Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева



жүктеу 5,25 Kb.
Pdf просмотр
бет17/39
Дата18.12.2017
өлшемі5,25 Kb.
#4625
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39

 
36 
«Ирано-таджикская  поэзия»  Мәскеудегі  «Художественная  литература» 
баспасынан  1974  жылы,  осы  жылы  тағы  да  осы  баспадан  «Ирано-таджикская 
поэзия»  деген  кітап    бастырылды.  Қазақ  тілінде  1966  жылы  «Қазақстан» 
баспасынан    Сағынғали  Сейітовтің  құрастыруымен  шығыс  ақындары  туралы 
«Сөз  зергерлері»  деген  кітап  шықты.  Онда  Б.Ысқақовтың  «Хафиз»  атты 
мақаласы  бар.  1970  жылы  Рахманқұл  Бердібаевтың  «Гүлстан  бұлбұлдары»,  ал 
Қайрат  Жұмағалиевтің  құрастыруымен  «Шығыс  жұлдыздары»  деген  жинақ 
1973 жылы «Жазушы» баспасында жарық көрді. 1986 жылы Әбдіраш Жәмішев 
Хафиз  ғазалдарының  орыс,  өзбек,  тәжік  тілдеріндегі    аудармалары  мен  парсы 
тіліндегі  нұсқаларын  салыстыра  отырып,  жинақтады.  Осы  еңбекте  1987  жылы 
шыққан  «Кәусар  бұлақта»  филология  ғылымдарының  докторы  Рахманқұл 
Бердібаевтың  «Шираз  бұлбұлы»  деген  мақаласы  берілген.  Онда  Хафиздің 
шығармашылығының жалпы сипатын шебер тілмен жеткізген.  
Шәкәрімнің өлеңдерін баспаға дайындаған жазушы М.Мағауин Хафиз  бен 
Шәкәрімнің  шығармашылық  байланысына  тоқталып,  «Шәкәрімнің  шығыс 
үлгісіндегі  мұрасы  сол  тұстағы  қазақ  поэзиясының  ізденіс  өрісі,    игерген 
аумағы  туралы  нақты  түсінік  берсе  керек.  Шәкәрімнің  шығыстық    жырлары 
көркемдік  ойдың  жаңа  бір  белесі  болды.  Мұндағы  өрнек,  иірімді  жан 
толқынысы, үлгілі тіл мәдениеті-ұлттық поэзиямыздың Абай  жеткізген ең биік 
тұғырымен  деңгейлес»  деп  атақты  ақынның    шығыс  ықпалында  да  өлеңдер 
жазғанын баса көрсетеді.  
Аударма  арқылы  біз  әлем  әдебиетінің  тамаша  үлгілерімен  таныса    аламыз. 
Аударма  тілі  басқа  әртүрлі  жұрттардың  рухани  әлемін  бір-біріне    жақындата 
түсетін  пәрменді  құрал  екені  баршамызға  аян.  Аударма    тарихының  қазақ 
топырағында  пайда  болып,  қалыптасуының  ұзақ  тарихы  бар  екендігі  зерттеу 
еңбектерден мәлім.  
Шығыс  және  қазақ  әдебиеті  ежелден-ақ  тығыз  байланыста  екені  белгілі. 
Түбі  шығыстан  таралып,  қазақ  әдебиетінің  төл  қазынасына  айналып  кеткен 
шығармалардың өзі  қаншама. Сондықтан да бұл шығармалар арқылы тілімізге 
көптеген  шығыс  сөздері  мен  бейнелеу  нышандары  қосылды.  Мәдениеті  мен 
дәстүрі  қазақ  халқына  ежелден    етене  болып  кеткендері  –  араб,  парсы,  түрік 
әдебиеті.  Әдебиетімізде  осы    халықтардың  қазынасынан  келген  үлестер  де  аз 
емес.  Шығыс  әдебиетінің    түпнұсқаның  жеке  сюжеттері  мен  сарындары  қазақ 
әдебиетінде жаңа туындылар жасауға да себеп болғаны мәлім.  
Қазақ  әдебиетінде  зор  мұра  қалдырған  ақындардың  бірі  –  Шәкәрім. 
Шығыста  –  Хафиз  Шамсуддин,  Физули,  Низами  Гянжауийдің  біраз  
туындыларын  қазақ  тілінде  сөйлеткен  қаламгер.  Біз  енді  Хафиз  бен  Шәкәрім 
шығармаларындағы байланысты қарап көрелік.  
Шәкәрім «Көрініске шоқынған», «Кел, аяқшы, қымыз құй», «Ей, жарымыз, 
ай нұры»,  «Тұр, аяқшы, бер қымыз», «Көңіл жібі қолымнан»,  «Егер сүйікті ол 
бала»,  «Анық  ерге  жолдас  бол»,  «Мәжілісіңде  досыңның»,  «Кешегі  басшы 
піріміз» деп басталатын өлеңдерді шығыстың әйгілі ақыны Хафизден аударған. 
Бұлардың  ішінен  «Көрініске  шоқынған»  деп  аталатын  бір  өлең  «Абай» 
журналының  1918  жылғы  үшінші  санында  басылды.  Ал  басқа  өлеңдері 
ақынның  көзі    тірісінде  жарияланбаған.  Сол  «Абай»  журналында  басылған 


 
37 
өлеңнің    алдындағы  таныстыру  сөзінде  ақын:  «Баяғыда  осыдан  бірнеше  ғасыр 
бұрын  парсы  жұртында  әрі  білгіш-данышпан,  әрі  сопы,  әрі  ақын  Қожа    Хафиз 
деген  кісі  болған  екен.  Сол  кісінің  сөзі  мен  өзінен  байқалған    иманына  қазақ 
жұртының  талапты  да  алғыр  жастарын  таныс  қылмақ  үшін,  төменгі  жырын 
қазақ тіліне аудардым» деп көрсеткен.  
Шәкәрімді  Хафиздегі  терең  философиялық  ой,  астарлы  меңзеулері 
қызықтырғаны болса керек.  
Аударма  теориясын  зерттеп  жүрген  ғалымдар  көркем  аударманың  негізгі 
үш  түрі  болатынын  айтады.  Олар:  еркін  аударма,  сөзбе-сөз  аударма,  балама 
аударма немесе реалистік аударма.  
Шәкәрім  парсы  тілін  жетік  білген.  Соның  нәтижесінде  Хафиз  
шығармаларын  анағұрлым  жатық  тілмен  аударған.  Әрі  өз  отандастарының  
түсінігіне  лайықтап,  аздап  әрлеп,  өзгертіп,  негізінен  түпнұсқадан  алшақтамау 
принципін ұстана отырып аударған. Яғни қазақ ақыны өз туындыларын қазақы 
өлеңнің  қалыбына  салып,  таза  ұлттық  пішіндегі  төл  тума  шығармаға 
айналдырған.  Шәкәрім  аудармалары  ұлттық  таным-түсінікке  қабысатындай 
ұғымдылығымен  ерекшеленеді.  Ол  қабылдаушының  ұлттық  ерекшелігін 
ескерген. Сонымен бірге эстетикалық қуаттың поэзиялық тұрғыдан төрт аяғын 
тең басқан көркем болуын назарда ұстаған.  
Мысалы,  шығыс  шайыры  атанған  парсы  ақыны  Хафиз  өз  отандастарын  ар 
тазалығына  жетелеп,  жаңа  рух,  жаңа  сезіммен  қанаттандырады.  Бұл  сезім  әрі 
сенім  –  имандылық,  ақын  илаһи  махаббат  жолымен  кісілікке,  ұлттық  келбетті 
қастерлеуге болатынын айғақтағандай еді.  
Шәкәрімді  Хафиздің  терең  философиялық ойлары  мен  астарлы  меңзеулері 
қызықтырғандай  болып  көрінеді.  Сонымен,  ғалым  Ш.Сәтбаева  және  ақын 
Ә.Тәжібаев  айтқандай:  «Ләйлі  –  Мәжнүн»  Шәкәрімнің  шығыс  алыптарымен 
жарысқа  түскенде  көтерілген  жаңа  биігі,  жаңа  тауы  десек  те  болады.  Бұл  тау 
қазақ даласына түгел көрінген қарлы шыңы, қара орманы, тасқын өзендерімен, 
барлық  ғажайыптарымен  көрінген  бүкіл  халқымызды  қуанышқа  бөлеген  биік 
еді.  Біз  кешегі  аталарымыз  жырлаған  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  Сұлудың»  ұлы 
махаббатына  тең  Шәкәрім  жырлаған  жаңа  «Ләйлі  –  Мәжнүн»  махаббатын 
қабылдадық.  
Бүгінде  қазақ  халқына  да  ортақ  болып  отырған  осы  дастанды  әр  кезде 
жырлаған  авторлар  жырдың  сюжетін  сақтап,  әрқайсысы  өзінше    жырлаған. 
Мысалы, Бабыл жазбасында Ләйлі мен Қайыс өлмейді, қосылады. Қайыс кейін 
Ләйліні тастап, екінші әйелге ғашық болады. Ләйлі қайғыдан өледі.  
Ал, бұл дастанды Низами Ширбан шах Ахситан мен өз баласы Мұхамбеттің 
тілегі  бойынша  жазған,  бірақ  онысы  бүкіл  шығыс  әдебиетінің  қаймағына 
айналды.  
Қазақ  аудармашысы  дастанның  тамаша  үлгісін  жасап,  екі  жастың  адал 
махаббатына,  азаттығына  әлеумет  тәртібі  орнатқан  еріксіз  некені  айыптап,  екі 
қаһарманының өз заманының әлеуметтік тәртібіне қарсы шығып, мерт болуын, 
төл туындысының финалында былай суреттейді:  
 
Деме сен «өліп қалдым, сен менен қаш»,  
 
Айтқаның рас болса, қабіріңді аш!  


жүктеу 5,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау