2-аралық бақылау тапсырмалары
1. Компонент қасиеттері қай терезе арқылы өзгертіледі?
a) форма конструкторының терезесі
b) код редакторының терезесі
c) объект инспекторының терезесі
d) объект ағашын шолу терезесі
2. Объектілі- бағдарлы программалауда оқиға деп не аталады?
a) қасиеттер мен әдістер жиынтығы
b) программаның жұмысы барысында объект жағдайының белгілі бір әрекетке жауап ретінде өзгеруі
c) компоненттің қасиетінің өзгерісі
d) компоненттің сыртқы түрі
3. Форма конструкторы мен код редакторы терезесі арасында бір -біріне өтуді қай функционалдық перне арқылы жүзеге асыруға болады?
a) F11
b) F9
c) F10
d) F12
4. Форманы сипаттау файлының типі не болады?
a) DFM
b) PAS
c) CPP
d) DPR
5. Объект инспекторы терезесіндегі Events астарлы беті не үшін қолданылады?
a) объект оқиғасын таңдау үшін
b) формаға компонент қою үшін
c) компонент қасиетін таңдау үшін
d) объект тәсілін орнату үшін
6. Procedure <атау> (Sender: TObject); процедура атауындағы Sender параметрі нені анықтайды?
a) құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін
b) құрылатын процедурадағы объект қасиетін
c) құрылатын процедурадағы объект атын
d) құрылатын процедурадағы объект әдісін
7. Форманың шекарасының стилін көрсететін қасиеті?
a) BorderIcons
b) BorderWidth
c) AutoSize
d) BorderStyle
8. Форманы сипаттау файлын экранға шығару үшін қандай команда таңдалады?
a) форманың контекстік менюінен Text Dfm
b) код терезесінің контекстік менюінен View as Text
c) жобаның контекстік менюінен View as Text
d) форманың контекстік менюінен View as Text
9. Неғұрлым жиі қолданылатын компоненттер Компоненттер палитрасының қай парағында орналасады?
a) Standard
b) Additional
c) Win32
d) System
10. Delphi-дің жүйелік компоненттері қай парақта орналасқан?
a) Additional
b) Standard
c) System
d) Win32
11. RichEdit1 мәтіндік өрісінің Alignment қасиеті төмендегі мәндердің қайсысын қабылдамайды?
a) taCenterJustify
b) taCenter
c) taRightJustify
d) taLeftJustify
12. Төмендегі компоненттер ішінен визуальды компонентті көрсет:
a) MainManu
b) OpenDialog
c) Timer
d) Memo
13. Delphi-де астарлы бет жасау үшін қолданылатын компонент:
a) PageControl
b) ComboBox
c) ScroolBar
d) ScroolBox
14. Tree View компоненті қандай парақта орналасқан?
a) Samples
b) Win32
c) Win3.1
d) System
15. SpeedButton батырмасында батырмалардың топқа біріктірілуін жүзеге асыратын қасиет:
a) Down
b) Flat
c) NumGlyph
d) GroupIndex
16. SpeedButton батырмасында қазіргі замандағы стильдегі жазық батырма жасауды жүзеге асыратын қасиет:
a) GroupIndex
b) Flat
c) Down
d) NumGlyph
17. Графиктік бейне қою компонентіндегі Stretch қасиетінің мәні ақиқат болғанда не орындалады?
a) сурет компонент өлшеміне сәйкестендіріледі
b) суреттің компонентке сиятын бөлігі көрсетіледі
c) сурет компонентке сыймаса сурет көрсетілмейді
d) компонент сурет өлшеміне сәйкестендіріледі
18. Форма өлшемін таңдау қасиеті:
a) Show
b) Free
c) Visible
d) WindowState
19. TrackBar компонентінің шкала сызығының жиілігін қай қасиет анықтайды?
a) LineSize
b) Frequency
c) Position
d) Orientation
20. Edit мәтіндік компонентіне алмастыру буферіндегі мәнді қою командасы:
a) edit1.Paste.FromClipboard
b) edit.PasteFromClipboard
c) edit1.PasteToClipboard
d) edit1.PasteFromClipboard
21. Edit1 компонентіндегі мәтіннің шрифт стилін қалыпты жағдайдағыдай ету үшін команда қалай жазылады?
a) Edit1.Font.Size:= [fsBold]
b) Edit1.Font.Size:=[fsUnderline]
c) Edit1.Font.Size:=[fsItalic]
d) Edit1.Font.Style:=[]
22. Shape компонентінің Shape қасиетінің бұрышы дөңгеленген тіктөртбұрыш сызу мәні?
a) StRoundRect
b) StRectangle
c) StCircle
d) StRoundSquare
23. Төмендегі операторлардың қайсысы хабарлама және стандарт белгіше шығарады?
a) InputBox
b) ShowMessage
c) OpenDialog
d) MessageDlg
24. [20,60] аралығындағы кездейсоқ сан шығаратын команданың қайсысы дұрыс?
a) randomize; edit1.text:= inttostr(random(40)-20);
b) randomize; edit1.text:=strtoint(random(40)+20);
c) randomize; edit1.text:= inttostr(random(40)+20;
d) randomize; edit1.text:=inttostr(random(40)+20);
25. var x,y:real; x1:string;
begin x1:=InputBox(‘’,’x=’,’’);
x:=strtofloat(x);
y:=sqr(x);
showMessage(floattostr(y)); программа фрагменті нені орындайды?
a) енгізілген бүтін санның квадратын экранға шығарады
b) енгізілген нақты санның квадрат түбірін экранға шығарады
c) енгізілген нақты санның квадратын экранға шығарады
d) экранға хабарлама шығарады
26. TrackBar компонентінің Position қасиетінің max және min мәндері қалыпты жағдайда нешеге тең болады?
a) max=255 , min=-1
b) max=255 , min=0
c) max=10 , min=0
d) max=100 , min=0
27. Delphi-де сурет салу беті қалай аталады?
a) Канва
b) Canvas
c) Холст
d) Image
28. Delphi графикасындағы суретті бояу қылқаламын таңдау қасиеті:
a) Brush
b) LineTo
c) Moveto
d) Pen
29. Delphi графикасында тұтас сызық салу стилін таңдау қасиеті:
a) Form1.Canvas. Pen.Style:=psDash;
b) Form1.Canvas.Pen.Style:=psDot;
c) Form1.Canvas.Pen.Style:=psSolid;
d) Form1.Canvas. Pen.Style:=psClear;
30. Төмендегі команда нәтижесінде не сызылады?
Ellipse(10,30,100,150);
a) эллипс
b) шеңбер
c) дөңгелек
d) доға
31. Төмендегі процедура фрагментінің қайсысы форма бетінде қалыңдығы 2-ге тең, жасыл түсті сызық сызады?
a) width canvas do begin Pen.Wigth:=2; Pen.Color:=clgreen; line(50,100); end;
b) with canvas do begin Pen.Wigth:=2; Pen.Color:=clgreen; lineTo(50,100); end;
c) with canvas do begin Pen.Wigth:=2; Pen.Color:=green; lineTo(50,100); end;
d) with canvas do begin Pen.Wigth:=2; Pen.Color:=clgreen; line(10,20,50,100); end;
32. Delphi графикасында бейнені экранда кідірту үшін қандай оператор қолданылады?
a) Stop()
b) Sleep()
c) Pauza()
d) Delay()
33. Қосымшаға әуен және бейне қою компоненті?
a) Display
b) MDPlayer
c) MediaPlayer
d) Player
34. Сурет шығару компонентіне графиктік файл жүктеу командасы:
a) Image1.LoadFromFile(c:\1.bmp);
b) Image1.Picture.LoadFromFile(‘c:\1.jpg’);
c) Image1.Picture.LoadFromFile(‘c:/1.bmp’);
d) Image1.Picture.LoadFromFile(‘c:\1.bmp’);
35. Delphi- де комментарий қою үшін қандай символдар қолданылады?
a) [ ]
b) (* *)
c) { }, \\
d) \* *\
36. Төмендегі оқиғалардың қайсысы тышқанға байланысты болады?
a) OnStartDrag
b) OnKeyPress
c) OnKeyUp
d) OnClick
37. CheckBox және RadioButton компоненттерінің қосылғандығын анықтау үшін қолданылатын қасиет?
a) Checked
b) Hint
c) ItemIndex
d) Enabled
38. Tree View компонентінде ішкі түйін қосу әдісі?
a) addSubItems
b) addChild
c) add
d) addItems
39. listbox компонентіндегі таңдалған мәнді Edit өрісіне шығару командасының жазылуы?
a) edit1.text:=listbox1.Items.[Index]
b) edit1.text:=listbox1.Items.[SelectIndex]
c) edit1.text:=listbox1.Items.[ItemIndex]
d) edit1.text:=listbox1.Items.ItemIndex
40. k:=k+1; Қолданушының неше символ тергендігі туралы санауыш мәнін Label компонентіне шығару үшін кодын көрсет?
a) Label1.Caption:=’Сіз ‘ +strtoint (k)+ ’символ тердіңіз’
b) Label1.Caption:=’Сіз ‘ +inttostr(k)+ ’символ тердіңіз’
c) Label1.Caption:=’Сіз ‘ ,inttostr(k), ’символ тердіңіз’
d) Label1.text=’Сіз ‘, + inttostr (k)+ ,’символ тердіңіз’
Жауаптары: 1-c, 2-b, 3-d, 4-a, 5-a, 6-a, 7-d, 8-d, 9-a, 10-c, 11-a, 12-d, 13-a, 14-b, 15-d, 16-b, 17-a, 18-d, 19-b, 20-d, 21-d, 22-a, 23-d, 24-d, 25-c, 26-c, 27-b, 28-a, 29-c, 30-a, 31-b, 32-b, 33-c, 34-d, 35-c, 36-d, 37-a, 38-b, 39-c, 40-b.
Достарыңызбен бөлісу: |