«Қазақ тілі» оқу пәнін тереңдетіп оқытудың негізгі міндеттері:
қазақ тілін Қазақстан Республикасының аумағында қоғамның барлық салаларында еркін қолдана білуі үшін білім алушының коммуникативтік дағдыларын жетілдіру, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйрету;
мәтіннің типтерін, стилін, жанрын тану үшін мәтінді құрайтын барлық тілдік құралдарды: синтаксистік құрылымдарды, лексикалық бірліктерді, сөздің дыбыстық және морфемдік құрамын тануға үйрету;
ауызша және жазбаша мәтінтудыру дағдыларын жетілдіру үшін орфоэпия және орфография нормаларын білу, сөйлеу мәдениетін және шешендік өнерді меңгеру, түрлі стильдер мен жанрларда мәтінтудыру тәсілдерін жетілдіру.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1) 10-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 2) 11-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат.
Оқу мақсаттары қазақ тілін ғылыми пән ретінде оқитын білім алушыларға мәтінтану мен мәтінтудыру дағдыларын жетілдіру арқылы өмірге қажет функционалды білім беруді көздейді. Мұның өзі орта мектеп деңгейіне сай лингвистикалық білім алуға негізделеді. Оқу мазмұны 3 бөлімнен тұрады:
мәтінтану тыңдау және оқу арқылы мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ойды таба білу, мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу, әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпаратты алумен қатар мәтіннің стилі мен жанрын, мәтіннің типтерін және әр типке тиісті қолданылатын тілдік құралдарын ажырата білуден тұрады;
мәтінтудыру мәтіннің мазмұнын айту кезінде орфоэпиялық нормаларды сақтаудан бастап, тіл мәдениетінің талаптарын орындай отырып, шешен сөйлеу деңгейіне жетуді көздейді. Орфография және пунктуация талаптарын сақтай отырып, барлық стильдер мен жанрларда мәтін жаза алу арқылы мәтінтудыру дағдысын жетілдіруді көздейді;
әдеби тіл нормалары айту және жазу әрекеті кезінде лексикаграмматикалық нормаларды, оның ережелерін және ерекшеліктерін қатаң сақтауды үйретуді көздейді.
«Мәтінтану» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
мәтіннің мазмұнын тану;
мәтіннің стилі мен жанрын тану.
«Мәтінтудыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінде айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіру;
ресми іс-қағаздары стилінде айтылым, жазылым дағдыларын
жетілдіру;
публицистикалық стильде айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіру; 4) ғылыми стильде айтылым, жазылым дағдыларын жетілдіру.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
лексика-грамматикалық норма;
айтылым-жазылым нормалары (орфография, орфоэпия, пунтуация).
Достарыңызбен бөлісу: |