155
Бір адамдар Құдайдан түскен деп Библияны көрсетсе, ал екіншілері
Құранды, үшіншілері Авестаны және басқаларын айтады. Христиан
Құдайының үштігін (Әке, Ұл, Қасиетті рух) қалай түсінуге болады?
Өлімнен кейінгі өмір, жұмақ пен тозақ, бастапқы күнә дегендер не?
Барлық осы сұрақтар бойынша әлі күнге дейін пікірталастар толастар
емес. Сол себепті адам үшін еркін ойлау, діни адасушылықтардан ары-
лу ауадай қажет.
А.Коллинз адамдарды төзімділікке (толеранттыққа) шақыра оты-
рып, діни фанатизмнің кез келген түріне қарсы шығады. «Діни қарама-
қайшылықтарға бола әлемдік тарихта қаншама қан төгілді!» – деп
қынжылады ойшыл. Бүгінгі күнгі адамзат үшін бұл мәселелер мен ой-
лар маңыздылығын жоғалтты ма, сірә?
Деизмнің келесі бір жарқын жақтаушысы болған философ, жара-
тылыстанушы, химик Джозеф пристли (1733-1804) еді. Ол оттегін
ашты, хлорлы сутегі мен аммиакты тапты, фотосинтезді сипаттады
және ағылшын философы және дәрігері, қауымдасқан психологияның
негізін салушы Дэвид Гарклидің (1705-1757) ілімін ары қарай дамытуға
үлкен үлес қосты.
«Материя және рух туралы зерттеулер» (1777) деген шығармасында
Пристли табиғат – материалдық, рух материяның қасиеті деп сендіреді.
Пристли материя деп ұзындығы, тартылыс және кері тебу күші бар
түпнегізді санайды. Материя инертті емес, ол барлық мүмкін болатын
күштерге толы. Егер сіз материядан тартылыс және кері тебу күштерін
тартып алсаңыз, онда оның өзі де жоғалады.
адамның табиғатында бір-біріне қарсы тұратын тәуелсіз жақтар
жоқ – ол толығымен материалдық дене болып табылады. Жүйке
жүйесінсіз және мисыз ешқандай да идеялар мен сезімдер болмайтын
еді. Осы ойларының өздері-ақ Пристлидің орнықты материалист
болғанын дәлелдейді.
әлеуметтік-саяси көзқарастарында ол саяси және азаматтық
бостандықтардың жақтаушысы ретінде әрекет етеді. Олардың өзара
байланыстарын көрсете отырып, ол саяси бостандықтарға басымдық
береді. Саяси бостандық болмаған жерде халық өзінің азаматтық
құқықтарын қорғай алмайды.
Мемлекет мәселесін қараған кезде Пристли оның пайда болуының
келісім-шарттық теориясын ұстанады. Өздерінің өмірге деген
құқықтарын, еркіндігі мен меншігін қорғау үшін, адамдар мемлекет
құруға келіседі. Өзін демократияның жақтаушысы ретінде көрсете
156
отырып: «Бірақ егер шарт бұзылатын болса, онда халықтың одан бас
тартуға және жаңа тәртіп орнатуға құқы бар», – деп санайды ойшыл.
Ағылшындық Ағартудың сипаттамасы осы дәуір ойшылдарының
адамгершілік ізденістері мен ойларынсыз толық болмас еді. Бұл іске
философ, эстетик және моралист Энтони Шефтсбери (1671-1713) өз
үлесін қосты. Ол адамгершілік құндылықтарын адамның бастапқы
ізгі табиғатынан шығара отырып, әлемде үстемдік етуші үйлесімділік
және бастауы Құдай болып табылатын адам туралы ілімді дамытты.
Бұл жерде оның көзқарастары Т.Гоббс пен Дж.Локк көзқарастарына
тікелей қарама-қайшы келеді. Ойшылдың пікірі бойынша, ізгілік
пайда іздеу, марапат немесе жаза алу жолында пайда бола алмай-
ды. Ізгілік өзін-өзі тудырады, өйткені ол адамға орындалған борыш,
бақыт сезімін әкеледі. Ізгілікті адам өзі жататын топтың немесе тұтас
қоғамның игілігі үшін барлық күш-жігерін салады.
Ізгілік адамның ішкі табиғатынан шығатын болғандықтан, ол
Құдайға деген сенімге тікелей байланысты емес. Әлемдік тарих көп
жағдайда діннің қоғамның моральдық санасына теріс ықпал ететінін
көрсетеді. Құдайдан үміт күтетін немесе оның алдында қорқатын,
ізгілік жолымен жүретін адамның моральдық ұстанымдары шын-
жырмен байланған арыстанның құлықтылығын, мойынсұнуын еске
түсіреді.
Алайда бұл Шефтсбери Құдайды мойындамады дегенді білдірмесе
керек. Құдай – бұл әлемнің сұлулығы мен үйлесімділігінің бастауы.
Ол осы тамаша, ұлы және ретке келтірілген Әлемді жаратты. Олай бол-
са, адамның рухани өміріндегі көкорай шалғындар мен әсем бақтар да
Әлемнің осы сұлулығына сай болуға тиіс.
Ағылшын жазушысы бернард мандевиль (1670-1733), керісінше,
тікелей қарама-қарсы ұстанымдарға сүйенеді. «Аралар туралы хи-
кая» атты сатирасында ол араның ұясында байлық пен кедейшілік,
сауық-сайран мен ауыр еңбек қатар жүріп жатқанын әңгімелейді.
Бұл жерде бәрі де сатылады. Алдау, көреалмаушылық, тәкаппарлық,
тойымсыздық және басқа да күнәлар барлық жерде кең тараған,
барлығы да байлыққа жетуге ұмтылады. Нәтижесінде, ара ұясында
ала-құла өмір құлаш жайған.
Бірақ бір ғажап күнде барлық аралар ізгілікті өмір жолына түсуге
бел байлайды. Сол мезетте-ақ араның ұясында таңғаларлық нәрселер
бола бастайды: байлық пен сауық-сайран жоғалып, көп ұзамай тіршілік
тоқтайды.
157
Сол арқылы Б.Мандевиль бір мезгілде бай да, кедей де болудың
мүмкін еместігін көрсетеді. Бұның негізгі себебі адамның жойыл-
майтын өзімшілдігіне тікелей байланысты оның бастапқы зұлым
табиғатында жатыр. Бұл туралы басқалар да (Н.Макиавелли, Т.Гоббс)
айтқан. Бірақ олардан айырмашылығы – Б.Мандевильдің ойынша,
адамның теріс қасиеттері қоғамға кедергі келтірмейді, керісінше,
оны күшейтеді. Кейіннен Гегель де жамандықтың әлемдік тарихтың
қозғаушы серіппесі болып табылатыны туралы айтқан.
Б.Мандевильдің пікірінше, мораль – қоғамды, ал адамгершілік
құндылықтар әлем тарихындағы ұлы тұлғаларды тудырушы болып
табылады, өйткені нақ солар адамдарды өз құмарлықтарын шектеуге,
қоғамдық мүдделерді өз мүдделерінен жоғары қоюға үйретеді. Қоғам
үшін жамандықтан әлдебір пайда көруден гөрі, оның жолына тосқауыл
қою, оның әрекеттерін шектеу маңызды болуға тиіс.
Б. Мандевильдің идеялары моральдың бірқатар мәселелерін жаңаша
қойды және қоғамның өнегелі өміріне жасалатын кейінгі зерттеулерге
оң әсерін тигізді.
субъективті идеалист Дж.беркли (1681-1753) өзінің философия-
сын: барлық тіршілік етушілер жалқы, дара заттардан тұрады, ал
жалпы – жалқылықтың жалпыланған, қорытындыланған мәні деген
ұстанымнан бастайды. Сөз жалпы идеяны емес, көптеген нақты бар
заттарды білдіреді. Осы ұстанымдарға сүйеніп, Беркли философияның
көпшілік ұғымдарының, мысалы, «материя» дегеннің қажетсіздігі ту-
ралы айтады. Дүниеде көптеген заттар: ағаштар, Ай, әйнек, машина
және т.с.с. бар. Бірақ ешкім ешқашанда материя дегенді көрген жоқ, ол
тек философтардың бітіп болмайтын айтыс-тартыстарын тудырады.
Беркли жасаған екінші бір қадам – оның адам таным барысын-
да өзінің сезім-түйсіктерінің әртүрлі қырларын ғана біле алады де-
ген мәлімдемесі болды. Шие деген не? Ол – әлдебір қызыл-қоңыр,
қышқыл да тәтті, домалақ, шырынды және тағы басқа қасиеттері
бар жеміс. Сол қасиеттерін алып тастаңызшы, одан не қалады?
Шын мәнінде, ештеңе де қалмайды. Көріп отырғанымыздай, Беркли
зерттелетін заттардың қасиеттерін өзіміздің сезімдерімізбен, қалай
сезінетінімізбен теңестіреді. Оның танымал болған: «тіршілік ету –
демек, қабылдану» деген формуласы осыдан шықса керек.
Бұндай көзқарас оны солипсизмге ( лат. – solus – жалғыз), яғни мен
жалғыз өзім тіршілік етемін, ал барлық қалғандары менің қиялымнан
туған деген пікірге келтіреді. Философияда бұл субъективтік
идеализмнің шектен шыққан түрі деп бағаланады. Беркли Құдайдың
Достарыңызбен бөлісу: |