3.3.19 Парамагнетизм
Сыртқы өріс жоқ кездің өзінде магниттік моменті нөлден өзгеше болатын заттарды парамагнетиктер деп атайды. Бірақ жылулық қозғалыстың әсерінен олардың магниттік моменттері ретсіз орналасады. Сондықтан парамагнетиктердің магниттік қасиеттері болмайды.
Егер парамагнитиктерді магнит өрісіне әкелсе, онда оның атомының магниттік моментері өріс бойынша бағдарланады. Сонымен парамагнетик магниттеліп сыртқы магнит өрісімен бағыттас болатын өзінің меншікті өрісін тудырады. Бұл парамагниттік эффект делінеді. Сыртқы өрісті нөлге дейін азайтса, онда жылулық қозғалыс салдарынан магниттік моменттердің реттілігі бұзылады да, парамагнетик магнитсізденеді. Парамагнетиктерге Жерде сирек кездесетін элементтер жатады.
3.3.20. Магниттелу. Заттардағы магнит өрісі
Магнетиктердің магниттелуін сандық тұрғыдан сипаттау үшін векторлық шама - магниттелу векторы - енгізіледі:
(3.3.20.1)
Достарыңызбен бөлісу: |