Color- сызық түсі, Width- сызық қалыңдығы, Style- сызық стилі.
Ол төмендегідей мәндер қабылдайды.
psSolid- тұтас сызық
psDash- штрих сызық
psDot- пунктир сызық
psDashDot- штрих- пунктир сызық
psDashDotDot- штрих және екі пунктир сызық
psClear- сызық жоқ.
Мысал:
Canvas.pen.Width:=1; Canvas.Pen.Color:=clRed; Canvas.Pen.Style:=psDash;
Canvas.Ellipse(30,30,120,120);
Нәтижеде сызық қалыңдығы 1-ке тең, сызық стилі штрихталған, қызыл түсті шеңбер сызылады. Қосымшаны орындату нәтижесі келесі суретте көрсетілген.
Код “Сызу” батырмасына жазылады.
Сурет 87. Delphi-дің графиктік операторларын қолдану
Программада Canvas операторын әр команда сайын қайталап жазбай, With (біріктіру) операторы арқылы да ұйымдастыруға болады. Онда жоғарыдағы код фрагменті былайша болады:
Достарыңызбен бөлісу: |