Ќазаќстан Республикасыныѕ Ўлттыќ Банкі, 050040, Алматы ќ



жүктеу 253,9 Kb.
Дата01.02.2018
өлшемі253,9 Kb.
#8258
түріКонкурс

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 050040, Алматы қ., Көктем–3 ш/а, 21-үй, анықтама үшін телефондары 8(3272) 704-739, 704-762, 704-976, факс 8(3272) 704-615, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қызметке тағайындау үшін конкурс жариялайды:

Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаменті директорының орынбасары (С-3)

Функционалдық міндеттері: ҚРҰБ әкімшілік мемлекеттік қызметтеріне тағайындауға конкурстар, аттестация, кадр резервінің қалыптастыруды жүргізу, қызметкерді дамыту, ҚРҰБ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері бойынша департаменті жұмысын ұйымдастыру және басшылық ету; ҚРҰБ кадр саясатын іске асыруға қатысу, Департаменті қызметін ұйымдастыру, бақылау және үйлестіру.

Үміткерге қойылатын талаптар: кәсіби білім; адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, еңбек қатынастарын реттейтін заң және нормативтік құқықтық актілерді білу; психология және кадр менеджементі негіздерін білуі құптарлық; банк жүйесіндегі басшылық қызметтерінде жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары (С-3)

Функционалдық міндеттері: Департаменттің міндеттері мен функцияларын тиімді және уақтылы орындау үшін Департаменттің қызметін үйлестіру; Ұлттық Банктің монетарлық саясатын, алтынвалюта активтерін және Ұлттық қордың активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегиясын қалыптастыруға қатысу; Ұлттық Банктің бөлімшелеріне Департаменттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша консультация беру; жұмыстағы конфиденциалдылықты қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қазақстан Республикасының банктердің және қаржы нарықтарының қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерін; Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын білу. Қаржы құралдарын, халықаралық қаржы нарықтарын, валюталық операцияларды, халықаралық есеп айырысуларды, тәуекелдерді басқару негіздерін білу; Reuters, Bloomberg ақпараттық-дилингтік жүйелерін, SWIFT халықаралық төлем жүйесін, психология мен кадр менеджементінің негіздерін білуі құптарлық; ірі банктің (инвестициялық компанияның) қазынашылық бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесінің; келіссөздер жүргізу тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Бухгалтерлік есеп департаментінің салықтық есеп бөлімінің бастығы (С-5)

Функционалдық міндеттері: ҚР Ұлттық Банкінің бюджетін салық салу мәселелері бойынша жоспарлауды және жоспарланған қаражаттың шығысын, бюджетке төленген салықтар мен төлемдерді, салық органдарымен өзара қатынасты талдауды, салық салу мәселелері бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды, екінші деңгейдегі банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салықтық есебі бойынша нұсқаулықтарын әзірлеуді жүзеге асыру.

Үміткерге қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттың болуы құптарлық. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, ҚР-ның өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу, халықаралық қаржылық есеп стандарттарын білуі құптарлық. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ішкі аудит департаментінің тәуекел-менеджмент басқармасының бастығы (С-4).

Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне басшылық ету, оның жұмысын ұйымдастыру; Басқарма қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін айқындау және оларды сапалы орындау үшін жағдай жасау. Ұлттық Банкте тәуекелдерді интеграциялық басқаруды және тәуекелдерді басқару бойынша халықаралық тәжірибені ендіру. Ұлттық Банктің тәуекелдері бойынша интеграцияланған есептілігін дайындауды және оның негізінде тәуекелдерді бағалауды ұйымдастыру. Ұлттық Банктің тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Ұлттық Банктің басшылығына Ұлттық Банктің тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша ұсыныс жасау.

Үміткерге қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша, мамандандырылған оқу бағдарламалары бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Валюталық реттеу туралы», «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу; халықаралық тәуекел-менеджмент стандарттарын білуі құптарлық; қаржы саласында басшылық қызметтерде жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ішкі аудит департаментінің тәуекел-менеджмент басқармасы бастығының орынбасары (С-5).

Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне басшылық етуге қатысу; Басқарма құзыреті шегінде жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Басқармада тұрған жұмыс жоспарларының, құжаттардың орындалуын бақылау. Ұлттық Банкте тәуекелдерді интеграциялық басқаруды және тәуекелдерді басқару бойынша халықаралық тәжірибені ендіру. Ұлттық Банк, Департамент және Басқарма басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Үміткерге қойылатын талаптар: экономикалық немесе техникалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша, мамандандырылған оқу бағдарламалары бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Валюталық реттеу туралы», «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу; халықаралық тәуекел-менеджмент стандарттарын білуі құптарлық. Мамандығына сәйкес жұмыс тәжірибесінің болуы. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ішкі аудит департаментінің монетарлық емес қызметтің аудит басқармасының бас маманы-экономисі (С-6).

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің монетарлық емес қызметінің жұмыс жоспарларын жасауға және тексеруге, аудит жүргізуге қатысу, аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстар, оның ішінде Ұлттық Банктің бөлімшелерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, Ұлттық Банктің ішкі аудит бойынша нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және Департаменттің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу, Ұлттық Банк, Департамент және басқарма басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Үміткерге қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу; Халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарын және Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын білуі құптарлық. Қаржы саласында және/немесе аудит саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ішкі аудит департаментінің тәуекел-менеджмент басқармасының бас маманы-инженері (С-6).

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің АТ тәуекелдерін басқарудың қағидаттары мен стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, Ұлттық Банктің бөлімшелерінің АТ тәуекелдерін басқару және ақпарат технологиялары бойынша қызметтің бизнес-процесін оңтайландыру бойынша ұсыныстарын қарайды. АТ тәуекелдерін басқару саласындағы халықаралық тәжірибені ендіру. Ақпаратты жүйеге келтіру және талдау, АТ тәуекелдерін басқарудың қағидаттары мен әдістерін жетілдіру.

Үміткерге қойылатын талаптар: техникалық білім; инженер-программист, инженер-математик, инеженер-жүйе технигі, ақпарат қауіпсіздігін қорғау жөніндегі инженер - негізгі мамандықтардың саласы бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Валюталық реттеу туралы», «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу; ақпарат жүйелері бойынша МЕМСТ, ақпарат технологиялары бойынша халықаралық стандарттарды, халықаралық ақпарат тәуекелдерін басқару стандарттарын білуі құптарлық, ақпарат технологияларын білу. Банктік ақпарат технологиялары саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ішкі аудит департаментінің мемлекеттік сатып алудың сапасын бақылау бөлімінің бас маманы-инженері (С-6)

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банкте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу және ендіру, Ұлттық Банкте ИСО халықаралық сапа стандарттарын ендіру, Ұлттық Банкте мемлекеттік қызметті ұсыну стандарттарының сақталуын бақылау жүйелерін құру. Ұлттық Банк, Департамент және бөлім басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Үміткерге қойылатын талаптар: ақпарат технологиясы мамандықтары бойынша техникалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білу. ИСО халықаралық сапа стандарттарын, ақпарат жүйелері бойынша МЕМСТ; ақпарат технологиялары бойынша халықаралық стандарттарды білуі құптарлық. Банктік ақпарат технологиялары саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу
Ішкі аудит департаментінің монетарлық қызметтің аудит басқармасының бас маманы-экономисі (С-6)

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің монетарлық қызметінің жұмыс жоспарларын жасауға және тексеруге, аудит жүргізуге қатысу, аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстар, оның ішінде Ұлттық Банктің бөлімшелерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, Ұлттық Банктің ішкі аудит бойынша нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және Департаменттің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу, Ұлттық Банк, Департамент және басқарма басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Үміткерге қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы», «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу. Халықаралық ішкі аудит стандарттарын және Халықаралық кәсіби қаржылық есеп стандарттарын білуі құптарлық. Қаржы саласында және/немесе аудит саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.


Төлем жүйелері департаментінің төлем жүйелерін қадағалау басқармасының бас маманы-экономисі (С-6)

Функционалдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, төлемдер мен ақша аударымдары жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу және талдау, төлем жүйелерін жетілдіру бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды, ұсыныстарды, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды және түсіндірмелерді дайындау, заңнамаға сәйкес тексерулерге қатысу, басшылықтың өзге тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті (төлемдер мен ақша аударымдары саласындағы), төлем жүйелерін ұйымдастыру және жұмыс істеу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың тәртібін білу. Талдау немесе төлем жүйелері саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Төлем жүйелері департаментінің төлем жүйелерін қадағалау басқармасының бас маманы-инженері (С-6)

Функционалдық міндеттері: төлем жүйелерінде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың тиімділігін және қауіпсіздігін және оларды қолданумен байланысты тәуекелдерді талдау және бағалау, төлем жүйелерін пайдаланушылар мен операторларын олардың заңнамалық талаптарды орындауын тексеруге қатысу, төлемдер мен ақша аударымдары жүйесін жетілдіру және тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау.

Үміткерге қойылатын талаптар: техникалық білім; инженер-жүйе технигі, ақпарат қауіпсіздігі (ақпаратты қорғау) жөніндегі инженер - негізгі мамандықтардың саласы бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, төлем жүйелерін ұйымдастыру және жұмыс істеу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың тәртібін, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы қатынастарды білу. Ақпарат жүйесін құру, аппараттық қамтамасыз ету технологиясын, желілер мен ақпараттық қауіпсіздікті жасау негіздерін, банктік ақпарат технологияларын, сондай-ақ халықаралық ақпарат технологиялары стандарттарын білу. Банктік ақпарат технологиялары немесе төлем жүйелері саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Бірінші бөлімнің бас маманы-инженері (С-6)

Функционалдық міндеттері: құпия мәліметтердің, оның ішінде байланыстың техникалық арналары арқылы жария етілуін анықтау және ескерту бойынша талдама жұмыстар жүргізу; режим талаптарын қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстардың қызмет жағдайын талдау; шағын ведомстволық құрылымдық бөлімшелердегі есептік деректерді дайындау; барлық режим талаптарын орындау мәселелері бойынша құпия құжаттардың орындалуымен жұмыс жүргізу; техникалық барлауға қарсы іс-әрекет бойынша іс-шаралар жүргізу; жұмыстарды арнайы байланыс түрлері арқылы орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: кәсіби білім; мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу; банк ісінің ерекшелігін білуі құпитарлық; мемлекеттік құпияларды қорғау саласында жұмыс тәжірибесінің болуы, мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде және құпия байланыстың арнайы түрлерінде жұмыс істей білу.
Ұлттық Банк Басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасының жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімнің бас маманы-сарапшысы (жұртшылықпен байланыс жөніндегі) (С-6)

Функционалдық міндеттері: жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтің жұмысын ұйымдастыру, ақпарат үлгілерін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саясатын қалыптастыру, филиалдардың жұртшылықпен байланыс саласындағы қызметін үйлестіру және консультациялық-әдістемелік көмек көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарындағы қаржы тақырыбы бойынша жариялымдарды талдау, БАҚ, PR және Қазақстан жарнамасы нарығын талдау, бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі шолу дайындау, басшылықтың БАҚ-дағы сөздерін, әңгімелерін және сұхбаттарын ұйымдастыру, баспасөз-қызметтерімен және министрліктердің, ведомстволардың, екінші деңгейдегі банктердің жұртшылықпен байланыс қызметтерімен байланыс орнату, ақпараттық-талдамалық материалдар және жұртшылықпен байланысты жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гуманитарлық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу. Қазақстан Республикасының банк саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерін білу; банктік қызмет жөніндегі заңнамалық актілерді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік және сақтандыруды қадағалау, статистика және құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін білу құптарлық. БАҚ, PR және Қазақстан жарнамасы нарығын білу. БАҚ-да және осы қызметтің тиісті функционалдық бағыттары саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Қаржы тұрақтылығы басқармасының бас маманы-талдаушысы (С-6)

Функционалдық міндеттері: қаржы тұрақтылығы индикаторы жүйесі, көрсеткіштерді жинау және бағалау әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру. Макропруденциалдық индикаторларды, қаржы тұрақтылығы индикаторларын қалыптастыру мақсаты үшін статистикалық және өзге ақпаратты өңдеу. Валюталық және қаржылық дағдарысты бұрын жариялау индикаторлары жүйесін әзірлеу және талдау. Экономикалық бірлік тәуекелдерін басқарудың осалдығын және әдістерін бағалау мақсатында қажетті сауалнама және іріктеу тексеруін жүргізу. Қаржы секторының тұрақтылығын, оның экономикалық күйзелісінің осалдығы деңгейін талдау; экономиканың қаржы және нақты секторы арасындағы өзара байланыс мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу; еліміздің макроэкономикалық тәуекелдерін бағалау. Қаржы институттарының, экономиканың нақты секторының тәуекелдерін, еліміздің макроэкономикалық тәуекелдерін реттеу әдістері мен құралдары бойынша ұсыныстар әзірлеу және халықаралық тәжірибені талдау. Экономикалық және методологиялық әдебиеттерге шолу дайындау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де тапсырмалары орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнаманы білу. Экономикалық дамудың тұрақтылығы мәселелерін экономикалық талдаудың негізгі әдістерін білу, ақпаратты өңдеудің статистикалық әдістерін қолдану қабілетінің болуы. Корпоративтік қаржы, банк ісі, эконометрикалық үлгі жасау, халықаралық экономика саласын, ұлттық шоттарды қалыптастырудың негіздерін, пруденциалдық реттеу саласындағы заңнаманы және ақша-кредит саясаты құралдарын және олардың қолданылуын реттейтін заңнаманы білу. Экономиканың түрлі секторларының тәуекелдерін бағалау саласындағы зерттеулер тәжірибесінің және әзірлемелердің болуы құптарлық. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Зерттеу және статистика департаментінің стратегия және талдау басқармасының жетекші маманы-талдаушысы (С-9)

Функционалдық міндеттері: қаржы секторының сегменттерін дамыту мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныстар әзірлеуге қатысу және зерттеу, эонометрикалық үлгілерді жасау және қаржы жүйесінің негізгі қаржы бағдарламасын жасаудың негіздерін пайдалана отырып макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын жасау; есептік және шолу талдама материалдарын ағылшын тілінде дайындау; қаржы жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу және ақша-кредит саясатын жүргізу; деректер базасын жүргізу және негізгі макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша мониторинг жүргізу. Осындай тақырып бойынша мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың хаттарына жауаптар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және ақша-кредит саясатының негіздерін белгілейтін және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары мен көрсеткіштерін зерттеу және әзірлеу саласында экономикалық талдау мәселелерін білу; экономика, қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесінің, экономиканы болжау саласындағы зерттеу жұмыстарын білуі құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің халықаралық инвестициялар басқармасының жетекші маманы-экономисі (C-9)

Функционалдық міндеттері: сыртқы қаржы активтері мен міндеттемелері және халықаралық қаржы операциялары бойынша, капитал қозғалысына байланысты валюта операциялары тіркеу бойынша статистикалық бақылаулардың нысандары бойынша ақпарат жинау және өңдеу, респондеттерді тіркеудің маңызын арттыру, аумақты филиалдардың осы мәселелер жөніндегі мамандарының жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру. Талдамалық және методологиялық түсініктемелерді дайындау; төлем балансының қаржы шотының сыртқы борышы мен көрсеткіштерінің болжамын әзірлеуге қатысу. Статистикалық бақылаулардың нысандары бойынша жиынтық ақпаратты статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну, нормативтік құқықтық актілерге және пайдаланушылардың сұратуларына сәйкес ақпарат дайындау. Басқарма қызметін автоматтандырудың бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеуге және жетілдіруге қатысу. Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша өзге да тапсырмалар орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық, математикалық немесе техникалық білім; статистика, халықаралық қатынас; қолданбалы экономика және экономикалық кибернетика; банк ісі саласындағы оқу бағдарламаларына және курстарға қатысуы туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы ережені, валюталық реттеу және бақылау саласындағы заңнаманы білу; төлем балансы мен сыртқы борыштың статистикасын қалыптастырудың негізгі қағидаттарын білуі құптарлық; сыртқы экономикалық қызмет саласындағы немесе өзге аралас салаларда зерттеу мен әзірлеу тәжірибесінің болуы. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Бухгалтерлік есеп департаментінің салықтық есепке алу бөлімінің жетекші маманы-экономисі (С-9)

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің және оның филиалдарының салықтарды және басқа да міндетті төлемдері есептеу мен төлеудің уақтылылығын, толықтығын және шынайылығын қамтамасыз ету. Салықтар мен басқа да міндетте төлемдерді есептеу және тексеру. Салықтық есепті дайындау және салық қызметі органдарына ұсыну.

Үміткерге қойылатын талаптар: экономикалық немесе заңгерлік білім. «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Кеден кодексін, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы», «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын; халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын білу; «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы, «Акционерлік қоғамдар туралы», Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін білу. Салықтық есепке алу саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Салықтық есептілік нысандарын толтыру тәжірибесі. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ішкі аудит департаментінің тәуекел-менеджмент басқармасының жетекші маманы-экономисі (2 адам, С-9)

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банкте тәуекелдерді басқару стратегиясын, қағидаттарын және әдістерін жетілдіруге қатысу. Тәуекелдерді басқару, жүйеге келтіру саласындағы халықаралық тәжірибеге ендіруге және тәуекелдерді басқару жөніндегі ақпаратты талдауға, Ұлттық Банктің тәуекелдері бойынша жиынтық есепті дайындауға және Ұлттық Банктің тәуекелдерін бағалауға қатысу. Ұлттық Банктің басшылығына Ұлттық Банктің тәуекелдерін басқару мәселелері жөнінде ұсыныстар беруге қатысу. Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарау.

Үміткерге қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Валюталық реттеу туралы», «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу; халықаралық тәуекел-менеджмент стандарттарын білуі құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ішкі аудит департаментінің тәуекел-менеджмент басқармасының жетекші маманы-инженері (С-6)

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің АТ тәуекелдерін басқарудың қағидаттары мен стратегиясын әзірлеу бойынша жұмыстарға, Ұлттық Банктің бөлімшелерінің АТ тәуекелдерін басқару және ақпарат технологиялары бойынша қызметтің бизнес-процесін оңтайландыру бойынша ұсыныстарын қарауға қатысу. АТ тәуекелдерін басқару саласындағы халықаралық тәжірибені ендіру. Ақпаратты жүйеге келтіру және талдау, АТ тәуекелдерін басқарудың қағидаттары мен әдістерін жетілдіру.

Үміткерге қойылатын талаптар: ақпарат технологиясы мамандығы бойынша техникалық немесе математикалық білім; инженер-программист, инженер-математик, инеженер-жүйе технигі, ақпарат қауіпсіздігін қорғау жөніндегі инженер - негізгі мамандықтардың саласы бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Валюталық реттеу туралы», «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу; ақпарат жүйелері бойынша МЕМСТ, ақпарат технологиялары бойынша халықаралық стандарттарды, халықаралық ақпарат тәуекелдерін басқару стандарттарын білуі құптарлық, ақпарат технологияларын білу. Банктік ақпарат технологиялары саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Төлем жүйелері департаментінің төлем жүйелерінің саясаты басқармасының жетекші маманы-экономисі (2 адам, С-9)

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және Қазақстан Республикасының төлем жүйелері мәселелері жөніндегі заңнамалық актілерінің жобаларын Департамент қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес әзірлеуге қатысу. Екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұратуларына және хаттарына жауаптар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, Ұлттық Банктің төлем жүйелерін ұйымдастыру және жұмыс істеу мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу. Қазақстан Республикасының Салық кодексін, ҚР Азаматтық кодексін білу құптарлық. Банк саласында немесе төлем жүйесі саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Зерттеу және статистика департаментінің статистика басқармасының маманы-экономисі (С-11)

Функционалдық міндеттері: Статистикалық Бюллетенді орыс және қазақ тілдеріндегі кесте қалыптастыру үшін ақпарат жинау және өңдеу. Заңды және жеке тұлғалардың сұратуларына жауап дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және ақша-кредит саясатының негіздерін белгілейтін және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Статистиканың және әлеуметтік-экономикалық статистиканың жалпы теориясын, бухгалтерлік есеп негіздерін білу; экономика, қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Бухгалтерлік есеп департаментінің бухгалтерлік есеп методологиясы басқармасының маманы-экономисі (С-11)

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерді және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныстар әзірлеуге және одан әрі жетілдіруге қатысу.

Үміткерге қойылатын талаптар: экономикалық білім. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы», «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын; халықаралық қаржылық есеп стандарттарын білу. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ішкі аудит департаментінің монетарлық қызметтің аудит басқармасының маманы-экономисі (С-11)

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің монетарлық қызметіне аудит жүргізу, аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстар, оның ішінде Ұлттық Банктің бөлімшелерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, Ұлттық Банк, Департамент және басқарма басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Үміткерге қойылатын талаптар: экономикалық білім; негізгі мамандықтың саласы бойынша оқу курстарында мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы», «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу. Халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарын және Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын білуі құптарлық; қаржы саласында және/немесе аудит саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ішкі аудит департаментінің ақпарат жүйелерінің аудит басқармасының маманы-инженері (С-11)

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерін аудиторлық тексеруге қатысу, Департаменттің автоматтандырылған ақпарат шағын жүйесіндегі аудиторлық тексеру бойынша деректер базасын жүргізу, ақпарат жүйелерін аудиторлық тексеру ұсыныстарының аудит объектілерін орындау бойынша бақылау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де тапсырмаларды орындау.

Үміткерге қойылатын талаптар: техникалық білім. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Валюталық реттеу туралы», «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу; ақпарат жүйелері бойынша МЕМСТ, ақпарат технологиялары бойынша халықаралық стандарттарды, халықаралық кәсіби аудит стандарттарын білуі құптарлық. Ақпарат технологиялары саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ішкі аудит департаментінің мемлекеттік сатып алудың сапасын бақылау бөлімінің маманы-инженері (С-11)

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банкте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу және ендіру, Ұлттық Банкте ИСО халықаралық сапа стандарттарын ендіру, Ұлттық Банкте мемлекеттік қызметті ұсыну стандарттарының сақталуын бақылау жүйелерін құру. Ұлттық Банк, Департамент және бөлім басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Үміткерге қойылатын талаптар: техникалық білім. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білу; ИСО халықаралық сапа стандарттарын, ақпарат жүйелері бойынша МЕМСТ; ақпарат технологиялары бойынша халықаралық стандарттарды білуі құптарлық; банктік ақпарат технологиялары саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Мемлекеттік және шет тілдерін білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу
Төлем жүйелері департаментінің төлем жүйелерін қадағалау бөлімінің маманы-экономисі (С-11)

Функционалдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, төлемдер мен ақша аударымдары жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу және талдау, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды және түсіндірмелерді дайындау, заңнамаға сәйкес тексерулерге қатысу, басшылықтың өзге тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті (төлемдер мен ақша аударымдары саласындағы), төлем жүйелерін ұйымдастыру және жұмыс істеу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырудың тәртібін білу. Мемлекеттік тілді білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Төлем жүйелері департаментінің төлем жүйелерінің саясаты басқармасының маманы-экономисі (2 адам, С-11)

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және Қазақстан Республикасының төлем жүйелері мәселелері жөніндегі заңнамалық актілердің жобаларын Департамент қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес әзірлеуге қатысу. Екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұратуларына және хаттарына жауаптар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық білім. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, Ұлттық Банктің төлем жүйелерін ұйымдастыру және жұмыс істеу мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу. Мемлекеттік тілді білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Сынаққа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Талдықорған, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы аймақтық сынақ орталықтарында белгіленген тәртіппен сынақтан өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тиісінше жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша осы конкурс бойынша сынақ жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.

Осы қызметтерге тағайындалған тұлғалар үшін көтермеақы шығыстары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

өтініштің үлгісі


___________________

(мемлекеттік орган)


Өтініш
______________________________________ мемлекеттік әкімшілік бос қызметке орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Мемлекеттік әкімшілік бос қызметке орналасуға арналған конкурсты өткізу ережесінің негізгі талаптарымен таныстым және оларды орындауға міндеттенемін.

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.

_________ _____________

(Қолы) (аты-жөні)


2007 жылғы «___» ________

САУАЛНАМА

(қолмен толтырылады)

1. Тегі________________________

Аты__________________________

Әкесінің аты___________________________________

2. Азаматтығы__________________________________

Егер өзгертсеңіз, қашан өзгерттіңіз, көрсетіңіз _____________________________

3. Сіз сотталғансыз ба, қашан және не үшін _____________________________________

4. Шетелдегі оқу немесе жұмыс________________________________________________

Барған еліңіз________________________________________________________________

Барған уақытыңыз ___________________________________________________________

Жұмыс немесе оқу орныңыз ___________________________________________________

5. Сіз соттың шешімімен жұмысқа қабілетсіз немесе қабілетіңіз шектеулі деп танылған ба едіңіз, қашан және не үшін ___________________________________________________________

6. Сіз мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан белгілі бір уақыт бойы айырылған ба едіңіз, қашан және не үшін ___________________________________________________________

7. Сіз мына қызметтегі:

1) Сіз үміткер болып отырған қызметтің тікелей қарауында болатын;

1) Сіз үміткер болып отырған қызмет тікелей қарауында болатын

қызметті атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, асырап алған, асыраған, толық және толық емес ағасы немесе әпкесі, атасы, әжесі, немересі, ері немесе зайыбы) болып келесіз бе _________________________________.


2007 жылғы «___» ________ ______________



(қолы)
жүктеу 253,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау