«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



жүктеу 0,56 Mb.
бет33/591
Дата19.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#33443
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   591
Салыстырма кесте

3-1. жоқ

3-2. жоқ

3-3. жоқ

4. Коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне анық емес, сол сияқты толық емес есептілік ұсынуы -

ескерту жасауға алып келеді.



211-1-бап. Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзу



3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі –



ескерту жасауға әкеп соғады.

3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3-2. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі -

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

3-3. Коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат беруі не дәйексіз ақпарат не көрінеу дәйексіз мәліметтер беруі -

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

4. Коллекторлық агенттіктердің анық емес, сол сияқты толық емес есептілік ұсынуы -

ескерту жасауға әкеп соғады.


Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.

ҚР Ұлттық Банкінде әкімшілік өндірісті жүргізу практикасында, жауапкершілік ӘҚтК 211-1-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жіктеу кезінде бірнеше рет жасалған құқық бұзушылықтарды жіктеу бөлігінде олар жасалған және анықталған кезең ескеріле отырып қиындықтар туындайды, осыған байланысты «бірнеше рет жасалу» құқық бұзушылықтардың құрамы үшін жіктеу белгісі ретінде алып тасталды, сондай-ақ құқық бұзушылықтарың құрамы құқық қорғау практикасын жеңілдету мақсатында жеке бөліктерге бөлінді.

Сонымен бірге коллекторлық агенттіктің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпаратты уақтылы ұсынбауы түріндегі құқық бұзушылық үшін әкімшілік заңнаманы ізгілендіру мақсатында ескерту түрінде әкімшілік жаза көзделген.

Қайта жасалған құқық бұзушылық үшін қолданыстағы редакцияға қарағанда (ӘҚтК-тің 211-1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес) әкімшілік айыппұлдың ең аз мөлшері көзделген.






211-2-бап

1-тармақ бірінші абзац


2-тармақ


бірінші абзац


211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы

1. Банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтамай өзгерту -

бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

2. Жеке тұлғамен жасасылған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның оны «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген өзге де тұлғаларға қайта беруі -

бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.



211-2-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кредитордың қарыз алушымен өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның бұзуы

1. Банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтамай өзгерту -

бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

2. Жеке тұлғамен жасасылған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлғаның оны «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген өзге де тұлғаларға қайта беруі -

бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.



Кредиттік серіктестіктердің, онлайн-кредиторлардың және ломбардтардың қызметін реттеудің енгізілуіне байланысты редакциялық түзетулер.

«Микроқаржы ұйымдары туралы» Заң бойынша бірінші түзетуге негіздемені қараңыз.





212-бап

бірінші бөлік

бірінші абзац

екінші бөлік

бірінші абзац

үшінші бөлік





жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   591




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау