Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,88 Mb.
Pdf просмотр
бет20/100
Дата26.12.2019
өлшемі1,88 Mb.
#24983
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   100

      - тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс;
 
      - ауысымішілік және арнайы үзілістер;
 
      2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу;
 
      3) демалыс күндері (вахтааралық тынығу);
 
      4) мереке күндері;
 
      5) демалыстар болып табылады.
 
 
 
   81-бап. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс 
      1. Жұмыскерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және тамақтануға 
арналған, ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс.
 
      2. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек 
тәртіптемесі қағидаларында, еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді.
 
      3. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. 
Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші 
жұмыскерді жұмыс уақытында арнайы жабдықталған орында тынығу және тамақтану 
мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, тынығудың және 
тамақтанудың тәртібі мен орны ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актілерінде 
белгіленеді.
 
 
 
   82-бап. Ауысымішілік және арнайы үзілістер 
      1. Жұмыстың жекелеген түрлерінде жұмыскерлерге өндіріс пен еңбек технологиясына 
және оларды ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымішілік үзілістер 
беріледі. Бұл жұмыс түрлері, мұндай үзілістердің ұзақтығы мен оларды берудің тәртібі 
ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.
 
      2. Жылдың суық немесе ыстық мезгілінде ашық ауада, жылытылмайтын жабық үй-жайларда 
жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін жұмыскерлерге жылыну не 
салқындау және тынығу үшін жұмыс уақытына қосылатын арнайы үзілістер беріледі. Жұмыс 
беруші жұмыскерлердің жылынуына, салқындауына және тынығуына арналған үй-жайлардың 
жабдықталуын қамтамасыз етуге міндетті.
 
      3. Бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі 
балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (бала асырап алушыларға) баланы (балаларды) 
тамақтандыру үшін жұмыстың әрбір үш сағатынан сиретпей ұзақтығы мынадай:
 
      1) бір баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде отыз минут;
 
      2) екі немесе одан көп баласы барларға – әрбір үзіліс кемінде бір сағат болатын 
қосымша үзілістер беріледі.
 
      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жұмыскердің өтініші бойынша баланы 
(балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер тынығуға және тамақтануға арналған 
үзілістерге қосылады не жиынтық үзілістер жұмыс күнінің (ауысымның) басында немесе 
аяғында беріледі.
 
      5. Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзілістер жұмыс уақытына қосылады. 
Үзілістер уақытында әйелдердің, әкелердің, бала асырап алушылардың орташа жалақысы 
сақталады.
 
 
 
   83-бап. Күнделікті (ауысымаралық) тынығудың ұзақтығы 
      Жұмыскердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) 
арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмайды.
 
 
 
   84-бап. Демалыс күндері 
      1. Жұмыскерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі.
 
      2. Бес күндік жұмыс аптасында жұмыскерлерге аптасына екі демалыс күні, ал алты 
күндік жұмыс аптасында – бір демалыс күні беріледі.
 


      3. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып 
табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек 
тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.
 
      4. Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе 
халыққа ұдайы үздіксіз қызмет көрсету қажеттілігі салдарынан демалыс күндері жұмысты 
тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс 
істейтін жұмыскерлерге (жұмыскерлер тобына) демалыс күндері ауысымдық кестелерге 
(вахталар кестелеріне) сәйкес аптаның әр күндері кезекпен беріледі.
 
      5. Қолданылатын жұмыс режимдеріне және ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне) 
қарамастан, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 
қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.
 
      6. Іссапарда жүрген жұмыскер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек 
тәртіптемесі қағидаларына сәйкес пайдаланады.
 
 
 
   85-бап. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс 
      1. Ауысымдық кесте немесе вахталық кесте бойынша вахталық әдіспен жұмыс істейтін 
жұмыскерлерді мереке күндерінде, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында 
көзделген демалыс күндерінде жұмысқа тарту үшін жұмыскерлердің жазбаша келісімі және 
жұмыс берушінің актісін шығару талап етілмейді.
 
      Осы Кодекстің 86-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, демалыс және мереке 
күндеріндегі жұмысқа жұмыскердің және ауысымдық кесте (вахталар кестесі) бойынша жұмыс 
істейтін жұмыскерлердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмыс берушінің 
актісі негізінде жол беріледі.
 
      2. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін жұмыскердің қалауы бойынша оған 
басқа демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 109-бабында көрсетілген мөлшерде ақы 
төленеді.
 
      3. Мереке күндері кезеңінде, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында 
көзделген демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан 
Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
 
      4. Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдерді демалыс және 
мереке күндерінде жұмысқа тартуға тыйым салынады.
 
 
 
   86-бап. Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың 
айрықша жағдайлары 
      Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай 
жағдайларда:
 
      1) төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не 
олардың зардаптарын дереу жою үшін;
 
      2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе 
бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін;
 
      3) тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс 
істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол 
беріледі.
 
 
 
   87-бап. Демалыс түрлері 
      1. Жұмыскерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
 
      1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;
 
      2) әлеуметтік демалыстар.
 
      2. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің тынығуына, жұмысқа 
қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке 
қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, 


жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау