Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «Bolashaq» академиясы» жмм


Кіріспе Зерттеудің өзектілігі



жүктеу 50,49 Kb.
бет2/9
Дата26.01.2022
өлшемі50,49 Kb.
#35130
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Курстық жұмыс 2

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс жасау әдістемесі. Қағаз жҽне қатырма қағазбен жұмыс бастауыш сынып оқушыларын қол еңбегін оқыту жүйесінде маңызды орын алып, оқушыларды еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, жоғары талғамдыққа тҽрбиелейді. Балалардың ұжымда, ҿз ойын басқалармен сҽйкестіре отырып жұмыс істеу үшін, жұмыстың кейбір түрлерін барлық балалар бірігіп орындайды. Еңбектің бұл түрін оқыту барысында ақыл-ойы дамымаған балалардың бойындағы, зердесіндегі кемшіліктерді түзетуге үлкен мүмкіншіліктер туады. Оқушылар сабақта кҿлемді жҽне жалпақ пішінді, бір немесе бірнеше бҿліктерден тұратын, бұйымдарды сапасы ҽр түрлі қағаздан жҽне қатырма қағаздан жасайды. Балалар бұл үшін белгілі бір құралдарды пайдаланады. Бұйымды берілген үлгіге қарап жасайды. Сондықтан да, оқушылардың бұйымды талдап, оның ерекшеліктерін анықтап, салыстырып, қарапайым тұжырым жасай білулерінің маңызы зор. Бұйымды қағаздан жҽне қатырма қағаздан жасаудың белгілі бір бірізділігі бар, егер ол бұзылса оқушы бұйымды мүлдем жасай алмайды немесе жұмысты сапасыз орындайды. Осыған байланысты балалардың жоспар құру, оны іс жүзіне асыру жҽне істелген іс туралы қорытындылай білу қабілетін қалыптастыру керек. Жазық жҽне кҿлемді бұйымдарды жазық материалдан істеуді үйрету, мұғалімге балалардың кеңістікте бағдарлауларының дамымауын түзетуге мүмкіншілік береді. Сондай-ақ, балалар жапсырмақұрақпен жұмыс барысында ырғақ пен тепе-теңдік заңымен танысып, геометриялық формаларды тануға жаттығады. Балалар қағаз бетіне бҿліктерді орналастырғанда, қағаз бетінде бағдарлауға үйреніп, жоғары, тҿмен, оң жағы, тура, жоғары жҽне т.б. сияқты кеңістік ұғымдарын атайды. Балалар қағаз бен қатырма қағазбен күнделікті ҿмірде жиі кездеседі. Бірақ ақыл-ойы дамымаған бірінші сынып оқушылар ұғымында бұл материалдар туралы түсініктер мен мағлұматтар болмайды. Оқушылар қол еңбек сабақтарында ҽр түрлі сападағы қағаз, қатырма қағаз, түптеу материалдарымен жҽне олардың қолданыс қасиеттерімен танысады. Олар мұқаба түптегіш мамандығы туралы қарапайым түсінік алады. Балалар ҽр түрлі бұйымдарды жасау үдерісінде қағаз бен қатырма қағазды ҿндеу, таңбалаудың қарапайым тҽсілдерін оқып, меңгереді.

Балалар жай жҽне күрделі пішіндерді қалыппен таңбалауда кҿп қиындыққа кездеспейді. Ақыл-ойы дамымаған балалар үшін сызғышпен белгілеу тҽсілі белгілі бір қиындықтытуғызады. Сондықтан да, тҿменгі сынып оқушыларын тек бір тҽсілге (бір бағытпен тура сызық жүргізу) үйрету ұсынылады. Ол былайша орындалады: бірінші жоғарыдан, содан кейін қағаздың тҿменгі бұрышынан сызғышпен керекті ҿлшемді белгілейді, белгіленген нүктелер сызғыш арқылы қосылады. Бірақ балалардың үйренген тҽсілін ҽр түрлі жолда қолдану үшін, жаттығулар мен жұмыс түрлерін түрлендіріп отыру керек, мысалы оқушыларға кесіндіні тек тік қана емес, кҿлденең жағдай да белгілеуді ұсыну керек. Қабаттауды, кесуді, желімдеуді жҽне т.б. орындауда қарапайым құралдар (қайшы, пышақ, үтік, сызғыш, қылқалам) қажет. Оқушылар олармен жұмыс істеудің дұрыс тҽсілін үйреніп, еңбек жҽне математика сабақтарында басқа материал түрлерімен бірге қолдана білу керек. Оқушылар қағаз бен қатынма қағаз жұмыстарында түрлі операцияларды орындау барысында алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін меңгере бастайды. Осындай жұмыстар үшін қолданылатың құралдарды сабақ барысында дұрыс қолдана білудің үлкен маңызы бар. Қағаз бен қатырма қағазды кесу үшін бастауыш сыныптарда жүздерінің ұзындығы 7 см қайшылар пайдаланылады. Балалар ҿздерін жарақаттап алмауы үшін қайшы, пышақ ұштары ҿткір болмауы керек. Егер олар үшкір болып келсе, шарықпен доғалдау қажет. Мұғалім балалардың ой-ҿрісін кеңейту үшін ҽр түрлі: қағаз, мата кесетін кейіннен қаңылтыр кесетін қайшылар, сым қиятын тістеуіктерді кҿрсетеді. Материалдар ҿңдеуге қажетті еңбек құралдарының қасиеттеріне қарай ҿзгеріп, күрделеніп отыратындығы туралы түсініктер беріледі. Осыған байланысты ҽр түрлі құралдар қолданылады. Мысалы, қағаз жҽне іс тігу жұмыстарына күнделікті қолданылатын қайшыдан екі есе кіші қайшы да пайдаланылуы мүмкін. Қағаз, қатырма қағазды пышақпен кесу үшін саңылаулы сызғыш пайдаланылады.

Бұл кеңсе сызғышына ұқсас. Мұның ҿзгешелігі – бір жағынан ұзын бойына жіңішке етіп жасырылған темір пластикасы бар. Осы сызғыш түптеу жұмыстарына кітаптың сыртқы бетін (қатты) кітаптың ішкі беттерінен артық етіп кесуге қолданылады. Балалар пышақты сызғыш бойымен тура кесуге ҽдеттендіріледі. Сызғышты пайдалана отырып техникалық операцияларды дұрыс орындауға үйренеді. Оқу үрдісі жемісті ҿту үшін қағаз бен қатырма қағазды сызғыш боймен дұрыс кесу жолдары жете түсіндірілуі тиіс. Қағаз бен қатырма қағаз жұмыстарында жиі қолданылатын құралдардың бірі-тескіш керекті нҽрсені ағаш қимасына қойып теседі. Қағаз бен қатырма жұмыстарына пайдаланылатын қайшы, пышақ, біз, тескіш сияқты құралдар ҽр уақытта жұмысқа даяр болуы керек. Құралдарды мезгіл-мезгіл тексеріп, қайрауды мұғалім ҿзі атқаруға тиісті. Ақыл-ойы дамымаған тҿменгі сынып оқушылары үшін қайшы екі қолдың үйлесімді қимылын, кҿзбен бақылауды қажет ететін күрделі құрал.

Қайшымен жұмысты меңгеру мақсатында, мұғалім кесуді дҽл, дұрыс орындау үшін, оқушы қайшыны дұрыс ұстап, түзу жҽне қисық сызық бойынша қию тҽсілдерін меңгеру керегін ұмытпау керек. Сондықтан балалар қайшыны оң қолымен ұстап,орта жҽне үлкен саусақтарын қайшы сақинасына кигізіп, сұқ саусақпен тҿменгі сақинаны кҿтермелеп, кішкентай жҽне аты жоқ саусақпен қайшыны алақанға жабыстыра ұстауын үнемі бақылау керек. Егер балалар кескен кезде аты жоқ жҽне кішкентай бармақтарын тырбита ұстаса, қайшы қағазды жыртады. Түзу кесу үшін қайшыны белгілегенде сызық боймен жүргізіп, оның кесетін жері ортасы болғандықтан, кең ашып, ақырына дейін жаппау керек. Қайшыны жайлап, ақырындап ашып, жабу керек. Қисық сызықты кесу үшін екі қолдың үйлесімді қимылы керек: сол қолмен қағазды қайшыға қарай бұрса, оң қолмен қайшыны ұстап, асықпай қию қимылын орындайды. Екі қолдың қимылын үйлестіре жұмыс істеуге үйрету үшін, кҿптеген жаттығуларды орындау орындау керек. Мұғалім қисық сызықты кесудің қиындау екенін ұмытпаған жҿн. Балалар алғашқыда тікбұрыштың бұрыштарын домалатып, кейіннен кҿкеніс пен жемістің суреттерін қиып алуға үйренеді. Осы жаттығуларды табысты орындағаннан кейін ғана, сопақша жҽне дҿңгелекті кесуге үйренуге болады. Қағаз бен қатырма қағаздан түрлі бҿлшектерді жасауға, сызғыш бойымен кесуге күш пен қимылдың дҽлдігі қажет. Сонымен, жұмыстың бұл түрі оқушы қолының бұлшық еттерін жетілдіріп, олардың үйлесімді қимылын тҽрбиелеуге мүмкіндік береді.

Қағаз бен қатырма қағаздан ҽр түрлі бҿліктерді жасауда саңылаулы сызғыш бойымен пышақпен кесу, балалардан талап етілетін қимылдың дҽлділігі балалар қолының бұлшық етін нығайтып, қимылдың соғұрлым дҽл орындалуына үйретеді. Қағаз бен қатырма қағаздан бұйымдар негізінен үлгі бойынша жасалады. Бірақ кейбір жағдайларда тапсырмаларды шамалы түрлендіруге болады. Ол үшін келесінұсқаулар болуы мүмкін: үлгінің нақ бейнесін; бірнеше үлгі бойынша (жапсырмақұрақ, гирлянда, шырша ойыншықтары жҽне т.б. бұйымдар жасау); баланың қалауы бойынша; қосымшалар енгізе отырып бҽріне ортақ үлгі бойынша (жалаушалар, бет перде, кітап арасына салатын қағазды ҽшекейлеу жҽне т.б.); елестету арқылы жапсырмақұрақты; ҿзара тең фигуралары бар гирлянданы орындау; ҿз ойы бойынша жапсырмақұрақты орындау. Қағазбен, қатырма қағазбен жұмыста математика жҽне бейнелеу ҿнері сабақтарында алған білімдерін қолдануға мүмкіндік туады.


жүктеу 50,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау