Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



жүктеу 1,12 Mb.
Pdf просмотр
бет29/40
Дата14.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#12817
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40

58

II. өмірлік тәжірибені 

өзектендіру. мақсат 

қою.

2–5 минут



(ұ) Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Көзін жұмады,

Көзін ашады.

Сыбысын білдірмей,

Ақырын басады.

                    (Мысық)

Өзі жуас, өзі момын,

Бір шешпейді тонын.

                           (Қой)

Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар.

                          (Түйе)

Тәрбиеленушілер бүгін сабақта не істейтіндерін түсінген/

түсінбегендерін сұрайды? Сабаққа дайындықты тексереді.

Үй жануарларының 

суреттері.



III. ұОқ-нің 

тақырыбы бойынша 

жұмыс

6–25 минут



(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс.

Балалар суретке қарап, жануарларды атайды, олардың дене мүшелерін 

анықтайды.

Проблемалық сұрақ: Осы жануарларды неліктен 

«үй жануарлары» деп атайтынын білесіңдер ме?

Педагог жапсырмадағы басты кейіпкерлер ірі болып, ашық түстермен 

берілгеніне балалардың назарын аудартады.



(ұ) саусақтарға арналған 

«марғаулар» жаттығуы.

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп

Беті-қолын жуады.

Қасымнан бір қалмайды.

Көзін қысып алдайды.

Ойнатсам да күнімен

Ойыны бір қанбайды.

(ұ, Ж) Аппликацияны орындау технологиясы.

 Педагог ауызша көркем сөзді пайдаланып, затқа сенсорлық зерттеу 

жүргізеді. Мысалы, мысықты сипаттау кезінде жотасынан бастау 

керек, мысықтың жотасы доға іспетті, мойны қысқа және т. б. Қию 

барысында балалар ақырын (немесе ішінен) жұмыс барысының ретін 

айтып отырады. Педагог балалардың назарын геометриялық пішіндерді 

қиюдың өздеріне мәлім тәсілдеріне аударады.

Педагог бір баланы шаршыны немесе дөңгелекті әзірлеу тәсілін көрсету 

үшін тақтаға шақырады, тәрбиеленушілер білгендерін бекітуі және 

жұмыс ретін қайталауы үшін сол баланың әрекеттерін нақтылап, 

түсіндіріп отырады.

Дөңгелек пішіндерді (дөңгелек, сопақша) шаршыдан, тіктөртбұрыштан 

және жолақтан қиып алады, ол үшін барлық төрт бұрышты дөңгелетіп 

қияды.


Сопақша – қағаз тіктөртбұрышты екіге бүктейді, бүгу сызығынан ұстай 

отырып, бұрыштарын дөңгелете қияды, алдымен бір бұрышын, сосын 

екінші бұрышын. Қағазды жазған кезде сопақша шығады.

Үшбұрыш – шаршыны диагоналінен бүктейді, сосын жазып, бүгу 

сызығы бойымен қияды.

Суреті салынған симметриялы емес пішіндерді – жеміс сүйегін және 

т.б. контур бойынша қиюды көтермелейді.

Желім қарындашты пайдалануға болады. 

Сюжеттік композицияны керек бөлшектермен толықтырады.

Тәрбиеленушілер негізгі-парақта алдын ала орналастырудан кейін 

жапсыруға кіріседі. Педагог кейбір қию тәсілдерін көрсетеді. Жақсы 

білетін тәсілдерін естеріне түсірген тәрбиеленушілерді  мадақтайды.



(ұ) қауіпсіз жұмыс ережелері. 

Жұмыс кезінде қайшы жүзінің қозғалысын бақыла.

Қайшымен ойнама, қайшыны бетіңе жақындатпа. Қайшыны мақсатына 

қарай пайдалан.

Әліппе-альбом.

Үй жануарларының 

фотосуреттері.

Музыкалық сүйемелдеу.

Түрлі-түсті қағаз, жай 

қарындаштар, қайшы, 

ПВА желімі (не желімді 

қарындаш), желім 

жаққыштар, сүрткіштер, 

клеенка.


Жадынама.

IV. ұОқ 

қорытындылау. 

Рефлексия.

26–30 минут



(ұ, ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар жұмыстарды 

талқылап, үздігін таңдайды.

Түрлі түсті танымдық белгілер қолдану: жапырақ, қар, гүл, бағдаршам.

Танымдық белгілер




59

21-ұОқ. тАқИЯны 

БЕзЕндіРЕміз

(сәндік аппликация)



мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны: 

қатыспағандардың 

саны:

ұОқ-нің 

оқыту 

мақсаттары

0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, 

пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік 

қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден 

жапсырулар құрастыру.

0.2.1.2. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды 

қию.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық 



пішіндерді қиып алу.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.



Күтілетін 

нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-салынған сұлбаны қиып ала алады;

-ою элементтерін құрастырып жапсыра алады;

-екіге, қатпарланып бүктелген қағаздан симметриялы пішіндер қия алады;

-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіре алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-жапсырмадағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын ескере отырып өрнек пішіндері мен 

элементтерін кезектестіре алады;

-жапсыруда айқындық құралы ретінде түсті пайдалана алады.



Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз қиялын білдіре алады.



тілдік 

мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-оқу міндетін түсіну және оны орындауға тырысу;

-жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айтып беру;

-түпкі ойды түсіндіру;

-ұлттық дәстүрлермен және қолөнерлермен танысқан, халық шығармашылығы бұйымдарымен танысқан 

кезде сөздік қорды байыту;

-түстерді, пропорциялық қатынастарды сөзбен сипаттау;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-өзінің және құрбы-құрдастарының жұмыстарын талдау және сындарлы бағалау.

Көптілділік: салт -дәстүр – традиции – тraditions.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

• өрнек, қазақ бас киімі – тақия, қию тәсілдері.



талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай қазақ ұлттық киімдерін білесің?

Қазақтың бас киім түрлері қалай аталады?

Өрнек дегеніміз не?

Өрнекте қандай түстер қолданылған? 

Алдыңғы 

білім

Қайталау және ырғақ қағидалары негізінде қарапайым өрнектер құрастыру. Қазақ халқының салт-

дәстүрлерімен танысу. Желіммен және қайшымен жұмыс. Қағазды бірнеше қабат етіп бүктеу, геометриялық 

сәндік элементтерді, фигураларды бірден көп етіп қияды, шаршыларды, тіктөртбұрыштарды, шеңберлерді, 

сопақ пішіндерді екіге бөліп қию, шаршыларды диагоналі бойынша қию және т.б.

Жоспар

Жоспарлан-

ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл 

күй орнату.

0–1 минут



(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

Сәлеметсің бе, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан,

Есенсің бе, табиғат ана!

Қайырлы таң баршаңызға!

Бақ-береке әрқашанда

Салтанат құрсын ғаламда!

Музыкалық сүйемелдеу.




жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау