Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі



жүктеу 1,34 Mb.
бет1/7
Дата06.01.2018
өлшемі1,34 Mb.
#7122
  1   2   3   4   5   6   7




042-14-3-02.1.12-07-2014

№1 баспа

беттен






Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті



4 деңгейлі СМЖ құжат

ОӘК



042-14-3-02-1.12.- 07-2014

«Сақтандыру» пәнінің


оқу әдістемелік кешені

1 баспа 2014жыл




«050509» – «Қаржы» мамандығының


«Сақтандыру» пәнінің

оқу-әдістемелік жинағы

2014


1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ:
Құрастырушы:
Курманбекова Г А - «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы;

2. ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің «Қаржы» кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді

Хаттама №


«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі,

э.ғ.к., доцент ____________Ибраимова С.Ж.


2.2 Қаржы-экономикалық институтының оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды

Хаттама №

Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы,

э.ғ.к., доцент __________ Тойкин С.Х.

3. БЕКІТІЛДІ:

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді және басылымға жіберуге ұсынылды

Хаттама №
Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы,

бірінші проректоры, профессор ___________ Искакова Г.К.

Мазмұны


1.

Пайдалану саласы




2.

Нормативтік ұсыныстар




3.

Жалпы мәліметтер




4.

Баға қою саясаты




5.

Глоссарий




6.

Оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы




7.

Студенттерге арналған пәннің жұмыстық бағдарламасы (syllabus)




8.

Сабақ түрі бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер – дәрістер, практикалық сабақтар.




9

Әдебиет





1.2. Дәрістік сабақтар.

1-дәріс: Сақтандырудың экономикалық маңызы және арналымы.

Мақсаты: Нарықтық экономикадағы сақтық қарым-қатынастың пайда болу негіздерін оқу және бекіту.

Сұрақтар:

  1. Сақтандыру түсінігі, оның қазіргі заманғы қоғамдағы қажеттілігі және маңызы.

  2. Сақтандыру қызметтері және принциптері

  3. Сақтандырудың экономикалық табиғаты

  4. Сақтандырудың қаржы және несиемен байланысы

  5. Сақтық қарым-қатынас жүйелері

Сақтандыру – нарықтық инфрақұрылымның маңызды элементі, экономикалық және әлеуметтік сфераның ажырамас компоненті, қоғамның азаматтардың, шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүдделерімен байланысты болып, оларды әртүрлі жағымсыз факторлардың нәтижесінде меншіктік мүдделеріне зиян келтірмеуін қамтамасыз етеді.

Сақтандыру – қоғамдық қарым-қатынастың көне категорияларының бірі. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде пайда болып, кейін келе қоғамдық өндірістің ажырамас бөлігіне айналды. Қарастырылып отырған ұғымның алғашқы түсінігі «сақтау» сөзімен байланысты болған. Меншік иелері өзара өндірістік қарым-қатынасқа түскен кезде, стихиялық апаттар, өрт, тонау және тағы басқа күтілмеген қауіп-қатердің нәтижесінде жойылу, жоғалудан өз меншіктерін сақтандыруды ойлаған.

Қоғамдық өндірістің тәуекелдік сипаты - әрбір меншік иесі мен өндірушінің өз материалдық жағдайы туралы ойлаудың негізгі себебі. Осындай жағдайдың негізінде материалдық шығындарды қызығушылық танытқан меншік иелері арасында тарату жолымен өтеу идеясы туындады. Егер әрбір меншік иесі шығындарды өз есебінен өтеуге тырысатын болса, онда ол сол меншігінің құнымен бірдей материалдық немесе ақшалай резерв құрушы еді, яғни бұл тиімсіз болар еді.

Алайда өмірлік тәжірибе қауіп-қатердің абайсыздық сипаты және шығынға ұшыраудың біртексіздік сипаты туралы қорытынды жасауға жағдай жасады. Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе әртүрлі қауіп-қатерден зиян шеккендер санынан қызығушылық танытқан шаруашылықтар саны көп болады.

Сонамен қатар, шығынды таратуға қатысатындар көлемі неғұрлым көп болса, соғұрлым әрбір қатысушыға тиесілі сомы да аз болады. Осылайша сақтандыру ұғымы пайда болды.

Шығынды таратудың анағұрлым примитивті нысаны бұл натуралды сақтандыру болып табылды. Арпа, бидай және т.б. жеңіл бөлінетін өнімдер запастарының есебінен әртүрлі қожалықтарына материалдық көмек көрсетіліп отырды.

Алайда сақтандырудың мұндай түрі натуралды запастардың біртектілігімен шектелді, сондықтан тауар-ақша қатынастарының дамуымен ол сақтандырудың ақшалай нысанына орын берді.

Шығынды таратудың ақшалай нысаны ең алдымен өзара сақтандыруға жағдай жасады. Капитализм жағдайындағы өзара сақтандыру заңды негізде сақтандыру ісінде дербес салаға айналды. Егер өзара сақтандыру кезінде алдын-ала есептелінген сақтық қоры құрылмаған болса, кейін келе әрбір қатысушыға тиесілі шығынның орташа көлемі сақтық қорына салым салудың негізгі ретінде алынды.

«Сақтандыру» термині шығынды өтеу кезінде қайта бөлушілік қарым-қатынасты білдіреді. Сонымен бірге «сақтандыру» ұғымы қандай да бір жұмыс, іс кезінде, мысалы гимнастардың, акробаттардың көрсетілімі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, сонымен бірге құрылымдар мен механизмдердің сенімділігі мен беріктілігін қамтамасыз етеді. Ал мына жағдайда бұл термин шығындарды өтеу құралы ретінде қолданылады.

Сақтандырудың спецификалық қарым-қатынасы сақтандыру ғылымының обьектісі болып табылады. Бұл ғылым сақтандырудың экононмикалық маңызын қарастыратын фундаментальды теорияларын қазіргі қоғамдағы функцияларын, қолдану сферасы мен ролін көрсетеді. Ол маңызды сақтандыру терминологиясының құрылымын сақтандыру ұйымдары жүйелерін құрудағы ұйымдастырылу принциптері мен сақтандыру сыныпталуын, сақтық тарифтердің есептелу әдістемесін; экономикалық талдау мен сақтық операцияларды жоспарлауды оқытады.

Адамзат белгілі бір табиғи және әлеуметтік орта жағдайында өмір сүреді және еңбек етеді. Және осындай өзінің өмірінің барысында табиғаттың әр түрлі стихиялық күштермен абайсыз әлеуметтік жағдайлармен кездеседі. Адам өзінің өмір сүруінің барысында тәуекел туралы түсінік алады, сонымен бірге тәуекелдің жаңа түрлерін өзі жасайды. Сондықтан қоғамның маңызды мәселелерінің бірі тәуекелдерді біліп тану және тәуекел деңгейін төмендету шараларын жүргізу.

Тәуекелдерді келесі жолдармен төмендетуге болады:



  1. Тапсыру – келісімге сәйкес пункті енгізу барысында басқаға жауапкершілікті тапсыру жолымен қол жеткізіледі (Мысалы: жүктерді тасымалдау тәуекелін жабдықтаушы компанияларға немесе тасымалдаушыға тапсыру).

  2. Бұл – яғни ірі жобаны жүзеге асыру барысында тәуекелді бөлу, мұндай жобаға бірнеше атқарушы қатысады, және оның әрқайсысы өзінің қатысуына байланысты жауапкершілік алады.

  3. Тарату – мақсатты тапсырыс портфелін құру кезінде болады.

Алайда бұл шаралар тәуекелден толық қорғамайды, сондықтан тәуекелді компенсациялау үшін ақша қорларын құру шаралары жасалады (сақтық немесе резервтік қорлар). Қорларды құрудың үш әдісі:

  • мемлекетпен;

  • заңды және жеке тұлғалармен;

  • сақтандыру ұйымдарымен.

Қазақстан Республикасында сақтандырудың екі сферасы бар:

  • мемлекеттік, әлеуметтік сақтандыру;

  • ерікті және еріксіз нысандағы сақтандыру келісім шарты негізіндегі дара, жеке сақтандыру.

Сақтандыру белгілері:

  1. Төтеншелігі – ол сақтандыруды белгілі бір қоғамдық өндірісті қорғаумен байланыстырады.

  2. Тұйықтылық – сақтандырушымен неғұрлым үлкен көлемде территориямен сақтандырылған обьектілер алынса, соғұрлым сақтандыру саласын қайта бөлу тиімді болады.

  3. Шығындардың өтілімділігі – сақтандырушылар арасында шығынды болу зиян шеккендер саны әрқашан сақтандырылғандар санынан кем болатындыққа негізделген.

  4. Қайтарымдылық – салынатын төлемдер көрсетілген территория масштабында орташа 5 жыл.

Сақтандыру қызметтері:



Жеке өндіріс деңгейінде

Бүкіл халықтық өндіріс деңгейінде

1

Тәуекелді

Қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету

2

Қаржыландыруды жеңілдету

Мемлекеттің қосымша қарсылық

шығындардан босатылуы



3

Есекртушілік

Стимул берушілік

4

Көңілдің сақтандырылмайтын

тәуекелдерге ауысу мүмкіндігі



Зиян шеккендер мүдделерін азамат-

тық жауапкершілік қарым-қатына-

сы жүйесінде қорғау

Сақтандырудың негізгі арналымдары, принциптері.



  1. Тәуекелдік қоғамдастығының болуы – бір тәуекел түріне ұшыраған тұлғалар немесе шаруашылық жүргізуші субьектілерінің белгілі бір көлемі. Сақтандыру қоғамдастығының құрамындағы тұлға сақтандыру компаниясы үшін потенциалды сақтандырушы болып табылады.

  2. Сақтандыру өтемінің тек сақтандыру жағдайы пайда болған кезде төленуі;

  3. Ақшалай түрде бағаланған тек белгілі бір тәуекелділік қауіп-қатері ғана сақтаныдырылады.

Сақтандыру принциптері:

Сақтандыру іс-әрекеті эквиваленттілік және абайсыздық принциптеріне негізделген.

Эквиваленттілік принципі – сақтандыру компаниясының табыстары мен шығыстары арасындағы тепе-теңдікті талап етеді. Сақтандыру компаниясы банкротқа ұшырамас үшін, оның түсімдері шығындарымен балансталуы керек.



Сақтандыру сомаларының төленуі

Сақтандырукомпаниясының шығындары

Табыс


Сақтық салымдар

=

Абайсыздық принципі - әрдайым сақтандыру жағдайлары кенеттен күтілмеген сипатта болады және оның болуы, болмауы белгісіз болады. Алдын-ала ойластырылып жүзеге асырылған жағдайлар сақтандырылмайды.



Сақтандыру - бұл әртүрлі күтілмеген қауіп-қатерді, шығындарды өтеуі құрылған ақшалай қорларды құру әдістері мен тәсілдерінің жүйесі.

Сақтандыру қарым-қатынасының терминологиясын үш топқа бөлуге болады:

І. Сақтандырудың жалпы талаптарымен байланысты болатын сақтандыру қарым-қатынастары.

ІІ. Сақтандыру қорын құрумен байланысты болатын сақтандыру қарым-қатынастары.

ІІІ. Сақтандыру қорын шығындаумен байланысты болатын сақтандыру қарым-қатынастары.
І. Сақтық қорғаныс – бұл сақтандыру обьектісімен жасалатын шығындарды өтеу жөніндегі қарым-қатынасты қайта бөлу.

Сақтандыру қызығушылығы – сақтандырылған қатысушылардың экономикалық қажеттілігі.

Сақтандырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға шартта айқындалған соманың шегінде сақтандыру шығындарын өтеуге міндетті тұлға.

Сақтандырушы тұлға – бұл өзінің мақсатына жету барысында сақтандырышумен шарта жасасқан заңды немесе жеке тұлға.

Сақтандырылушы – бұл жеке сақтандыру бойынша жеке тұлғаның өмірі, денсаулығы, еңбек қабілеттілігі, сонымен қатар сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін төлейтін болса, сақтандырушы да бола алады.

Сақтандыру обьектісі – сақтандыруға жататын материалдық құндылықтар, өмір, денсаулық, жауапкершілік.

Сақтандыру заты – бұл сақтандырудың нақты обьектісі.

Сақтандыру жауапкершілігі – бұл нақтылы келісім шартпен қарастырылған сақтандырушының мүддесін қорғау негізіндегі оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

Сақтандырушы жауапкершілігінің лимиті – бұл сақтандыру келісім-шартынан шығатын және сақтық полисте бекітілген сақтандырушының мүмкін болатын максималды жауапкершілігі.

Сақтандыру сомасын алушы – бұл сақтандыру шарты бойынша сақтандырудың сәйкесінше ақшалай қаражаттарын алуға құқық берілетін заңды немесе жеке тұлға.

Сақтандыру полис – сақтандыру шартын растайтын, сақтандырушымен берілетін, шартта бекітілген талаптардан тұратын құжат.

Сақтандыру ережелері – сақтандыру шарты бойынша тараптардың міндеттері мен құқықтарын растайтын сақтандыру талаптары, сақтандыру обьектісі, сақтандырушыны жауапкершілігінен босатуға мүмкінді беретін сақтандыру жағлдайларының тізімі.

ІІ. Сақтандыру бағасы – сақтандыру шартын жасау мақсатында сақтандыру обьектісінің бекітілген құны.

Сақтық қамсыздандыру – сақтандырудың меншікке қатысты сақтандыру бағасының деңгейі.

Сақтандыру сомасы – меншік, өмір, денсаулық сақтандырылған ақша қаражаттарының сомасы.

Сақтандыру тарифі – сақтандыру қорын құруға арналған сақтандыру сомасының теңге түрінде көрсетілген бірлігі немесе пайыздық мөлшерлеме.

Сақтандыру мерзімі – сақтандыру обьектісі сақтандырылатын уақыт кезеңі (периоды).

Сақтандыру алаңы – сақтандыруға болатын обьектілердің максималды саны.

Сақтандыру портфелі (І) – сақтандыру шартында сақтандырылған қызметтің немесе обьектілерінің көлемі, құжаттық дәлелдемесі.

Сақтандыру портфелі (ІІ) – белгілі бір кезең ішінде сақтанырушымен жасалынған сақтандыру тәуекелдерінің жиынтығы.

ІІІ. Сақтандыру жағдайы – сақтандыру талаптарымен қарастырылған сақтандырушыны сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы пайда болған кезде шығындарды өтеуді міндеттейтін жағдайлар жиынтығы.

Сақтандыру шығыны - бұл сақтандыру бағасы бойынша сақтандыру меншігінің құнсызданған бөлігінің немесе өлімнің құны.

Сақтандыру өтемі – азаматтық жауапкершілікті сақтандыру негізінде немесе меншікті сақтандыру кезінде сақтық қордың негізінде шығынды өтеуге төленетін сала.

Сақтандыру претензиялары – бұл сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырушының сақтанушыға қоятын талаптары.


2-дәріс. ҚР-ғы сақтандыру сыныптамасы.

Мақсаты: ҚР-ның сақтандыру ісінің терминдерін сыныптамасын негізгі ұғымдарын оқу және бекіту.

Сұрақтар:

  1. Сақтандыруда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер.

  2. Сақтандыруды сыныптаудың қажеттілігі. Сақтандыру сыныптамасы-

  3. ның негіздері.

  4. Сақтандыру обьектісі және қауіп түрі бойынша сыныптамасы.

  5. ҚР-ғы сақтандыру сыныптамасы: саласы, түрлері, сыныптары.

  6. Міндетті әлеуметтік сақтандыру және оны жүргізу жағдайлары.

  7. Әлеуметтік және жеке сақтандырудың жалпы белгілері.

  8. Сақтандырудың нысандары және әдістері.

Экономикалық категория ретінде сақтандыру функциялары және оның мазмұны тығыз байланысты. Сақтандырудың экономикалық категория ретіндегі функциялары келесідей болып келеді:

1. Ақша қаражаттарының мамандандырылған сақтық қорын құру.

2. Азаматтарды жеке материалдық қамсыздандыру және шығындарын өтеу.

3. Шығындарды алдын-алу және минимизациялау.

Бірінші функция – сақтандыру компаниялары өздерінің жауапкершілігіне алатын тәуекелдерді төлеуге арналған акция қаражаттарының мамандандырылған сақтық қорын құру. Бұл қор міндетті және ерікті түрде құрылуы мүмкін. Мемлекет экономикалық және әлеуметтік жағдай негізінде елдегі сақтандыру ісінің дамуын реттейді. Мамандандырылған сақтық қорын құру функциясы өтемдер мен төлемдерге кепіл беретін және сақтандырудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін резервтік қор жүйесімен реализацияланады. Моральдық тұрғыда сақтандыру процесінің әрбір қатысушысы, мысалы өмірді сақтандыру кезінде сақтандыру шартының мерзімі аяқталған кезде неше сақтандыру жағдайы туындаған кезде материалдық түрде қамтамасыз етілетіндігінде сенімді болады. Меншікті сақтандыруда мамандандырылған сақтық қорын құру функциясы арқылы сақтандыру шартында көрсетілген зиян келтірілген меншіктің сақтандыру сомасы шегіндегі құны ғана өтеліп қоймай, сонымен қатар зиян келтірілген меншіктің бір бөлігінің немесе толық материалдық құнының өтелуіне жағдай жасалады.

Мамандандырылған сақтық қорын құру функциясы арқылы банктерге немесе өзге де коммерциялық құрылымдарға уақытша бос қаражаттарды инвестициялау, қозғалмайтын мүлікке, бағалы қағаздарға және т.с.с. ақша қаражаттарын салу проблемасы шешіледі. Нарықтың дамуына байланысты сақтандыруда уақытша бос қаражаттарды қолдану механизмі кеңейіп, дами түседі, сақтандырудың арнайы сақтық қорын құру функциясының маңызы арта түседі.

Екінші функция – азаматтардың шығындарын өтеу немесе жеке материалдық қамсыздандырылуы. Меншікке байланысты шығындарын өтеу құқығына тек сақтық қорды құрудың қатысушылары болып табылатын заңды немесе жеке тұлғалар бола алады. Заңды немесе жеке тұлағалардың шығындарын көрсетілген функция арқылы өтеу тек меншікті сақтандыру келісім шарты шегінде жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу тәртібі сақтандыру шарты негізінде сақтандыру компанияларымен анықталады және мемлекетпен реттеледі.

Сақтандырудың үшінші функциясы – шығындарды алдын алу және минимизациялау – апаттардың, жағымсыз жағдайлардың кері нәтижелерін алдын алу немесе төмендетуді қаржыландырудың кең шеңберлі комплексі. Мұнда сонымен қатар сақтандырушы тарапынан сақтандыру шартында көрсетілген меншікке ұқыпты қарым-қатынасын заңдылықтарымен құқықтық ықпал ету жатады. Бұл функцияны жүзеге асыру мақсатында сақтандырушы арнайы ақша қорын құрады.

Бюджеттің шығындалу бөлігіне салмақ түсуді төмендетумен қатар, сақтандыру қоғамда тағы екі маңызды функция атқарады.

Осылайша жоғарыда қарастырылғандай, сақтандыру мемлекеттің әлеуметтік жүйесінің маңызды элементі болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру бойынша сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың корпоративтік сақтандырудан, жеке сақтандырудан, мемлекеттік емес зейнетақылық қамсыздандырудан тұрады.

Сақтандырудың келесі маңызды функциясының бірі – экономикаға инвестициялық ресурстарды тарту мүмкіндігі. Мысалы, Европаның, Жапонияның,АҚШ-тың сақтандыру компаниялары 1989 жылы экономикаға салынған 4 трлн. долл.сомасы көлеміндегі қаражаттардың жалпы көлемін басқарды, оның 80% өмірді сақтандыру бойынша операцияларды қамтамасыз етуге жұмсалынды. Осылайша, көріп отырғанымыздай дамыған елдердегі сақтандыру өзінің спецификасы және атқаратын функцияларымен байланысты экономиканың стратегиялық секторы болып табылады.

Қауіп түрлері мен сақтандыру обьектісі бойынша сыныпталудың жалпы принциптері мен негіздері:

Сақтандыру мамандандырылған сақтандыру ұйымдарымен жүргізіледі, олар мемлекеттік және мемлекеттік емес болуы мүмкін. Олардың қызмет ету сферасы сыртқы, ішкі және аралас сақтық рыногын қамтуы мүмкін. Осылайша сақтандыру дамыған сақтық рыногы жағдайында мемлекеттің ішінде де, шетелде де жүргізіле алады. Бұл – сақтандырудың ұйымдастырылған классификациясы. Алайда сақтандыру қарым-қатынасы сақтандыру обьектісін және қауіп түрлерінің сыныптамысының көмегімен бейнеленеді.

Сақтандыру сақтандырушылардың әртүрлі категориясын қамтиды. Ол сақтық жауапкершілік көлемімен ерекшеленіп, заң күшімен немесе ерікті түрде жүргізілуі керек. Және де сақтық қарым-қатынастың әртүрлігін реттеу үшін және біртекті өзара байланысты жүйені құру үшін осы сақтандыру сыныптамасы қажет.

Сыныпталу деп иерархиялық бір жүйеге келтірілген звеноларының өзара байланысын түсінеді. Кез келген сыныптаманың шегінде барлық өзара байланысты звеноларды қамтитын мынадай критерийтелр болуы керек. Сақтандыру классификацияның негізнде үш критерий жатыр: сақтандыру обьектілері және сақтық жауапкершілік көлеміндегі айырмашылық. Соған сәйкес екі сынып қолданылады: сақтындыру обьектісі бойынша және қауіп-қатер түрі бойынша.

Біріншісі – жалпылама сыныптама болып табылады.

Еікншісі – бөлшектік, тек меншікті сақтандыруды қамтиды. Сақтандыру обьектісі бойынша жалпылама сақтандыру сыныптамасына келесідей анықтама беруге болады. Бұл сыныптың звеносы болып табылатын сақтандыруды сала және түрлері бойынша иерархиялық жүйесі.

Сыныптаманың әрбір звеносы рет-ретімен орналастырылады. Жоғарғы звено – сала, ортаңғы – салааралық, төменгі – сақтандыру түрі. Сыныптаманың барлық звенолары сақтандырудың нысандарын қамтиды – міндетті және ерікті.

Сақтандырудың салалары, түрлері және нысандары. Қауіп-қатер түрі бойынша сыныптама.

Сақтандыруды сала бойынша бөлудің негінде сақтандыру обьектілерінің принциптік айырмашылықтары жатыр. Осы критерийге сәйкес сақтық қарым-қатынасты 4 салаға бөлуге болады: меншіктік, азаматтардың өмір сүру деңгейін сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру және кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру. Меншікті сақтандыруда обьект болып материалдық құндылықтар табылады; азаматтардың өмір сүру деңгейін сақтандыруда – олардың өмірі; денсаулығы және еңбек қабілеттілігі. Егер қандай да бір жағдайлардың салдарынан өмір сүру деңгейі төмендейтін болса, онда сақтандыру көмекке келеді. Жауапкершілікті сақтандыруда сәйкес шығындарды өтеуді сақтық ұйымдар жүргізеді.

Кәсіпкерлікті сақтандырудың обьектісі болып сақтандырушының табысының мүмкін болатын шығындапры; мысалы: жабдықтардың тұрып қалуынан болатын шығындар, іске аспай қалған келісімдер бойынша жоғалтқан түсім, жаңа техника мен технологияны енгізудегі тәуекелділік. Алайда сақтандыруды көрсетілген салаларға бөлу сақтандыруға қатысатын кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың сақтық мүдделерін толық көрсетпейді. Бұл мүдделерді нақтылау үшін салалардан ішкі саланы және сақтандыру түрлерін бөліп алу керек.

Меншікті сақтандыру сақтандырушылар категориясына және меншік нысанына байланысты бірнеше ішкі салаға бөлінеді: мемлекеттік кәсіпорындардың меншілігін сақтандыру, колхоздардың, совхоздардың, арендаторлардың, кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың меншігі. Азаматтардың өмір деңгейін сақтандыру екі ішкі саладан тұрады: жұмысшыларды әлеуметтік сақтандыру және азаматтарды жеке сақтандыру. Өз кезегінде, әлеуметтік және жеке сақтандырудың нақтырақ ішкі саласы болуы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік сақтандыру бойынша: зейнетақыны, пособияларды, льготтарды сақтандыру; жеке сақтандыру бойынша: өмірді сақтандыру және жағымсыз жағдайлардан сақтандыру. Жауапкершілікті сақтандырудың ішкі салалары: қарызды сақтандыру және шығынды өтемеуден сақтандыру, оны сонымен қатар азаматтық жауапкерішілікті сақтандыру деп те атайды. Кәсіпкерлік сақтандыруда – екі ішкі сала: табысты тура және жанама жоғалту тәуекелінен сақтандыру. Тура жоғалтуларға мысалы, жабдықтардың тұрып қалуы жатса, жанамаға – саудадағы үзілістен немесе түсімді жоғалтудан сақтандыру жатады.
3-дәріс: Тәуекел ұғымы және оның экономикалық нәтижесі (салалары)

Мақсаты: Тәуекелдің теориялық негіздерін, тәуекел бағасын, тәуекелді басқару негіздерін, менеджмент тәуекелін оқу және бекіту.

Сұрақтар:


  1. Тәуекел ұғымы, функциялары, қайнар көздері.

  2. Қаржы тәуекелінің сыныптамасы және олардың сипаттамалары.

  3. Тәуекелді басқару негіздері.

  4. Қаржы тәуекелін төмендету әдістері.

Әрбір апат қауіп-қатер ретінде қарастырылады, осыған байланысты сақтық қорғаныс обьектісі туындайды. Сақтық қарым-қатынастың туындауының негізгі тәуекел болып табылады, ал оның құрылымы мен мүмкін болу деңгейі сақтық қорғаныс деңгейін анықтайды.

Тәуекелдің көптеген анықтамалары қарастырылған, оларды келесі жағдайлар байланыстырады:



  • белгісіздіктің негізгі идеясы;

  • әртүрлі тәуекел деңгейінің болу мүмкіндігі;

  • нәтижесі.

Тәуекел сыныптамасы


Қаржылық Қаржылық емес

Нәтижесін ақшалай нысанда Нәтижесін жалпыадамдық негізде бағалау-

бағалауға болатын тәуеклдер ға болатын тәуекелдер

Таза Спекулятивті

Екі жағдайды білдіретін тәуе- Пайда алу мүмкіндігімен байланысты тәуе-

келдер: келдер (мысалы: бағалы қағаздар және т.б.)


  • адам шығынға ұшыраса

  • адам шығынға ұшырамса

Фундаментальды Бөлшектік

Бір немесе бірнеше тұлғалар- Пайда болу себептері және нәтижесі

дың бақылауда болмауынан бойынша субьективті тәуекелдер. Бұл

туындайтын, бірақ үлкен топ тәуекелдер сақтандырылады.

адамдарға әсер ететін тәуе-

келдер (мысалы: жер сілкініс,

соғыс) сақтандырылмайды


Барлық тәуекелдердің реализациялану мүмкіндігі болмайды. Тәуекел деңгейін бағалау үшін екі ұғым, реализация жиілігін және ауырлығын енгізу керек, бұл ұғымдар былайша байланысады:

І. Әртүрлі жағдайлардың үлкен санының тәуекелді реализациялаудың жоғарғы жиілігі мен төмен ауырлық нәтижесіне жатады.

жиілік

нәтиже ауырлығы

Бұл байланыс көптеген тәуекелді жағдайларды бейнелейді.

ІІ. Аз кездесетін жағымсыз нәтижелі жағдайлардың салдарының жиілігі мен ауырлығын байланыстырады.

Бұлардың саны аз болғанмен, оларды реализациялаудағы шығындар өте үлкен болады.

жиілік

нәтиже ауырлығы
Тәуекелді басқару.

Кәсіпкер өзінің кәсіпорнына төгіп тұрған тәуекелді белсенді бақылау мақсатында басқарады.

Тәуекел – менеджмент келесіден тұрады:

1. Тәуекел идентификациясы, бұл олар қамтитын тәуекелді жүйелі оқу мен анықтаудан тұрады.

Мұнда тәуекел туралы анағұрлым көбірек факторларды білу керек:


  • бірінші қатарлы, көбінесе обьективті сипаттағы бақылаудан тыс тәуекелдер (табиғи апаттар, авариялар, соғыстар)

  • екінші қатарлы, обьективті және субьективті болып бөлінетін, шығынның туындауына және көлеміне әсер ететін факторлар

2. Тәуекелді өлшеу, тәуекел деңгейін және шығын көлемін өлшеуге теңестіріледі.

3. Тәуекелді бақылау, екі нысанда жүзеге асырылады:

- физикалық – шығынға ұшырау мүмкіндігін төмендетуга жағдай жасайтын әртүрлі әдістерді қолдану


  • қаржылық – мүмкін болатын шығындарды ақшалай түрде компенсациялау қайнар көздерін іздеу, бұл өзін-өзі сақтандыру арқылы жүзеге асырылады. Алайда өзін-өзі сақтандыру тиімсіз болып келеді.

Сақтандыру тәуекелдерінің критерилері.

Бірлік тәуекелдерін сақтандыруы қою сақтандыру келісм- шартының құқықтық және анықтауды талап етеді. Ең алдымен ол сақтандырылатын және сақтандырылмайтын тәуекелдер жиынтығы белгіленуі қажет. Барлық сақтандырылатын тәуекелдер шектелуі үшін келесідей белгілер бойынша жан- жақты сипатталуы қажет:



  1. Зардап келтірілген себептердің комплнкісі немесе атап айтқанда сақтандыру қауіптері

  2. Зардап келтірілген іс-әрекет жағдайы;

  3. Зардаптың ақшалай бағалаудың принциптері.

Сақтандырудың жеке формасы қолданылатын бірлік тәуекел, сақтандырудың техникалық бірлігі болып табылады. Бір немесе бірнеше сақтандырудың техникалық бірліктерімен келісім- шарттары бар. Сақтандыру келісім-шартын жасасқан кезде сақтанушы сақтандыру қызмет көрсету бағасынан шығады.

Сақтандырушы келесідей сақтандыру тәуекелдеріне бағытталады.



  1. Зардаптың кездейсоқ сипаты.

Ең маңызды кездейсоқ емес, болжанылған жағдайлар сақтандырылмайды. Кездейсоқ – зардап мөлшерін уақытқа қатысты, белгізіздіті білдіреді, сонымен қатар сақтанушының тәртібі және еркіндігінен сақтандыру зардабының тәуелсңздігін білдіреді.

  1. Зардапты бөлуді бағалау мүмкіндігі.

Күтілген зардаптың деңгейі және оның мүмкіндік деңгейін анықта мүмкіндігін білдіреді, ал бұл ақпаратсыз сақтандыру сыйақыларының мөлшерін есептеу мүмкін еместігін білдіреді.

  1. Зардаптарды бөлудің біртектілігі.

Сақтандыру қауіпі, сақтандыру обьектілері және зардаптары сақтандыру келісім-шартында нақты және екі түрлі жағдай да емес анықталуы қажет. Бұл шаралар сақтандыру жағдайы туғанда сақтанушыға төлеуге тиісті, сақтандыру өтемін анықтау үшін өте маңызды.

  1. Бір-бірінің зардаптарын бөлу тәуелсіздігі.

Сақтандырушы сақтандыру келісім шартын жасағанкезде тәукел концентрациясынан аулақ болуды білдіреді.

  1. Зардаптың максималды мүмкін мөлшерін бағалау.

Сақтандырушының сақтандыру портфелін және қаржылық мүмкіншіліктерінің қатынастарының критерилерін қарастырады. Сақтандырушы көзқарасы бойынша сақтандырудың абсолютті шекаралары болмайды.
жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау