ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет206/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

«левиафан  не

-

месе  материя,  шіркеулік  және  азаматтық  мемлекеттің  формасы 

мен  билігі»

  (1651)  деген  еңбегі  қоғамдық-саяси  және  ғылыми  топтар 

арасында  үлкен  толқу  тудырды.  Онда  мемлекеттің  қызметіне,  саяси 

билікке қатысты мәселелер терең де жан-жақты зерттелген.

Туындысын  библиялық  теңіз  құбыжығының  атымен  атай  оты-

рып, – Иова кітабында Левиафанның «тәкаппар ұлдардың барлығының 

патшасы»  екені  айтылған  (Иова  кітабы,  41:26),  –  Т.Гоббс  өзі  «алып 

тірі  ағза»  деп  қарайтын  мемлекетті  соған  ұқсатады.  Оның  қоғамдық 

құрылыс пен мемлекет туралы ой-пікірлерінің бастауы – «адамдардың 

табиғи  жай-күйі»  болып  табылады,  солар  деп  ол  адамның  азаматтық 

қоғамнан тыс жағдайын түсінеді: қандай да бір мемлекеттік ұйым бол-

маса,  жеке  меншік  жоқ  болса,  бұндай  жағдайды  «бәрінің  барлығына 

қарсы соғысы», яғни «адам – адамға жау» деп жариялаудан басқа лаж 

қалмайды.

Бұл  соғыста,  Гоббс  бойынша,  жеңімпаздар  болмайды.  Ол  (соғыс) 

әркімге  төніп  тұрған  қауіп-қатер  жағдайын  білдіреді.  Табиғаты 

сездіріп,  өз  жағдайының  мүшкілдігін  түсінген  соң,  адамдар  осын-

дай  бейшара  және  жиіркенішті  күйден  арылуға  ұмтылады,  бірақ  бұл 

олар  өзара  келісім  бойынша  өздерінің  барлық  құқықтарынан  бас 

тартқан  жағдайда  ғана  мүмкін  болады.  «Өз-өзімді  билеу  құқымнан 

бас тартып, ол құқымды мына бір адамға немесе адамдардың әлдебір 

жиынына  беремін,  егер  сен  де  мен  сияқты,  оларға  өз  құқыларыңды 

берсең, барлығы үшін оларға уәкілеттік ұсынсаң, олардың әрекеттерін 

өзімдікі  деп  танитын  боласың.  Солай  болған  кезде,  ерекше  бір 

қауымдастыққа,  қауымға  сөйтіп  біріккенде,  олар  көпшілік  деп  атала-

ды,  латынша  –  civitas.  Ұлы  Левиафанның  дүниеге  келуі  осындай...». 




132

Нәтижесінде,  жеке  адамдар  өкілеттіктерін  беріп,  өз  еріктерін  мемле-

кетке  бағындырып,  қоғамдық  шарт  жасасады.  Мемлекет  билігі  ғана 

табиғи заңдардан көрінетін саналы адамдық табиғатты іске асыра ала-

ды. Азаматтық заңдар табиғи болуға, бірақ міндетті түрде мемлекеттің 

беделі және күшімен бекіген болуға тиіс. Гоббс үшін мемлекет – бұл 

ешкім  қол  сұға  алмайтын  құндылық.  Мемлекеттік  билік  мықты, 

орталықтандырылған болуға тиіс: «билікті бөлу – оны жою деген сөз, 

өйткені бөлек-бөлек ажыратылған биліктер бір-бірлерін құртып тына-

ды».  Мығым  және  әлеуетті  биліктің  талабы  қалыптасып  келе  жатқан 

буржуазияның мүдделеріне әбден сәйкес болды.

Гегель  «Философия  тарихында»  Гоббсқа  қаратып,  «оның  пікірі 

ұшқары  және  эмпириялық,  яғни  тәжірибеге  ғана  негізделгендігін, 

бірақ  оған  келтіретін  уәждері  мен  тезистері  шынайы  екенін,  өйткені 

табиғи  қажеттіліктерден  туғанын»  айтқан.  Бірақ,  біздің  ойымызша, 

Гегельдің  бұл  көзқарасы  әділетті  емес.  Әйтпесе  Гоббстың  мемлекет 

пен  қоғамға  қатысты  пікірлері  XVII-XVIII  ғасырлар  ойшылдарының 

басым  көпшілігіне  орасан  зор  ықпал  етпеген  болар  еді.  Егер  аяғына 

дейін  әділетті  болғымыз  келсе,  онда  Т.Гоббстың  келісім-шарт 

және  мемлекеттің  пайда  болуы  теориясынан  тартылған  жолдың 

«Ж.Ж.Руссоның  қоғамдық  келісіміне»,  ары  қарай  біздің  бүгінгі 

заманымызға  жеткізгенін  мойындағанымыз  жөн.  Ұлы  әлеуметтік 

философтың 


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау