41-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
|
Оқу пәнінің атауы
|
Жалпы жүктеме, сағат
|
Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)
|
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)
|
Апталық
|
Жылдық
|
Апталық
|
Жылдық
|
5
|
Математика
|
5
|
170
|
-
|
-
|
6
|
Математика
|
5
|
170
|
-
|
-
|
7
|
Алгебра
|
3
|
102
|
2
|
68
|
7
|
Геометрия
|
2
|
68
|
1
|
34
|
8
|
Алгебра
|
3
|
102
|
2
|
68
|
8
|
Геометрия
|
2
|
68
|
1
|
34
|
9
|
Алгебра
|
3
|
102
|
2
|
68
|
9
|
Геометрия
|
2
|
68
|
1
|
34
|
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Бұл оқу бағдарламаларында да, ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей, сол тоқсанда игерілуі тиіс.
Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты – пән мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылымижаратылыстану пәндерін игеруге қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні материалдары негізінде білім алушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту.
«Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында білім алушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық, нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.
Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында жобалық жұмыс арқылы ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар аударылуы тиіс. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар жеке немесе топта жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындау, сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау керек.
Білім алушыларда когнитивті қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттілікті, бағдарлама компоненттерін өз бетінше қолдану және оқу курсының мазмұны арқылы өз білімдерін толықтыру қабілетін дамытуға, проблемалы-бағытталған оқыту технологиясын пайдалануға, өнертапқыштық, тапқырлық біліктерін дамытуға назар аудару қажет.
Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсаттарының бірі білім алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.
Пәндерді оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларының түрлеріне қарай негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерінің базалық білім мазмұны мен оқыту мақсаттарының жүйелеріне тоқталайық.
1. 5-6-сыныптардың «Математика» оқу пәні.
5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика» пәнінің білім мазмұнында пәнді әрі қарай жалғастыруға қажетті материалдар игерілетін болғандықтан оқыту жүктемесін төмендету бұл сыныптарда қарастырылмаған, яғни Үлгілік оқу жоспарларында аптасына бөлінген 5 сағат оқу жүктемесі сақталған (32кесте) және осы сыныптарда математика курсы жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу бағдарламаларымен оқытылады.
Оқу бағдарламасы бойынша 5-6-сыныптарда «Математикалық моделдеу және анализ» бөліміне баса назар аударылған. Әр бөлімді игерген кезде мәтінді есептерді шығару ұсынылады. Практикаға бағытталған есептерді қарастыруға байланысты статистикалық мәліметтерді ұсынуға арналған тапсырмаларды орындауға көңіл бөлінген.
5-6-сыныптарда оқытылатын «Математика» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 42-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |