«ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген



жүктеу 315,15 Kb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата14.05.2018
өлшемі315,15 Kb.
#13114
1   2   3   4   5   6   7   8   9

20 

 

2)  жанғыш  бояулармен  (лактармен)  жаңа  боялған  құрылымдар  мен 



бұйымдарда от жұмыстарын жүргізуге; 

3)  май, тоң май, бензин, керосин және  басқа да  жанғыш сұйықтықтар 

ізі бар киімді және қолғапты пайдалануға; 

4)  дәнекерлеу  кабиналарында  киімді,  тез  тұтанатын  және  жанғыш 

сұйықтықтарды және басқа да жанғыш материалдарды сақтауға; 

5)  біліктілік  куәлігі  және  өрт  қауіпсіздігі  техникасы  жөніндегі  талоны 

жоқ шәкірттерге, сондай-ақ жұмыскерлерге өздігінен жұмыс істеуге; 

6)  сығылған,  сұйытылған  және  еріген  газдары  бар  баллондармен 

электр сымдарының жанасуына; 

7)  жұмыстарды  жанғыш  және  улы  заттармен  толытрылған,  сондай-ақ 

қысымның  және  электр  кернеуінің  астында  тұрған  аппараттарда  және 

коммуникацияларда жүргізуге; 

8) от  жұмыстарын  шатырда  су  оқшаулау  және  бу  оқшаулау 

құрылғыларымен, 

панельдерді 

жанғыш 


және 

тез 


жанбайтын 

жылытқыштармен  құрастырумен,  еден  жабындарын  желімдеумен  және  үй-

жайды  жанғыш  лактар,  желімдер,  шайыр  және  басқа  да  жанғыш  заттар 

қолдану арқылы өңдеумен бір мезгілде жүргізуге; 

9) жабық  сыйымдылықтар  мен  үй-жайлар  ішінде  электрмен 

дәнекерлеуішпен  және  газбен  дәнекерлеуішпен(газ  кескішпен)  бір  мезгілде 

жұмыс істеуге. 

 

6.11.  Қазандықтардағы жұмыстар 



 

115.  Қазандықтардағы  жұмыстарды  дайындау  және  жүргізу  кезінде   

ҚР  ҚЕ  1.03-106-2012  «Сәулет,  қалақұрылысы  және  құрылыс  саласындағы 

мемлекеттік  нормативтер.  Қазақстан  Республикасы  ережелері  жиынтығы. 

Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын»  [14] басшылыққа 

алу  қажет.  Қазандықтардағы  жұмыстарды  дайындау  және  жүргізу  кезінде   

ҚР ҚҚ талаптарын басшылыққа алу қажет. 

116.  Жұмыс  орындарын  шұңқырлар  мен  орларда  орналастырумен 

байланысты  жер  және  басқа  да  жұмыстарды  орындау  кезінде  жұмыс 

сипатымен  байланысты  мына  қауіпті  және  зиянды  өндірістік  факторлардың 

жұмыскерлерге әсер етуінің алдын алу жөніндегі іс-шараларды көздеу қажет:  

1)  опырылатын тау жыныстары (топырақ); 

2)  құлап кететін заттар (тау жыныстарының кесектері); 

3)  қозғалыстағы машиналар мен олардың жұмыс органдары, сондай-ақ 

олар қозғалтатын заттар; 

4)  жұмыс  орнының  құламаға  жақын  жерде  1,3  м  және  одан  биікте 

орналасуы; 

5)  электр  тізбегіндегі  тұйықталуы  адам  денесі  арқылы  өтуі  мүмкін 

жоғары кернеудің болуы; 

6)  химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. 




21 

 

117.  Қауіпті  және  зиянды  өндірістік  факторлар  болған  кезде,  жер 



жұмыстарының  қауіпсіздігі  ұйымдастыру-технологиялық  құжаттамадағы 

(құрылысты ұйымдастыру және жұмыстарды жүргізу жобаларындағы ж.т.б.) 

еңбек  қорғау  жөніндегі  мынадай  шешімдерді  орындау  негізінде  қамтамасыз 

етілуі тиіс: 

1) машиналар 

мен 


топырақтың 

жүктемесін 

ескеріп, 

қазаншұңқырлардың,  орлардың  (бұдан  әрі  –  оймалардың)  бекітілмеген 

еңістерінің қауіпсіз құлдилығын анықтау; 

2) қазаншұңқырлар мен орлардың қабырғаларын бекіту құрылмаларын 

анықтау; 

3) топырақты өңдеу үшін қолданылатын машиналар түрін және оларды 

орнату орындарын таңдау; 

4) маусымдық  өзгерістерге  байланысты  еңістердің  орнықтылығын 

бақылау және қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар; 

5) қазаншұңқырлар  мен  орлар,  сондай-ақ  жұмыскерлердің  жұмыс 

орындарына  түсетін  басқыштары  орнатылатын  орындарды  және  олардың 

қоршауларының түрлерін анықтау. 

118.  Кернеуі  жоғары  кабельдерді,  жұмыс  істеп  тұрған  газқұбырын, 

басқа  да  коммуникацияларды  қорғау  аймақтарында,  сондай-ақ  топырақтың 

патогенді  ластануы  ықтимал  учаскелерде  (үйінділер,  мал  қорымдары, 

зираттар  ж.т.с.с.)  жер  жұмыстарын  жүргізуді  осы  коммуникацияларды 

пайдаланушы  ұйымнан  немесе  халықтың  санитарлық-эпидемиологиялық 

аман-саулығы  саласындағы  мемлекеттік  органнан  рұқсат  алынған  кейін 

жүктелім-рұқсат бойынша жүзеге асыру қажет.  

119.  Бұл  жағдайларда  жұмыстарды  жүргізуді  жұмыстардың 

жетекшісінің,  ал  кернеудегі  кабельдерді  немесе  жұмыс  істеп  тұрған 

газқұбырын  қорғау  аймақтарында  сонымен  қатар  осы  коммуникацияларды 

пайдаланушы  ұйымның  жұмыскерлерінің  қадағалауымен  жүзеге  асыру 

қажет.  


120.  Жоспарларда  белгіленбеген  кабельдер,  құбырлар,  жерасты 

құрылыстары,  сондай-ақ  оқ-дәрілер  табылған  кезде,  жер  жұмыстарын 

табылған құрылыстардың иелігі  анықталып, тиісті ұйымдардан жұмыстарды 

жалғастыруға келісім алынғанға дейін тоқтатқан жөн . 

121.  Топырақтың  шайылуын,  көшкіннің  пайда  болуын,  ойма 

қабырғаларының  құлауын  болдырмау  мақсатында  жер  жұмыстарын  жүргізу 

басталғанға  дейін  жерүсті  мен  жерасты  суларын  бұру  қажет.  Жұмыстарды 

жүргізу  орны  қойтастардан,  ағаштардан,  құрылыс  қалдықтарынан 

тазартылуы қажет. 

122.  Жұмыс  істеп  тұрған  жерасты  коммуникацияларға  жақын 

орналасқан топырақты игеруді соққыш құралдардың көмегінсіз, тек күректің 

көмегімен  ғана  жасауға  жол  беріледі.  Оймалардың  механикалық 

зақымдардан  қорғалмаған,  жұмыс  істеп  тұрған  коммуникациялармен 

қиылысатын 

жерлерінде 

жер 


қазу 

машиналарын 

қолдануға 



22 

 

коммуникациялардың  иелері  болып  табылатын  ұйымдардың  келісімімен 



рұқсат етіледі.  

123.  Жұмыскерлерге  тереңдігі  1,3  м  асатын  оймаларда  жұмыс  істеуге 

рұқсат  берер  алдында  жауапты  тұлға  еңістердің  жағдайын,  сондай-ақ  ойма 

қабырғаларының бекітілу сенімділігін тексеруі тиіс. 

124.  Еңістерде  табылған  қойматастар  мен  тастар,  сондай-ақ 

топырақтың қыртысталуы жойылуы тиіс. 

125.  Жұмыстарды  жүргізу  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  еңіс 

топырақтарының  жағдайы  және  «қабақтар»  немесе  сызаттар  (қыртысталу) 

байқалған  жерлердегі  орнықсыз  топырақтың  бұзылуы  үшін  жауапты 

тұлғаның мұқият тексеруінен кейін ғана ылғалдануға ұшыраған еңістері бар 

оймалардағы жұмыстарға жұмыскерлерді жіберуге рұқсат етіледі.  

 

6.12. Өндірістік нысандар алаңдарына қойылатын талаптар  



 

126.  Өндірістік  нысандар  алаңдарына  қойылатын  талаптар  ҚР  ҚЕ    

1.03-106-2012  «Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс    саласындағы 

мемлекеттік нормативтер. Қазақстан Республикасы ережелерінің жиынтығы. 

Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасымен» [14] реттеледі.. 

Өндірістік 

аумақтардың 

жайғастырылуы, 

оларды 

техникалық 



пайдалану жалпы  нысандағы еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын 

айқындайтын  құрылыс  нормалары  мен  ережелерінің,  мемлекеттік 

стандарттардың,  санитарлық,  өрт  қауіпсіздігі,  экологиялық  және  басқа  да 

нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жабдықталады.  

127. Бөтен адамдардың кіруін болдырмау үшін өндірістік аймақтар мен 

жұмыс учаскелері қоршалады. 

Қорғаныш  қоршауларының  құрылмалары  мынадай  талаптарды 

қанағаттандыруы тиіс: 

1)  өндірістік  аймақтар  қоршауларының  биіктігі  кемінде  1,6  м,  ал 

жұмыс учаскелерінікі - кемінде 1,2 м болуы тиіс; 

2)  адамдардың  жаппай  өтетін  жерлеріне  жапсарлас  қоршаулардың 

биіктігі  кемінде  2  м  болуы  тиіс  және  тұтас  қорғаныш  маңдайшаларымен 

жабдықталуы тиіс; 

3) маңдайшалар  қардың  салмағына,  сондай-ақ  дара  ұсақ  заттардың 

құлауына төзімді болуы тиіс; 

4)  қоршауларда  жұмыс  уақыты  ішінде  бақыланатын  және  жұмыс 

аяғында құлыпталатын дарбазалар мен қақпалардан басқа,  ойықтар болмауы 

тиіс. 


128.  Қауіпті  аймақтар  шегінде  адамдар  өтетін  жерлер  қорғаныш 

қоршауларымен 

жабдықталады. 

Салынып 


жатқан 

ғимараттарға 

(құрылыстарға)  кіреберістер  жоғарғы  жағынан  ғимарат  қабырғасынан  ені 

кемінде  2  м  маңдайшамен  қорғалады.  Маңдайша  мен  кіреберіс  үстіндегі 

қабырға  арасында  құралатын  бұрыш  70°тан  75°қа  дейінгі  бұрышпен 

орындалады. 




жүктеу 315,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау