Iшпектiң (подшипниктің) сапасы: 1) iшпектiң ӛлшемдерiнiң (D, d, b)
49
Тербелу iшпегiне арналған шақтамалар мен қондырмалардың жҥйесi
iшпектiң қосылу ӛлшемдерiнiң ӛзара алмасымдылығын қамтамасыз етедi және
кейбiр ерекшелiктерi болады:
1) D және d ӛлшемдерiне берiлген шектi ауытқулардың мәндерi iшпектiң
дәлдiк класы мен ӛлшемдерiне байланысты болып, iшпектiң бiлiк пен қабықтың
тҥйiндесуiнiң сипатына байланысты болмайды;
2) сыртқы сақинаны қабыққа қондыру - бiлiк жүйесiнде, ал iшкi сақинаны
бiлiкке қондыру –
тесiк жүйесiнде жҥзеге асырылады;
3) тербелу iшпегiнiң сыртқы және iшкi диаметрлерiнiң дәлдiк ӛрiстерi
нөлдiк сызықтан төмен орналасады. Яғни iшпектiң сыртқы диаметрiнiң D
дәлдiк ӛрiсi негiзгi бiлiктiң дәлдiк ӛрiсiндей орналасады, ал iшкi диаметрдiң d
дәлдiк ӛрiсi негiзгi тесiктiң дәлдiк ӛрiсiмен салыстырғанда, нӛлдiк сызықтан
ауысып, тӛмен орналасады;
4) бiлiк пен қабық тесiгiнiң дәлдiк ӛрiстерi iшпектiң D және d
диаметрлерiнiң дәлдiк ӛрiсiмен қосылып арнаулы қондырғылар қҧрады.
Бiлiк пен қабық 3-11 квалитеттермен, тербелу iшпектерi 2-5
квалитеттермен ӛңделе алады.
Тербелу iшпегiн бiлiкке және қабыққа қондыруды iшпектiң тҥрi мен
ӛлшемiне, қолдану шартына, iшпекке әсер беретiн жҥктеменiң мәнi мен
сипатына (тҧрақты, айнымалы, соққылы) және сақинаның жҥктеме тҥрiне
байланысты таңдайды.
Жҥктеу тҥрi iшпекке әсер ететiн нәтижелi шабақты жҥктемемен
салыстырғанда қандай сақина айналатынына байланысты. Сақина жҥктелуiнiң
ҥш тҥрi кездеседi: жергiлiктi, айналымды және тербелiстi.
Тербелiс iшпегiнiң сақинасы
жергiлiктi жүктелу кезiнде бағыты
тҧрақты шабақтық жҥктеменi Р
с
теңселу жолағының шектеулi аумағымен
қабылдайды және бiлiктiң немесе қабықтың қондыру беттерiнiң сәйкес
шектеулi аумағына бередi.
Айналымды жүктелу кезiнде сақина шабақтық жҥктеменi Р
с
бiртiндеп
теңселу жолағының бҥкiл шеңбер бойымен қабылдайды және бiлiктiң немесе
корпустың барлық қондыру бетiне бередi.
Тербелiстi жүктелу кезiнде айналмайтын сақина теңәрекеттi екi
шабақтық жҥктеменi (P
c
- бағыты бойынша тҧрақты, P
V
- айналмалы; P
v
c
)
тербелiс жолағы шеңберiнiң шектеулi аумағымен қабылдайды және бiлiктiң
немесе қабықтың қондыру беттерiнiң сәйкес шектеулi аумағына бередi.
Тербелу iшпегiнде айналатын сақина бiлiкке керiлiстi қондырғымен, ал
айналмайтын сақина қабыққа аз саңылаумен орналасу керек немесе керiсiнше.
Яғни керiлiстi қондыру айналымды жүктелетiн сақинаға, ал саңылаумен
қондыру жергiлiктi жүктелетiн сақинаға тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: