"Банк-клиент" АЖО - "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның (бұдан əрі-
Орталық депозитарий) ағымдағы шот шартының аясындағы депонентпен өзара іс-əрекет
жасауға арналған депоненттің қашықтан басқарылатын автоматтандырылған жұмыс орны.
"Банк-клиент" АЖО функциялары:
- Орталық депозитарийде банктік шоттардан ақшаны шығынға жазуға төлем
тапсырмаларын қалыптастыру;
- Орталық депозитарийде банктік шоттардан ақшаны шығынға жазуға валюталық
аударымдарды жасау;
- Орталық депозитарийде кейіннен жөнелту үшін құрылған құжаттарды тексеру;
- мүдделі пайдаланушыға күні мен уақытын көрсетіп шоттарының жай-күйі туралы
сұратуларды жасау;
- төлем тапсырмаларының мұрағатын сақтау, шоттар бойынша операциялар мен
үзінді жазбалардың есептері;
- мұрағаттағы құжаттарды жəне оның мөрін қарау;
- Орталық депозитариймен электронды хаттарымен алмасу;
- Орталық депозитарийде ашылған банктік шоттарының ағымдағы жағдайын
көрсету;
Орталық депозитариймен депоненттің өзара іс-əрекеті электрондық құжат айналымы
арқылы жүргізіледі. Орталық депозитарийдегі электрондық құжат айналымы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкаралық есептеулерінің қазақстандық
орталығы» РМК ұсынатын ФАСТИ-2 ақпаратты тасымалдаудың қаржылық
автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. ФАСТИ-2 туралы толық
ақпарат «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкаралық есептеулерінің
қазақстандық орталығы» РМК-нің http:/www.kisc.kz/fasti2/index.html сайтында
орналастырылды.
Электрондық құжат алмасу "Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба
туралы
" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 07 қаңтардағы № 370-ІІ Заңына
сəйкес жүзеге асырылады.
"Банк-клиент" АЖО пайдалану үшін депонентке мыналар қажет:
- ФАСТИ-2 қосылу. ФАСТИ-2 қосылу ресімі туралы толық ақпарат мына адресте
http:// www.kisc.kz/fasti2/migration.html орналастырылды.
- "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ əзірлеген бағдарламалық қамтамасыз
етуді пайдалану жəне ілеспе қызмет көрсету құқығын беру үшін "Бағалы қағаздар
орталық депозитарийі" АҚ-мен шарт жасасуға өтінішті беру. "Бағалы қағаздар
орталық депозитарийі" АҚ əзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану
жəне оған ілеспе қызмет көрсету құқығына шарт жасасуға өтініш мына адрес
бойынша орналастырылды: http:
www.kасd/kz/ru/mormative /
base/other internal
documents/actual.
-
- "Банк-клиент" АЖО орнату.
- "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ əзірлеген бағдарламалық қамтамасыз
етуді пайдалану жəне оған ілеспе қызмет көрсету құқығын беру үшін шартты
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-мен жасасуға өтінішті толтыру
мəселелері бойынша Орталық депозитарийдің Заң бөліміне мына 266-95-15
телефоны, ішкі нөмір 128, 106 немесе urist@csdks электрондық почтаcына
хабарласуыңызға болады.
"Депонент" АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату мəселелері бойынша Орталық
депозитарийдің Ақпараттық жүйелерді əзірлеу бөліміне мына 266-95-14 телефоны, ішкі
нөмір 151, 105 немесе support@csd электрондық почтаcына хабарласуыңызға болады.