Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

      63) өндiрiстегi жазатайым оқиға - өзiнiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн 
немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын орындауы кезiнде, қызметкердiң 
өндiрiстiк жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы 
салдарынан оның еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуына, 
кәсiптiк ауруға шалдығуына не өлiмiне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) 
қауiптi өндiрiстiк фактордың қызметкерге әсер етуi; 
      64) өндiрiстiк жабдық - машиналар, тетiктер, құрылғылар, аппараттар, 
аспаптар және жұмысқа, өндiрiске қажеттi өзге де техникалық құралдар; 
      65) өндiрiстiк жарақат - қызметкер еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде 
алған, оның еңбекке қабiлеттiлiгiн жоюға әкеп соққан, денсаулығының 
зақымдануы; 
      66) өндiрiстiк қажеттiлiк - дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою 
немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос 
тұрып қалуды, мүлiктiң жойылуын немесе бүлiнуiн болғызбау үшiн және басқа да 
ерекше жағдайларда, сондай-ақ жоқ қызметкердi алмастыру үшiн жұмыстар 
орындау; 
      67) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - 
өндiрiстiк объектiлердi (өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын цехтарды, 
учаскелердi, жұмыс орындарын, сондай-ақ жұмыс берушiлердiң бөлек тұрған өзге 
де бөлiмшелерiн) оларда орындалатын жұмыстар қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн, 
зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және 
өндiрiстiк орта жағдайларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында бағалау жөнiндегi қызмет; 
      68) өндiрiстiк санитария - зиянды өндiрiстiк факторлардың 
қызметкерлерге әсерiн болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, 
ұйымдастыру iс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесi; 
      69) өтемақы төлемдерi - жұмыстың ерекше режимi мен еңбек жағдайларына, 
жұмысынан айрылуына, қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн немесе Қазақстан 
Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi орындауына 
байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер; 
      70) тарифтiк жүйе - еңбекке ақы төлеу жүйесiнiң бiр түрi, онда 
қызметкерлердiң жалақысы тарифтiк ставкалар (айлықақылар) және тарифтiк 
кестелер негiзiнде сараланып айқындалады; 
      71) тарифтiк кесте - орындалатын жұмыстардың күрделiлiк және 
қызметкерлердiң бiлiктiлiк белгiсi бойынша саралауды көздейтiн тарифтiк 
разрядтар мен тарифтiк коэффициенттердiң жиынтығы; 
      72) тарифтiк разряд - жұмыстың күрделiлiк деңгейi және осы жұмысты 
орындау үшiн қажеттi бiлiктiлiк деңгейiнiң көрсеткiшi; 
      73) тарифтiк ставка (айлықақы) - қызметкердiң уақыт бiрлiгi iшiнде 
белгiлi бiр күрделiлiктегi (бiлiктiлiктегi) еңбек нормасын (еңбек 
мiндеттерiн) орындағаны үшiн еңбегiне ақы төлеудiң белгiленген мөлшерi; 
      74) тәртiптiк жаза - тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн жұмыс 
берушiнiң қызметкерге қолданатын тәртiптiк әсер ету шарасы; 
      75) тәртiптiк терiс қылық - қызметкердiң еңбек тәртiбiн бұзуы, сондай-
ақ еңбек мiндеттерiн құқыққа қайшы келетiндей кiнәмен орындамауы немесе 
тиiсiнше орындамауы; 
      76) тынығу уақыты - қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындаудан бос және 
өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты; 
      77) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс iстейтiн екi немесе одан да көп 
адамды зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бiр 
мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар; 
      78) ұжымдық шарт – әзiрлеу мен жасасу тәртiбi осы Кодекстiң 282-бабында 
белгiленген, ұйымдағы әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттейтiн, 
қызметкерлердiң уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi арқылы олардың ұжымы мен жұмыс 
берушiнiң арасындағы жазбаша келiсiм нысанындағы құқықтық акт; 
      79) үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша 
орындайтын, жұмыс уақытының белгiленген ұзақтығынан тыс жұмыс; 
      80) хабарлама - қызметкердiң немесе жұмыс берушiнiң жазбаша өтiнiшi не 
өзге тәсiлмен (курьерлiк почта, почта байланысы, факсимильдi байланыс және 
электрондық почта арқылы) берiлген өтiнiштер; 
      81) iссапар - жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс 
орнынан тыс жерге белгiлi бiр мерзiмге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жiберу, 
сондай-ақ қызметкердi басқа жерге оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта 
даярлауға жiберу. 


      2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнаулы ұғымдары 
мен терминдерi осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мағыналарда 
пайдаланылады. 
      
Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      
2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 
 
      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекстен, Қазақстан 
Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге 
де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.  
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан 
Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтiк әрiптестiк пен 
еңбектi қорғау қатынастарын реттейтiн нормаларды енгiзуге тыйым салынады.  
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы 
Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, 
онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасы 
ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап 
етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына 
тiкелей қолданылады. 
      
3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
 
              
мақсаты мен мiндеттерi 
 
      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын 
және еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек 
қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, еңбек саласындағы 
құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепiлдiктерiн белгiлеуге бағытталған 
құқықтық реттеу болып табылады.  
      2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мiндеттерi еңбек 
қатынастары тараптары мүдделерiнiң теңгерiмiне, экономикалық өсуге қол 
жеткiзуге, өндiрiс тиiмдiлiгi мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 
қажеттi құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.  
      
4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
 
              
принциптерi 
 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi:  
      1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол 
бермеу;  
      2) еңбек бостандығы;  
      3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар 
түрлерiне тыйым салу;  
      4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына 
құқықты қамтамасыз ету;  
      5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi 
мен денсаулығының басымдығы;  
      6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi 
сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;  
      7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;  
      8) қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi;  
      9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен 
мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету;  
      10) әлеуметтiк әрiптестiк;  
      11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк 
реттеу;  
      12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып 
табылады.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау