорытпасы. Болат өндіру технологиясына байланысты қорытпа құрамында көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай Болатты көміртекті болат деп атайды. Көміртекті Болат құрамында 0,04-2%С, 0,1-1%Mn , 0,4%-ке дейін Si, 0,08%-ке дейін S, 0,09%-ке дейін Р бар. Болат сапасын арттыру үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады. Болат – қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Пайдалану саласына қарай Болатты басты-басты төрт топқа бөлуге болады. Құрылыстық болат әдетте прокат күйінде (азқалық, табақ болат, қаңылтыр т.б.) құрылыс конструкцияларының әр түрлі элементтерімен вагон, кеме жасауда қолданылады. Машина жасау болатынан негізінен әр түрлі машина бөлшектері жасалады. Ол үшін термиялық өңдеу мен хим. Термиялық өңдеуден өтеді. Аспаптық болат әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауға пайдаланылады. Айрықша химиялық-физикалық қасиеті бар болат көбінесе электр техникасы, жылу энергетикасы, химия, әскери техникаларын жасауда пайдаланылады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 9 дәріс
Тақырып: Ағаш материалдары
Дәрістің мазмұны:
Ағаштың құрылысы
Ағаш материалы туралы жалпы түсінік.
Мақсаты: Ағаш материалы туралы толық мағлұмат Альп олардың қолданылуын анықтау.
Ағаш материалдарының түрлері және қолданылуы.
Ағаш (техникада) –халық шаруашылығының барлық саласында кеңінен қолданылатын материал. Ағаштың техникалық қасиеттері оның ішкі құрылымы мен механикалық сипаттамаларына тікелей байланысты. Ішкі құрылымы негізінен көлденең, бойлық және тангентальдық үш кесінді арқылы анықталады, сақина тәріздес жылдық қабаттарын және қабығын байқауға болады. Ағаш түрлерінің көбі көлденең кесіндісінен қарағанда ақшыл келеді. Бірақ кейбір ағаштың сырт жағы ақшыл түстес болғанымен, ортасына қарай бурыл тартады. Осыған орай Ағаш ядролы (бал қарағай, қарағай, емен, тал, терек, самырсын, шетен, шегіршін т.б.) және ядросыз (шырша, қайың, көктерек, қандыағаш, үйеңкі, бук, жөке т.б) болып бөлінеді. Ағаш талшықтары, әдетте, өзек бойын бойлай бағытталған, бірақ кейде бағыты спираль тәріздес шым-шытырық, бұйра да болып келеді. Бұйра талшықты Ағаш әсемдік материал ретінде пайдаланылады. Ағаштың сыртқы түрі түсімен, жалтырауықтығымен, текстурасымен (өрнегімен) бағаланады. Ағаштың техникалық қасиеттері оның беріктігі, серпімділігі, қаттылығы сияқты механикалық көрсеткіштермен сипатталады. Механикалық қасиеттер әр бағытта әр түрлі келеді. Мысалы, ағашты көлденеңінен қысқандағы берікті көрсеткіші оны бойлай қысқандағыдан кем болады. Шірік, шым-шытырық талшық сияқты ағаш ақаулары оның механикалық қасиеттерін төмендетеді. Ағаштың механикалық қасиеттері оның көлшемдік салмағына тығыз байланысты: көлемдік салмақ неғұрлым көп болса, оның механикалық қасиеттері де жоғарылайды. Қазақстанда өсетін негізгі ағаш түрлерінің басты-басты физикалық-механикалық қасиеттері кестеде берілген. Ағашты жан-жақты пайдалану оның физикалық-механикалық көрсеткіштерінен басқа бірқатар технологиялық және пайдалану сипаттамаларын да керек етеді. Олар-ағаштың жарылғыштығы, металл бекітпелерді (шеге, шуруп) ұстағыштығы өңделгіштігі (арамен тілуге, сүргілеуге, бұрғылауға т.б. қарсылығы), желімденгіштігі, иілгіштігі (ыстықтай да, суықтай да), ылғал өткізгіштігі, шірігіштігі, отқа төзімділігі, антисептиктер мен антипириндерді сіңіргіштігі (бояу және лак жағуға, әрлеу операцияларына бейімділігі). Ылғалдан, ыстық-суықтан т.б. зиянды орта әсерлерін қорғау үшін ағаш кептіріледі, оған лак және бояу жағылады немесе басқа химиялық заттар сіңіріледі. Антипириндер сіңіру немесе отқа төзімді заттар жалату арқылы ағаштың отқа төзімділік қасиетін арттыруға болады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 10 дәріс
Тақырып: Ағаш дайындау жұмыстары
Дәрістің мазмұны:
Ағаш дайындау жұмыстарының реті
Ағаш дайындау жұмыстарының маңызы
Мақсаты: Ағаш дайындаудың маңызын түсіну.
Ағаш дайындау жұмыстары – ағаш құлату, құлатылған ағашты орманнан тасып шығару, бұтақтарын кесу, алғашқы өңдеу, оларды өзенмен ағызатын орынға, т.ж. немесе басқа да транспорттық қатынас орындарына тасымалдау жәнек тиеу. Кейде ағаш дайындау жұмыстарына тек ағаш құлату мен тиеу жұмыстарының комплексі ғана жатқызылады. Ағаш дайындау жұмыстарындағы процестер жоғарғы және төменгі қоймаларда орындалады. Жоғарғы қоймаға ағаш құлататын орын, ал төменгі қоймаға ағаш материалдарын тұтынушыларға жөнелтетін транспорттық орындар жатады. СССР-де ағаш құлату жұмысының 95 -і механикаландырылған. Онда қуаты 1,4 және 1,7 квт жоғары жиілікті (200 гц) двигателі бар, салмағы 7,5-9,5 кг ИНИИМЭ-К5 және ИНИИМЭ-К6 шынжырлы электр аралары қолданылады. Салмағы 10,5 кг, қуаты 3,5 а, к-лік бензин моторлы «Дружба» арасы да кең тарауда. Құлату рычагы ағаш құлайтын бағытқа қойылады да, ағаш оның қарсы жағынанқиылады. Құлатылған ағаштыкөлденең кесу қойма эстакадаларында электр аралары арқылы жүргізіледі. Бұтақ кесу қолмен атқарылады (балтамен шабылады). Бұл операция РЭС-1 және РЭС-2 дискілі электр бұтақ кескіштерімен механикаландырылған. Ағаш сүйрету операциясы жермен де, аспалы не жартылай аспалы линиялармен де жүргізіледі. Ағаш сүйрету тракторымен тасымалдау да кең тараған. Батпақты жерде сүйреу лебедкалары, ал таулы жерде аспалы қондврғылар пайдаланылады. Ағаш тиеу ірі пакет түрінде жүзеге асырылады. Бұл үшін жоғарғы қойма автомобиль крандарымен, тар табанды т.ж. крандарымен, шынжыр табанды крандармен т.б. көтергіш құралдармен жабдықталады. Ағаш сорттау, үю және оны транспортқа тиеу үшін төменгі қойма ағаш тасығыштармен, консольды крандармен т.б. жабдықтармен қамтамасызетіледі. Мұнда т.ж. крандары кеңінен пайдаланылады. Ағаш дайындайтын арнаулы мекемелер төменгі қойма цехтарында ағашты қайта өңдеу жұмыстарын да жүзеге асырады. Цехтар ағаш тілу, шпал кесу т.б станоктармен жабдықталады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 11 дәріс
Тақырып: Ағаш кептіру
Дәрістің мазмұны:
Ағаш кептірудің тәсілдері
Ағаш кептірудің мақсаты
Мақсаты: Ағашты пайдалануға деәйінгі дайындық жұмыстарын анықтау
Ағаш кептіру – ағаштан жасалатын конструкция мен бұйымның спасын арттыру мақсатында жүргізілетін процесс. Кептіру нәтижесінде ағаштың беріктігі мен төзімділігі артады, бұзфлу-шіруден сақталады; формасы мен көлемінің өзгергіштігі, мүжіліп-жарылуы, салмағы кемиді; желімдеуге, өңдекге бейім болады. Өнеркәсіпте қолданылатын ағаш ылғалдылығы 7-10 -тен аспауы керек. Ағаш кептірудің мынадай түрлері бар: өсіп тұрған кезінде кептіру; ауада немесе күнге кептіру; жоғары жиілікті ток өрісінде кептіру; 120-130 С-қа дейін қыздырылған петролатумды ваннада кептіру; вакуумда кептіру. Ауада кептіру 2 жылға, камерада кептіру 2-25 күнге, вакуумда кептіру 6-48 сағ-қа, жоғары жиілікті ток өрісінде кептіру (бастапқы ылғалдалығына байланысты) 2-8 сағ-қа, петролатумда кептіру 6-12 сағ-қа созылады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 12 дәріс
Тақырып: Ағаш құлату
Дәрістің мазмұны:
Ағаш құлатудың түрлері мен әдіс тәсілдері
Ағаш құлату аспаптары
Мақсаты: Ағаш дайындау жұмыстарының бірі ағаш құлату туралы мәліметтерді білу.
Ағаш құлату, жығу- ағашты түбірінен кесу не түп тамырымен жұлу.Ағашты электр және бензин моторлы аралармен, кейде қол ара, балтамен де кесіп құлатады. Ол үшін құлайтын жақ түбірінен ағашты аздап кесіп, қарсы жағынан құлағанша еңістеп кеседі. Ағаш құлату жұмысы жыл бойы жүргізіледі. Түп тамырымен құлату еңбекті көп керек еткенімен, ағашты зақымдамай, тамырымен түгелдей пайдалануға мүмкіндік береді. Түп тамырымен құлату жоғары сортты ағаш алу үшін және жер участоктарын ағаштан тазарту үшін жүргізіледі.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 13 дәріс
Тақырып: Ағаш материалдары.
Дәрістің мазмұны:
Ағаш материалдарының топтары
Ағаш материалының ерекшеліктері
Мақсаты: Ағаш материалдары туралы түсінікті одан әрі кеңейтіп , материал түрлерімен танысу
Ағаш материалдар –түгелінен немесе дені табиғи ағаштан дайындалатын конструкиялық, изоляциялық және сәндік материалдар. Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстарда (арқалық, ферма, паркет т.б.), т.ж. транспортымен байланыс линияларында (шпалдар, телеграф бағаналары), машина жасауда, кеме, мебель, муз. Аспаптар өндірісінде, қағаз өнеркәсібінде химиялық шикізат және отын ретінде пайдаланылады. Ағаш материалдар бірнеше топқа бөлінеді. Оның негізгісі табиғи ағаш материалдар болып есептеледі. Табиғи ағаш материалдардың өңделмеген және өңделген түрлері бар. Өңделмегендері (бөрене т.б.) тұтас күйінде құрылыста, ағаш өңдеу және қағаз өнеркәсібінде әр түрлі ағаш материалдарын, целлюлоза, қағаз, химиялық өнімдер өндіруге және отын ретінде пайдаланады. Өңделген ағаш материалдарға шпал, брус, тақтай, шпон, жонылған фанерлер, жоңқа, үгін, ағаш талшықтары жатады. Сіңдірілген ағаш материалдардың пайдалану қасиетін жақсарту мақсатында бойына антисептиктер мен антипириндер сіңдіріледі, түр беру үшін бояулар жағылады. Престелген ағаш материалдар 100-250 С температураға дейін қыздырылып, талшықтары көлденең бағытта 100-300 кг/см қысыммен көлемдік салмағы 1,3-1,5 г/см –ге дейін тығыздалады. Желімделген ағаш материалдардың физ.-механикалық қасиеттері біркелкі келеді, ұзын да қалың және жалпақ етіп дайындалады.Қабатталған ағаш материалдар шпон я жонылған фанерді синтет. Смола немесе белокты желіммен желімдеу арқылы алынады.Талшықтарының орнвласу бағыттары әр түрлі болуына байланысты қабатталған ағаш материалдар бірнеше топқа бөлінеді: желімделген фанер (қатар қабаттарының талшықтары өз ара перпендикуляр жатқан); сфералық қалыпқа дейін майыстырылған фанер; талшықтары бірыңғай немесе әр қилы бағытта қабатталған ағаш материалдар; құрама қабатты ағаш материалдар (ағаш-ұсталық тақтайлар). Қабатталған ағаштардың арасына ағаш материалдар жұқа қаңылтыр, тор немесе мата салынады. Қабаттап престелген ағаш материал смола сіңдірілген шпондарды өз ара желімдеп, 150 С температурада 100-300 кг/см қысыммен сығу арқылы алынады. Пластикалық ағаш материалдар жоңқадан, үгіннен, ұсақталғанағаштан органикалық немесе минералдық байластырғыштар қосу (10-30 ) арқылы дайындалады. Оған ағаш жоңқалы тақта, фибролит т.б. жатады. Ағаш талшықты тақталар талшықты ағаш массасын престеу жолымен жасалады. Негізгі шикізаты ағаш болғанымен, целлюлоза, қағаз т.б. өнеркіс. өнімдері ағаш материалдарына жатпайды.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 14 дәріс
Тақырып: Ағаш өңдеу өнеркәсібі
Дәрістің мазмұны:
Ағаш өңдеу өнеркәсібінің тарихы..
Мақсаты: Ағаш өңдеу өнеркәсібінің проблемаларын анықтау.
Ағаш өңдеу өнеркәсібі- ағашты механикалық жолмен өңдеуді жүзеге асыратын орман өнеркәсібінің саласы. Соғысқв дейінгі бесжылдықтарда ағаш өңдеу өнеркәсібінің негізі болып табылатын ағаш дайындауды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Осы жылдарда солтүстікте, Оралда және Печора, Волга өзендері жағасында ағаш тілетін ірі заводтар салынды. Соғыстан кейінгі жылдарда жаңадан ірі құрылыстар салу өрістетіліп, бұрынғы кіші-гірім ағаш кесетін, фанер және мебель кәсіпорындары ұлғайтылды. Жетіжылдық (1959-65) кезінде Енисейде №2, Чумскіде, Асиновскіде ағаш кесетін ірі комбинаттар, одан кейінгі жылдарда Пермьдегі фанер заводының екінші кезегі іске қосылды. Шатурада және Ленинградта мебель комбинаты мен Москвада № 4 мебель фабрикасы өнім бере бастады.
Қазақстанда мебель және ағаш өңдеу өнеркәсібі –республикадағы ең жас өнеркәсіп саласы. Бұрыңғы бытыраңқы кәсіпорындардың орнына 1962 ж. ірі арнаулы кәсіпке көшірілген «Алматы» мебель фирмасы, «Карагандамебель» және «Чимкентмебель» т.б. бірлестіктер құрылды. 1965ж. мебель өндірудің көлемі республикада 48,47 млн. Сомға жетті, Қаз.ССР Мин. Советінің 1969 ж. майдағы «Қаз. ССР-нде мебель өнеркәсібін одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулысына сәйкес 1975 ж. мебель өнімін 141 млн. сомға жеткізу көзделген. Бұл өндірісті арнаулы кәсіпке көшірудің, бір орталққа шоғырландырудың, жаңа кәсіпорындар салудың және бұрыннан барларын реконструкциялаудың нәтижесінде жүзеге асырылмақ.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 15 дәріс
Тақырып: Ағаш гидролизі
Дәрістің мазмұны:
1. Ағаштың құрамы
Мақсаты: Ағаш гидролизінің пайдасы.
Ағаш гидролизі – ағаш құрамындағы суда ерімейтін полисахаридтерді суда еритін монозарларға айналдыру процесі. Ағаш гидролизі нәтижесінде азық түлікке жарамсыз өсімдік қалдығынан (ағаш сүрегі, жоңқа, сабан т.б.) азық-түлікке жарамды заттар және бірқатар басқа өнімдер алынады. Өсімдік қалдығының ¾ бөлігі-целлюлоза мен гемицеллюлозалар түріндегі полисахаридтер. Ағашты гидролиздегенде сұйық (моноза ерітіндісі), қатты (гидролиз лигнині) және ұшқыш (сірке, құмырсқа қышқылдары, метил спирті)заттар түзіледі. Ағаш гидролиздеу- катализаторлар- концентрациялы және сұйытылған қышқылдар, қышқыл тұздар т.б. көмегімен жүретін күрделі процесс; бұл процесс бірнеше сатыда жүріп, ең соңында моноза түзіледі.Гидролиз жылдамдығы температураға және катализатор түріне, мөлшеріне байланысты. Монозалар ерітіндісінен кристалдау арқылы ас глюкозасын және тех. Ксилоза; көп атомды спирттерді гидрлеу арқылы глицерин, этиленгликоль, органикалық қышқылдарды тотықтыру арқылы этил және бутил спирттері, ацетон, ашытқы, антибиотиктерн т.б. көптеген заттар алынады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 16 дәріс
Тақырып: Ағаш ағызу.
Дәрістің мазмұны:
Ағаш тасымалдау түрлері.
Ағаш ағызудың пайдасы.
Мақсаты: Ағаш ағызуды басқа тасымал түрлерінен айыру.
Ағаш ағызу- ағашты сумен тасымалдау. Ағаштың а-дың маусымдық және магистральдық ағаш ағызудың көктемгі су тасуында ірі өзендерге құятын салалар арқылы, ал магистральдық ағаш ағызудың ірі өзендер арқылы жүзеге асырылады. Теңізбен тасымалдау әдісі де бар. Ағашты даралап, топтастырып, сал жасап және кемемен сүйретіп ағызады. Даралап ағызуда суға түсірілген ағаштар бір-бірімен байланыссыз, шашыранды күйінде ағады. Даралап ағызу кіші-гірім, кеме жүрмейтін өзендерде қолданылады. Топтастырып ағызуда бөренелер сыммен, шынжырмен байланып, жүзетін сүйреткі жасалады да оған көл. 300-500 м ағаш тиеледі. Сал жасап ағызуда бөренелер біріктіріліп, көл. 2-ден 30 мың м -ге жететін салдар жасалады. Оларды кемемен сүйретуге де болады. Ағаш ағынға қарсы тек кемемен тасымалданады.
СССР-де барлық дайындалатын ағаштардың 50 -і тұтынушыларға ағызу арқылы жеткізіледі. Ағаш ағазатын өзендердің жалпы ұзындығы 140 мың км-ге жетеді. Қазірде ағаш ағызумен шұғылданатын, жылына көл. 200 мыңнан 3 млн. м ағаш өңдейтін, еңбек процестері механикаландырылған ірі өнеркәсіпорындар жұмыс істейді. Ағаш ағызу жұмыстарына арнаулы флот қызмет етеді. Ағашты суға түсіруде лебедкалар, трактор мен бульдозерлер қолданылады. Ағаш ағызуды ойдағыдай жүргізу үшін су жолдарын тазалайды, ағаш өткізетін құрылыстар, плотиналар, бөгеттер т.б. салынады. Бұл жұмыстарды арнаулы машиналар және механизмдермен жабдықталған мелиоративтік құрылыс отрядтары жүргізеді. Шығыс Қазақстанда ағашты даралап ағызу әдісі қолданылады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 17 дәріс
Тақырып: Ағаш материалдары.
Дәрістің мазмұны:
Ағаш жоңқалы тақта
Мақсаты: Ағаштан жасалатын материалдар түрлері .
Ағаш жоңқалы тақта – ұсатылған ағаш жоңқалары мен синтет. Смоланы ыстықтай престеу жолымен алынатын жасанды материал. Өңі бір тектес келеді, көлденеңі 1,8 м. Ұзындығы 3,6 м, қалыңдығы 6-дан 75 мм-ге дейін болады. Ағаш жоңқалы тақта жеңіл (көлемдік салмағы 250-400 кг/м ), ауырлау (400-800 кг/м ) және ауыр (800-1200 кг/м ) болып бөлінеді. Өндірісте көбінесе көлемдік салмағы 650-850 кг/м тақта шығарылады. Ол бір қабатты да, көп қабатты да болып келеді. Бір қабатты ағаш жоңқалы тақта біркелкі жоңқадан жасалады. Көп қабатты ағаш жоңқалы тақтаның сыртқы қабаты арнаулы жұқа жоңқалардан, ішкі қабаттары сұрыпталмаған ірі жоңқалардан тұрады. Тақтаның сыртқы беті өңді болу үшін шпонмен, қағаз пластикамен, полимер пленкакмен т.б. қапталады. Ағаш материалдарына қарағанда Ағаш жоңқалы тақта тиімді, жасалуы оңай және өндірістік шығыны аз, өңдеуге көнімді. Оны жасауға керекті шикізаттар: өңделген ағаш қалдықтары, шаруашылыққа жарамсыз ағаштар, қамыс және түрлі сабандар. Байластырғыш материал ретінде термореактивті смола пайдаланылады. Ағаш жоңқалы тақта мебель өндірісінде, құрылыста, кеме және вагон жасауда, сондай-ақ үйдің ішкі қабырғасын қаптау үшін, еден астына төсейтін акустикалық материал үшін, еден үшін т.б. өндірістік қажеттерге қолданылады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 18 дәріс
Тақырып: Ағаш кептіру.
Дәрістің мазмұны:
Ағаш дайындау жұмыстарының сатылануы
Ағаш кептіру
Мақсаты: Ағаш кептірудің маңызы.
Ағаш кептіру – ағаштан жасалатын конструкция мен бұйымның спасын арттыру мақсатында жүргізілетін процесс. Кептіру нәтижесінде ағаштың беріктігі мен төзімділігі артады, бұзфлу-шіруден сақталады; формасы мен көлемінің өзгергіштігі, мүжіліп-жарылуы, салмағы кемиді; желімдеуге, өңдекге бейім болады. Өнеркәсіпте қолданылатын ағаш ылғалдылығы 7-10 -тен аспауы керек. Ағаш кептірудің мынадай түрлері бар: өсіп тұрған кезінде кептіру; ауада немесе күнге кептіру; жоғары жиілікті ток өрісінде кептіру; 120-130 С-қа дейін қыздырылған петролатумды ваннада кептіру; вакуумда кептіру. Ауада кептіру 2 жылға, камерада кептіру 2-25 күнге, вакуумда кептіру 6-48 сағ-қа, жоғары жиілікті ток өрісінде кептіру (бастапқы ылғалдалығына байланысты) 2-8 сағ-қа, петролатумда кептіру 6-12 сағ-қа созылады
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 19 дәріс
Тақырып: Ағаш отырғызатын машиналар
Дәрістің мазмұны:
Ағаш отырғызу шаруашылығы
Ағаш отырғызуға арналған техника.
Мақсаты: Ағаш отырғызатын техника туралы түсінік.
Ағаш отырғызатын машина – жай ағаш, бұта, жеміс, жүзім ағаштарын отырғызатын машина. Бірнеше түрі бар:
Машинаның маркасы
|
Алымы (м)
|
Жүріс жылдамдығы (км/сағ)
|
жұмыс өндірімділігі (га/сағ)
|
Қатар аралығының ені (см)
|
Бір қатар отырғызатын аспалы СЛН-1 ....
Қос қатарлап отырғызатын аспалы СЛН-2 ....
Бір қатар отырғызатын дискілі аспалы ЛМД-1 ...........
Жыртылған жерге қос қатарлап отырғызытын аспалы СЛН-2 .....
|
105-2
2-4
0,5-2
3-4,5
|
1,8-3,5
1,2-1,5
1,8-5,4
1,63-1,79
|
0,27-0,70
0,22-0,60
1800-5400
пог.м/сағ
0,49-0,80
|
150-250
150-200
50-200
150-225
|
Бұлар 1960-67 жылдардан бастап өндірісте кеңінен қолданылып келеді.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 20 дәріс
Тақырып: Ағаш конструкциялар.
Дәрістің мазмұны:
Ағаштан жасалған конструкциялар туралы түсінік
Ағаш материалынан жасалған конструкциялар параметрлері
Мақсаты: Ағаш конструкциясының классификациясын анықтау.
Ағаш конструкциялар- түгел немесе дені ағаш материалдан жасалатын құрылыс конструкциялар. Ағаш материалдың құрылыстық қасиеті жоғары. Сондықтан ағаш конструкциялар өнеркәсіп пен тұрғын үйлерде , сонымен қатар көпірлер мен өнеркәсіптік остакадаларда, су тех. құрылыстарда т.б.-да пайдаланады. Ағаш конструкциялар желіммен я желімсіз ұштастырылған жазықтық және кеңістік конструкциялар болып бөлінеді. жазықтық конструкцияларға тұтас және кереге көзді конструкциялар , ал кеңістік конструкцияларға тор көзді конструкциялар жатады. Ылғалан дұрыс сақталған ағаш конструкциялар ғасырларға шыдай алады. Шірімес үшін ағаш антисептикпен (ағаш консервілеу), ал өрт қаупіне қарсы антипиринмен өңделеді.
Ағаштың жылу өткізбеу қасиеті оны қоршау конструкциясында кең пайдалануға мүмкіндік береді. Ағаш конструкциялар арқалық, арка және рама(сурет) немесе брустан, тақтайдан, фанерденқұралған ферма, төсем, тірем, жабын т.б. түрінде жасалады. Құрастырмалы ағаш конструкциялар элементтері индустриялық әдіспен жасалады. өңделген ағаш қалдықтарынан ағаш талшықты тақталар, ағаш жоңқалы тақталар т.б. дайындалады. Химиялық пластмассаның кең қолданылуына және ылғамға төзімді желімдердің жасалуына байланысты ағаш конструкциялардың индустриялық жолмен жасау мүмкіндіктері ашылды.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 21 дәріс
Тақырып: Ағаш көмрі.
Дәрістің мазмұны:
Ағаш көмірін алу әдісі
Мақсаты: . Ағаш көмірін алу әдісін анықтау
Ағаш көмірі- ағашты ауа қатыстырмай қыздырып айдағанда алынатын күрделі зат. Ағаш көмірінің орта есеппен алынған негізгі элементтік құрамы: C-84%, H-3,1% , O+ N-12%. Процесс неғұрлым жоғары темпиратурада аяқталса , соғұрлым көміртек мөлшері көбейіп, сутек, оттек және азот мөлшерлері кеми береді. Ағаш көмірінің тас көмірден айырмасы: ылғала, күлі, фосфоры аз, күкірті жоққа тән. Пештен я ретортадан шыққан кездегі ылғалы 2-4%. Ағаш көмірі- керуек ,қатты зат; ағаштың түріне қарай меншікті салмағы 1,3-1,5 г/см (куб), жылу бергіштік қабілеті өзі алынған темпиратураға байланысты 7500-8170 ккал/кг. Ағаш көмірі- кеуек зат болғандықтан , жанасу беті үлкен, 1 гр ағаш көмірінің беті 160-400 м кв , сондықтан газ, бу, еріген заттарды бойына күшті сіңіреді. Ағаш көмірі металлургияда фоффорсыз, күкіртсіз шойын , болаттар қорытуда, хим өнеркәсіпте католизатор ретінде , активтенген көмір өндіруде, автомобиль, трактор газгенераторларына отын ретінде қолданылады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 22 дәріс
Тақырып: Ағаш қабатты пластмассалар
Дәрістің мазмұны:
Ағаш қабатты пластмассалар туралы түсінік
Ағаш қабатты пластмассалардың формуласы
Мақсаты: Ағаш қабатты пластмассаларды алу жолдары
Ағаш-қабатты пластмассалар- ағашты механикалық , жылу және химиялық әдістермен өңдеу арқылы алынатын пластмассалардың бір түрі. Физикалық және химиялық қасиеттері өте жоғары болады. Ол меншікті салмағы 0,9-1,4 г/см куб фанераға реактивтік синтезді шайырлар сіңіру немесе оны қалың етіп жағу арқылы алынады. Содан кейін сатыланып жиналған фанераны қыздырып гидравликалық престерде қатты қысады. Қыздырып қысқан кезде шайырлар полимерлену немесе поликонденсациялану реакциясына түседі де , фанералар бір-бірімен жабысады. әдетте, қысым 100-175кг/см кв, темпиратура 120-150 градус болады. Осындай әдіспен алынған ағаш-қабатты пластмассалардан подшивниктер, втулкалар жасалады. Графит немесе әртүрлі фольгалар қосса, ағаш-қабатты пластмассалардың беріктігі артады. Шайырлардың құрамын , мөлшерін өзгерте отырып , әртүрлі диэлектрлік қасиеттері бар ағаш-қабатты пластмассаларалуға болады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 23 дәріс
Тақырып: Ағаш материалы қазақ қолөнерінде
Дәрістің мазмұны:
Ағаш материалының қазақ қолөнеріндегі орны.
Ағаш материалының қолөнердегі даму жолы.
Мақсаты: Ағаш материалын тұрмыста пайдалану
Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын - соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы – кең байтақ респулика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрлі дамытушы, жаңартып байытушы. Революцияға дейінгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік - экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі, бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен, әсіресе Ресеймен, сауда қатынасының шаруашылың және мәдени байланыстың арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің қаламен байланысы болмады. Сондықтан, олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, негізінен, халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі – олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 24 дәріс
Тақырып: Ағаш шеберлері
Дәрістің мазмұны:
Қазақстандық ағаш шеберлерінің жұмыстары
Мақсаты: Ағаш шеберлерінің жұмыс орындары, негізгі мақсаттары.
Халық шеберлері, ұсталары ағаштан тек үй шаруашылығына қажетті бұйымдар ғана жасап қоймай, оларды әшекейлеуді, безендіруді, мәнерлеп оюды, көркемдеп қашауды, шабуды және ағаш бетіне нақышты өрнектерді салуды шебер игерді. Өнердің бұл түрімен ата-бабамызсонау көне сақтар дәуірінен бастап айналысқан / б.э.д. VI - VII ғ.ғ. /.
Ағашты қолымызға таяқ қылып ұстаған күннен бастап, көптеген қасиеттерін меңгеріп, кеңінен пайдаландық. Олардың әрбәр түрінде, қиынды кесіндісінде өте әдемі табиғи көркем сурет бар екеніне көзіміз жетті. Осы қасиеттерін жұмыс барысында қашап кескенде, бояғанда ағаш шеберлері ескеріп орнымен пайдаланып отырған. Емен, қайың, терек секілді ағаштарды Солтүстік аудандарда толық пайдаланып, оның ішінде қызыл қайыңды жақсы табиғи көркем суреттері үшін жиһаздар, үй мүліктерін жасауға ерекше сақтап бағалаған.Олардың түрлерінен ердің қастарын қашап шапса, діңнен ыдыс-аяқ жасаған және оларды әсем оюлап, өрнектеп безендірген. Ал Орталық, Шығыс аймақтарда алма, акация, ырғай, алмұрт ағаштарын кеңінен қолөнержұмыстарында пайдаланған.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 25 дәріс
Тақырып: Ағаш материалынан жасалған бұйымнан
Дәрістің мазмұны:
Ағаш материалынан жасалатын бұйымдардың әдіс-тәсілдері
Ағаш материалынан жасалған бұйымдардың ерекшеліктері
Мақсаты: Қазіргі заманғы ағаш бұйымдарын жасау өнері.
Кебеже, сандық, жүк-аяқ, қобдишалар жасау үшін алма мен жаңғақ ағаштарын, ал музыка аспаптарын жасауға тал, қарағай, алма, арша ағаштарын таңдады. Терек, қарағай, үйеңкі, емен секілді ағаш түрлерін көлемді құрылыс қажеттеріне өтейтін бұйымдарға пайдаланды.
Археологтарымыз темірден жасалған дүниелермен қатар көптеген ағаштардан да істелген бұйымдарды Алтайда «Пазырық» қорымынан тапты. Осы заттардың беттерінде қойдың, бұланның, бұғының және қасқырдың бейнелері ойылып бедерленгені байқалады. Бұйымдардың беті алтынның жұқа қабаттарымен қапталып, әсем оюлармен әшекейленген екен. Табылған дүниелердің көбі реалистік өмірді бейнелесе, ал кейбіреулері қарапайым халық қиялынан туған бейне мен рәміздік түрде берілген.
Алтай жерінде кездескен осы заттардың біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-ІІІ ғ.ғ. жасалғандығы анықталды. Ағаштан жасалған оюлар өзімізге белгілі «Қошқар мүйіз», «Атбас» оюларының негізінде жасалғанын айқын көреміз. Қазақстанның қай жерінде болмасын бұл оюлар кеңінен таралған, жиі кездеседі және ғылыми маңызы зор демекпіз.
Жапырақты ұсақ өрнекпен безендірілген ағаш-аяқ Іле өзенінің маңындағы тас жолдардан табылады. Ыдыстың ернеуі түрлі оюлармен безендірілгені байқалады. Археологиялық қазбалар мен көне қазбалар ескерткіштеріне қарап, жеке тайпалар қолөнері мен көркемдеу өнерін қатты бағалап, оны айтарлықтай дамытқанын аңғарамыз. Өткен дәуір мен қазіргі кезеңді салыстыра қарасақ, ағаш өнерінің қолдану аясы барған сайын кеңейіп, жасау әдістері, күнделіктері мен еңбектерінен, суретшілердің бейнелеу, графикалық жұмыстарынан оқып көз жеткіземіз. Семей өңірінде болған суретші В.Н.Белослюдов үй тұрмысында пайдаланылған көптеген заттардың суретін салып қалдырған. Ою-өрнектің аса шеберлікпен орындалғанын төсек, жүк-аяқ, қобди, қабатты сөрелерден аңғарып, қазақ
Қазақстан жерінде ағаш өңдеу өнерінің көне заманнан келе жатқанын бұйым түрлерінен, ою-өрнектердің стилінен байқауға болады. Оларға қазақы үй, ертоқым, ағаш төсек, ағаш жастық, жүк-аяқ, кебеже және ыдыс-аяқ түрлері жатады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 26 дәріс
Тақырып: Ағаш ойлары.
Дәрістің мазмұны:
Ағаш оюдың түрлері
Ағаш оюдың әдістері
Мақсаты: Ағаш оюдың әдіс - тәсілдерін оқушыларға меңгерту.
Ағаш оюларының үлгілері “Сыңар мүйіз” өрнегі геометриялық және “жапырақша” деп аталатын бар болғаны екі өрнектік элементтен құралып тұр. Өрнектің бұл үлгісін ортасынан бір бүктеп, беттестіріп, әрбір элементті бірімен бірі дәл керек еді.
Яғни, бұл өрнек тең пропорциялы немесе симметриялы оюдың мұндай қарапайым үлгілерін екі не төрт бүктелген қағаздан қиып та жасауға болады. Әдетте, кәдімгі сандықтардың оюлары осы тәсілмен қиылып алынады. Бүктелген қағаздан қиылған өрнектер міндетті түрде симметрия болып шығады. Бұл тәсіл ірі, қомақты өрнек үлгілерін жүйелеуге қолайлы болғанымен, көркемдік мәндерінің жағдайлылығынан көрушілерін жолықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан да өрнектен қиып жасауға мүлде келмейтін еркін шешімді симметриялық түрлері де болады. Әрине, симметриялық өрнектерден де күрделі құрылымдағы ою композициясын жасауға болады. Ол үшін бір-екі өрнектің элементі ғана пайдалану тыс артық, жұтандық етеді.
Ағаштағы ою үлгісінің күрделі де тартымды болып шығуы үшін ескі оюындағы секілді көптеген өрнектің элементті аралас қолдану керек. Оның үстіне өрнек шашақтарын теп-тегіс бір ғана жазықтық бетіне емес, екі немесе үш жазықтыққа (бірінен бірі жоғары-төменді) бедерлеу ретті. Сонда бір оюдың нақышынан екінші оюдың нақышы оқшауланып, іріленіп, тұрпаттанып көрінеді. Ал мұның үстіне үлгісі еркін немесе асимметриялы болса, ажарлана, әрлене түседі. Мысалы Ахмет Иассауи ғимараты есігінің оюы қандай тартымды десеңші. Алайда, мұндай тым күрделі ою нақышын бірден бедерлей алу мүмкін
емес. Ондай асқан шеберлікке үздіксіз еңбектену арқылы ғана көтеріле аласың. Оюды толық бедерлеп біткен соң, үстінен бояуға да болады.
Алайда, ағаш оюларының бәрі бірдей үстінен сырлауды қажет етпейді сондықтан, майлы бояумен бояуға келетін ою үлгілерін ғана бяуға болады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 27 дәріс
Тақырып: Ағаш өңдеу өнеріндегі композиция
Дәрістің мазмұны:
Ағаш өңдеу өнеріндегі композиция туралы түсінік
«Композиция» ұғымы.
Мақсаты: Ағаш өңдеудегі пропорция мен түстің дұрыстығын анықтау..
Композиция
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол «жүйелеу», «үйлестіру» ұғымын білдіретін латын сөзі. өнердің барлық саласында композиция - өте күрделі ұғым және шығармашылық арқауы.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп, өңдей білу үшін композициялық пішін арқылы жаттығады. Олар «үтір» /қайырлар/, «үшбұрыш» және «сыңар қанат» түріндегі өрнектер.
Енді осы геометриялық фигуралардың қағаздан оншақтысын қиып алып, бнлгілі бір жүйемен орналастырып көріңдер. Сонда қилы-қилы симметриялық өрнектер туындайды. Ою-өрнек үлгілеріне көбінесе осы симметриялық жүйе қолданылады.
Адамның қиялы қандай шексіз болса, өрнектің түрлену жүйесі де сондай шексіз бір ғана геометриялық фигураны түрлендіріп немесе сол геометриялық фигураның түстерін, пропорциясын өзгертіп те, жаңа композиция жасай беруге болады.
Сонымен ағаш ою дегеніміз ағашқа кез-келген геометриялық пішінді ырғақпен өрнектей салуға ғана емес, өрнек үлгілерін композициялық тұрғыдан шығармашылық жүйелеу өзінше бір үлкен өнер. Еркін ойлап, нақты үлгілерді көшірумен шектеліп қалмай, ағаш ою кезінде өз қолтаңбаңды батыл қалыптастыру.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 28 дәріс
Тақырып: Ағаш материалына мінездеме
Дәрістің мазмұны:
Ағаш материалының негізгі қасиеттері.
Мақсаты: Ағаш материалын шаруашылықта қолдану.
Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп кеткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 м – ден кем емес көп жылдық өсімдіктер.
Ағаштың бұтадан айырмасы – ағаш салмағының 60 – 90 - і дің, 5-20 - і бұтақ және 5 – 20 - і тамыр боп келеді. Ағаш ондаған жылдан мындаған жылға дейін тіршілік етеді (мысалы: африка баобабы 4000 – 5000, сауыр 3000, талшын 2000, емен 2000, шырша 1200, жөке 1000, бал қарағай 600, қарағай 570, қайың 120 жыл). ТМД – да және Қазақстанда өсетін ағаштарды биіктігіне қарай 3 топқа бөлуге болады: биіктігі 40 – 50 м емен, шетен, шамшат, жөке, қарағай, шырша, бал қарағай, май қарағай; биіктігі 20 – 30 м көк терек, қайың, граб, тал, самырсын, тисс; биіктігі 7 – 10 м арша, мойыл, шетен. Ең биік ағаш – австралия эвкалиптісі және калифорния секвоясы, олардың бойы 140 – 150 м, ал баобабтың жуандығы 10 – 12 м.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 29 дәріс
Тақырып: Ағаш материалы халық шаруашылығында
Дәрістің мазмұны:
1. Халық шаруашылығындағы ағаш матери алының орны.
Мақсаты: Халық шаруашылығында ағашты үнемді қолдану.
Ағаш – халық шаруашылығының барлық саласында кеңінен қолданылатын материал. Ағаштың техникалық қасиеттері оның ішкі құрылымы мен механикалық сипаттамаларына тікелей байланысты. Ішкі құрылымынегізінен көлденен, бойлық (ағаштың өзегін бойлай) және тангентальдық (хордасы бойынша) үш кесінді арқылы анықталады. Көлденең кесінен ағаштың өзегін (диаметрі 2 – 3 мм), сақина тәріздес жылдық қабаттарын және қабығын байқауға болады. Ағаш түрлерінің көбі көлденең кесіндісінен қарағанда ақшыл келеді. Бірақ кейбір ағаштың сыртқы жағы (қабығына қарай) ақшыл түстес болғанымен, ортасына қарай бурыл тартады. Осыған орай ағаш ядролы (бал қарағай, қарағай, емен, тал, терек, самырсын, шетен, шегіршін т. б. ) және ядросыс (шырша, қайың, көк терек, қанды ағаш, үйеңкі, бук, жөке т. б. ) болып бөлінеді. Ағаш талшықтары, әдетте, өзек бойын бойлай бағыталған, бірақ кейде бағыты спираль тәріздес шым – шытырық, бұйра да болып келеді. Бұйра талшықты ағаш әсемдік материал
ретінде пайдаланылады. Ағаштың сыртқы түрі түсімен, жалтырауықтығымен, текстурасымен (өрнегімен) бағаланады. Ағаштың техникалық қасиеті оның беріктігі, серпінділігі, қаттылығы сияқты механикалық көрсеткіштерімен сипатталады. Механикалық қасиеттер әр бағытта әр түрлі келеді. Мысалы, ағашты көлденеңінен қысқандағы беріктік көрсеткіші оны бойлай қысқандағыдан кем болады. Шірік, шым- шытырық талшық сияқты ағаш ақаулары оның механикалық қасиеттерін төмендетеді. Ағаштың механикалық қасиеттері оның көлемдік салмағына тығыз байланасты: көлемдік салмақ неғұрлым көп болса; оның механикалық қасиеттері де жоғарлайды.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 30 дәріс
Тақырып: Ағаштың физикалық , химиялық қасиеттері
Дәрістің мазмұны:
1. Ағаш материалының қасиеттерін анықтау әдістері
Мақсаты: Ағаштың текстурасы мен фактурасы арқылы оның түрін анықтау.
Ағашты жан жақты пайдалану оның физикалық – механикалық қасиеттерінен басқа бірқатар технологиялық және пайдалану сипаттамаларын да керек етеді. Олар – ағаштың жарылғыштығы, металл бекітпелердіұстағыштығы, өңделгіштігі (арамен тілуге, сүргілеуге, бұрғылауға т. б. қарсылығы), желімдендігіштігі, иілгіштігі (ыстықтай да, суықтай да ), ылғал өткізгіштігі, шірігіштігі, отқа төзімділігі, антисептиктер мен антипириндерді сіңіргіштігі (бояу және лак жағуға, әрлеу операцияларына бейімділігі). Ылғалдан, ыстық – суықтан т. б. Зиянды орта әсерлерінен қорғау үшін ағаш кептіріледі, оған лак және бояу жағылады немесе басқа химиялықзаттар сіңіріледі. Антипириндер сіңіру немесе отқа төзімді заттар жалату арқылы ағаштың отқа төзімділік қасиетін арттыруға болады.
Халық шаруашылығында пайдаланылатын ағаш материалдар, ағаштың құрылымын, физикалық, химиялық, механикалық қасиеттерін, әртүрлі факторлардың ағаш қасиетіне әсерін ақауларын, және пайдалану ерекшеліктерін зерттейтін ғылым – ағаш тану деп аталады. Соңғы кезде ағаш тану ғылымының сіңдірілген, сығымдалған қабатталған, қабатталып сығымдалған т. б. негізде дайындалған ағаш материалдарын жан – жақты
зерттеуге арналған тараулары да өріс алуда. Ағаш құрылымын зерттеу үшін орман ішінен ағаш таңдаудың стандартты методикасы жасалды, ағашты физикалық – механикалық сынау тәсілі зерттелді.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 31 дәріс
Тақырып: Ағаштың физикалық қасиеттері.
Дәрістің мазмұны:
Түрі - түсі
Сүрегі , сақинасы, ылғалдылық қасиеттері..
Мақсаты: Ағаштың жасын , түрін анықтай білу.
Ағашта да табиғатта кездесетін басқа шикізаттар секілді физикалық, механикалық қасиеттер жақсы дамиды. Осындай жақсы қасиеттерін пайдалана отырып, шеберлер, суретшілер жақсы нәрселерді жасай алған.
Ағаштың физикалық қасиеті
Ағаштың негізгі физикалық қасиеттеріне мыналар жатады: түрі-түсі, ылғалдылығы, қаттылығы, жылтырлығы ағаштың кесіндісіндегі табиғи суреті, жұмсақтығы.
Түрі–түсі – ағаштың ең жақсы физикалық қасиеттерінің бірі. Осы қасиетін қолөнерші шеберлер жиһаз, ыдыс-аяқ және т.б. заттар жасағанда ескеріп пайдаланды. Ағаштың түрі оның климаттық және қандай жерде өскеніне, жасына байланысты өзгеріп отырады. Жас ағаш әрқашанда ақшыл болады. Әр ағаштың өзінің жеке-дара түрі-түсі, өзіне тән иісі болып, табиғатта ақшыл түрден бастап қызыл, қара түрлерге дейін кездеседі. Көктерек, қайың, жөке ақ болса, алма, емен қоңыр сұрғылт түсті келеді. Осы ағаштардың өздерін бояулар, морилкалар арқылы басқа түстерге өзгертуге мектеп шеберханасында толық мүмкіндік бар. Ағаштың жылтырлығы кепкен, айнадай таза болып тазарғанда көрінеді. Бұл құбылыс таза ысқыланып жасалған заттарға жарық сәулесі түскен кезде жақсы байқалады. Жылтырауық қасиеттері ағаштың негізі тегі мен қаттылығына да байланысты. Емен, шамшат, шаған ағаштарынан жасалған бұйымдар өте әдемі және жылтыр болады, лак бақка да жылтырататын заттар ағаштың осы айтылған қасиеттерін күшейте түседі.
Ағаштың табиғи сүрегі – ағаштың бұл қасиеті оны арамен ұзынынан кескеннен кейін кептіріп, тазалап, ысқылап, май жаққан кездерде өте жақсы көрінеді, оған бір ерекше көркемдік мән береді. Бұл сүректің бәрі жылдық сақиналардың сәл көлбеу кесілуінен ерекше әдемілене түседі. Неғұрлым ағаштың жылдық сақиналары бірдей болмай, қисық жасалған заттың өң-түсін өрнек оюсыз-ақ ерекше құлпыртады.
Қылқан жапырақты, жұмсақ ағаштардың кесінділерінің табиғи сүректері өте қарапайым, ал жай жалпақ жапырақтың табиғи суреті күрделі және қайталанбас таңбалармен берілгендігін байқаймыз.
Ылғалдылық қасиеті – ағаштарды ойып, кесіп үйге, үй құрылыстарына есік, терезе, ыдыс-аяқ жасағанда қатты ескеріледі. Жаңа кесілген жас ағашта ылғал көп болады, толық кепкенше пайдаға аспайды. Әбден шегіне жетіп кепкен абсолюттік ағашты тек лабораториялық жағдайда алуға болады.
Ағашта ылғалдылығына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: далада кепкен, үй темпиратурасында кепкен немесе лабораторияда кепкен ағаш. Мектеп шеберханасында жұмыс істеу үшін еңбек жұмысына дайындалу қажет. Ол үшін жаз айларында мектеп ауласында ашық жерлерден астында көлеңкесі бар жел жан-жағынан соғатындай етіп, көлеңке шатыр жасап, ағаштарды соның астында кептіріп алу қажет, соның өзінде ағашта 12-18 ылғалдылық қалады. Ағашты кептіріп жұмысқа дайындағанның өзінде ылғалдылық тез ағаймайды. Жаңа кескен емен ағашында 50-70 ылғалдылық болса, бұл 6 айдан кейін 39-43, 12 айдан кейін 39, ал 18 айдан кейін 25-27-ке жетеді.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 32 дәріс
Тақырып: Ағаштың түрлері
Дәрістің мазмұны:
Ағаш түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылығы
Мақсаты: Ағаш түрлерін бір-бірінен айыра білу.
Қазақстан өлкесінде көптеген ағаштардың түрлеріөсіп-өнеді, оларды құрылыста, ауыл шаруашылығында қолданумен қатар, жиһаз фабрикаларында және қолөнер кәсіпшілігінде кеңінен пайдаланады. Суретшілер, халық шеберлері олардан неше түрлі ұлттық нақыштағы бұйымдар жасады. Ағаштар қылқан жапырақты және жапырақты болып екі түрге бөлінеді. Қылқан жапырақты ағаштарға қарағай, самырсын жатады. Бұлардың жылдық сақиналары жақсы көрінеді. Ормандарда көптеп кездеседі.
Қарағай - өте әдемі, биік, зәулім ағаш. Діңі жуан, бұтақтары басында орналасқан, жеңңіл, жұмсақ, ақшыл түсті ағаш. Дңі көбінесе түзу болып келеді. Жастай кесілген күніндегі діңінің түрі қызғылт тартады. Кепкен кезде қоңырайланады. Жақсы кесілетін қасиетін пайдаланып, шеберлер әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасайды. Құрылыста есік, терезе жасауға, еден салуға, үйдің төбесін жабуға келгенде оған тең келетін бірде-бір ағаш жоқ. Өзі басқа ағаштың түрлеріне қарағанда оңай қиылып алынады, арзан өндіріледі.
Шырша – сымбатты, қысы-жазы жап-жасыл ьолып тұратын қылқан жапырақты ағаш. Шырша да қарағай секілді жұмсақ, жеңіл, ақшыл ағаш. Бұл қарағайға қарағанда жеңіл, ақ, сақиналары жіңішке. Шырша ағашын құрылыста, үй мүліктерін жасауға қолданады.
Балқарағай – көп өмір сүретін ағаштардың қатарына жатады. Қарағай мен шыршаға қарағанда биік, қатты, діңі қызыл қоңырқай түсті, жылдық сақиналары айқын, анық көрінеді. Бұл ағашта жоғарыда айтылған тұрмыстықжағдайлардың бәрінде қолданады. Сонымен қатар, токарьлық жұмыстарында кеңінен пайдаланылады.
Майқарағай – сыртқы түр-пішіні, жеңілдік, жұмыстық қасиеті шыршаға ұқсайды. Діңінің қиығында жылдық сақиналары біркелкі екені аңғарылады. Беріктігі нашар, тез жарылып, кепкен кезде майысып кетеді. Сондықтан тұрмыста аз қолданады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 33 дәріс
Тақырып: Ағаштың механикалық қасиеттері..
Дәрістің мазмұны:
Беріктік.
Мақсаты: Ағаштың механикалық қасиетін анықтау
Ағаштың механикалық қасиеттері
Ағаштардың механикалық қасиеттері жан-жақты, олар өздеріне әсер еткен әртүрлі күштерге қарсы тұра алады. Ағаштың негізгі механикалық қасиеттеріне мыналар жатады: беріктік, қаттылық, шыдамдылық, морт сынғыштық, иілгіштік, былқылдақтық.
Беріктік деп – оның сыртқы механикалық күштерге қарсы тұра алып, бұзылмай өзінің пішіні мен түрін сақтауын айтады. Ағаштардың балта, шаппа-шоттың не басқа күштердің әсерінен ортасынан қаққа айырылуы, болмаса жаңқағ айналуы – беріктіктің белгісі.
Ағаштың қаттылығы, шыдамдылығы, сынып жарылуы бір-бірімен тығыз байланысты, бірінен-бірін ажыратып бөліп қарау өте қиын, не ескермеу өте қате. Қаттылық пен беріктік өзара тығыз байланысты. Ағаш неғұрлым кепкен сайын соғұрлым қата, беріктене түседі. Қаттылық пен беріктік үш топқа бөлінеді.
Жұмсақ ағаштардың беріктігі, қаттылығы аз / 540 кг/м3 /. Олар қарағай, шырша, көктерек, тал, қара терек, балқарағай, жөке.
Беріктігі, қаттылығы орташа ағаштар / 550-740 кг/м3 /. Олар балқарағай, қайың, шегіршін, алмұрт, шаған, алма, емен.
Өте берік, қатты ағаштар / 750 кг/м3 /. Олар аққарағай, акация, самшит, қызыл, граб.
Ағаштан басқа да механикалық қасиеттерді байқауға болады. Мысалы оның иілгіштігі, морт сынуы сияқты. Олар жас шілікке, талға, қайыңға, терекке тән.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 34 дәріс
Тақырып: Ағаштың химиялық қасиеті.
Дәрістің мазмұны:
Ағаштың химиялық қасиеттерін анықтау.
Мақсаты: Химиялық қасиеттер туралы түсінік беру.
Ағаштың химиялық қасиеті.
Ағаш бірнеше органикалық заттардан: көмір қышқылынан, сутегі, оттегі және белгілі бір мөлшердегі азот қышқылынан тұрады. Қақырап кеткен ағаштың құрамында 49,5% көмір қышқылы, 44,2% оттегі мен азот және 6,3% су болады. Ағаштағы азот қышқылы 0,12% ғана. Ағаштың құрамында органикалық заттардан басқа жонғанда күлге айналатын минералды заттар да бар, олардың құрамы 0,2 – 0,7% аралығында күлдің құрамында тұз қышқылы, кальций, натрий, магний бар. Олар күрделі бейорганикалық заттар. Қақырап кепкен түріне байланысты әртүрлі болады. Жалпақ жапырақты ағашта 46-48% целлюлоза, 19-28% магний, 26 –35% гелицеллюлоза, 23 –29% пентазон және 3 –6% гексозон болады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 35 дәріс
Тақырып: Ағаш кептіру түрлері
Дәрістің мазмұны:
Атмосферада табиғи кептіру.
Кептіру әдістері
Мақсаты: Кептірудің маңызы
Адам ежелден-ақ ағаш кептіруде түрлі әдісті қолданған. Мысалы, қазақтар жаңа кесілген ағаштың қабығын аршып, ауа өтетіндей дәрежеде сиырдың жапасын жағып, көлеңке жерде бірнеше ай ұстаған, ал кейбір шеберлер күлдің астында сақтаған.кең тараған тәсіл – жаңа кесілген су ағаштан бұйымды барынша болжамға келтіріп, өңдеп, оны 2-3 сағат суға салып қайнатқан. Сөйтіп ағаштың бойындағы химиялық заттардың бәріне сыртқа шығарған. Кейбіреулер суға ас тұзын қосады.бұл тәсіл қазір де қолданылады. Өндірістік саланың дамуына байланысты қазіргі кезде ағаш арнаулы камераның күшімен белгілі бір темпиратурада кептіреді. Кептірудің бірнеше түрі бар. Олар: атмосфералық, камералық, радиациялық, беттестіру арқылы, жоғары ток өрісі арқылы және балқытылған ортада кептіру.
Атмосферада табиғи кептіру
Ағашты ашық ауада, күннің көзі мен жауын-шашын тимейтін жерде немесе арнаулы бөлмеде табиғи самал жел арқылы кептіреді. Бірақ, бұл тәсілді қысты күні ашық ауада қолданбайды. Ағаштың ылғалдылығы ауаның ылғалдылығымен сәйкес (18-22) болады.ағаштардың кебу жылдамдығы ауа өткізгіштігіне байланысты. Атмосфералық кебу уақыты ағаштың жуандығына, жыл мерзіміне қарай 8 тәуліктен 70 тәулікке дейін созылады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 36 дәріс
Тақырып: Ағаш кептіру түрлері
Дәрістің мазмұны:
Камерада кептіру
Беттестіру арқылы кептіру.
Балқытылған ортада кептіру.
Мақсаты: Ағаш кептіру түрлерін меңгеру.
Камерада қолдан кептіру
Бұл әдіс арнаулы кептіру камераларында өтеді. Кептіру камерасы деп – ағашқа конвенциялы жылу беру арқылы (ауамен, бумен, газбен т.б.) өтетін ортаны айтамыз. Камерада кептіру атмосфералық кептіруге қарағанда өте жылдам және нәтижесі де жақсы, яғни бнлгілі бір ылғалдылықты сақтайды. Бұл камерада ауаның айналымы табиғи емес, желдеткіш арқылы жасанды түрде өтеді. Бірақ ондай камералардың өзіндік ауа айналымы болатынарнаулы бөлмелері де бар. Кептіру жүйелерін желдің айналымы арқылы, бу арқылы ылғалды ауамен және қыздырылған бумен, газбен жұмыс істейтін калориферлі камералар деп екіге бөледі. Оның ішінде олар белгілі бір уақыт жұмыс істейтіндер және үнемі жұмыс істеп тұратындар деп аталады. Біріншісінде ағаштар түгел қойылады да, бірқалыпты кеуіп шығады. Ал екіншісінде шетінен қойылып конвейер арқылы кебеді. Бірқалыпты ауа қозғалысымен кептіретін камералардың схемасы қарапайым. Жаңа кірген таза ауа калиориферден қызып шығып, штабельдерден өтеді де, ағаш құрамындағыылғалды буландырады. Сөйтіп, қатардан шыққан ауаны атмосфераға айдайды. Ал, қалған айналымдағы ауа таза ауамен қосылып, өзінің белгілі темпиратурасына жеткен соң, қайтадан қатаарға жіберіледі.
Беттестіру арқылы кептіру
Бұл – негізінен жұқа тілінген ағаштарды кептіруге арналған технология. Арнаулы қыздыру спиральдары бар, 150С-қа дейінгі ыстық темпиратурада ұстайтын кептіргіш арасында ұшқат, шпондарды салып кептіреді. Кептіру ұзақтығы бірнеше минут. Бұл әдістің осал жағы: мерзімінен артық ұстаса, ыстық темпиратура ағашты қарайтып жібереді де, ағаштың бойында белгілі ток күштері пайда болады. Сондықтан оны қайтадан буландыыру камерасына жіберуге тура келеді.
Ток өрісі арқылы кептіру
Ағаштың ток өткізу қабілеті нашарболғандықтан, жоғары ток күші тез қызып, оның бойындағы ылғалды буландырады. Бұған уақыт аз кетеді. Аталмыш әдіс өндірісте жоғары бағааланады.
Балқытылған ортада кептіру
Арнаулы контейнерге реттеліп жиналған ағашқа алдын-ала балқытылған аралас ерітіндіні (май, күкірт, петралитум) құйып, темпиратурасы 120-140С ыстық контейнерге жібереді. Сол жерде ағаштың бойындағыылғал буланып шыға бастайды. Кептіру 8-20 сағатқа созылады. Бұл әдіспен кептірілген ағаш нашар өңделеді. Әрі оның желімделуі де нашар болады.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 37 дәріс
Тақырып: Құрастырып бекіту түрлері.
Дәрістің мазмұны:
Ағашты бекіту туралы түсінік
Ағашты құрастырып-бекіту түрлері
Ағашты құрастырып бекітудің негізгі мақсаттары.
Мақсаты: Ағашты құрастырып - бекітудің маңызын анықтау.
Құрастырып - бекітудің түрлері
Ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі саласындағы жұмыстарды атқару барысында бөлшектерді топтастыру, құрастыру, ұластыру және бұрыштарды байланыстыру сияқты шараларды жүзеге асыруға тура келеді.
Топтастыру дегеніміз кеспелтек ағаштар мен тақтайларды қалқан түрінде құрастырып – бекіту, басқаша айтқанда, оларды ені бойынша құрастырып – бекіту болып шығады. Қалқанды құрастыратын тақталар мен кеспелтек ағаштарды бірігетін бөліктер деп атайды.
Топтастыру тегістеп сүргілеу, ширек бөлік, білте тақтайша, қиыстыру ойықтары, тікбұрышты тарақша және «қарлығаштың құйрығы» түрінде жүзеге асырылады.
Топтастыруға кірісер алдында негізгі ережені ұдайы есте ұстаған жөн: кептіру кезінде қалқанның жиектері қисайып кетпейтін болуы тиіс, бірігетін бөліктерді таңдағанда, құрастырып – бекітілетін ағаш бөлшектерінің шеткі жиектері бірыңғай келіп, жаспарлас үстіңгі беттері ауысып келіп отыратын болуы тиіс. Басқаша айтқанда, егер шеткі жиектер негізгі өзекті ағаштан болса, оған құрастырып – бекітілетін шеткі жиектер де тап сондай ағаштан болуы шарт; егер бір тақтаның шеткі жиегі ағаштың шел қабығынан болса, онда оған құрастырылып – бекітілетін тақтаның шеткі жиектері де тап сондай болуы керек.
Әдебиет. С. Қасимов “Қазақ халқының қолөнері” Алматы “Қазақстан” 1969 ж.Нәсібаев А. “Ағаш ою” Алматы “Өнер” 1994ж.
№ 38 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |