Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынады.
9. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
…
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс қимыл жасау тәртібі бірлескен актіде айқындалады.
|