Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет22/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83

51
ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе 
ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның ар-
тында  тек  қана  объективті  немесе  жеткілікті  дәрежеде  объективті  емес  нормалар  мен 
стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, 
сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты 
құндылықтар жатады (Александер, 2001).
Бағалау  –  одан  арғы  оқу  туралы  шешім  қабылдау  мақсатымен  оқытудың  нәтижелерін 
жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалау  арасындағы  айырмашылық  1960  жылдар-
дан  бастап  белгіленген,  бірақ  берілген  екі  терминнің  мәні  нақты  анықталмаған.  Іс  жүзінде 
нақты баға қою және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау мен нақты мақсаты бағалауды 
оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде қолдану болып табыла-
тын оқу үшін бағалау арасында анығырақ айырмашылық жүргізілген. 
Оқытуды,  оқытуда  қолданылатын  әдіс-тәсілдерді  жақсарту  мүмкіндіктерін  және  осы 
мүмкіндіктерді  іске  асыру  түрлерін  анықтауға  бағытталған  бағалау  қалыптастырушы 
немесе  оқу  үшін  бағалау  (ОүБ)  деп  аталады.  Мұғалімдерді  және  әдістеме  жасаушылар-
ды  ақпараттандыру  мақсатымен  1989  жылдан  бастап  жұмыс  жүргізген  Ұлыбритания 
академиктерінен құралған Бағалауды Реформалау Тобы (Assessment Reform Group) 1999 жылы 
«Оқу үшін бағалау» (ОүБ) деген кітапша жариялады. Соның нәтижесінде Оқу үшін бағалау 
ұғымы дербес тұжырымдама ретінде кеңінен тарала бастады.
Егер  бағалау  мақсаты  баға  қою,  сертификаттау  немесе  оқытудың  алға  жылжуын  тіркеу 
үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық 
болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, 
мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал ететін (яғни, анықтайтын 
мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз 
ету  керек, яғни  бұл ақпараттың  мазмұны мен оның  қандай жағдайларда жиналғанын  қатаң 
қадағалау қажет.
Бағалаудың мақсаты неде?
Әрбір  мұғалім  бағалау  әдістемесін  білуге  тиісті,  яғни  бұл  ретте:  дәрісханада  тек  емти-
хан өткізуді ғана емес, сонымен бірге емтихан неге және кім үшін өткізілетінін білуге тиісті. 
Бағалаудың негізгі мақсаттарының тізбесі төменде қысқаша айтылған.
1.  Оқудағы қиындықтарды анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және ариф-
метика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін 
өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.
2.  Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналарға 
ұсынылған). Мұндай кері байланыс бейресми түрде ауызша бағалаудан бастап ресми жаз-
баша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге 
жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабар беру болып табыла-
ды.
3.  Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж түрінде көрінеді. Ынталандыру ретінде тестінің немесе 
емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдерді ойларын жинақтап, әрекет 
етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқуға шабыттанып кірісуге түрткі болуы 
мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.
4.  Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер 
олардың  болашақтағы  мінез-құлқы  мен  дамуын  болжайды.  Мемлекеттік  емтихандық 
жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) 
оқу  немесе  жұмысқа  орналасу  туралы  шешім  қабылдау  үшін  қолданылады.  Мектеп 


52
шеңберінде  әдетте  оқушыларды  топтар  мен  сыныптарға  бөлуге  арналған  бағалаудың 
белгілі бір нысаны болады.
5.  Стандарттарды  бақылау  және  орындау.  Бағалау  нәтижесінде  біліктілік  дәрежесін,  ал 
мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы, 
«біліктілігі»  бар  тұлғаларда  олардың  тиісті  стандарттарға  сәйкес  екендігіне  негізделген 
кепілдіктер  болуы  қажет.  PISA  (Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  жөніндегі 
халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер талда-
уы халықаралық стандарттарға сәйкестікті анықтауға бағытталған, одан басқа стандарттың 
микро  және  макро  деңгейдегі  стандарттарына  сәйкестікті  бақылау  үшін  ұлттық  және 
жергілікті тестілер қолданылады.
6.  Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер 
үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып 
табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру 
бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш 
күмән туғызбайды.
Оқу үшін бағалаудың маңызы
Кез келген мұғалім «Оқу үшін бағалау» неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру проблемала-
рын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды 
да.  Өздерінің  бұрынғы  тәжірибесі  бойынша  көптеген  мұғалімдер,  оқушылар  және  олардың 
ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау 
оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ойды қабылдау үшін біздің түсінігімізді 
едәуір өзгерту қажет болады.
Бағалаудың мәні
«Бағалау»  термині  «жақын  отыру»  дегенді  білдіретін  латын  сөзінен  шыққандығы 
кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін 
немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият 
бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сы-
ныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. 
Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен 
қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға 
негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді 
қамтиды:
•  қадағалау;
•  алынған мәліметтердің интерпретациясы;
•  бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды.
Қадағалау
Қадағалауды  өткізу  үшін  оқушылардың  нені  білетіндігін  және  не  істей  алатындығын, 
сонымен  қатар  олар  қандай  қиындықтармен  кездесуі  мүмкін  екендігін  анықтау  қажет. 
Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орын-
дап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын 
тексеру  бірталай  ақпарат  беруі  мүмкін,  бірақ  кей  жағдайларда  қажетті  ақпаратты  алудың 
ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест 
жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған 
ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауапта-
ры бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау