Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



жүктеу 1,07 Mb.
бет150/277
Дата08.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#37398
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   277
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

«Көркем еңбек» оқу пәні


«Көркем еңбек» оқу пәнінің 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұны оқыту мақсаттары жүйесінің шығармашылық әрекет үдерісі барысында тәжірибелік және негізгі білім қалыптастыруға бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған:

  1. «Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу» бөлімі;

  2. «Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау» бөлімі;

  3. «Таныстырылым, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау» бөлімі.

Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.

5, 6, 7, 8, 9-сыныптарға арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының оқу мақсаттары жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға; Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға; зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде білім алушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға; оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттықкоммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы); жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға; эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға; уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағат;

6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағат;

7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағат;

8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағат;

9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады: «Визуалды өнер»; «Сәндік- қолданбалы шығармашылық»; «Дизайн және технология»; «Үй мәдениеті»; «Тамақтану мәдениеті».

«Визуалды өнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімдерінің тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей.

«Визуалды өнер» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: классикалық және заманауи өнер; қазақстандық суретшілердің шығармашылығы; бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері; сандық өнер (фотосурет, анимация, медиа құралдар); бейнелеу (визуалды) өнерінің көркем тәсілдері; көркемдік материалдар және техникалармен эксперименттеу бөлімдерін қамтиды.

«Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: сәндік-қолданбалы өнер ерекшеліктері мен негізгі пішіндері, Қазақстанның және басқа елдердің сәндік-қолданбалы өнері; сәндік- қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен құралдары; ұлттық оюөрнек; ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады.

«Дизайн және технология» (ер балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі конструкциялық, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; материалдарды өңдеу құралдары мен жабдықтарын; материалдарды әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; әртүрлі материалдардан бұйым дизайнын; ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын; қазақстандық және әлемдік сәулет ескерткіштерін; макеттеуді; ішкі көрініс дизайнын; робототехника, көлік құралдарын модельдеуді қамтиды.

«Дизайн және технология» (қыз балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; тоқыма материалдарын өңдеу құралдары мен жабдықтарын; тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; тоқыма материалдарынан бұйым дизайнын; сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технологиясын қамтиды.

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (ер балалар) төмендегі бөлімшелерді: тұрғын үйдің экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; электр қуатының көздері туралы жалпы мәліметтерді, тұрмыстық техника және электр құралдарын қолдану мен жөндеуді; тұрмыстық жөндеу жұмыстарын, ішкі көіністі ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (қыз балалар) төмендегі бөлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.

«Тамақтану мәдениеті» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: дұрыс тамақтану негізін; дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; әлем халықтарының тағамдарын қамтиды.

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық), арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.

Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет түрлері, «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған.

Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ, сызулар құру үшін технологиялық құжаттарды орындау дағдыларын дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері қосылған.

«Көркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, жартыжылдыққа және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.

«Көркем еңбек» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау барысында 2021-2022 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.

«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасы 6-сыныптан бастап, негізгі орта мектеп деңгейінде «Сәндік-қолданбалы өнер», «Дизайн және технология» бөлімдерінде бұйымның эскиздерін таныстыру және әзірлеу, материалдар мен құралдарды таңдау, оларды дайындау үшін қол электр құралдарымен және жабдықтарымен қатар компьютерлік модельдеу мүмкіндіктері қолданылады.

Тәжірибелік жұмыстар, құрастырмалы бөлшектерден роботтарды әзірлеу, роботтардың пайда болу тарихы мен түрлері (өз бетінше зерттеу), робот жасау үшін эскизді әзірлеу, робот жасау үшін материалдарды дайындау, робот жасау, роботтың жылжымалы бөліктерін жасау бойынша эксперимент, көлік құралдарының түрлері туралы жалпы мәліметтер (өз бетінше зерттеу), көлік құралының моделін әзірлеу, эскиз, материалдарды іріктеу, көлік құралының моделін жасау, модельдің жекелеген бөліктерін жасау, модельді құрастыру және өңдеу, жұмыстарды таныстыру.

«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасын бейнелеу өнері және технология пәндері бойынша дипломдарына қосымшасы бар бейнелеу өнері, еңбекке баулу және технология пәндерінің мұғалімі сабақ бере алатындай құрастырылған. «Көркем еңбек» пәнін оқыту үшін арнайы диплом қажет емес екенін осы оқылатын пәндер тізімі куәландырады.

Бұл пәнді оқытуға аптасына 2 сағат бөлінгенін ескере отырып, осы пәнді жүргізетін педагогтердің сағаттарының жоғалуы туралы алаңдау негізсіз.



жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   277




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау