Б. К. Кенжембетова сурет салу әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


Бейнелеу оқу қызметін ұйымдастыруда жаңа технологияларды пайдалану



жүктеу 0,75 Mb.
Pdf просмотр
бет3/133
Дата06.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#36647
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133
Suret salu Metodika 3 Kaz

 

Бейнелеу оқу қызметін ұйымдастыруда жаңа технологияларды пайдалану 

 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  бейнелеу  оқу  қызметін  ұйымдастыруды  және  тұлғаға 

бағдарланған тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде интерактивті әдіс-тәсілдерді, сондай-ақ 

жобалау және зерттеу іс-әрекетін пайдалану арқылы жүзеге асыру көзделеді. 



Бейнелеу    оқу    қызметінде    жобалау  әдісін  пайдалануға  қойылатын  негізгі 

талаптар: 

-бейнелеу    оқу    қызметінің    тақырыбын  таңдау,  оны  орындаудың  тиімді  жолдарын 

ойлану,  іздеу  және  оның  маңызы  мен  мәнін  шығармашылық  бағытта  шешу  жолдарын 

қарастыру; 

-нәтижеге  жетуде  бірлескен    оқу    қызметті    дұрыс  ұйымдастыру,  қажетті  құрал-

жабдықтарды  таңдау,  сурет  салу,  мүсіндеу  немесе  жапсыру  жұмыстарын  орындауға 

бағыт-бағдар беру; 

-балалардың  өздігінен дербес  әрекет  етуі  үшін  оқу    қызметті    таңдалған  тақырыпқа 

сәйкес орындау ретімен таныстыру: ең алдымен нені орындау, одан кейін неге көңіл бөлу, 



 

үлкен бөліктер мен ұсақ бөліктерді үлестіру, жалпы мазмұнның дұрыс шығуына мән беру 



(жеке, жұппен және топпен жұмыстар); 

-жобаның  (оқу    қызметтің  )  мазмұндық  бөлігінің  құрылымын  жүйелеу  (нәтижеге 

жетудің кезеңдерін нақтылау); 

-зерттeу  әдістерін  тиімді  пайдалану:  мәселені  анықтау,  оның  мақсаты  мен 

міндеттерін  нақтылау,  оны  шешудің  болжамын  жасау,  зерттеу  әдістерін  талдау,  соңғы 

нәтижені шығару, алынған мәліметтерді өңдеу, түзету, қорытынды жасау. 



Жобалау әдісінде оқытудың мақсаттары: 

–    бейнелеу  оқу  қызметімен  айналысу үшін балаларға жағдай жасау, алуан түрлі 

дерек көздерінен білім дағдыларын өздігінен ынта-ықыласпен жинақтай білу дағдыларын 

қалыптастыру; 

–   танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешу дағдысын қалыптастыру; 

–    әртүрлі  шағын  топтармен  жұмыс  жасай  отырып,  коммуникативтік  дағдыларын 

қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге үйрету; 

–  өздерінің  зерттеу  дағдыларын  дамыту  (мәселені  анықтау,  ақпарат  жинақтау, 

бақылау, эксперимент жүргізу, талдаужасау, болжам құру, тарату т.б.); 

– жүйелі ойлау дағдысын қалыптастыру, көркемдік талғамын дамытып, эстетикалық 

тәрбие беру. 

Жобалау әдісінің теориялық позициясы: 

–     балаға басым назар аударылып, оның шығармашылық қабілетін дамытуға басым 

көңіл бөлінеді; 

–    білім  беру  үдерісі  оқу  пәнінің  логикасына  ғана  емес,  іс-әрекеттің  логикасына 

құрылады  (балаға  жеке  тұлға  ретінде    қарау  және  баланың  қызығушылығын  ояту), 

баланың жеке ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыруға ықпал етеді; 

–    жеке жұмыс жасау барысында жобалау әдісі арқылы  әрбір баланың өзіндік даму 

деңгейін қамтамасыз етеді; – жобалау әдісі баланың физиологиялық-психикалық дамуын 

кешенді тұрғыдан қарастырады; 

–  алуан  түрлі  жағдаяттарды  пайдалану  арқылы  баланың  білімінің  тереңдігі 

қамтамасыз етіледі; 

–  алуан  түрлі  бейнелеу  іс-әрекетіне  қажетті  құралдармен  жұмыс  жасай  білудің 

техникасымен танысады және оны орындауды меңгереді. 

Жобалау әдісінің маңызы: 

Бала  жұмыс  барысында  шынайы  объектімен  және  үдеріспен  толық  танысады.  Ол 

баланың  нақты  жағдаяттарды  шешуге,  құбылыстарды  терең  танып  білуге  және  жаңа 

объектілерді  құрастыруға  жетелейді.  Жобалау  әдісін  жүзеге  асыру  үшін  және  оның 

мазмұнын  ашу  үшін  ерекше  оқытудың  формаларын  пайдалану  қажет.  Олардың  ішінде 

жетекші  түрі  еліктеу  (имитация)  ойыны  деп  аталады.  Имитациялық  ойын  –  бұл  еркін, 

адамды  шынайы  және  табиғи  қалыпта  ұстауға  ықпал  ететін  балалардың  өзіндік  «мен» 

түсінігін  қалыптастыратын  шығармашылық,  белсенділік,  өздігінен  дербес  әрекет  етуге 

бағыт  беретін  ойынның  түрі.  Бұл  ойында  әрбір  бала  рөлдерді  өз  еркімен  таңдап  алады 

және  баланың  танымдық  іс-әрекеті  олардың  ойындағы  қызметі  барысында  орындалады. 

Олар үшін бұның маңызы зор болып табылады. 

Ойынның қызметі: 

–  психологиялық  –  балаға  берілген  жүктеме  мен  эмоционалдық  көңіл  күйді 

үйлестіру; 

–    психотерапиялық – мұнда балаға көмектесе отырып, өзіне және өзгелерге деген 

қатынасын өзгерту, қарым-қатынас тәсілдерін өзгерту, психикалық көңіл-күйлеріне қарау; 

–    технологиялық – баланың ойлауы мен қиялын шындыққа жақындату. 

Ойында бала өзін қауіпсіз сезініп, психологиялық тұрғыдан еркін болуы және ойын 

оның  өзіндік  дамуына  ықпал  ету  қажет.  Әдістемелік  нұсқауларда  сипатталған дәстүрден 

тыс  техникаларды  тиімді  пайдалану  балалар  үшін  өте  қызықты  әрі  шығармашылыққа 

жетелейтін жол болғандықтан, оны жобалау әдісінде топтық және ұжымдық жұмыстарда 



 

пайдаланған  маңызды  болмақ.  Бейнелеу  іс-әрекетінде  жобалау  әдісін  пайдаланудың 



маңыздылығы баланың өзінің шығармашылық зерттеу ізденісіне, танымдық қабілеттерін 

дамытуға  жол  ашатындығында.  Сондай-ақ,  педагогтің  бейнелеу  оқу  қызметін  

ұйымдастыруына бағыт беретін төмендегідей үлгіні ұсынамыз: 


жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау