Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v қРЗ



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет42/45
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29097
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

      2. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы бір 
тәулік ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан 
бойынша:
 
      1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға;
 
      2) қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде 
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;
 
      3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары туралы халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның 
аумақтық бөлімшесіне;
 
      4) жұмыскерлердің өкілдеріне;
 
      5) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым 
оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына;
 
      6) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына және арнайы 
тергеп-тексеруге жататын жағдайларда өндірістік және ведомстволық бақылау 
мен қадағалаудың уәкілетті органдарына хабарлайды.
 
      3. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде 
комиссияның талабы бойынша жұмыс беруші меншікті қаражаты есебінен:
 
      1) техникалық есеп-қисаптардың орындалуын, зертханалық зерттеулердің, 
сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы 
мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын;
 
      2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді, 
жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;
 
      3) тексеру жүргізу үшін қажетті көлік, қызметтік үй-жай, байланыс 
құралдарын, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беруді;
 
      4) мыналарды:
 
      жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік 
факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, 
схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнының фото- және бейнематериалдарын 
және басқаларды);
 
      нұсқауларды тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан, 
еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды 
адамдардан жауап алу хаттамаларынан, зардап шеккен адамдардың 
түсініктемелерінен, мамандардың сараптамалық қорытындыларынан үзінді 
көшірмелерді;
 
      зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;
 


      зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен 
ауырлық дәрежесі немесе оның қайтыс болуының себебі туралы, алкогольдік, 
есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдық белгілерінің бары (жоғы) туралы 
медициналық қорытындыны;
 
      зардап шеккен адамға арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдары 
берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
 
      көрсетілген өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен 
аумақтық мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер 
еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға осы органның бақылауындағы 
ұйымда немесе объектіде орын алса) бұрын берілген нұсқамаларынан үзінді 
көшірмелерді;
 
      комиссияның қалауы бойынша істің қаралуына қатысы бар басқа да 
құжаттарды беруді қамтамасыз етеді.
 
 188-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі 
комиссияны құру тәртібі және оның құрамы 
      1. Арнайы тергеп-тексерілуге жататын жағдайларды қоспағанда, еңбек 
қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді өндірістік 
жарақаттың ауырлық дәрежесі туралы қорытынды алған кезден бастап жиырма 
төрт сағат ішінде жұмыс берушінің актісімен құрылатын, мынадай құрамдағы 
комиссия жүргізеді:
 
      1) төраға – ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның 
орынбасары, ал олар болмаған кезде жұмыс берушінің уәкілетті өкілі;
 
      2) мүшелері – ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің 
басшысы және жұмыскерлердің өкілі.
 
      2. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі 
еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді 
жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
 
      3. Арнайы тергеп-тексеруге:
 
      1) ауыр немесе адам өлімімен аяқталған еңбек қызметіне байланысты 
жазатайым оқиғалар;
 
      2) зардап шеккен адамдардың өндірістік жарақаттарының ауырлық 
дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп жұмыскерлер 
ұшыраған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым оқиғалар;
 
      3) қатты уланудың топтық оқиғалары жатады.
 
      4. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді 
еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган өндірістік жарақаттың ауырлық 
дәрежесі туралы қорытындыны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде 
мынадай құрамда құрған комиссия жүргізеді:
 


      1) төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
 
      2) мүшелері – жұмыс беруші және жұмыскерлердің өкілі.
 
       Екі адам қайтыс болған еңбек қызметіне байланысты топтық жазатайым 
оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, 
астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді. 
 
       Үштен бес адамға дейін қайтыс болған еңбек қызметіне байланысты топтық 
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік 
орган, ал бес адамнан көп қайтыс болғанда Қазақстан Республикасының Үкіметі 
құратын комиссия жүргізеді. 
 
      5. Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның салдарынан техногендік 
сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған еңбек қызметіне байланысты 
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік 
саласындағы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің өкілі 
комиссия төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек 
инспекторы комиссия мүшесі болады.
 
      6. Комиссия құрамына сондай-ақ мыналар кіреді:
 
      1) қауіпті өндірістік объектілерде, сондай-ақ электр энергетикасы саласы 
ұйымдарында болған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде 
– өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі 
мемлекеттік инспектор және мемлекеттік энергетикалық қадағалауды және 
бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам;
 
      2) қатты улану жағдайында – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері;
 
      3) басқа ұйымның аумағында орналасқан және жұмыс жүргізіп жатқан 
ұйымның жұмыскерімен немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе 
шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген жұмыскермен 
болған, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға кезінде – аумағында 
жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілі.
 
      7. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен 
адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға 
құқылы.
 
      8. Жұмыс беруші жеке тұлғада болған еңбек қызметіне байланысты 
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілеттік 
берілген өкілі, жұмыскерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт 
негізінде де тартылуы мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады.
 
      9. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы 
тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ғылыми-зерттеу ұйымдарының 


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау