Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет11/31
Дата28.12.2019
өлшемі0,85 Mb.
#25314
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31

 №  7-8.  Тақырыбы:    Білім  берудегі  жаңа  мазмұн:  инновациалық    технологияларды 

пайдаланудың тиімділігі  

Қаралатын мәселелер:  

1. Білім берудегі жаңа мазмұн: инновациалық  технологияларды пайдаланудың тиімділігі 

2. Инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері  

 

  Бүгінгі  таңда  білім  беру  әлеуметтік  құрылымының  маңызды  элементтерінің    біріне 



айналуда.  Дүниежүзінде  білімнің  әлеуметтік  рӛлі  артып,  адамның  болашағы  оның  алған 

білім  сапасының  кӛлеміне  ойлау  деңгейіне  байланысты  болады.  Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы»  заңында    оқыту  формасын,  әдістерін,  технологиясын 

таңдауда кӛп нұсқалылық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғаліміне ӛзіне 

оңтайлы  нұсқаны  қолдануға,педагогикалық  нұсқаны  кез  келген  үлгімен,  тіпті  авторлық 

үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі 

жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Атап айтқанда:  

-  Білім  мазмұны  жаңа  біліктермен,  ақпараттарды  қабылдау  қабілеттерінің  дамуымен, 

ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының 

нақтылаумен баий тусуде; 

-  Ақпараттық дәстүрлі әдісттер ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс 

қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығыстырып орын беруде; 

-  Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға 

ретінде қалыптасуына кӛңіл бӛлінуде. 

Кез  келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  ӛмір  сүру  деңгейінің  жоғарлығысол 

елдің технологияларының дамуымен байланысты анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен 

жаңа  технологияны  енгізу  сапалығы  осы  елдегі  білім  беру  ісінің  жолға  қойылғандығы 

мен  осы  саланы  ақпараттандыру  деңгейіне  келіп  тіреледі.  Білім  беру  технологиясын 

жоспарлау  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне,  білім  деңгейлеріне    қарай  отырып 

мұғалімнің  ықыласы  мен  шеберлік  деңгейіне  байланысты  ұйымдастырылады. 

Педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді былай ұйымдастыруға болады: 

-  ойын әдістемесі және оны қабылдау

-  мәселелік оқыту; 

-  іздену, зерттеу әдістері

-  топпен оқыту әдісі (Б.Дьяченко) 

-  тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Ф.Шаталов) 

-  ӛзіндік жұмыс әдістері; 

-  бағдарлы оқыту; 

-  пікірталас әдісі; 

-  дидактикалық ойындар; 

-  жобалау әдісі; 

-  модульдік технология; 

-  қашықтықтан оқыту; 

-  саралап-даралап оқыту; 

-  семинар сынақ түрлері. 

Инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктері  

 

 Сабақтың  қызықты  ӛтуі  мұғалімнің  үнемі  ізденуіне,  ұтымды  әдіс-тәсілдерді 



қолдануына,  оқыту  әдістерін  үнемі  жаңартып  отыруына  байланысты.  Қазіргі  таңда 

мұғалімдер  инновациялық  және  интерактивтік  әдістерін  сабақ  барысында  пайдалана 

отырып сабақтың сапалы әрі қызықты ӛтуіне ықпалын тигізуде. 

  Қазіргі  кезде  білім  беру  саласында  болып  жатқан  ауқымды  ӛзгерістер  түрлі  ынталы 

бастамалар  мен  түрлендірулерге  жол  ашуда.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  ұрпақ  тәрбиесімен 

айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада 

ұйымдастыру  қажеттігі  туындайды.  Бұл  үшін  мұғалімдердің  инновациялық  іс-



әрекеттердің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  мақсат  етіледі.  Ал  жаңа 

технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастастыра отырып мүмкіндік 

деңгейге  жеткізеді.Сондықтан  мұғалімнің  біліктілігін  кӛтеру  мен  шығармашылық 

педагогикалық әректін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеруі 

маңызды. 

   Инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың кӛбі оған әр түрлі анықтамалар берген. 

Мысалы,  Э.Роджерс  инновацияны  былай  түсіндіреді:  «Инновация-нақтылы  бір  адамға 

жаңа болып табылатын идея».Майлс: «Инновация-арнайы жаңа ӛзгеріс. Біз одан жүйелі 

міндеттеріміздің  жүзеге  асуын,  шешімдерін  күтеміз  »,-дейді.  Ендеше  «Инновация» 

ұғымы  педагогикалық  сӛздік  қорына  ежелден  енген  термин.  Ол  кейбір  ғалымдардың 

еңбектердің  «жаңа»,  «жаңалық  енгізу»  деп  кӛтсетілсе,  кейбірулер  оны  «ӛзгеріс»  деген 

терминмен  анықтайды.  Инновация  термині  қазірде  білім  берудің  теориясы  мен 

тәжірибесінде  кеңінен  қолданып  жур.  Бірақ,  ғылымда  бұл  терминнің  нақтылы 

анықтамасы  белгілі  бір  категория  ретінде  берілмеген.  Берілетін  анықтамалардың 

кӛпшілігі  бұл  ұғымды  кеңінен  терең  таныта  алмайды.  Инновацияны  «білім  беру 

жүйесіндегі  жаңалық  енгізу»  деп  айтсақ,  оның  мағынасын  тарылтқан  болар  едік. 

Инновация  ұғымы  ең  бірінші  XIX  ғасырда  мәдениеттанушылардың  зерттеуінен  пайда 

болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу денгенді білдіреді. Бұл 

ұғым  этнографияда  әлі  күнге  дейін  сақталынған.  Инновация  латыншадан  аударғанда 

жаңа, жаңалық,жаңарту дегенді білдіреді екен.  

    Инновация  сӛзі  қазіргі  уақытта  барлық  ӛндіріс,  медицина,  техника  салаларында  ӛте 

кеңінен  қолданып  журген  термин.  Бұл  әдістеменің  негізінде  үйренушінің  дербес 

қабілеті,  белсенділігін  қалыптастыру,  оқыту  материалдарын  ӛзінше  пайдалану  арқылы 

танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар: 

-  үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту; 

-  оқыту мен үйретудің ӛзара үйлесімділігін қалыптастыру; 

-  үйренушінің дербес қабілетінің дамуына тікелей кӛмек беру; 

-  үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі; 

-  кӛрнекілік  құралдарын  кӛбірек  пайдалану  арқылы  сезіміне,  қабылдау  эмоциясына 

әсер ету. 

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде бағалайды, 

оқушының  ӛзі  ізденіп,  ғылыми  негіздерін  ӛз  бетінше  игеріп,  ғылыми  зерттеуді 

кӛздейді,  ал  мұғалімнің  негізгі  міндетіне  оқушының  іс-әрекетін  бақылау  жатады. 

Әдіскер  С.Кешімбетова  ӛзінің  зерттеуінде  оқу-тәрбие  үрдісінде  оқытудың 

инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап кӛрсетеді: 

-  ізгілендіру  технолоиясында  педагогика  ғылымының  алдыңғы  қатарлы  ғылыми 

жаңалықтары  тәжірибеде  «бала-субъект»,  «бала-объект»  тұрғысынан  енгізіле 

бастайды  да,  ал  ғылыми  білімдер  оның  тұрмысының  әлеуметтік  жағдайы  мен  іс-

әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігі ретінде қарастырады; 

-  ақпараттық  бағдарламалап  оқыту-  оқытудың  мазмұнын  пәнаралық  байланыс 

тұрғысынан ұйымдастыру; 

-  қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі

-  адамның іс-әрекеті тұрғысынан техника жаңалықтарын енгізу; 

-  иллюстрациялы  түсіндірмелі  оқытуда  «адам-қоғам-табиғат»  үйлесімділік  бағыттағы 

дүниетанымда жүйелі, саналы мәдениет қалыптасады

-  саралап-деңгейлеп  оқыту  технологиясында  оқытудың  мазмұны  мен  әдістері 

шығармашылық  ізденіспен  іс-әрекет  жасау  негізінде  адамның  инновациялық 

қабілеттерінің  қалыптасуына бағытталады

-  оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде ӛмірге келген жаңа қабілет

-  дербес  оқыту  технологиясы  оқу-тәрбие  үрдісінде  ғылымның  негіздерін  игеру  үшін 

ізгілік  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыра  отырып,  жеке  тұлғаның  әлеуметтік 

жауапкершілігін арттырады; 




жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау