352
Ғылымның моральдық өлшемін ашу, біздің көзқарасымыз бойын-
ша, жалпы, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдардың және
ғылыми қауымдастықтың өзара-қарым-қатынастары мен қызметінің
сипатын анықтау арқылы ғана мүмкін болады. Бұл мұнда әлеуметтік
факторлардың елеулі рөл атқаратынын білдіреді. Әңгіме әлеуметтік-
гуманитарлық пәндер туралы болса, ол факторларды табу аса қиындық
тудырмайды. Ғылыми жаратылыстану білімдерінің өкілдеріне кел-
сек, онда бұл жерде моральдық өлшем табу қиынырақ: осындай зерт-
теу жұмысы да адамдардың әртүрлі қатынастарына толы болғанмен,
аталған қызметтің моральдық өлшемі де бар.
Бір жағынан, ғалымдар нысандарды, оларда болып жатқан әртүрлі
үдерістерді зерттейді. Ғылыми қауымдастық бір немесе басқа
ғалымның қойылған міндеттерді қаншалықты терең және жан-жақты
шешкенін бағалайды, ал содан кейін олардың бағасы беріліп, таныла-
ды. Егер қайсыбір ғалым өзінің ғылыми зерттеулерін дербес жүргізген
жағдайда да, оның бар қызметінің басқаларға бағытталғанын түсіну
қиын емес. Егер ол басқалармен байланысқа және қарым-қатынасқа
түспей, тек ғылымды сүйіп, одан рақат сезімін алса, онда оның
зерттеулерінің нәтижелері қоғамға белгісіз күйінде қалады, ал өзі
қоғам алдында ғалым ретінде танылмайды.
Әрине, кезінде: «Шынайы ғалымның қарапайым болмауы мүмкін
емес: ол қаншалықты көп жұмыс атқарса, әлі де соншалықты көп
жұмыс істелмей қалғанын айқын түсінеді», – деп А.Франс айтқанмен,
бұндай жағдайды тіпті қиялымызда елестетуге болмайды. Бірақ бұл
жерде мәселе біршама бөлектеу.
Төмендегі ескерілуге тиіс: қоғам өзінің ғалымдарын зерттеу
қызметі үшін даярлайды. Заманында Дж.Локк айтқандай, жаңа ғана
дүние есігін ашқан сәбидің жаны – «tabula raza», ол туғаннан бұл
әлемге ғылыми қайраткер болып келмейді. Адам, әлбетте, маймыл
емес, әрбір адамға табиғат қандай да бір дарын тарту еткен. Өмірдегі
бір нақты жағдайға байланысты біреу дарынын үлкен талантқа ай-
налдырып үлгіреді, бірақ әлеуметтік орта басқа біреудің дарынын
өшіруі де мүмкін. Осыған байланысты ұлы жаратылыс зерттеушісі
И.Ньютонның зерттеушінің өткен ұрпақтардың алып ойшылдарының
мұраларын игеру арқылы солардың иықтарында отырғаны туралы
ойын еске түсіру артық болмас.
Сонымен, ғалым өз заманының да, өмірден өткен ұрпақтардың да
ғылыммен айналысқан адамдарымен үзілмейтін жіппен байланысқан.
Сондықтан да оның ғылыми жетістіктері, тұтастай алғанда, бүкіл
353
қоғамның игілігі болып табылады. Ғалымдар, студенттер мен аспи-
ранттар бір-бірлерімен жақын араласып, зерттеушілердің еңбектерімен
танысады. Олар әртүрлі зерттеулердің нәтижелерін сын тұрғысынан
қабылдайды, тиісті бағаларын шығарады, оларды қабылдайды не-
месе терістейді. Әрбір ғалым өз зерттеулерінің қорытындыларымен
көп адам танысуы үшін, оларды қызықты және тартымды түрде
баяндауға тырысады. Айтылғандарды қорыта келе, ғылыми қызметтің
кез келген формасы, қалай болғанда да, әлеуметтік қатынастар
мен байланыстарды қамтиды деп тұжыруға болады. Олай болса,
ғылыми қызметтің қай-қайсысы да моральдық бағалаудан және
қорытындылаудан сырт қалмайды. Біз тіпті бұл өте қажет дер едік,
өйткені ғылыми қауымдастық мүшелерінің арасында сенім білдіру
жоғары дәрежеде болмаса, ғылыми жетістікке жету мүмкін емес.
Әлбетте, бір немесе басқа ғалымның ғылыми еңбегі жарыққа
шыққан соң, әріптестері онымен танысады, оған тиісті бағасын береді.
Алайда ол зерттеудің нәтижелерін бүге-шігесіне дейін егжей-тегжейлі
тексеру мүмкін емес, кері жағдайда ғылымда тоқырау орын алуы ғажап
емес, өйткені оның өзінің ғылыми идеяларын іске асыру үшін уақыты
да, күші де жетпес еді. Сондықтан ғалымдар өз әріптестерінің зерттеу
жұмыстарының нәтижелеріне сеніммен қарауға тиіс. Ал бұл этиканың
негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Сенімнің сондай деңгейіне
жету үшін, ғалым өз әріптестерінің, өзі айналысып жүрген ғылыми
мамандықтың алдында, сондай-ақ бүкіл қоғамның алдында да өз
жауапкершілігін сезінуі керек. Бұл ғалымның кәсіби жауапкершілігі,
яғни ғылымның ішкі этикасын құрайтын жауапкершілік деп аталады.
Сонымен қатар ғылымның сыртқы этикасы да бар. Ол ғылым мен
қоғамның өзара қатынастарын қамтиды. Ғалымның, тұтас ғылыми
қауымдастықтың қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі бұл
этиканың өзегін құрайды. Ішкі және сыртқы этиканың арасында өте
алмастай шек жоқ, олар өзара бір-бірімен табиғи байланысқан. Ғалым
елсіз аралда өмір сүрмейді, ғылыми қызметтерінен өзге, ол басқа да
істермен айналысады, яғни әртүрлі әлеуметтік: әкенің, кәсіподақ
мүшесінің, филателистің, жүзушінің т.б. рөлдерін атқарады.
Жоғарыда айтылғандай, алынған зерттеулердің нәтижелерін
ғалым міндетті түрде мақала, брошюра немесе монография түрінде
баспасөзде жариялауға тиіс. Сол кезде ол өзінің заңды авторлық
мәртебесін алады. Кез келген жарияланған ғылыми жұмыста алдыңғы
авторларға, олардың жеткен жетістіктеріне, зерттеудің пайдаланылған
әдістеріне, әртүрлі қорытындыларға сілтеме жасалуға тиіс. Бұл – оның
әріптестері алдындағы моральдық борышы.