Қазақстан Республикасының патент заңы (Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 16 шілде №427-I)


-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау



жүктеу 368,49 Kb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата14.01.2018
өлшемі368,49 Kb.
#7443
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

      5-бап. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау 

 

      1. Өнертабысқа құқық инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы 



модель мен өнеркәсiптiк үлгiге - патентпен қорғалады. 

 

      2. Өнертабысқа инновациялық патент өнертабысқа инновациялық патент беруге 



өтiнiмге сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi. Пайдалы модельге патент пайдалы 

модельге патент беруге өтiнiмге жүргiзiлген сараптаманың нәтижесi бойынша берiледi. 

 

       Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiмге ресми сараптама және 



мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi. 

 

       Инновациялық патент пен патент өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басымдықты, 



авторлықты және ерекше құқықты куәландырады. Инновациялық патент өтiнiм берушiге 

дүниежүзiлiк жаңалыққа және өнертабыстық деңгейге қатысты тәуекелiмен және 

жауапкершiлiгiмен берiледi. 

 

      3. Өнертабысқа инновациялық патент өтiнiм келiп түскен күннен бастап үш жыл 



бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi 

ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екі жылдан аспауы керек. 

 

        Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы күшiн 



сақтайды. 

 

        Заңдарға сәйкес пайдаланылуы үшiн құзыретті органның рұқсаты талап етiлетiн 



өнертабыс патентiнiң қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ұзартылуы 

мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек. 

 

        Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн 



сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы 

мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек. 

 

      Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы күшiн 



сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы 

мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек. V074976 

 

        4. Өнертабыс пен пайдалы модельге қорғау құжатымен берiлетiн құқық қорғау 



көлемi олардың формуласымен, ал өнеркәсiптiк үлгiге патентпен берiлетiн құқық 

қорғау көлемi бұйымның (макеттiң) кескiндерiнде ұсынылған және өнеркәсiптiк үлгiнiң 

елеулi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген оның елеулi белгiлерiнiң жиынтығымен 

анықталады. Өнертабыс формуласына, пайдалы модельге түсiнiк беру үшiн сипаттамалар 

мен сызбалар пайдаланылуы мүмкiн. 

 

       Өнiмдер алу әдiсiне берiлген қорғау құжатының күшi тiкелей осы әдiспен 



алынған өнiмге де қолданылады. 

 

       Егер өзгеше дәлелденбесе, бұл орайда жаңа өнiм қорғау әдiсiмен алынған болып 



есептеледi. 

 

        5. Қорғау құжатын алу құқығы, өтiнiмдi тiркеуден туындайтын құқықтар, 



қорғау құжатын иелену құқығы және қорғау құжатынан туындайтын құқықтар тұтас немесе 

iшiнара басқа адамға берiлуi мүмкiн. 

 

      6. Осы Заңға сәйкес мемлекет құпия деп таныған өнеркәсiптiк меншiк 



объектiлерiне құқықтық қорғау берiлмейдi. Өнеркәсiптiк меншiктiң құпия объектiлерiн 

пайдалану тәртiбi заңдармен реттеледi. 

 

      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. 



586 


, 2007.03.02. 

N 237 


Заңдарымен. 

 

     2-тарау. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің патентке  



 қабілеттілігінің талаптары  

      6-бап. Өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiнiң талаптары 

 

      1. Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды 



болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiлудi. 

 

       Егер ол техника деңгейi туралы мәлiметтерде белгiсiз болса, өнертабыс жаңа 



болып табылады. 

 



 

       Егер маман үшiн ол техника деңгейi туралы мәлiметтерден айқын кездеспейтiн 

болса, өнертабыс өнертабыстық деңгейде болады. 

 

       Техника деңгейi туралы мәлiметтер өнертабыс басымдық алған күнге дейiн дүние 



жүзiнде жалпы жұртқа мәлiм болған кез келген мәлiметтердi қамтиды. 

 

       Өнертабыстың жаңалығын анықтаған кезде техникалық деңгейi туралы 



мәлiметтерге бұрынырақтағы басымдықтары болған жағдайларда өнертабыстар мен пайдалы 

модельдерге (қайтып алынғандардан басқасы) Қазақстан Республикасында басқа 

адамдардың берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында патенттелген 

өнертабыстар мен пайдалы модельдер кiредi. 

 

       Егер өнеркәсiпте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда және қызметтiң 



басқа да салаларында пайдалануға болса, өнертабыс өнеркәсiпте қолдануға жарамды деп 

табылады. 

 

        2. Өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе 



хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi 

материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi 

немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға 

жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады. 

 

        3. Мыналар: 



 

       1) жаңалықтар, ғылыми теориялар және математикалық әдiстер; 

 

        2) шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдiстерi; 



 

        3) шартты белгiлер, кестелер, ережелер; 

 

        4) ақыл-ой операцияларын орындау, ойындарды жүргiзу ережелерi мен әдiстерi; 



 

        5) есептегiш машиналарға арналған бағдарламалар мен алгоритмдердiң өзi; 

 

        6) ғимараттар, үйлер, аумақтар жоспарларының жобалары мен тәсiлдерi; 



 

        7) бұйымдардың тек сыртқы түрiне қатысты ұсыныстар; 

 

        8) Қоғамдық мүдделерге, iзгiлiк пен мораль принциптерiне қайшы келетiн 



ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайды. 

 

        4. Париж конвенциясына қатысушы мемлекет аумағында ұйымдастырылған, ресми 



немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде өнертабыстың экспонат ретiнде 

көрсетiлуiн қоса алғанда, өнертабысқа қатысты ақпаратты арыз берушiнiң (автордың) 

немесе одан бұл ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген адамның 

көпшiлiкке жария етуi, өнертабысқа өтiнiм ол ашылған немесе көрмеге қойылған күннен 

бастап алты айдан кешiктiрмей берiлген болса өнертабыстың патентке қабiлеттiлiгiне 

әсер ететiн мән-жай деп танылмайды. Бұл орайда осы фактiнi дәлелдеу мiндетi арыз 

берушiге жүктеледi. 

 

      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.02. 



237 


Заңымен. 

 

       7-бап. Пайдалы модельдiң патентке қабiлеттiлiк 

 

             талаптары 

 

      1. Өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас 



бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге жатады. 

 

       Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса, пайдалы модельге құқықтық қорғау 



берiледi. 

 

       Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден 



белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады. 

 

       Техника деңгейi туралы мәлiметтер пайдалы модельге басымдық берiлген күнге 



дейiн жұртқа мәлiм болған, арыз берiлiп отырған пайдалы модель мақсаттас құралдар 

туралы дүние жүзiнде жарияланған мәлiметтердi, олардың Қазақстан Республикасында 

қолданылуы, сондай-ақ олардың неғұрлым бұрынырақта басымдығы болған жағдайларда 

Қазақстан Республикасына басқа адамдардың пайдалы модельдерге және өнертабыстарға 

(қайтарып алынғаннан басқа) берген өтiнiмдерi және Қазақстан Республикасында 



жүктеу 368,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау