Бағдарламасы ақтау, 015 жыл мазмұны бағдарламаның паспорты ағымдағы жағдайды талдау 10


Қазақстанның дамуындағы Маңғыстау облысының орны



жүктеу 3,44 Mb.
бет2/18
Дата30.01.2018
өлшемі3,44 Mb.
#8115
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2.1.4. Қазақстанның дамуындағы Маңғыстау облысының орны

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы «Қазақстан–2030» Стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың негізінде және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларына сәйкес жүзеге асырылуда.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2011 жылғы 1751,1 млрд. теңгеден 2013 жылы 1907,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. ЖӨӨ-нің нақты өсуі (НКИ) 2013 жылда 105,2% (2011 жылда – 99,7%, 2012 жылда – 101,1%) құрады нақтыланған статистикалық деректер).

Маңғыстау облысының жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ) үлесі 5,4% құрайды.

ЖӨӨ-нің нақты көлем индексі (бұдан әрі – ЖӨӨ НКИ) салалар кесінінде өнеркәсіпте – 102,2%, саудада – 112,6%, құрылыста – 100,3%, көлік пен қоймалауда – 107,8% құрады. ЖӨӨ өсу қарқынының 2012 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығында төмендегені байқалады – 96,7%.

Ауыл шаруашылығының үлесі 2012 жылғы 0,3%-дан 2013 жылы 0,5%-ға, өзге де қызметтердің үлесі тиісінше 25,2%-дан 30,4%-ға дейін артты. Өнеркәсіптің үлесі 2012 жылғы 56,5%-дан 2013 жылы 53,7%-ға, тиісінше көтерме және бөлшек сауданың үлесі 3,9%-дан 3,7%-ға, құрылыстың үлесі – 7,0%-дан 6,5%-ға, көлік пен байланыстың үлесі 6,3%-дан 5%-ға дейін азайды.

Облыстың өнеркәсібі республика ЖІӨ-нің жалпы көлемінде айтарлықтай үлеске ие – 55,5%, ал осымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі болмашы ғана – 1%-дан кем болып отыр.

Маңғыстау облысы өнеркәсіптік өндіріс үлесі бойынша елде 2-орын алады (13,2%). Өнеркәсіптік өндірісі негізінен ұлттық тау-кен өндіру өнеркәсібінде үлесі 23% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінен тұрады. Осы салада ірі және орта кәсіпорындардың саны біршама көп.

Өңдеу өнеркәсібі металлургия мен дайын метал бұйымдарының өндірісінен, машина жасау мен химия өнеркәсібінен тұрады.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі 2012 жылғы 2945,9 мың теңгеден (19,6 мың АҚШ доллары) 2013 жылы 3301,9 мың теңгеге (22 мың АҚШ доллары) дейін ұлғайды, бұл – республика өңірлері арасындағы төртінші орын (ҚР бойынша орташа – 2070,7 мың теңге немесе 13,8 мың АҚШ доллары).

Облыс әлемнің 101 елімен экспорттық-импорттық операцияларды, оның ішінде 41 елмен экспорттық операцияларды, 99 елмен импорттық операцияларды жүзеге асырады. Облыстың сыртқы сауда айналымы 2013 жылы 9 832,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 14,7%-ға көп. Экспорт 9 092,9 млн. АҚШ долларын (12,8%-ға ұлғайды), импорт 739,9 млн. АҚШ долларын (44,1%-ға ұлғайды) құрады. Сыртқы сауда балансының сальдосы 8353,0 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2012 жылы – 7544,8 млн. АҚШ доллары).

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2014 жылдың қаңтар-қазанында 9173,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл – 2013 осындай кезеңінен 9,3%-ға көп. Экспорт 8751,5 млн. АҚШ долларын (13,2%-ға ұлғайды), импорт 422,2 млн. АҚШ долларын (36,2%-ға төмендеді) құрады. Сыртқы сауда балансының сальдосы 8329,6 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2013 жылдың қаңтар-қазанында – 7072,5 млн. АҚШ доллары).

Маңғыстау облысы республикалық бюджеттің доноры болып табылады және жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алу көлемі 2013 жылы – 24,6 млрд. теңгені, 2014 жылға арналған жоспар – 10,1 млрд. теңгені, 2015 жылға арналған жоспар – 16 млрд. теңгені құрады.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (іздестіру, барлау жүргізу және жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау, жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігін көтеру, мұнай сервистік кластерді дамыту), облыстың транзиттік әлеуетін дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясы мен туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).



2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
2.2.1. Өңір экономикасының дамуы
2.2.1.1. Өнеркәсіп

Маңғыстау облысының өнеркәсіп құрылымында негізгі бөлікті үлесі 2013 жылдың қорытындысында 92,4% құраған тау-кен өндіру өнеркәсібі (2012 жылы – 93,8%, 2011 жылы – 93,3%), оның ішінде шикі мұнай мен табиғи газ өндіру алады.

2013 жылдың қорытындысында өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 4,1% (2012 жылы – 3,3%, 2011 жылы – 3,9%), электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен таратудың үлесі – 2,7%, сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау – 0,7% құрады.

2011 жылдан 2013 жылға дейінгі кезең ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар саны 121 бірлікке өсіп, 358 бірлікті құрады.

Өнеркәсіптік өнім көлемі 2013 жылы 2187,3 млрд. теңгені (2012 жылы – 2170,8 млрд. теңге, 2011 жылы – 2064,8 млрд. теңге), 2014 жылдың 10 айында 20162,6 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ға өсіп, 102,1%, 2014 жылдың 10 айында – 102,7% құрады (2012 жылы – 100%, 2011 жылы – 95,8%) құрады.

Облыс өнеркәсібі өнімінің жалпы республикалық өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 2013 жылы 12,5% құрады (Атырау облысынан кейінгі 2-орын – 27%).

Облыстық өндіріс көлеміндегі аудандардың үлесі 2013 жылдың қорытындысында былайша болып келеді. Аудандар аумақтарында мұнай-газ кәсіпорындарының кен орындары бар болуы есебінен мейлінше жоғары көлем: Қарақия ауданында - 32,9% (2012 жылы – 33,5%), Маңғыстау ауданында – 26,5% (2012 жылы – 28,4%), Түпқараған ауданында – 23,8% (2012 жылы – 23,8%) байқалады.

Мейлінше аз үлес Мұнайлы ауданында – 2,1% (2012 жылы – 1,4%), Бейнеу ауданында– 2,9% (2012 жылы – 2,5%), Ақтау қаласында – 5,7% (2012 жылы – 5,1%), Жаңаөзен қаласында – 6,1 (2012 жылы – 5,3%) тіркелді.

2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өндіру – 1,7%-ға, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру – 10,1%-ға артты. 2014 жылдың 10 айында тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өсу – 1,4%, өңдеу өнеркәсібіндегі өсу – 21,3% құрады.

2013 жылдав өндіріс көлемінің артуы электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 17%, сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда 28,8% құрады. 2014 жылдың 10 айында тиісінше 16,6%-ға және 14%-ға өсті.

2014 жылдың он айында облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен қолданыстағы бағада 2062,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 102,7% құрады. Оның ішінде:

- тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 1906,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі –101,4% құрады;

- өңдеу өнеркәсібінде 89,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 121,3% құрады;

- электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 52,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 116,6% құрады;

- «Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 13,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 114% құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру. Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде 2013 жылда 2101,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 101,7% құрады (2012 жылы – 2037,1 млрд. теңге, НКИ – 100,5% 2011 жылы – 1927,3 млрд. теңге, НКИ – 94,9%). Өсу, саланың ірі кәсіпорындарының кен алу коэффициентін арттыруы есебінен мұнай өндірудің өсумен байланысты болды.

2014 жылдың 10 айында 1906,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл – облыстың жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 92,4%-ын құрайды және осы өнеркәсіп секторының өңірде басым екенін көрсетеді. НКИ 101,4% құрады.

2013 жылы газ конденсатын қоса алғанда, 18 072,8 мың тонна көлемінде мұнай өндірілді, бұл – 2012 жылы өндірілгенге қарағанда 2,0%-ға көп (2012 жылы – 17 720 мың тонна, 2011 жылы – 17 858 мың тонна).

Мұнай өндіру көлемі 2014 жылдың 10 айында 15393,3 мың тоннаны немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 102,7% құрады.

Өсудің себебі ұжымдардағы әлеуметтік және өндірістік қарым-қатынастардың тұрақталуында, Бағдарламаның «Өзенмұнайгаз» АҚ бойынша да іске асырылуында, өңір кәсіпорындарында жаңа технологиялар енгізуде жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген 2020 жылға дейін мұнай алу коэффициентін (МАК) арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңір кәсіпорындары осы бағыттағы жұмысты бастап кетті. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның тапсырысы бойынша «Қазақ мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ («КИНГ» АҚ) мен «CPTDC» институттары полимерлік суландыру үшін реагенттер таңдау мақсатымен керндерге зертханалық зерттеулер жүргізіп, полимерлік әсер етудің тәжірибелік учаскелерін таңдап алды. Геологиялық-гидродинамикалық модельдеу жүргізіліді. Қаламқас кен орнының тәжірибелік учаскелерінде полимерлік суландыруға тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар (ТӨС) жүргізіліп басталды.

Геологиялық-гидродинамикалық модельдеудің нәтижелері полимерлік суландыруды қолдану МАК-ін 12% арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Қазіргі 31% болатын МАК-мен салыстырғанда, түпкілікті МАК 43%-ға жетеді. ТӨС жүргізілгеннен кейін, МАК-ін арттырудың осы тәсілін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның кен орындарына кең ауқымда енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, өңірдің бірнеше кәсіпорны игеріліп жатқан кен орындарында МАК-ін арттыру бойынша жұмыстарды бастады.

Табиғи газ өндіру көлемі 2013 жылда 2180,7 млн. текше метрді немесе 2012 жылғы деңгейіне 95,9% құрады (2012 жылы – 2 288 млн. текше метр, 2011 жылы – 2 677 млн. текше метр).

Табиғи газ өндіру көлемі 2014 жылдың 10 айында 1721,9 млн. текше метрді немесе 2012 жылдың деңгейіне 96,6% құрады. Газ өндірудің төмендеуі игеріліп жатқан орындарының табиғи түгесілуімен байланысты.

Газ конденсатымен бірге шикі мұнайды экспорттау көлемі 2013 жылда 10,7 млн тоннаны құрады (2012 жылы – 10,2 млн. тонна, 2011 жылы – 17,2 млн. тонна). Шикі мұнайды экспорттау көлемі 2014 жылдың қаңтар-қазанында 11,1 млн. тоннаны құрады (2013 жылдың 10 айында – 10,1 млн. тонна).

Мұнай-газ саласындағы негізгі кәсіпорындар, есепті кезеңде мұнай өндірудің жалпы облыстық көлемінің 90,4%-ын өндірген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Каражанбасмұнай» АҚ, «Бозашы Оперейтинг Лтд» компаниясының филиалы, «Қарақұдықмұнай» ЖШС болып табылады.

Есепті кезеңде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мұнай өндіру көлемінің артыуы мына кәсіпорындарда байқалады:

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (өткен жылдың тиісті кезеңіне – 103,5% «Өзенмұнайгаз» АҚ (102,7%); «Каражанбасмұнай» АҚ (104,3%); «Бозашы Оперейтинг Лтд» КФ (102,2%); «Маерск Ойл Казахстан ГМБХ» компаниясы (133,7%); «Емір Ойл» ЖШС (127,7%); «Меербуш» ЖШС (199,5 %); «Теңге» БК» ЖШС (165,8 %).

Мұнай-газ секторында жұмыс істейтін кәсіпорындардың негізгі басымдықтары – игеріліп жатқан кен орындарында мұнай өндіруді тұрақтандыру және қарқындату.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің жалпы республикалық көлеміндегі Маңғыстау облысының үлесі, өнімдердің мына түрлері бойынша:

газ конденсатын қоса алғанда мұнай (мың тонна) – 22,1% (2012 жылы – 22,3%);

битум минералдарынан алынған мұнайды қоса алғанда, шикі мұнай (көмірсутегілердің табиғи қоспасы) (мың тонна) – 25,9%;

газға айналған күйіндегі табиғи газ (тауарлық шығарылым), (млн. текше метр) – 9,8% құрайды.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларындағы өнім көлемі 2013 жылы 7429,8 млн. теңгені құрады немесе 2012 жылдың деңгейінен 19,6%-ға аз (2012 жылы – 7486 млн. теңге, 2011 жылы – 10 564 млн. теңге). Осы саладағы өсу қарқыны 2014 жылдың 10 айында 140,7% құрады.

Облыс аумағында ұлутас, қиыршық тас пен шағыл, табиғи құм өндіру жүзеге асырылады.

Ұлутас, қиыршық тас пен шағыл, табиғи құм өндіру көлемдері 2013 жылы тиісінше 94,9 мың текше метр (2012 жылға – 145,6%), 1290,9 мың текше метр (83,8%), 507,4 мың текше метр (60,9%) құрады.



Өңдеу өнеркәсібі. Өнеркәсіптің өңдеу секторында 2013 жылы 89,1 млрд. теңгенің өнімі, бұл – 2012 жылғы өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемінен 10,1%-ға артық өндірілді (2012 жылы – 70,9 млрд. теңге, 2011 жылы – 81,7 млрд. теңге). Облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес 4,1% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 2014 жылдың 10 айында 21,3%-ға өсу байқалады, өндіріс көлемі 89,3 млрд. теңгені құрады.

Облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі қызмет түрлері:

машина жасау (2013 жылдың қорытындысында, өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде 24,1%);

химия өнеркәсібі (16,3%);

машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығару (16,9%)

өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі (10,6%);

металлургия өнеркәсібі (4,5%).

резеңке мен пластмасса бұйымдар өндірісі (5,0%).

Өндіріс үлесі тиісінше 7,2% және 2,3% құрайтын тамақ өнеркәсібінің, жеңіл өнеркәсіптің кәсіпорындары бар



Машина жасау. Өңдеу секторының құрылымындағы мейлінше жоғары үлес салмақты 2013 жылы машина жасау саласы алады. Машина жасау өнімінің өндірістің облыстық көлеміндегі үлесі – 0,8%, өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлесі 24,1% құрайды (2012 жылы – 24,9%, 2011 жылы – 25,3%).

Саладағы нақты көлем индексі 2013 жылы – 116,7% (2012 жылы – 77,9%, 2011 жылы – 124,8%), өнім өндіру көлемі – 17,0 млрд. теңгені құрады (2012 жылы – 17,7 млрд. теңге, 2011 жылы – 20,7 млрд. теңге). Саланың НКИ 2014 жылдың 10 айында – 121,1%, өнім өндіру көлемі – 18,7 млрд. теңгені құрады.

Өңірдің машина жасау саласының негізгі кәсіпорындары - «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «GMMOC Қазақстан» ЖШС, «Sewon-Vertex Heavy Industru» АҚ.

Машина жасау кәсіпорындары мұнай-газ саласына бағытталған жол жылытқыштарды, НБ - 125 маркалы сорғыларын, оларға және шағын құрал-жабдықтарға арналған әртүрлі қосалқы бөлшектер шығарады, оларды жөндеу бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ жоғары технологиялық мұнай-газ жабдықтарын өндіреді.

Сондай-ақ, бүгінге Маңғыстау облысының аумағында Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыс жасайтын флотты жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз ететін екі кеме жөндеу зауыты: салмағы 400 тоннадан аспайтын кемлерді жөндеуге арналған қуаттылықтары бар «Сага-Аташ» ЖШС және ИИДМБ аясында құрылған, қуаттылықтары салмағы 600 тоннадан аспайтын кемелерді жөндеуге арналған «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС жұмыс істейді. Сондай-ақ, метал конструкцияларды шығаратын «Кеппел Қазақстан» ЖШС, «Ерсай» ЖШС, теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезінде қажетті баржалар мен метал конструкцияларды шығаратын «KCOI» комапниялары бар.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында өңірдегі машина жасау саласында мына жобалар іске асырылды.

1. Баутин ауылындағы «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС. Жобаның сметалық құны – 2250 млн. теңге. Жобалық қуаттылығы: жылына 60-70 кемені жөндеу. Объект 2010 жылдың 1-жартыжылдығында пайдалануға берілді. Қабылдау жөніндегі Мемлекеттік комиссия актісі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің 24.06.2010 жылғы №129 шешімімен бектілді. Қашаған кен орнының 2-фазасын іске асыру мерзімдерінің ауыстырылуына байланысты, кемелерді жөндеуге арналған тапсырыстар көлемінің төмендеуі байқалады.

2. «ГММОС Қазақстан» ЖШС-нің мұнай-газ жабдығын дайындайтын зауыты. Жобаның сметалық құны – 900 млн. теңге, құрылатын жұмыс орындарының саны – 300, объект 2010 жылдың 1-жартыжылдығында пайдалануға берілді. Қабылдау жөніндегі Мемлекеттік комиссия актісі Ақтау қаласы әкімінің 21.06.2010 жылғы № 144 шешімімен бекітілді.

3. «РИГ» ЖШС-нің «Электр техникалық жабдық өндіретін зауыты», жоба 2011 жылы іске асырылды. Өндіру көлемі 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 267,9 млн. теңгені, нақты мәнінде түрлі электр техникалық жабдықтың 263 жинақтамасы мен 945 данасын, өндірістік қуаттылықтарды жүктеу пайызы 2013 жылдың жоспарланған көлемінен 15%, жұмысшылар саны 125 адамды құрады. Кәсіпорын қуаттылықтарының толық жүктелмеуінің себебі – тапсырыстардың жеткіліксіз көлемі.

4. Кемелерді жөндейтін, жаңғыртатын және қайта жарақтайтын «Сага Аташ» ЖШС, өңірлік Индустрияландыру картасының аясында «Маңғыстау облысындағы жұмыс істеп тұрған кеме жөндеу кәсіпорнын дамыту және жаңғырту» жобасын іске асыруда. Жобаның сметалық құны 2,6 миллиардтан астам теңгені құрайды, 180 тұрақты жұмыс орны құрылмақ, жобалық қуаттылығы – орташа алғанда жылына 96 кемені жөндеу және жаңғырту.

«Маңғыстау облысындағы жұмыс істеп тұрған кеме жөндеу кәсіпорнын дамыту және жаңғырту» жобасы су түбін тереңдету және гидротехникалық жұмыстарды қоса алғанда, жүк көтерімділігі 8500 тонналық жүзбелі докты сатып алуды және «Жүк көтерімділігі 8500 тонналық жүзбелі докты орнату» жобасын іске асыруды қамтиды.

Кәсіпорын «Өнімділік – 2020» бағдарламасының қатысушысы болып табылады, Бағдарлама аясында жобаның Кешенді жоспарын әзірлеуге арналған шығындарды өтеу бойынша мемлекеттік қолдау алды. «Өнімділік – 2020» бағдарламасы бойынша доктың құрылысын қаржыландыру үшін, «Сага Аташ» ЖШС «ҚДБ-Лизинг» АҚ-на өтініш білдіріп, мақұлдау алды. «ҚДБ-Лизинг» АҚ Кредит Комитетінің 2014 жылғы 11 наурыздағы шешімімен «Паллада» Херсон мемлекеттік зауытымен жүк көтерімділігі 8500 тонналық жүзбелі докты салу және жеткізу жөніндегі лизингтік мәміле жүргізу мақұлданды.



Металлургия. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында Маңғыстау облысында өңір үшін жаңа өнеркәсіп саласын қалыптастырған «CaspianStal» ЖШС мен «Ақтау құйма зауыты» ЖШС («АҚЗ» ЖШС) екі металлургия зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылды. Зауыттар пайдаланатын негізгі шикізат – өнеркәсіптің химия, мұнай-газ, құрылыс, газ өңдеу және өзге де салаларындағы тозған құрал-жабдықтарды, сондай-ақ құбырлар мен өзге де металл бұйымдарды есептен шығару есебінен пайда болған металл сынықтары. Барлық металлургия өнімдері экспортқа шығарылады.

Металлургиядағы өнім өндіру көлемі 2013 жылы 4,9 млрд. теңгені қүрады (2012 жылы – 5,2 млрд. теңге, 2011 жылы – 6,3 млрд. теңге).

Өнімнің нақты көлем индексі – 49,7% (2012 жылы – 77,2%, 2011 жылы – 134,7%). 2012 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі «Ақтау болат құю зауытының» ЖШС-нің қаржылық қиыншылықтарына (айналым қаражатының болмауы, жыл басынан тек құю цехы жұмыс жасады, жаймалау цехы өнім шығаруды 2013 жылғы наурызда бастады).

Саланың НКИ 2014 жылдың 10 айында 125%, өнім өндіру көлемі – 2,9 млрд. теңгені құрады.

«АҚЗ» ЖШС-нің негізгі қызмет түрі – болат дайындамалар өндіру мен жаймалау өндірісі. Кәсіпорын болат дайындамалар, арматура, сортты илек өндіреді. Ксәіпорын өнімі ішкі рыногқа, әрі экспортқа шығарылады.

«АҚЗ» ЖШС кәсіпорны 2008 жылы 2006 жылы басталған әр түрлі пішіндегі металл профиль шығару бойынша зауыттың екінші кезегінің құрылысын аяқтады. Кәсіпорын 2012 жылы арматура өнімдерін шығарып бастады.

«АҚЗ» ЖШС-нің жобалық қуаттылығы: қуаттылығы 180 000 тонна болат дайындамалар болатын болат құю зауыты (қуаттылық 2012 жылдың басында үш есе арттырылды) мен қуаттылығы 400 000 мың тонна болатын жаймалау зауыты (арматура, бұрыштар, швеллерлер, екі басты арқалық).

Сондай-ақ, кәсіпорын қуаттылығы жылына 600 мың тонна дайындама болатын электрмен болат балқыту кешенін салу жобасын іске асыруда. Жобаның құны – 24 млрд. теңге, құрылатын жұмыс орны – 660 адам.

«АҚЗ» ЖШС Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасының қатысушысы болып табылады және 2013 жылдың соңынан бері қаржылай қолдау алуда. Облыс әкімдігінің жәрдемдесуімен өңірдің ірі мұнай-газ өндіруші компанияларымен («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ойл Сервис Компани» ЖШС және т.б.) металл сынығын жеткізуге арналған келісімшарттар жасасылды.

ҚР Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов бекіткен 2014 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 20-19/07-376 іс-шаралар жоспарына (161-тармақ) сәйкес, облыс әкімдігі, ҚР ИДМ, «Бәйтерек» ҰБХ және «ҚДБ» АҚ, «қаржыландыруға арналған өтінімді қарауды және «Бәйтерек» ҰБХ мен «ҚДБ» АҚ-нан АҚЗ» ЖШС үшін кредит бөлуді жеделдету бойынша жұмыс жүргізуде. Жоғарыда көрсетілген қаржы институттары «АҚЗ» ЖШС басшылығымен, оның ішінде зауытқа бару арқылы бірқатар кездесулер өткізді. Бүгінге «АҚЗ» ЖШС бастапқы іріктеуді жүргізу үшін қажетті құжаттар пакетін ҚДБ-не ұсынып, техникалық аудит жүргізу үшін қара металлургияға маманданған, ҚДБ-де аккредиттелген компаниялар қызметтерінің ақысын төледі. Техникалық аудит жүргізіліп, аудит нәтижелері жөніндегі қорытынды келісу сатысында.

Қазіргі кезде «АҚЗ» ЖШС «Kaznex Invest» АҚ-ның өзара іс-қимыл жасасу арқылы Иран мен Түрікменстанның кәсіпорындарымен 70 млн. АҚШ долларынан асатын сомаға бірқатар экспорттық келісмшарттар жасасуда. Экспорттау алдындағы қаржыландыру «ҚДБ» АҚ-нан алынады, экспорттаушы кредитінің сақтандырушысы «ҚазЭкспортГарант» АҚ болып табылады. Сонымен бірге, айналым қаражаты 2015 жылдың басында алынатын болғандықтан, кәсіпорынды жүктеу 2014 жылдың соңында 15%-дан аспайды.

Кәсіпорын ішкі рыногта «Стальной двор Астана», «УралМеталлИнвест» компанияларымен қызмет істейді, арматура жеткізу жолға қойылған.

«АҚЗ» ЖШС, Маңғыстау облысының әкімдігі және өңірдің ірі мұнай компаниялары («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маерск Ойл Казахстан Гмбх» компаниясы) арасында 2014 жылы меморандум жасасылды, оның мақсаты кәсіпорынды толық жүктеу болып табылады.

Әкімшілік-басқарушылық кедергілерге (құрылтайшылардың ауысуы) және айналым қаражатының болмауына байланысты, «CaspianStal» ЖШС кәсіпорны 2011 жылдың аяғынан бері тоқтап тұр.

Ақтау қаласы әкімінің 2007 жылғы 14 маусымдағы №2 шешімімен «Мұнай сұрыпталымдағы құбырларды шығару бойынша зауыты» («Арселор Миттал Ақтау» АҚ) құрылыс объектісін пайдалануға енгізу туралы мемлекеттік комиссияның актісі бекітілді. Инвестициялық жобаның іске асырылуы 2004 жылы «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында басталды. Жобалық қуаттылығы жылына 60,0 мың тонна болат құбыр және инвестициялар көлемі 32,8 млн. АҚШ доллары болатын зауыт API, DIN,BBS, ASTM, AWWA, IS стандарттарына және басқа халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, жоғары және төмен қысымды мұнай сұрыпталымдағы шиыршық жікті құбырларды шығарады. Жасау барысында қазіргі заманғы лазерлік визуалдық бақылау жүйелері пайдаланылып, ультрадыбысты және радиографиялық пісіру қолданылады.

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығару. Дайын металл бұйымдары өндірісінде 2013 жылы 2012 жылға қарағанда өндіру көлемінің 2,2 есе өскені байқалады немесе 15,7 млрд. теңге (2012 жылы – 7,2 млрд. теңге, 2011 жылы – 12,4 млрд. теңге). Сала өнімінің нақты көлем индексі 2013 жылы 220% құрады (2012 жылы – 69,0%, 2011 жылы – 69,5%, 2014 жылдың қаңтар-қарашасында – 73%). Соңғы жылдары саладағы көлемнің төмендеуі Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру мерзімінің ауыстырылуына байланысты болды, ал осы саланың негізгі кәсіпорындары дәл теңіз мұнай операцияларына бағдарланған.

2014 жылдың 10 айында саланың НКИ – 240%, өнім өндіру көлемі – 8,4 млрд. теңгені құрады.

Бүгінге көрсетілген саланың өнімі ішкі рыногта сатылуда. Алдағы уақытта Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру шеңберінде теңіз металл конструкцияларын жасайтын зауыттарды салу жобалары іске асырылғаннан кейін, өнімнің бір бөлігі экспортталатын болады.

Қазіргі сәтте осы қызмет түріндегі негізгі кәсіпорындар: Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2015


жылға дейінгі стратегиясының аясында пайдалануға берілген, метал конструкцияларын шығаратын кәсіпорын «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС (бұрынғы – «Кеппел Қазақстан» ЖШС) және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында салынған «Каспиан Оффшор Индастриз ЛТД» ЖШС болып табылады.

Кәсіпорын Каспий қайраңында мұнай шығаруға арналған жасанды аралдар салуға қажетті теңіз металл конструкцияларын шығаруды жүзеге асырады – «Теңіз металл конструкцияларын өндіру бойынша өнеркәсіптік кешен» «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС (жаңа аты – «Темір ат» теңіз мұнай-газ өндірісі құрал-жабдықтарының зауыты»). Жобаның сметалық құны – 11 550 млн. теңге. 2013 жылғы 1 қаңтарға жұмыс орындарының нақты саны – 102 адам. Жобалық қуаттылығы: жылына – 16 мың тонна металл конструкциялары. Объект 2011 жылғы мамырда пайдалануға берілді (1-кезең). 2013 жылы – 560 тонна, 2014 жылдың 10 айында – 50 тонна металл конструкциялары шығарылды. Жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған. Аьталған жобаны іске асыруды бастаудың кешкітірлуіне байланысты, кәсіпорын жұмыс көлемін жүктеу бойынша қиындықтар көруде.



жүктеу 3,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау