Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi


материалдық жауапкершiлiгi



жүктеу 0,83 Mb.
бет11/15
Дата19.11.2018
өлшемі0,83 Mb.
#20805
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

                материалдық жауапкершiлiгi

      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаға келтiрген залалы үшiн осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болады.

      252-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен
                еңбек шартын тоқтатудың қосымша негiздерi

      Заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiнiң не ол уәкiлеттiк берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкiлеттi органының еңбек қатынастарын мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiмi осы Кодексте көзделген негiздермен қатар заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын тоқтатуға қосымша негiз болып табылады.


      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, оның қолданылу мерзiмi өткенге дейiн еңбек шартын мерзiмiнен бұрын бұзғаны үшiн оған еңбек шартында айқындалатын мөлшерде, жағдайда және тәртiппен өтемақы төлемi төленедi.
      Ескерту. 252-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      253-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының


                бастамасы бойынша еңбек шартын мерзiмiнен
                бұрын бұзу

      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiн не ол уәкiлеттiк берген тұлғаны (органды) немесе заңды тұлғаның уәкiлеттi органын бұл жөнiнде жазбаша түрде кемiнде екi ай бұрын ескерте отырып, еңбек шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға құқылы.

      254-бап. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы
                мүшелерiнiң және мүлiктiң меншiк иесi немесе ол
                уәкiлеттiк берген тұлға (орган) не заңды
                тұлғаның уәкiлеттi органы тағайындайтын
                (сайлайтын) қызметкерлердiң еңбегiн реттеу
                ерекшелiктерi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Осы тарауда белгiленген атқарушы орган басшысының еңбегiн реттеу ерекшелiктерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерiне қолданылады.
      Мүлiктiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға не заңды тұлғаның уәкiлеттi органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердiң еңбегiн реттеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
      Ескерту. 254-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕРIНIҢ,
          ПАРЛАМЕНТI ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ,
          СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГI АДАМДАРДЫҢ, АРНАУЛЫ
          МЕМЛЕКЕТТIК, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ
          ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКI ЖӘНЕ
          ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ
          ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      255-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және
                мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан
                Республикасы судьяларының еңбегiн реттеу

      Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртiбiн, еңбектiң ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi. 

      256-бап. Әскери қызметтегi адамдар және құқық қорғау
                органдарының қызметкерлерi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Әскери қызметтегi адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнде, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында, Республикалық ұланда, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiнде және әскери-тергеу органдарында, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлiмдерiнде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.
      2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының iшкi iстер, қаржы полициясы органдарында, мемлекеттiк өртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын адамдар жатады.
      3. Арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiне ұлттық қауiпсiздiк органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi органда және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.
      Ескерту. 256-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 № 279-IV, 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      257-бап. Әскери қызметтегi адамдардың, арнаулы мемлекеттiк


                және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң
                еңбегiн реттеу

      Әскери қызметтегi адамдардың, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртiбiн, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi.


      Ескерту. 257-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      257-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және


                оның ведомстволары қызметкерлерiнiң еңбегiн
                реттеу

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметкерлерiнiң еңбегi лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше еңбек жағдайын және еңбекақы төлеу шарттарын, сондай-ақ артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ерекшелiктерiмен бiрге осы Кодекспен реттеледi.


      Ескерту. 28-тарау 257-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-БӨЛIМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ЖӘНЕ
ҰЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР

29-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК

      258-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң мiндеттерi

      Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк:
      1) әлеуметтiк, еңбек және осылармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудiң тиiмдi тетiгiн жасау;
      2) қоғамның барлық жiктерiнiң мүдделерiн объективтi ескеру негiзiнде әлеуметтiк тұрақтылық пен қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      3) қызметкерлердiң еңбек саласындағы құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтiк қорғауды жүзеге асыру;
      4) барлық деңгейдегi әлеуметтiк әрiптестiк тараптары арасындағы консультациялар мен келiссөздер процесiне жәрдемдесу;
      5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;
      6) әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды талдап-тұжырымдау мiндеттерiн шешуге бағытталған.

      259-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi

      Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi мыналар:
      1) тараптар өкiлдерiнiң өкiлеттiлiгi;
      2) тараптардың тең құқықтылығы;
      3) талқыланатын мәселелердi таңдау еркiндiгi;
      4) мiндеттемелер қабылдау ерiктiлiгi;
      5) тараптар мүдделерiн құрметтеу;
      6) ұжымдық шарттарды, келiсiмдердi орындау мiндеттiлiгi;
      7) келiсiм бойынша қабылданған мiндеттемелердi өз кiнәсi бойынша орындамағаны үшiн тараптардың, олардың өкiлдерiнiң жауаптылығы;
      8) әлеуметтiк әрiптестiктi нығайту мен дамытуға мемлекеттiң жәрдемдесуi;
      9) қабылданатын шешiмдердiң жариялылығы.

      260-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк органдары

      Әлеуметтiк әрiптестiк әлеуметтiк әрiптестiк органдары:
      1) республикалық деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрi - республикалық комиссия);
      2) салалық деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық комиссиялар (бұдан әрi - салалық комиссия);
      3) өңiрлiк (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрi - өңiрлiк комиссия) арқылы тараптардың өзара iс-қимыл жасасуы нысанында;
      4) ұйымдар деңгейiнде - қызметкерлердiң өкiлдерi мен жұмыс берушiнiң арасында еңбек саласындағы өзара нақты мiндеттемелердi белгiлейтiн келiсiмдер немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етiледi, ал шет ел қатысатын ұйымдарда оны Қазақстан Республикасының резиденттерi халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) және Қазақстан Республикасы заңнамасының негiзiнде қамтамасыз етедi.

      261-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк нысандары

      Әлеуметтiк әрiптестiк:
      ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу және оларды жасасу жөнiндегi ұжымдық келiссөздер;
      еңбек қатынастарын және олармен тiкелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу, қызметкерлердiң еңбек саласындағы құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша өзара консультациялар (келiссөздер);
      қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкiлдерiнiң еңбек дауларын сотқа дейiн шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады.

      262-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары

      Тиiстi атқарушы органдар атынан мемлекет, белгiленген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген өз өкiлдерi атынан қызметкерлер мен жұмыс берушiлер әлеуметтiк әрiптестiк тараптары болып табылады.

      263-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi республикалық деңгейде


                ұйымдастыру

      1. Республикалық комиссия тиiстi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының мүдделерiн келiсудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.


      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi мен жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалалардың жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң республикалық одағының (қауымдастығының), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiктiң, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      Аталған одақтардан (қауымдастықтардан) өкiлдiк ету олардың құрамына кiретiн республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң санына қарай пропорциялық негiзде жүзеге асырылады.

      264-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi салалық деңгейде


                ұйымдастыру

      1. Салалық комиссия тиiстi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестердiң мүдделерiн келiсудi қамтамасыз ету жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн салалар тiзбесiн республикалық комиссия белгiлейдi.


      2. Тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың өкiлеттi өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар салалық кәсiптiк одақтар қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Салалық ұйымдардың өкiлдерi жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.

      265-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi өңiрлiк деңгейде


                ұйымдастыру

      1. Өңiрлiк комиссия тиiстi келiсiмдермен және шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестердiң мүдделерiн келiсудi қамтамасыз ету жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.


      2. Жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi өкiлеттi өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi өңiрлiк комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
      3. Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегi кәсiптiк одақтар бiрлестiктерi қызметкерлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Өңiрлiк деңгейдегi жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерi:
      облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң облыстық бiрлестiктерi, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi облыстық бiрлестiк;
      қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi қалалық, аудандық бiрлестiктер болып табылады.

      266-бап. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын ұйым деңгейiнде


                реттеу

      1. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеудi қамтамасыз ету, ұжымдық келiссөздер жүргiзу және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу, сондай-ақ ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшiн тараптар шешiмi бойынша тең құқықтылық негiзде тараптардың қажеттi өкiлеттiктер берiлген өкiлдерiнен тұратын комиссиялар құрылады.


      2. Жұмыс берушi ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ұйымда жұмыс iстейтiн кәсiптiк одақтың қызметi үшiн жағдай жасайды.
      3. Тараптардың келiсiмi бойынша және кәсiптiк одақ мүшелерi болып табылатын қызметкерлердiң жазбаша өтiнiштерi болған кезде, жұмыс берушi кәсiптiк одақтың есеп-шотына қызметкерлердiң жалақысынан ұсталатын мүшелiк кәсiподақ жарналарын ай сайын аударады.
      Ескерту. 266-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      267-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық, салалық,


                өңiрлiк комиссияларды құрудың принциптерi мен
                тәртiбi

      1. Тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялар мынадай принциптер:


      1) комиссиялардың қызметiне атқарушы билiк органдары өкiлдерiнiң, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерiнiң қатысу мiндеттiлiгi;
      2) тараптардың өкiлеттiлiгi;
      3) тепе-тең өкiлдiк ету;
      4) тараптардың тең құқықтылығы;
      5) тараптардың өзара жауапкершiлiгi негiзiнде құрылады.
      2. Комиссиялар қатысушыларының жеке құрамын әлеуметтiк әрiптестiктiң әрбiр тарапы дербес құрады.

      268-бап. Республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялардың


                негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi

      1. Комиссиялардың негiзгi мақсаттары әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының мүдделерiн келiсу болып табылады.


      2. Комиссиялардың негiзгi мiндеттерi:
      1) әлеуметтiк және экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының ұстанымдарын келiсу;
      2) келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу;
      3) келiсiмдердi iске асыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу, келiсу және бекiту;
      4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткiзу және ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
      3. Комиссиялар өздерi бекiткен ережелерге және жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс iстейдi. Комиссия отырыстары жылына екi реттен сирек болмайтындай етiп өткiзiледi.

      269-бап. Республикалық, салалық және өңiрлiк


                комиссиялардың негiзгi құқықтары

      Республикалық, салалық және өңiрлiк комиссиялар:


      1) өз отырыстарында әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласында келiсiлген саясат жүргiзу проблемаларын қарауға;
      2) келiсiм жобасын әзiрлеу, көрсетiлген келiсiмдi iске асыру, комиссия шешiмдерiн орындау кезiнде атқарушы органдардың, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бiрлестiктерiнiң мүдделерiн келiсуге;
      3) атқарушы органдардан, жұмыс берушiлерден және (немесе) қызметкерлер өкiлдерiнен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттейтiн, жасалатын және жасалған келiсiмдер туралы ақпарат сұратуға;
      4) өз шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты тұлғалар оларды орындамаған жағдайда әлеуметтiк әрiптестiктiң тиiстi тарапына анықталған бұзушылықтарды жою және келiсiмнiң талаптарын орындамағаны үшiн кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiндегi ұсыныстары бар ақпарат жiберуге;
      5) атқарушы органдардан ұжымдық келiссөздер жүргiзу және келiсiмнiң жобасын әзiрлеу, аталған келiсiмнiң орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшiн қажеттi әлеуметтiк жағдай туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
      6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қарауына әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, жұмыс топтарын құруға;
      8) комиссия отырысына атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерiн, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды шақыруға;
      9) атқарушы органдар, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң бiрлестiктерi комиссия белгiленген мерзiмде қарауға және орындауға мiндеттi бiрлескен келiсiмдер мен шешiмдер қабылдауға;
      10) әлеуметтiк және еңбек қатынастары мен әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi бойынша халықаралық, республикалық, өңiраралық кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткiзуге аталған iс-шараларды ұйымдастырушылармен келiсiлген тәртiппен қатысуға құқылы.

      270-бап. Қызметкерлер өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi

      1. Қызметкерлер өкiлдерiнiң:
      1) қызметкерлердiң әлеуметтiк-еңбек құқықтары мен мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға;
      2) жұмыс берушiмен жобаларды әзiрлеу және келiсiмдердi, ұжымдық шарттарды жасасу жөнiндегi ұжымдық келiссөздер жүргiзуге, осы мақсаттарда еңбек қатынастары мәселелерi бойынша қажеттi ақпарат алуға;
      3) келiсiмдерде немесе ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерiн шешуге қатысуға;
      4) осы Кодексте белгiленген тәртiппен қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
      5) еңбек заңнамасын бұзу мәселелерi бойынша еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк инспекторларымен өзара iс-қимыл жасасуға;
      6) келiсiмдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды зерделеу мен қолдану үшiн жұмыс орындарында болуға;
      7) еңбек қатынастарына және әлеуметтiк-экономикалық мәселелерге байланысты заңнамалық актiлердiң, бағдарламалардың жобаларын әзiрлеу мен қарау жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың жұмысына қатысуға;
      8) осы Кодексте белгiленген тәртiппен қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы еңбек дауларын реттеуге қатысуға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жиналыстар, шерулер, митингiлер, пикеттер, ереуiлдер өткiзуге құқығы бар.
      2. Жұмыс берушiлердiң қызметкерлер өкiлдерiне өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына кедергi жасауына жол берiлмейдi.

30-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ТАРАПТАРЫ АРАСЫНДА
КЕЛIСIМДЕР ЖАСАСУ ТӘРТIБI

      271-бап. Келiсiмдердi дайындау жөнiнде келiссөздер


                жүргiзу құқығы

      1. Әлеуметтiк әрiптестiктiң кез келген тарапы келiсiмдi әзiрлеу, оның мазмұны, оны жасасу, өзгерту, толықтыру жөнiндегi келiссөздердiң бастамашысы болуға құқылы.


      2. Республикалық, салалық, өңiрлiк деңгейлерде қызметкерлер мен жұмыс берушiлер уәкiлеттiк берген бiрнеше өкiл бар болса, олардың әрқайсысына өздерi өкiлдiк ететiн қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң атынан келiссөздер жүргiзу құқығы берiледi.

      272-бап. Келiссөздер жүргiзудiң, келiсiмдердi әзiрлеу


                мен жасасудың тәртiбi

      1. Екiншi тараптан келiссөздердiң басталуы туралы жазбаша ұсыныстар алған тараптар күнтiзбелiк он күн iшiнде оларды қарауға және келiссөздерге кiрiсуге мiндеттi.


      Тараптар арасында салалық келiсiмнiң жекелеген ережелерi бойынша келiспеушiлiктер болғанда, келiссөздер басталған күннен бастап үш ай iшiнде тараптар бiр мезгiлде келiспеушiлiктер хаттамасын жасай отырып, келiсiлген шарттарда салалық келiсiмге қол қоюға тиiс.
      2. Келiссөздер жүргiзу тәртiбiн, келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу мерзiмдерiн, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi, оларға қосылуды комиссиялар бекiтедi.
      3. Келiсiмдер оларға тараптар қол қойған кезден бастап не келiсiмдерде белгiленген күннен бастап күшiне енедi. Келiсiмдердiң барлық қосымшалары олардың ажырамас бөлiгi болып табылады және солармен бiрдей заң күшiне ие болады.
      4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi тараптардың келiсiмi бойынша не жаңа келiсiм қабылданғанға дейiн белгiленедi, бiрақ үш жылдан аспауға тиiс.
      5. Қызметкерлерге бiр мезгiлде бiрнеше келiсiмдердiң күшi қолданылған жағдайларда, келiсiмдердiң қызметкерлер үшiн неғұрлым қолайлы шарттары қолданылады.
      6. Бас, салалық, өңiрлiк келiсiмдердi әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының өкiлдерi қол қойып бекiтедi.
      7. Тараптар қол қойған салалық, өңiрлiк келiсiмдер қосымшаларымен қоса он күн мерзiмде хабарламалық тiркеу үшiн жiберiледi.

      273-бап. Республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялардың


                шешiмдер қабылдау тәртiбi

      1. Комиссиялардың шешiмдерi келiссөздерде барлық тараптардың келiсiмiне қол жеткiзу негiзiнде ғана қабылданады және тиiстi келiсiмдермен ресiмделедi.


      2. Келiсiм барысында, егер тараптар келiсiмге келе алмаса, келiспеушiлiктердi жою жөнiндегi және келiссөздердi қайта жалғастыру мерзiмдерi туралы тараптардың түпкiлiктi тұжырымдалған ұсыныстары енгiзiлетiн хаттама жасалады.
      3. Шешiмдер қабылдау мен жұмысты ұйымдастыру тәртiбiн комиссиялар әзiрлеп, бекiтедi.

      274-бап. Комиссиялардың үйлестiрушiлерi

      Республикалық, салалық және өңiрлiк комиссиялардың үйлестiрушiлерi тараптардың бiрлескен шешiмiмен тағайындалады. Комиссияның үйлестiрушiсi:
      1) тараптардың қызметiне араласпайды;
      2) комиссия жұмысына қатысу үшiн жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, атқарушы билiк органдарының комиссия мүшелерi болып табылмайтын өкiлдерiн, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, басқа да ұйымдардың өкiлдерiн шақырады;
      3) комиссияның және жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалардың жүргiзiлуiн, шешiмдердiң жобаларын дайындауды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi.

      275-бап. Келiсiмдердiң тараптары, түрлерi

      1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкiметi, жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерi мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi арасында Бас келiсiм жасалады.
      2. Салалық деңгейде тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлеттi өкiлдерi арасында салалық келiсiмдер жасалады.
      3. Өңiрлiк деңгейде жергiлiктi атқарушы органдар және жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлеттi өкiлдерi арасында өңiрлiк (облыстық, қалалық, аудандық) келiсiмдер жасалады.
      Ескерту. 275-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      276-бап. Келiсiмдердiң мазмұны



      1. Келiсiмдер:
      1) қолданылу мерзiмi туралы;
      2) орындалуын бақылау тәртiбi туралы;
      3) келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы;
      4) тараптардың өздерiне жүктелген мiндеттемелердi орындамаған жағдайдағы жауаптылығы туралы ережелердi қамтуға тиiс.
      2. Бас келiсiмнiң мазмұнын республикалық комиссия әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптары немесе солардың бiреуi ұсынған Бас келiсiмнiң жобаларын негiзге ала отырып айқындайды.
      3. Салалық және өңiрлiк келiсiмдердiң мазмұнын салалық және өңiрлiк комиссиялар әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптары немесе солардың бiреуi ұсынған келiсiмдер жобаларының негiзiнде айқындайды.
      4. Келiсiмдерде:
      1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғау, еңбек режимi және тынығу режимi туралы ережелер көзделуi мүмкiн.
      Салалар бойынша тарифтiк ставканың (айлықақының) ең төменгi мөлшерiнiң көлемi салалық келiсiмдерде айқындалады;
      2) бағалар мен инфляцияның, ең төменгi күнкөрiс деңгейi және келiсiмде айқындалған көрсеткiштердiң орындалуы негiзге алына отырып, еңбекке ақыны реттеу тетiгi туралы;
      3) өтемақы төлемдерi туралы;
      4) қызметкерлердi жұмыспен қамтуға, кәсiптiк даярлауға және қайта даярлауға жәрдемдесу туралы;
      5) жұмысқа және тынығуға қолайлы жағдайлар жасау және тиiстi қоршаған ортаны қамтамасыз ету жолымен өндiрiсте қызметкерлердiң денсаулығын сақтауды ұйымдастыру туралы;
      6) салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi шаралар туралы;
      7) қызметкерлердi және олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi арнайы iс-шаралар туралы;
      8) өндiрiстiң уақытша тоқтатылуы жағдайында қызметкерлердi қорғау шаралары туралы;
      9) жанжалдар мен ереуiлдердi болдырмау, еңбек тәртiбiн нығайту
туралы;
      10) қызметкерлер өкiлдерiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн талаптар туралы;
      11) заңнамаға қайшы келмейтiн әлеуметтiк-еңбек мәселелерi бойынша басқа да ережелер;
      12) әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу туралы ережелер көзделуi мүмкiн.
      5. Салалық келiсiмдерде:
      1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары және еңбектi қорғау, еңбек және тынығу режимi туралы;
      2) өтемақы төлемдерi туралы;
      3) қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау жөнiндегi арнайы iс-шаралар туралы;
      4) инфляция, ең төменгi күнкөрiс деңгейi негiзге алынып, еңбекке ақы төлеудi реттеу және келiсiмде айқындалған көрсеткiштердi орындау тетiктерi туралы;
      5) көтерiңкi салалық коэффициенттердi белгiлеу туралы ережелер көзделуге тиiс.
      6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердiң жағдайын нашарлататын келiсiмнiң ережелерi жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиiс.
      Ескерту. 276-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      277-бап. Келiсiмдердi тiркеу

      1. Облыстық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      2. Қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

      278-бап. Келiсiмдердiң қолданылуы

      1. Келiсiмдердiң күшi өкiлдерi келiсiмге қол қойған тиiстi атқарушы органдарға, қызметкерлер мен жұмыс берушiлерге қолданылады.
      2. Келiсiм:
      жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң мүшелерi болып табылатын, келiсiмдi жасасқан барлық жұмыс берушiлерге қатысты қолданылады. Жұмыс берушiлер бiрлестiгiндегi мүшелiктi тоқтату жұмыс берушiнi соның мүшесi болған кезеңде жасалған келiсiмдi орындаудан босатпайды. Келiсiм қолданыста болған кезеңде жұмыс берушiлер бiрлестiгiне кiрген жұмыс берушi осы келiсiмде көзделген мiндеттемелердi орындауға мiндеттi;
      келiсiмге қол қойылғаннан кейiн қосылған жұмыс берушiлерге қатысты қолданылады.
      3. Келiсiмдер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкiнiң меншiк иелерi, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлерi шетелдiк жеке және заңды тұлғалар не шетелдiк қатысуы бар ұйымдар болып табылатын ұйымдарға да қолданылады.
      4. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган республикалық деңгейде, тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар салалық деңгейде және жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлiк деңгейде келiсiм жасасуға қатыспаған жұмыс берушiлер бiрлестiктерiне, жұмыс берушiлерге, қызметкерлер бiрлестiктерiне тиiстi деңгейде келiсiмге қосылуға ұсыныспен келiсiмдi ресми жариялауға мiндеттi.
      Егер жұмыс берушiлер бiрлестiктерi, жұмыс берушiлер, қызметкерлер бiрлестiктерi келiсiмге қосылу туралы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тиiстi атқарушы органдарға оған қосылудан дәйектi бас тартуды жазбаша түрде ұсынбаған болса, онда келiсiм соларға қатысты осы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап қолданылады деп есептеледi.
      Ескерту. 278-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      279-бап. Келiсiмдердiң орындалуын бақылау

      Келiсiмдердiң орындалуын бақылауды әлеуметтiк әрiптестiк тараптары жүзеге асырады.

      280-бап. Келiссөздерге қатысудан жалтарғаны үшiн


жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау