Графиктік режимде экранда мәтін шығару
Мәтін төмендегі қасиеттер арқылы сипатталады:
жазба бағыты (вертикаль немесе горизонталь)
мәтін басталатын экран нүктесінің координатасы
шрифт түрі
шрифт өлшемі
Графиктік экранда мәтін шығарудың 2 процедурасы бар.
OutTextXY( x, y,:integer; text:string);
Мұндағы x,y шығатын мәтіннің сол жақ жоғарғы бұрышының координатасы.
text- экранға шығатын мәтін.
Мәтінді шығару үшін қолданылатын екінші процедура:
2. OutText( text:string);
Бұл жағдайда мәтін көрсеткіштің ағымдық мәнінен бастап шығады. Бұл процедураны бір жолға бірнеше жазба шығарған кезде қолданған ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |