|
Бағдарлама мазмұны Бағдарламаның міндеті
|
Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 17,29 Kb. | | #36917 |
| Дәріс 2
Дәріс 2
Бағдарлама мазмұны
1. Бағдарламаның міндеті
2. Бағдарламның модульдері
Бұл бағдарламаның негізгі міндеті болашақ мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіріп бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері оқытушының күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән мәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканыңәртүрліаспектілеріталқыланады. ОсыБағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, студенттер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатыстығылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс тыңдаушылар Бағдарламаға енгізілген оқыту мен оқудағы стратегиялар мен тәсілдердіқарастыру (таңдау, зерттеу, танысут.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет. Оқуға арналған негізгі материалдар «Студентке арналған нұсқаулық» және үлестірме материалдар болып табылады. Құрылымдалған үлестірме материалдар мен қосымша онлайн материалдар тиісті сабақтар барысында беріліп отырады. Бағдарлама мен жоғарыда аталға нматериалдарҮшінші деңгей бағдарламасының біртұтас оқу-әдістемелік кешенін құрайды. Сонымен қатар қажет болған жағдайда және кәсіби қажеттіліктеріне қарай тыңдаушылар Үшінші деңгей бағдарламасында пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттерді өзбеттерінше оқиалады. «Студентке арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Бағдарламаның модульдері: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. 3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 7. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|