Бағдарламасы Редакция №3



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
Дата18.01.2020
өлшемі0,61 Mb.
#27078
түріБағдарламасы


 

«Қазақстан инновациялық университеті» мекемесі  

 1 деңгейлі МСЖ құжат 

Құжаттандыру шарасы 

 

92.07-18.11.2013 



5В011700  - Қазақ тілі мен 

әдебиеті мамандығы  

студенттері үшін модульдік 

білім беру 

 бағдарламасы 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

5В011700  - ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МАМАНДЫҒЫ  



СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ 

 БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

СЕМЕЙ, 2017 



92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 2-шісі 



 

 

1. ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН 



Құрастырған: Ошан Г.А. ҚИУ «Тарих және этносаясат» кафедрасының аға оқытушысы, магистр  

 

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ 



ҚИУ «Тарих және этносаясат» кафедрасының отырысында талқыланды.  

 

Хаттама №1 «___26___»  ____08____ 2017 ж 



 

Кафедра меңгерушісі ___________ Абенова Г.А.       

                                                        

3.БЕКІТІЛДІ 

ҚИУ Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында бекітілді және баспаға ұсынылды  

 

Хаттама №_1 «___28___»  ____08____ 2017  ж. 



 

 

ОӘК төрайымы, СДжәнеОӘЖ жөніндегі проректор____________ Комбарова А.М.  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 3-шісі 



 

МАЗМҰНЫ 

Білім беру бағдарламасының деңгейі. Білім беру бағдарламасын жасауға 



түсінік хат.  

1.1 



Нормативті құжаттар 

1.2 



Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар 



Білім беру бағдарламасының төлқұжаты  

2.1 



Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттер  

2.1.1  Білім беру бағдарламасының еңбек сыйымдылығы мен меңгеру мерзімі  



2.1.2  Біліктілік пен лауазымдар тізімі  

2.1.3  Талапкерге қойылатын талаптар 



2.2 


Білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызметі  

2.2.1  Кәсіби қызмет ету саласы  



2.2.2  Кәсіби қызметінің объектілері мен нысаны  

2.2.3  Кәсіби қызмет түрлері  



2.2.4  Кәсіби қызметтің мәселелері  



Оқытудың күтілетін нәтижелеріне қойылатын талаптар  



3.1 


Оқытудың нәтижелері  

3.2 



Түлек құзіреттілігі  



Оқыту нәтижесін бағалау саясаты   

10 


4.1 

Үлгерімді ағымдық бақылау және аралық аттестациялау  

11 

4.2 


Қорытынды аттестация 

13 


Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру кезіндегі білім беру үрдісін 

ұйымдастыру  

13 


5.1 

Таңдау пәндері компоненттерінің каталогы  

13 

5.2 


Модульдік форматтағы оқу жоспарының құрылымы  

14 


5.3 

Кәсіби практика 

14 

5.4 


Пәндердің оқу бағдарламасы  

14 


5.5 

Модульдің сипаттамасы  

14 



Білім беру бағдарламасын ресурстық қамтамасыздандыру  



14 

6.1 


Интеллектуалдық қорлар  

14 


6.2 

Материалдық қорлар  

15 

6.3 


Білім беру қорлары 

15 


Білім беру бағдарламасын жаңалау  

16 



Білім беру бағдарламасы модульдері аясында меңгерілген кредит көлемі 



сипатталған жиынтықты кесте  

16 


 

 

 



 

 

 



 

 

 




92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 4-шісі 



 

1 Білім беру бағдарламасының деңгейі. Білім беру бағдарламасын жасауға түсінік хат. 

 

Модульдік  білім  беру  бағдарламасы    5В011700  -  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы 



бойынша  бакалавр  академиялық  дәрежесін  алу  үшін  қажетті  құзыреттіліктерді  меңгеруге 

бағытталған  және  барлық  оқу  кезеңдеріне  арналған  оқу  модульдерінің  бірігуі  нәтижесінде 

құрастырылған.  

Білім беру  бағдарламасы оқу үрдісінің мақсатын, міндеті мен қорытындыларын, күтілетін 

нәтижелер  мен  білім  алу  шартын,  әдіснамаларын  реттейді.    Нақты  бағыт  бойынша  түлек 

даярлаудың  сапасын  бағалау,  оқытудың  нәтижесі  мен  алынатын  құзыреттіліктер,  студенттердің 

білімін  бағалаудың  жүйесін,  оқу  үрдісін  ұйымдастыруды,  студенттердің  сапалы  білім  алуын 

қамтамасыз ету жағы да білім беру бағдарламасының мазмұны болып табылады.   

Білім  беру  бағдарламасының  мазмұны  модульдік  қалыптағы  оқу  жоспары  арқылы  жүзеге 

асады,  мәселен  бірінші  деңгейде  үш  пәндер  циклы  қарастырылған:  жалпы  білім  беру  циклы, 

базалық  пәндер  циклы  және  кәсіби  пәндер,  сонымен  қатар  білім  берудің  қосымша  түрлері  (кәсіби 

практика, дене тәрбиесі және т.б.) мен қорытынды аттестация.  

 

Цикл атауы 



Міндетті компонентті пәндердің  

кредит көлемі  

Жалпы білім беру циклы  

28 


Базалық пәндер циклы  

69 


Кәсіби пәндер 

32 


 

Элективті  пәндер  пәндерді  оқытудың  логикалық  жүйелілігін  сақтай  отыра  курстар  мен 

семестрлерге бөлінген.  

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша студенттерді даярлау оқу үрдісінің 

аяқталғандығының  негізгі  критерийі  болып  білім  алушының  129  кредиттен  кем  емес  теориялық 

білім алуы, сондай-ақ 6 кредиттен кем емес практика мен 2 кредиттен кем емес диплом жұмысын 

даярлау, жазу және қорғау, 1 кредиттен кем емес мамандық бойынша мемлекеттік емтихандарды 

тапсыруы жатады.  

 

1.1 Нормативтік құжаттар 

 

Білім беру бағдарламасы келесі нормативті құжаттар негізінде жасалынды:  



 

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдедегі №319-III ЗРК «Білім туралы» Заңы 

(2011 жылдың 24 қазанына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген күйінде); 

Сәйкесінше  түрдегі  білім  беру  ұйымдарының  қызметі  типтік  ережелері  (Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 17 мамырынан №499 Қаулысы);  

Жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттары  (Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 13 мамыр №292 Қаулысы); 

Жоғары  және  жоғарыдан  кейінгі  білім  беру  мамандықтары  бойынша  типтік  оқу 

жоспарлары    (Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2016  жылдың  5 

шілдесінен №94 бұйрығы);   

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі (Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылдың 20 сәуірінен №152 бұйрығы); 

Практика  базасы  ретіндегі  ұйымды  анықтау  ережелері  мен  кәсіби  практиканы  өткізу  мен 

ұйымдастыру ережелері (2016 жылдың 29 қаңтардан №107 бұйрығы) 

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін өңдеу мен жасаудың ортақ ережелері (ҚИУ Президентінің 

2013 жылдың 18 қарашасынан №13 бұйрығы). 

Қазақстан  инновациялық  университетінде  білім  беру  үрдісін  модульдік  ұйымдастыру 

туралы ереже (Ғылыми Кеңестің 2014 жылдың 31 қазанынан №3 хаттамасы). 

 

 

1.2 Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар 




92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 5-шісі 



 

 

Бакалавриат  –  4  жылдан  кем  емес  нормативті  оқу  мерзімімен  «бакалавр»  академиялық 

дәрежесі  берілетін  мамандарды  даярлауға  бағытталатын  жоғары  білімнің  кәсіби  білім  беру 

бағдарламасы.  

Дескрипторлар – білім алушылардың жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің әр деңгейінің 

(сатысы)  білім  бағдарламасын  аяқтағанда  ие  болатын  білім,  білік,  дағды  және  құзыреттерінің 

көлемі  мен  деңгейінің  сипаттамасы.  Дескрипторлар  білім  нәтижелеріне,  қалыптасқан 

құзыреттерге, сондай-ақ, ECTS (сынақтық бірлік) кредиттерінің жалпы санына негізделеді. 

Диплом  жұмысы  (жоба)  –  тиісті  ғылым  саласының  нақты  мамандығының  өзекті 

мәселелерін студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын ғылыми 

зерттеу элементтері бар жұмыс. 

Жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – типтік оқу жоспары және элективті пәндер каталогы негізінде 

эдвайзердің көмегімен білім алушының әр оқу жылына өз бетінше жасайтын оқу жоспары. 

Жоғары  арнаулы  білім  (ЖАБ)  –  нақты  мамандық  бойынша  біліктілік  берілетін  4  жылдан 

кем  емес  нормативті  оқу  мерзімімен  мамандар  даярлауға  бағытталған  жоғары  білімнің  кәсіби 

білім беру бағдарламалары. 

Құзыреттер – білім алушылардың оқыту процесі кезінде алған білімін, білігі және дағдысын 

кәсіби қызметте қолдана алу қабілеті. 

Таңдау  бойынша  компонент  –  жоғары  оқу  орны  ұсынатын,  студенттер  кез  келген 

академиялық  мерзімде  олардың  пререквизиттерін  есепке  ала  отырып  таңдайтын  оқу  пәндерінің 

және кредиттер немесе академиялық сағаттардың тиісті минималды көлемі. 

Оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) – мамандықтың типтік оқу жоспары және білім алушылардың 

жеке  оқу  жоспары  негізінде  білім  беру  ұйымы  өз  бетінше  жасайтын  оқу  құжаты.  Оқу  жұмыс 

жоспарында  міндеті  және  таңдауы  бойынша  барлық  оқу  пәндерінің  тізімі,  әрбір  пәннің  кредит 

көлемі, оқытылу барысы, оқу дәрістерінің түрлері мен бақылау формалары анықаталады.   

Типтік  оқу  бағдарламасы  (ТОБ)  –  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты 

негізінде  жасалған,  типтік  оқу  жоспарындағы  міндетті  компонент  пәндерін  оқыту  тәртібін  және 

көлемін,  мазмұнын  анықтайтын,  меңгеруге  қажетті  негізгі  білім,  білік,  дағды  және  құзыреттер 

шеңберін көрсететін оқу құжаты. 

Типтік  оқу  жоспары  (ТОЖ)  -  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартының 

құрамдас бөлігі болып табылатын, міндетті компонент пәндерінің тізімі мен ең аз кредит көлемін 

көрсете  отырып  пәндер  циклі  бойынша  білім  бағдарламасының  құрылымы  мен  көлемін 

белгілейтін білім саласындағы өкілетті ұйым бекітетін нормативті құжат. 

Элективті  пәндер  каталогы  (ЭПК)  –  зерттеу  мақсатын,  қысқаша  мазмұнын  (негізгі 

тараулар)  және  зерттеуден  күтілетін  нәтижелерді  көрсете  отырып  пәннің  қысқаша  сипаттамасы 

берілетін таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі.  

БП – базалық пәндер 

КП – кәсіптендіру пәндері 

МББ – Модульдік білім беру бағдарламасы 

МОЖ – модульдік оқыту жоспары 

МБП – міндетті білім беру пәндері 

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы 

СОӨЖ – студенттің оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмысы. 

 

2 Білім беру бағдарламасының төлқұжаты 

 

2.1 Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттер 

 

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты:  



- ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең; 

-  жоғары  білімді  және  педагогикалық  құзіреттіңлік  шеңберінде  ақпараттық  - 

технологияларды қолдана алатын;  

- мәдениетаралық-коммуникативтік құзіреттерді меңгерген;  




92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 6-шісі 



 

- педагогика-психологиялық құзірет деңгейінде мамандығына сай біліктілікті игерген; 

-  әлемдік  деңгейдегі  ғылыми-әдістемелік  материалды  өз  тәжірибесінде  қолдана  алатын 

білік пен дағдыны тең меңгерген;  

- білім беру модульдері бойынша белгіленген бағыттарда игерген маман дайындау.  

 

5В011700  -  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығының  білім  беру  бағдарламасының 



негізгі міндеттері:  

- Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мамандарының  ғылыми-теориялық  біліктілігін  арттырудың 

жаңа инновациялық тәсілдерін пайдалану; 

- Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандарының ғылыми-теориялық біліктілігін арттыру; 

- Ақпараттық технологиялар арқылы жаңа әдістемелерді меңгерту; 

- Болашақ мамандардың педагогикалық және психологиялық құзіреттілігін дамыту; 

 

2.1.1 Білім беру бағдарламасының еңбек сыйымдылығы мен меңгеру мерзімі 

 

Күндізгі  оқу  түрі  –  орта  білім  негізінде  4  жыл,  техникалық  және  кәсіби,  орта  білімнен 



кейінгі білім беру базалары негізінде жеделдетілген уақыт ішінде оқыту қысқартылған білім беру 

бағдарламалары 3 жыл, жоғарғы білім негізінде – 2 жыл. 

Сырттай  оқу  түрі  –  техникалық  және  кәсіби,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  базалары 

негізінде  жеделдетілген  уақыт  ішінде  оқыту  қысқартылған  білім  беру  бағдарламалары  3  жыл, 

жоғарғы білім негізінде – 2,5 жыл. 

 

Бакалавр 



Жалпы еңбек сыйымдылығы 

KZ кредитімен 

ECTS бірлігімен 

Теориялық білім беру  



129 

206 

Оқытудың қосымша түрлері  

- оқу практикасы; 

- педгогикалық практика; 

- диплом алды практика; 

- қорытынды аттестация 



 









 



10 



12 

 

Білім  беру  бағдарламасының  еңбек  сыйымдылығында  студенттің  барлық  аудиториялық 

және  өздік  жұмыс  түрлерінің,  практикалар  мен  бақылау  шараларына  бөлінген  уақыт  көлемі 

барлығы ескерілген. 

 

2.1.2 Біліктілік пен лауазымдар тізімі 

 

5В011700  -  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  жоғары  білімнің  кәсіби  оқу 



бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестаттаудан таысты өткен тұлғаларға  5В011700 - Қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  «білім  бакалавры»  академиялық  дәрежесі  және  (немесе) 

біліктілік беріледі.  

Біліктілік  пен  лауазымдар  ҚР  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрінің  25 

қараша  2010  жылғы  №385-ө  бұйрығымен  бекітілген  «Басшылар,  мамандар  және  басқа 

қызметкерлер  лауазымдарының  біліктілік  анықтамалығына»  және  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрінің  2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер мен 

оларға  теңестірілген  тұлғалардың  лауазымдарының  үлгілік  біліктілік  сипаттамаларына»  сәйкес 

анықталады. 

 

2.1.3 Талапкерге қойылатын талаптар 

 

Үміткердің өзімен орта білім  (орта жалпы), техникалық және кәсіби (бастауыш және орта 



кәсіби,  ортадан  кейін)  алғандығы  жөнінде  түпнұсқа  құжаты,  БҰТ  мен  кешенді  тестілеу 

сертификаты,  сонымен  қатар  білім  беру  гранттарын  тағайындау  туралы  куәлігі  (бар  болған 




92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 7-шісі 



 

жағдайда) болуы тиіс.  

Университетке ақылы түрде оқуға пәндер баллдары қосындысы бойынша тест нәтижесінде 

50  балл  жинақтаған тұлғалар қабылданады:   мемлекеттік немесе орыс тілдерінде  (оқыту тілдері), 

Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша, соның ішінде кәсіби бағдар бойынша 7 

баллдан, өзге пәндерден –4 баллдан жинауы тиіс.  

 

2.2 Білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызметі 

 

2.2.1 Кәсіби қызмет ету саласы 



 

Білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызметі саласы болып табылады:  

-  мектептер мен орта, жалпы білім беру мекемелері; 

-  бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер; 

-  мамандандырылған мектептер; 

-  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; 

-  мұражайлар мен мәдениет орталықтары; 

-  аударма орталықтары мен тіл үйрету ұйымдары; 

-  телеарналар мен мерзімді баспасөз орындары (БАҚ); 

-  мемлекеттік немесе жеке шаруашылық жүргізу құқығындағы мекемелерде

-  әдеби кеңесші. 



 

2.2.2  Кәсіби қызметінің объектілері мен нысаны 

 

 

Бітіруші  түлек  –  білікті  әрі  білімді,  ең  алдымен  рухани  тұрғыда  кемелденген,  ұлттық  ділі 

мықты,  әлеуметтік  мәдениеті  қалыптасқан,  халық,  ұлт  алдындағы  жауапкершілік  сезімі  жоғары 

дара тұлға. 

 

Оқу-тәрбие  үрдісіне  инновациялық  технологияны  тиімді  енгізе  алатын,  қажетті 



өзгертулерді, түзетулерді жасай алатын, өз білімін толықтырып отыратын, ұдайы ізденіс үстіндегі 

инновациялық-технологиялық іс-әрекетті меңгерген маман. 

 

Оның  сыртқы  келбеті  ұқыптылық  пен  жарасымдылықпен  сипатталады,  педагогикалық 



әдебі  жоғары,  басқаны  түсіне  біледі.  Прогрессивті  алдыңғы  қатарлы ойларды  уағыздаушы,  сыни 

ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін құрметтей біледі, ұстамды әрі салқын қанды 

ойлауға  қабілетті.  Өз  білімін  тұрақты  көтеріп  отырумен  жүйелі  айналысады,  өз  жұмысына 

рефлексия  жасауға  қабілетті.  Эрудициясы,  жалпы  мәдениеті  жоғары,  эстетикалық  талғам  және 

көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық 

ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі 

ең жақсы үлгілерді жинақтайды.  

 

Қоғамдық  өмірдегі  өзінің  азаматтық  ролін  дұрыс  түсінетін,  саяси  сауаттылығы  жоғары 



маман.  

 

2.2.3  Кәсіби қызмет түрлері 



 

5В011700 - Қазақ тілі және әдебиеті бағытындағы маман болашақта:  

-  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;  

-  ҚТОМ қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі;  

-  Қазақ – орыс, орыс-қазақ тілдерінің тікелей аудармашы;  

-  Ісқағаздарын жүргізуші; 

-  Тілші-әдебиетші ғалымы бола алады. 

-  Әдебиетші ғалым;  

Тележурналшы.



 

 

 




92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 8-шісі 



 

2.2.4  Кәсіби қызметтің мәселелері 

 

Студенттің  кәсіби  қызметі  мәселелері  жүзеге  асырылудағы  білім  беру  бағдарламасы 

бойынша әр кәсіби қызмет түрі ҚР МЖМБС пен сәйкесінше типтік оқу жоспарына сәйкес жүзеге 

асырылады.   

 

3. Оқытудың күтілетін нәтижелеріне қойылатын талаптар 

 

Оқытудың нәтижелері құзыреттер арқылы көрсетіледі және оқытудың бакалавриат деңгейі 

Дублин дескрипторлары негізінде жобаланады.  

Бакалавриат дескрипторлары мынадай қабілеттіліктерді: 

-  осы  саладағы  неғұрлым  алдыңғы  қатарлы  элементтерді  қоса  алғандағы  оқыған  саласы 

бойынша білім мен түсінігін көрсету; 

-  аталмыш білімдері мен түсінігін кәсіптік деңгейде қолдану; 

-  дәйекті тұжырымдау және оқыған саласындағы мәселелерді шешу; 

-  әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға 

қажет ақпараттарды жинау және баға беру; 

-  мамандарға,  сондай-ақ  маман  еместерге  мәселелер  мен  шешімдерді,  идеялар  мен 

ақпараттарды жеткізуді қарастырады.  

 

3.1 Оқытудың нәтижелері 

 

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім бакалаврының: 

Жалпы білімділік: 

- адамзаттың  іс-әрекетінің  алуан  түрлілігі  туралы,  рухани  құндылықтар  мен  олардың 

маңызы  жайлы,  дүниеге  деген  ғылыми,  философиялық  және  теологиялық  көзқарасы  бойынша 

түсінігі болуы; 

- қоғам  дамуы  жайлы:  мәдениет  пен  өркениеттің  алуан  түрлілігі,  әлеуметтік  тәжірибе 

түрлері, дүниежүзілік тарихи және мәдени кеңестіктегі Қазақстанның орны туралы білімді игеруі. 

 

 

Әлеуметтік-этикалық: 



- этикалық  және  рухани  құндылықтар  туралы,  әлеуметтік  тәртіпті  реттеудің  негізгі 

заңдылықтары  және  түрлері  туралы,  биліктің  және  саяси  өмірдің  мәні,  саяси  қатынастар  мен 

процестер  туралы,  қоғам  өміріндегі  саяси  жүйелердің  және  әр  түрлі  әлеуметтік  топтардың  рөлі 

туралы;  адамдардың  тәртібіндегі,  қарым-қатынасындағы  және  қызметіндегі  сана-сезімнің  рөлі, 

жеке тұлғаның қалыптасуы туралы түсінігі болуы;  

 

 



 

3.2  Түлек құзыреттілігі 

 

 



Құзыреттілік (латын тілінен аудармасы «competense» белгілі  бір сала бойынша жан-жақты 

хабардар, білгір) – ұғымы адамның мәселеден жақсы хабардарлығы, танымдар мен тәжірибелерді 

меңгеру  аумағын  білдіреді.  Белгілі  бір  сала  бойынша  құзіретті  болу  –  осы  салаға  негіздемелік 

талдау жасау және ондағы тиімді  іс-әрекет  етуге мүмкіндік беретін лайықты білім мен қабілетке 

ие болу.  

 

Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық 



өзгертулермен,  оның  ішінде  академиялық  және  еңбектегі  мобильдік  өсуімен  негізделген. 

Құзыреттіліктің  жеке  компоненттерін  анықтай  отырып,  ол  адамның  алдына  қойған  мақсаттарын 

орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды. 

 

Кәсіптік  құзыреттілікті  маманның  теориялық  білімі  мен  практикалық  тәжірибесіне  сай 



белгілі  бір  міндеттерді  орындауға  дайындығы,  яғни  жеке  тұлғаның  кәсіптік  іс-әрекетті  атқаруға 

теориялық білімі мен практикалық қабілеттерінің бірлігі негізіндегі даярлығы деп түсінеміз. 



 

 

 

Жоғарғы  оқу  орнын  бітіруші  түлектің  құзыреттілігі  құзыреттіліктің  екі  түрімен 

анықталады: жалпы құзыреттілік және кәсіби құзыреттілік 


92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 9-шісі 



 

 

 

Жалпы құзыреттілік - негізгі  құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар 



бойынан  табылу  керек  деп  қарастырылған,  себебі  құзыреттілік  маман  біліктілігінің  негізін 

құрайды. Негізгі құзыреттілік үшке бөлінеді: 

- ақпараттық құзыреттілік; 

- коммуникативтік (қатысымдық) құзыреттілік; 

- әлеуметті-құқықтық құзыреттілік. 

 

 



Ақпараттық құзыреттілік:   

 

-  мамандардың  компьютерлік  білімділігі,  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдана  алу 



(мультимедия, интерактивті тақта, электронды пошта, интернет) мүмкіндігі (АҚ1).  

- дереккөздермен жұмыс істеу дағдысы. Ақпаратты іздеп, тауып, өңдеуді білу(АҚ2).  

- әр  түрлі  дереккөзден  алынған  ақпаратты  саралап,  жинақтап,  маңыздысын  анықтап, 

қорытынды жасай білу (АҚ3). 

 

 

Коммуникативтік құзыреттілік:   



 

- бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, ашықтық (КҚ1). 

- қолдау көрсете алу, көмек беруге әзірлік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, 

дәстүрді білу (КҚ2). 

- жанжалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету(КҚ3). 

- өз  қателігін  түсіне  білу,  топпен  жұмыс  жасай  алу,  орындаушылардың  жұмысын  дұрыс 

ұйымдастыру(КҚ4). 

- басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері(КҚ5).  

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біліп, кәсіби қызметінде пайдалана алуы(КҚ6). 

 

 



Әлеуметтік-құқықтық құзыреттілік:  

- өз  елінің  азаматы  ретінде  өзінің  және  қоғам  мүшелерінің  әлеуметтік  қызметтерінің 

маңызын түсіну(ӘҚ1). 

- қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу(ӘҚ2).  

- адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану,  өзіне жауапкершілік арту 

(ӘҚ3). 


- ҚР Конституциясын және заңдарын білу(ӘҚ4).  

- өзінің құқықтарын қорғай білу(ӘҚ5).   

- басқаның құқығына қол сұқпау (ӘҚ6).  

 

 

Кәсіби құзыреттілік – тәжірибеде кәсіби  құзыреттілік бітірушінің идеялды  моделі ретінде 

көрініс  береді.  Кәсіби  құзыреттілік  деп  педагогтің  жеке  бас  сапалары  мен оның  психологиялық-

педагогикалық  және  теориялық  білімінің,  кәсіби  біліктілігі  мен  дағдысының,  тәжірибесінің  бір 

арнада  тоғысуы.  Кәсіби  құзыреттілік  жеке  тұлғаның  кәсіби  іс-әрекетті  атқаруға  теориялық, 

практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің берлігі. Кәсіби құзыреттілік 3 бөлінеді: 

- арнайы кәсіби құзыреттілік; 

- кәсіби-дидактикалық құзыреттілік; 

- педагогикалық-психологиялық құзыреттілік. 



 

Арнайы кәсіби құзыреттілік – өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және 

өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет: 

- қазақ тілінің салаларын, стильдік тармақтарын терең білу(АК1). 

- қазақ  әдебиеттану  ғылымының  тарихын,  теориялық  негізін,  салаларын,  қазақ  әдебиетінің 

қалыптасу кезеңдерін терең білу(АК2). 

- осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу(АК3). 

- дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу(АК4). 

- әлеуметтік,  этикалық  және  ғылыми  көзқарастарды  ескере  отырып,  пайымдаулар 

жасау(АК5). 




92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 10-шісі 



 

- қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру(АК6). 

- қазақ тіл білімінің тарихын, теориялық негізін меңгеру(АК7). 

 

 

Педагогикалық-психологиялық 



құзыреттілік 

 

педагогикалық 

және 

әлеуметтік 



психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. 

- білім  беру  мен  тәрбиелеудің  психологиялық  заңдылықтарын  оқитындардың  жас  шамасын 

және даралық ерекшеліктерін ескеру(ПП1).  

- педагогикалық психология саласындағы зерттеулер негізінде білім беру(ПП2). 

-  тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсіне білу(ПП3).   

- оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтай білу(ПП4).   

- оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқару(ПП5). 

- тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін білім беру(ПП6).   

- тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеу(ПП7).   

- оқушылар  ұжымындағы  өзара  қатынастармен,  олардың  психологиялық  даралық 

ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіру(ПП8).   

 

Кәсіби-дидактикалық құзыреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. Дидактикалық 

дайындық  -  кәсіби-педагогикалық  даярлықтың  негізгі  және  маңызды  саласы.  Бітіруші  түлектің 

дидактикалық даярлығына жататындар: 

- оқыту үдерісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері(КД1). 

- педагогикалық қызметке деген ынтасы (мотивтері) (КД2). 

- педагогикалық қызметке деген мүмкіндіктері(КД3). 

- оқытудың мақсаты мен мазмұны(КД4). 

- оны ұйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете білу(КД5). 

- іске асырудың жолдарын меңгеру(КД6). 

- оқыту үрдісін жоспарлай білуі(КД7). 

- оқытудың заманауи әдіснамаларын меңгеріп, іс жүзінде қолдануға қабілетті(КД8). 

- аралас сабақтар мен үш тұғырлы тілде сабақ беру(КД9). 

- инновациялық технологиялардың оңтайлысын еркін қолдана білу(КД10). 

- оқу үрдісін мақсатты түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы(КД11). 

- инновациялық іс-әрекеттерді ұйымдастыру(КД12).  

- инновациялық іс-әрекеттерді жүзеге асыру(КД13).  

- қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақ  түріне  қарай  инновациялық  технологиялардың  ең  тиімдісін 

таңдау(КД14).  

- инновациялық  білім  беру  технологияларын  мектеп,  сынып,  жеке  оқушы  жағдайына 

сәйкестендіру(КД15).  

-  жаңалық іздестіру дағдысын қалыптастыру(КД16). 

- педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алады(КД17). 

- педагогикалық өзгерістерге тез төселе алады(КД18). 

- жаңа ойлау жүйесін меңгерген(КД19). 

- оқушылармен ортақ тіл табыса алу қабілеті(КД20). 

- Дидактикалық белсенді әдістерді пайдалану(КД21). 

 

4 Оқыту нәтижесін бағалау саясаты   

 

Жоғарғы  білім  берудің  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына,  жоғары 



және жоғары білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру типтік ережелеріне, студенттердің 

аралық және қорытынды аттестациясы, ағымдық бақылау үлгерімі типтік  ережелеріне, оқытудың 

кредиттік  технологиясы  ережелеріне    сәйкес  студенттің  барлық  жетістіктері  мен  үлгерімдері 

білімді бағалаудың баллдық-рейтингілік әріптік бағалау жүйесімен бағаланады.   

Университет  студенттерінің  оқу  жетістіктерін  тексеру  ағымдық  бақылау  жұмысын 

жүргізуді,  аралық  бақылау  мен  аралық  аттестациялауды  (қорытынды  бақылау)  және  қорытынды 

аттестацияны қамтиды.   



92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 11-шісі 



 

Студенттердің білімін бағалау келесі тәртіптерді сақтау барысында жүзеге асады:   

-  оқу  үрдісі  көлемінің  мазмұндық  толықтығы,  яғни оқу  үрдісін  жоспарлы  түрде  жүргізуге 

сәйкес, білім беру  бағдарламаларының негізгі  материалдары негізінде жасалынған және бақылау 

жұмыстары оқытылатын пән бағдарламасына кіретін барлық тақырыптарды қамтуы тиіс;  

-  жиілік  –  бақылау  шаралары  академиялық  кезеңнің  апталарына  сәйкес  таратылған  болуы 

керек;   

- объективтілік – бақылау тапсырмаларын бағалау критерийлерін жасау.  

 

4.1 Үлгерімді ағымдық бақылау және аралық аттестациялау 

 

Білім  беру  бағдарламасы  бойынша  студенттердің  оқу  үлгерімін  аралық  және  межелік 



бақылау мен аттестациялауды нормативті-әдістемелік қамтамасыздандыру білім беру саласындағы 

нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асады.   

Үлгерімді  ағымдық  бақылау  оқу  пәнінің  әр  тақырыбы  бойынша  жүргізіледі  және 

аудиториялық және аудиториядан тыс білімдерін қадағалауды қоса қарастырады.  

Оқу  пәні  аясында  аралық  бақылау  бір  академиялық  кезең  ішінде  екі  рет  өткізіледі,  яғни 

пәнге бөлінген кредит көлеміне қарамастан 8-ші  (АБ1) және 14-ші (АБ2) апталарда жүргізіледі. 

Студенттердің  аралық  бақылауы  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты 

негізінде  жасалынған  оқу  жұмыс  жоспарына,  академиялық  күнтізбе  мен  оқу  бағдарламаларына 

сәйкес жүзеге асырылады. Аралық аттестациялау емтихан тапсыру түрінде жүргізіледі.  

  

Білім алушының білімін бағалау критериялары (жалпылама) 

Пәннің  оқу  бағдарламасы  сәйкес  ағымдық  сабақтарда  оқытушының  жүргізіуімен  өтетін 

студенттердің  оқу  үлгерімін  ағымдық  бақылау  студенттердің  оқу  жетістіктерін  жүйелі  тексеруді 

қамтамасыз етеді.  



95-100  балл  (А)  оқу  бағдарламасы  материалдарын  терең  әрі  жүйелі,  жан  жақты  білетін, 

бағдарламамен  қарастырылған  тапсырмаларды  толықтай  өз  бетімен  орындаған,  бағдарламада 

ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді меңгерген, тәжірибелік сабақтарда белсенді жұмыс 

жасаған,  пәнді  меңгеру  бойынша  негізгі  ғылыми  концепцияларды  талдай  білетін,  оқу 

бағдарламасы  материалдарын  түсіну  мен  мазмұндауға  шығармашылық  қабілеті  мен  ғылыми 

көзқарасын  танытқан,  құнарлы  және  нақты,  терминдерді  пайдалануы  жиі,  ұсынған  материалы 

бірізді әрі логикалық жатық  жауаптарды беретін студент иеленеді.  

90-94  балл  (А-)  оқу  бағдарламасы  материалдарын  терең  әрі  жүйелі,  жан  жақты  білетін, 

бағдарламамен  қарастырылған  тапсырмаларды  толықтай  өз  бетімен  орындаған,  бағдарламада 

ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді меңгерген, тәжірибелік сабақтарда белсенді жұмыс 

жасаған,  пәнді  меңгеру  бойынша  негізгі  ғылыми  концепцияларды  талдай  білетін,  оқу 

бағдарламасы  материалдарын  түсіну  мен  мазмұндауға  шығармашылық  қабілеті  мен  ғылыми 

көзқарасын  танытқан,  құнарлы  және  нақты,  терминдерді  пайдалануы  жиі,  ұсынған  материалы 

бірізді әрі логикалық жатық  жауаптарды беретін студент иеленеді.  

85-89  балл  (В+)  оқу-бағдарламалық  материалдар  бойынша  білімі  толық,  жауап  беру 

кезінде  маңызды  қателіктерге  жол  алдырмайтын,  бағдарламалық  тапсырмаларды  өз  бетімен 

орындайтын,  бағдарламада  ұсынылған  негізгі  әдебиеттерді  меңгерген,  тәжірибелік  сабақтарда 

белсенді жұмыс жасаған, ары қарай білім алуы үшін жеткілікті пәнді меңгеру  бойынша білімнің 

жүйелі түрін көрсеткен, сонымен қатар оларды өз бетінше атқаруға қабілетті студент лайықты.  

80-84 балл (В) оқу-бағдарламалық материалдар бойынша білімі толық, жауап беру кезінде 

маңызды қателіктерге жол алдырмайтын, бағдарламалық тапсырмаларды өз бетімен орындайтын, 

бағдарламада ұсынылған негізгі әдебиеттерді  меңгерген,  тәжірибелік сабақтарда белсенді жұмыс 

жасаған,  ары  қарай  білім  алуы  үшін  жеткілікті  пәнді  меңгеру  бойынша  білімнің  жүйелі  түрін 

көрсеткен, сонымен қатар оларды өз бетінше атқаруға қабілетті студент лайықты.  

75-79 балл (В-) оқу-бағдарламалық материалдар бойынша білімі толық, жауап беру кезінде 

маңызды қателіктерге жол алдырмайтын, бағдарламалық тапсырмаларды өз бетімен орындайтын, 

бағдарламада ұсынылған негізгі әдебиеттерді  меңгерген,  тәжірибелік сабақтарда белсенді жұмыс 

жасаған,  ары  қарай  білім  алуы  үшін  жеткілікті  пәнді  меңгеру  бойынша  білімнің  жүйелі  түрін 




92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 12-шісі 



 

көрсеткен, сонымен қатар оларды өз бетінше атқаруға қабілетті студент лайықты.  



65-74  (С)  мамандығы  бойынша  алдағы  жұмыстарға  және  оқуға  қажетті  көлемде  оқу-

бағдарламалық  материалдар  бойынша  білімі  бар,  тәжірибелік  сабақтарда  аса  белсенділік 

танытпаған, бағдарламалық тапсырмаларды өз бетімен орындаған, негізгі әдебиеттерді меңгерген, 

бірақ  оларды  атқару  кезінде  және  емтиханда  жауап  беру  кезінде  біршама  қателіктерге  бой 

алдырған, дегенмен оларды өз бетінше түзетуге білімі жеткілікті студенттер ие болады.  

60-64 балл (С-) мамандығы бойынша алдағы жұмыстарға және оқуға қажетті көлемде оқу-

бағдарламалық  материалдар  бойынша  білімі  бар,  тәжірибелік  сабақтарда  аса  белсенділік 

танытпаған, бағдарламалық тапсырмаларды өз бетімен орындаған, негізгі әдебиеттерді меңгерген, 

бірақ  оларды  атқару  кезінде  және  емтиханда  жауап  беру  кезінде  біршама  қателіктерге  бой 

алдырған,  дегенмен  оларды  оқытушының  жетекшілігімен  түзетуге  білімі  жеткілікті  студенттер 

лайықты.  



50-59 балл (D)  мамандығы бойынша алдағы жұмыстарға және оқуға қажетті көлемде  оқу-

бағдарламалық  материалдар  бойынша  білімі  бар,  тәжірибелік  сабақтарда  аса  белсенділік 

танытпаған, бағдарламалық тапсырмаларды өз бетімен орындаған, негізгі әдебиеттерді меңгерген, 

бірақ оларды атқару кезінде және емтиханда жауап беру кезінде үлкен қателіктерге бой алдырған, 

дегенмен оларды оқытушының жетекшілігімен түзетуге білімі жеткілікті студенттер ие болады.  

0-49  балла  (F)  оқу-бағдарламалық  материалдар  бойынша  білімі  жоқ  немесе  білімі  толық 

емес,  бағдарламалық  тапсырмаларды  өз  бетімен  орындамаған,  оларды  атқару  кезінде  үлкен 

қателіктерге  бой  алдырған,  тәжірибелік,  семинар  және  зертханалық  пәндер  бойынша  қайта 

тапсыруларды  жүргізбеген,  және  сәйкесінше  пән  бойынша  қосымша  білім  алусыз  оқуды 

жалғастыра алмайтын немесе кәсіби қызмет істеуге қабілетсіз студенттер иеленеді.  

 

   Емтиханға студент аралық бақылаудан 50 % жоғары балл алған жағдайда ғана жіберіледі.   



Қорытынды бақылау емтихан түрінде өтеді, оқу пәнін аяқтағаннан кейін емтихан сессиясы 

кезінде жүргізіледі.  

Пән  бойынша  қорытынды  баға  баллдық-рейтингілік  жүйе  бойынша  анықталады,    БРЖ-ге 

сәйкес  60% рейтингілік бақылау,   40% емтихан бағасын құрайды. Студенттердің білімін бағалау 

баллдық-рейтингілік қадағалау 4 баллдық жүйемен есептелінеді (кесте 1).  

 

Таблица  1.  Төрт  баллдық  жүйе  бойынша  сандық  эквивалентке  сәйкес  студенттердің  оқу 



жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі  

 

Әріптік 



жүйеде 

бағалау 


Баллдардың сандық 

эквиваленті 

Пайыздық үлесі 

Дәстүрлі түрде бағалау 

4,0 


95-100 

Өте жақсы 

A- 

3,67 


90-94 

B+ 


3,33 

85-89 


Жақсы 

3,0 



80-84 

B- 


2,67 

75-79 


C+ 

2,33 


70-74 

Қанағаттанарлық 

2,0 


65-69 

C- 


1,67 

60-64 


D+ 

1,33 


55-59 

1,0 



50-54 



0-49 

Қанағаттанарлықсыз 

 

 

4.2 Қорытынды аттестация 

 



92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 13-шісі 



 

Оқу  жоспары  мен  оқу  бағдарламалары  барлық  талаптарын  орындаған,  кәсіби 

практикалардың барлығынан өткен студент қорытынды мемлекеттік аттестацияға жіберіледі.   

Студенттің қорытынды аттестациясы – студенттің сәйкесінше білім деңгейінің мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандартын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін шара.   

Қорытынды  аттестация  студентпен  сәйкесінше  мамандықты  меңгеруі  үрдісінде  алған 

білімі,  қабілеті,  шеберлігі  мен  құзыреттілігін  тексеруге  бағытталған.  Қорытынды  аттестация 

жалпы  мамандық  бойынша  немесе  арнайы  базалық  не  кәсіби  пәндер  бойынша  мемлекеттік 

емтиханды тапсыру мен диплом жобасын (жұмысын) қорғау түрінде жүргізіледі.    

Студенттің қорытынды аттестациясы кезіндегі баға аттестациялау комиссиясы мүшелерінің 

пікірін есепке ала отырып және бағалаудың қарастырылған баллдық-рейтингілік әріптік жүйесіне 

сәйкес қойылады.   

Диплом  жұмысын  (жобасын)  бағалау  ғылыми  жетекшісінің,  сырт  пікіршінің  және 

қорытынды жұмысты қорғауы нәтижесін ескере отырып жүргізіледі.   

Қорытынды аттестацияның әр формасы бойынша баға бағалаудың қарастырылған баллдық-

рейтингілік әріптік жүйесі бойынша жүргізіледі.   

Жоғарыда  атап  өткендей  МАК  бағдарламасы  мен  диплом  жұмысын  қорғау  бойынша 

әдістемелік нұсқаулықтар жасалынып бекітілген.  

Қорытынды  аттестация  нәтижесі  бойынша  студентке  5В011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі немесе біліктілігі беріледі.   

 

5 Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру кезіндегі білім беру үрдісін ұйымдастыру 

 

Оқу  үрдісін  ұйымдастыру  мен  мазмұны  Қазақстан  Республикасының  білім  және  ғылым 



министрлігі нормативті құжаттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру барысында 

оқу  жоспарымен,  оқу  курстарының  жұмыс  бағдарламаларымен,  практика  бағдарламаларымен, 

студенттердің  сапалы  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  материалдармен  (бақылау  жұмыстарының 

қоры),  білім  беру  технологияларының  жүзеге  асуын  қамтамасыздандыратын  әдістемелік 

материалдармен және т.б. реттеледі.  

 

5.1 Міндетті пәндер мен таңдау пәндері компоненттерінің каталогы 

 

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартының 



типтік  оқу  жоспарында  студенттерге  меңгеруге  екі  оқу  пәндері  тобы  ұсынылған.  Бірінші    – 

міндетті  оқу  тобына  жататын  пәндер,  ал  екіншісі  пәндер  тобы  студенттердің  өздерімен 

таңдалынып оқытылады.  

Пәндер  каталогын  жасау  кезінде  ҚР    Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандартының  жоғары  білім  беруге  қойылатын  талаптары  есепке  алынған.  Каталогтың  басты 

мақсаты студенттерге элективті пәндер бағдарламаларының қысқаша курстарымен танысу арқылы 

оларды таңдауға мүмкіндік береді.  

Каталог  студенттерге  таңдау  үшін  бірнеше  білім  беру  траекториясын  ұсынады.  Мәселен, 

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша, бірінші траектория – «Қазіргі қазақ тілі 

және  оқыту  әдістемесі»,  екінші  траектория  –  Қазіргі  қазақ  әдебиетінің  өзекті  мәселелері.  Бұл 

траекториялар студенттерге элективті пәндер тізбегімен қатар, мамандық аясында қосымша кәсіби 

шеберлікке  ие  болуға  мүмкіндік  беретін  пәндерді  таңдауға  мүмкіндік  береді.  Каталогқа  енген 

пәндер  мамандардың  таңдауымен,  жұмыс  берушілер  мен  еңбек  нарығының  талабына  сәйкес 

жасақталынады.    5В011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша    элективті  пәндер 

каталогы  2 қосымшада ұсынылған. 

 

 

 

5.2 Модульдік форматтағы оқу жоспарының құрылымы 

 

Оқу жоспарында білім беру бағдарламасының циклдары мен бөлімдерінің логикалық жүйелілігі 




92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 14-шісі 



 

көрінеді, ол  өз  кезегінде  құзыреттіліктерді  қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Пәндердің,  модульдердің 

жалпы еңбек сыйымдылығы, практикалардың жалпы саны есептік бірлікте, сондай-ақ олардың жалпы 

және аудиториялық еңбек сыйымдылықтары кредитте көрсетіледі. 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті 

мамандығы бойынша модульдік форматтағы оқу жоспары құрылымы 3 қосымшада көрсетілген.

 

 

5.3 Кәсіби практика 

 

ҚР  МЖМБС  сәйкес  білім  берудің  тиісті  деңгейінде  кәсіби  практика  білім  беру 



бағдарламасының  міндетті  компоненті  болып  табылады.  Кәсіби  практика  құрамына  студенттің 

кәсіби-практикалық даярлығына бағытталған оқу пәндері түрлері жатады. Практикалар студенттің 

практикалық шеберлігі мен жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілігін жиынтықты қалыптастыруға 

септігін  тигізетін  теориялық  курстар  мен  арнайы  пәндерді  меңгеру  барысында  алған  білімі  мен 

білігін бекітеді.   

Практиканың  нақтылы  түрлері  жүзеге  асырылудағы  білім  беру  бағдарламасымен  (оқу, 

педагогикалық, өндірістік, диплом алды) анықталады. Практика бойынша бағдарламалар мен есеп 

беру формалары, мақсаты мен міндеті әр практика түрі бойынша ЖОО анықталады.  

ЖОО  әр  студентті  мамандығы  бағытына  сәйкес  кәсіби  практикадан  өту  базасымен 

қамтамасыз етеді.  

Өндірістік  практика  базалары  мамандық  бағытына  сәйкес  ұйымдармен  ұжымдық 

(ұзақ мерзімді) және жеке келісімдер жасалынады:  

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы үшін – «Құрлыс колледжі» КМК, №37, №13, 

№12,  №19, №8  жалпы  білім  беру  мектептері.  Сонымен  қатар  студенттер  өз  қалаулары  бойынша 

практика базасын таңдауға құқылы. 

           Мамандық  үшін  толассыз  бағдарлама  жасалынған,  онда  практиканың  мақсаты  мен 

міндеттері,  практикалық  шеберліктері,  жалпы  және  кәсіби  құзыреттіліктері    қалыптасқан, 

сонымен қатар практика бойынша есеп беру түрлері көрсетілген. Практиканың әр түрі бойынша 

практиканы өткізу мен ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар жасалынған. 

 

5.4 Пәндердің оқу бағдарламасы 

 

Білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын әр пән бойынша, яғни міндетті компонент пен 



таңдау  компоненттері  бойынша  университетпен  бекітілген  пәндердің  оқу-әдістемелік  кешені 

жасалынған (пәндердің ПОӘК қараңыз). 

 

5.5 Модульдің сипаттамасы 

 

5В011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  модульдер  сипатталған 



формулярлар Қосымша 4 көрсетілген.   

 

6  Білім беру бағдарламасын ресурстық қамтамасыздандыру 



 

6.1 Интеллектуалдық қорлар  

 

5В011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  модульдік  білім  беру 



бағдарламасының  тиімділігін  арттыру  үшін  ЖОО-да  мамандандырылған  кәсіби  профессорлық-

оқытушылық құрамы жасақталған. ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы ҚР заңнамасындағы 

тәртіпке сәйкес конкурстық негізде алынады.  

5В011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  бітіртуші  кафедраның  кадрлық 

құрамы  білім  беру  қызметін  лицензиялау  кезінде  қойылатын  кәсіби  талаптарға  сәйкес 

жасақталған.  

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының ЖБП 

мен БП  циклдарының міндетті пәндерін  «Қазақстан тарихы және ЖБП», «Экономика, есеп және 

туризм»,  «Ақпараттық  жүйелер мен  есептеу  жүйесі»,  «Филология, педагогика және  психология» 



92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 15-шісі 



 

кафедраларының  оқытушылары  оқытады.  Ғылыми  деңгейлері  мен  атақтары  бар  штаттық 

оқытушылардың құрамы  50% кем емес.  

2014-2015  оқу  жылдары  мамандықтың  базалық  және  кәсіптендіру  пәндері  бойынша  11 

сабақ жүргізеді, олардың 8-інің ғылыми дәрежесі бар.  

Бағдарлама бойынша дәрістерді профессорлар, доценттер, аға оқытушылар оқиды, сондай-

ақ  білім  беру  мекемелерінен  білікті  өкілдер,  мамандық  саласы  бойынша  қызметте  жүрген 

мамандар келіп дәріс оқиды.  



 

6.2 Материалдық қорлар  

 

Модульді  білім  берудің  материалдық  қоры  –  бұл  білім  беру  қызмет  түрлерінің  барлығы 



бойынша ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қорлар.   

Оқу  үрдісін  сапалы  жүргізуге  ЖОО  барлық  қажетті  материалдық-техникалық  жағдайы 

жасалынған.  Материалдық-техникалық  қамсыздандыруға  оқу  үрдісіне  қажетті  қажетті  оқу  және 

қосымша  ғимараттар,  қажетті  мөлшердегі  инфрақұрылымдар,  есептеу  және  оргтехникамен  оқу 

үрдісін жабдықтау, қажетті деңгейдегі оқу материалдарымен қамтуды жатқызуымызға болады.   

Қазіргі  таңда  5В011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  білім  беру 

бағдарламасын  жүзеге  асыру  үшін  мамандықтың  МЖМС  сәйкес  біліктіліктері  мен  білімдерін 

қалыптастыруды қамтамасыздандыратын жалпы аумағы кең ғимаратты оқу-материалдық базамен 

қамтылған.   

ЖОО  оқу  үрдісін  жүзеге  асыру  үшін  модульдік  білім  беру  бағдарламасы  аясында  оқу 

аудиториялары  бар,  соның  ішінде  компьютерлік  сыныптар,  лингафон  кабинеті,  арнайы 

жабдықталған Б3, 315 дәрісханасы, мультимедиялық аудитория, оқырман залы бар кітапхана және 

өзге де көмекші бөлмелер бар. ЖОО 215 орындық асхана жұмыс жасауда, алғашқы медициналық 

көмек  көрсету  ғиараты,  спорт  залы,  жаттығу  залы  бар.  Барлық  ғимараттар  оқу  үрдісін  сапалы 

жүзеге  асыруға  қажетті  сәйкесінше  жиһазбен,  тақтамен,  оқытудың  техникалық  құралдарымен 

қамтамасыздандырылған.  

Тілдік  және  арнайы  кәсіби  пәндер  бойынша  оқу  сабақтарын  өткізу,  студенттердің  өздік 

жұмыстарын  жүргізу  үшін  лингафон  кабинеттері  мен  арнайы  аудио-жабдықталған  дәрісханалар 

бар.   

Бағдарлама  бойынша  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  үшін  және  ЖОО  оқу  сабақтарын  өткізу 



үшін  қажетті  көлемде  есептеу  техникалары  бар,  мультимедия  құралдары  белсенді  түрде  оқу 

үрдісінде қолданылады.  

5В011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 

беру стандартында қарастырылған модульдік білім беру  бағдарламасын жүзеге асыру үшін ЖОО 

оқу-зертханалық  құрал-жабдықтарымен  қамтамасыздандырылған,    әртүрлі  тапсырмаларымен 

қамтылған  (соның  ішінде  виртуалды  зертхананы  қоса  қарастырғанда),  оқу  бағдарламасының 

сәйкесінше тапсырмаларын орындауға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамсыздандыруы бар.  

ЖОО  алға  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  әртүрлі  техникалық 

қорлары бар: зертханалық құралдар, өлшем құралдары, материалдары, компьютерлік және есептеу 

техникасы,  ақпараттық  қорлар  –  кітапхана  қоры,  бағдарламалық  қамсыздандыру,  ақпараттық 

технологиялар. 

 

6.3 Білім беру қорлары  

 

5В011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 



беру стандартында қарастырылған модульдік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін ЖОО 

нормативтік талаптарға сәйкес білім беру қорларына ие.  

5В011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  оқу  әдебиеттерін,  ғылыми 

әдебиеттерді,  басты  ақпараттық  қордың  құрамдас  бөлігі  болып  табылады,  сондай-ақ  заңнамалық 

және нормативті құқықтық актілерді қоса қамтиды.  

ЖОО  Web-сайт  пен  АИС  «PLATONUS»  білім  беру  порталы  бар,  ол  өз  кезегінде 

қашықтықтан  оқытуға  мүмкіндік  береді.  Білім  беру  порталында  пәндердің  оқу-әдістемелік 



92.07-18.11.2013 

Редакция № 3 «_02_» 02   2017 ж. 

16 

беттің 16-шісі 



 

кешендері  мен  жұмыс  бағдарламалары,  университетпен  жүзеге  асырылатын  білім  беру 

бағдарламалары, электронды білім беру қорлары орналастырылған. 

ЖОО  кітапханасы  білім  берудің  әртүрлі  салалары  бойынша  кең  шеңберлі  әдебиеттер 

көлеміне  ие.  Бұл  заманауи  оқулықтар,  монографиялар,  дәрістер  мен  ғылыми  баспасөз 

материалдары.  Оқырман  залында  пайдаланушылар  анықтамалық  әдебиеттермен,  периодикалық 

баспасөзбен, сонымен қатар оқу және ғылыми әдебиеттер қорымен жұмыс жасай алады.   

5В011700  –  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығы  бойынша  студенттер  интернет  желісіне 

қосылған электронды кітапханамен жұмыс жасай алады.  

Білім  беру  бағдарламасын  жүзеге  асыру  аясында  кафедрамен  5В011700  –  Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  мамандығы  бойынша  пәндердің  оқу-әдістемелік  кешендері  жасалынған  және  модульдік 

бағдарлама бойынша 100% пәндердің оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыздандырылған.  

Мамандықтың  МЖМС,  типтік  бағдарлама,  ОЖЖ-ларына,  оқу  бағдарламаларына,  оқу 

тілінде  ПОӘК  бірыңғай  құрылымына  сәйкес  ПОӘК  жасаумен  кафедраның  үздік  оқытушылары 

айналысуда.  

Кафедра  ПОҚ  жыл  сайын  кітапхана  қорын  оқу  және  оқу-әдістемелік  әдебиеттермен 

толықтыруда.  

 

7 Білім беру бағдарламасын жаңалау 



 

Білім  беру  бағдарламасын  өзгерту  әртүрлі  салалардағы  заманауи  жетістіктерге,  жұмыс 

берушілердің  ұсыныстары  мен  қажеттіктеріне,  сондай-ақ  оны  ары  қарай  дамыту  мен  Қазақстан 

Республикасының  білім  және  ғылым  министрлігі  нормативті  құжаттарына  сәйкестендіру 

мақсатында жүргізіледі.   

 

8  Білім  беру  бағдарламасы  модульдері  кредит  көлемі  сипатталған  сәйкестендіру 



кестесі 

 

Модульдік  оқытудың  мазмұны  оқыту  мазмұнының  автономды  ұйымдастырылған 

әдістемелік  модуль  құрылымына  біріктірілуінде,  олардың  мазмұны  мен  көлемі  дидактикалық 

мақсаттармен кәсіби және оқытудың оңтайлы деңгейлеріне сәйкес реттеледі. Модульдік білім беру 

бағдарламасы  аясында  меңгерілетін  кредиттердің  көлемі  көрсетілген  кесте  Қосымша  5 

сипатталған.   



 

Document Outline

  • СЕМЕЙ, 2017
  • Қазақстан инновациялық университетінде білім беру үрдісін модульдік ұйымдастыру туралы ереже (Ғылыми Кеңестің 2014 жылдың 31 қазанынан №3 хаттамасы).

жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау