сыныпқа беріліп, ондағы мәліметтермен, яғни жүргізілген
жұмыстың мазмұны және әдістері мен келесі сынып
жетекшісі танысады, өзінің істейтін жұмысының мақсатын,
бағытын анықтайды.
Үшіншіден, тәрбиесі қиын жеткіншек жастағы
балаларды әртүрлі жұмыстарға, жиналыстарға, түрлі
жарыстарға,
кештерге
өздігімен
іс-әрекетіне
белсенділікпен қатыстырады.
Төртіншіден,
мұғалімдерді
педагогикалық-
психологиялық біліммен қаруландыру үшін кейбір
мектептерде тұрақты семинарлар жұмыс істейді, оларға
тікелей көмектеседі.
Сонымен, әртүрлі жұмыстар тәрбиесі қиын балалардың
бірігіп, топтасуына және тәрбиеші мен тәрбиеленушілер
арасындағы өзара қатынастың жақсаруына мүмкіндік
туғызады.Қазіргі педагогика ілімінің ең күрделі
мәселелерінің бірі – жеткіншектер арасындағы тәртіп
бұзушылық пен қылмыс жасаушылық.
Қоғамға жат осындай қылықтар кейінгі 20-25 жыл
аралығында психологтар мен тәрбиеші-педагогтардың
зерттеулерінің негізгі объектісі болып отыр. Мысалы,
американдық психолог Сирил Берд «Жасы толмаған заң
бұзушы» атты монографиясында тәртіп бұзушыларды үш
топқа бөлді:
1)
Кемістер (дефективные);
2)
Ақыл-есі кемістер, жарым естілер;
3)
Әлеуметтік тәрбиеден тыс, өз бетімен
кеткендер.
Американдық заңгер А.Бэндура барлық жас заң
бұзушыларды негізгі екі түрге жатқызады:
1) Әлеуметтік ортаға бағынбайтын, қастандық
жасауға бейім жеке жүретін жасөспірімдер.
2) Топтасып қылмыс жасауға бейім тұратындар.
Қазіргі «тәрбиесі қиын» балаларды зерттеуші АҚШ,
Англия, Германия педагогтары «қылмыскер балалардың
келешегіне тұтқа болатын факторлар, алдымен
психобиалогиялық қалып, ал әлеуметтік жағдай екінші
орында» деген тоқтамға келіп отыр.
Сондай-ақ, оқушыларға адамгершілік құндылықтарды
игеру арқылы сындарлы тәрбие беру психологиялық,
педагогикалық
және
әлеуметтік
қалыптасу
компоненттерін қамтитын белсенді прцесс. Ол процесс,
жеткіншек ұрпақтың бойына сапалы адамгершілік қадір-
қасиеттерді сіңіруге бағытталған тәрбиелік іс-әрекеттер
барысында, олардың бойында қоршаған орта ықпалы мен
көрініс табатын жағымсыз, яғни девианттық мінез-
құлықтан арылуды және оның қалыптасу себеп-салдарын
анықтап алуды да талап етеді. Педагогикалық,
социалогиялық сөздіктерде бұл ұғымды былай түсіндіреді.
Девианттық мінез-құлық – бұл «балалар мен
жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын
қолдануға әкеліп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі
жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан
немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі
кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық
жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға
қауіпті әрекеттер жасауы.
Демек, жасөспірімдердің бойын ауытқымалы (яғни
девянттық) мінез-құлық нышандарынан арылту арқылы,
олардың бойына қоғамымызда қабылданып, орнығып келе
жатқан рухани жаңа құндылықтың бағдарларды, соның
ішінде, әсіресе ең алдымен, ұлтжандылықты,
азаматтылықты, жоғары моральдық және адамгершілік
қадір-қасиеттер мен мұраттарды, өзге ұлт өкілдеріне
деген құрмет пен силастықты, қоғамдық тәртіп ережелері
мен құқықтық нормалардың талаптарын мүлтіксіз
орындаушылықты қалыптастыру орта мектептердегі оқу-
тәрбие процесстерінің негізгі міндеттерінің бірі саналады.
Себебі, қазіргі өтпелі кезеңде қоғам өмірінің кейбір
жақтарын қамтыпотырған әлеуметтік дағдарыс (күн көріс
көзінен айырылып, жұмыссыз жүрген сөйтіп кедейленуге
ұшыраған бұқара көпшілік), жастар бойында (оның ішінде
мектеп оқушылары да бар) маральдық тұрғыдан терең
күйзеліс сезімін тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші
күшке айналып барады.
Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп
бұзушылық, құмар ойындармен әуестенушілік,
нашақогрлық,
ұрлық
жасаушылық,
ішімдікке
салынушылық пен жезөкшелік кең етек алуда.
Жасаөспірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал.
Үлкендердің айтуынан іс-әрекеттін, ақпарат құралдардан
(теледидар, түрлі-түсті би ресми журналдар, т.б.)
көргендерінің бәрін тез қабылдайды, шындық көреді.
Міне, сондықтанда лас ақпарат көздерінен
телехабарларда үнемі беріліп тұратын қылмыс хроникасы,
жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне, жан
дүниесіне қатыгездік пен жүгенсіздік ұрығын себуде,
социолг Э.Дюргеймнің сөзімен айтқанда, «тобырлық
тұрпайылылыққа» айналдыруда.
Сонымен қатар, қазіргі таңда қару-жарақ саудасы мен
наркобизнеспен айналысу – нағыз заңсыз ақша табудың
көзіне айналып баражатқандығы ешкімге құпия сыр емес.
Ең өкініштісі, қазіргі таңда Қазақстанның оң түстігінде
апин шегушілер мен қолданушылардың өз істеріне мектеп
жасындағы балаларды тартуы, пайдалануы жиі көрініс
беруі. Бұзақылық жасап, жауапқа тартылған көптеген
жастардың күнделікті өмірде мағыналы, нақтылы
бағыттары жоқ. Олардың ішінде өздері күнде бейне
филімдерді көріп жүрген батыстың «сұлу өміріне»
еліктеушілер көп сондықтан да, бұлар олардың өмірге
деген құштарлықтары осы залалды әдет арқылы
қалыптасуда. Әрі көше сомдаған «сәнді өмірден»
қалмауға тырысып бағуда. Сондай-ақ, оқушы жастар
тарапынан жасалып жатқан қылмыстық әрекеттердің ішкі
түрткілік механизм анықтау мақсатында арнайы
сауалнамалық зерттеу жүргізілді. Сауалнама сұрақтары
жасөспірімдер көп жүретін дискотека, клубтар, кафе-
барларда таратылады. Сауалнама сұрақтарына жауап
бергендерінің 39%-ті кез келген қылмыстық істі жасауға
дайын екендіктерін білдірсе, 21%-ті ондай қылықтардан
бас тарту керек деп есептейді, ал қалған 35%-ті
қылмыстық әрекеттерге бармауға тырысады.
Сауалнама сұрақтарына қайтарылған жауаптардан
байқап отырғанымыздай көбінесе ішімдік ішуге немесе
есірткі шегуге үйір жасөспірімдер қылмыс жасауға бір
табан болсада жақын тұрады. Жасөспірімдер арасында
орныққан келесі бір маңызды фактор-олардың өз құрбы-
құрдастары арасында зорлық-зомбылық жасауға әзір
тұратындықтары. Сауалнама сұрақтарына жауап
бергендерінің 33 %-нің пікіріне қарағанда қазіргі кезде
күш көрсетпей еш нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес болса,
сұралғандардың 14%-ті адамгершілік жасауды әлсіздік
белгісі деп санайды.
Жасаған қылмыстарына орай қылмыстық жауапқа
тартылған жасөспірімдердің жас ерекшеліктері
төмендегңдей болып келеді: 14жастағылар-11%,
15жастағылар-7%, 16-17аралығындағылар 42%, көбіне
көп 14 жасар балаларқылмыстық істерді топтасып
жасайды. Жалпы 2-3 балалардан құралған топтар
қалаларда - 33%-ті құраса, 4баладан құралған топтар -
12%, басқа топтар 6 немесе бданда көп балалардан
Достарыңызбен бөлісу: |