мақсат-мұратқа сай мемлекет
құру идеясын ұсынады. Онда
тең құқықты адамдардың қоғамдық тобының (сословие) негізгілері
үшеу:
басқарушылар, тәртіп сақшылары және қатардағы қауым-
дастар
. Бұлайша жікке бөлуді ол
ақыл, ерік және құмарлықтар
орын алатын адам жаны құрылымына сүйеніп жасаған. Мемлекетті
жан дүниелерінде даналық басым адамдар басқаруға тиіс, өйткені
басқарудың өзі
әділеттілік және ізгілік
негізінде жүзеге асырылады.
Демек, қоғамды философтардың басқарғаны дұрыс. Жауынгерлердің
жаны құмарлыққа толы болуға тиіс, ал жұртшылықтың басым
көпшілігінің жаны құмарлыққа, ләззатқа құштар.
Бірақ ең қызықтысы билеушілер мен жауынгерлердің
жеке мен-
шігі
болмауға тиістігі болып отыр. Олар толықтай мемлекет тара-
пынан қамсыздандырылады. Олай болмаған жағдайда билеушілер
заңдарды өз пайдасына қарай өзгерте бастайды, ал жауынгерлер
қаруларын өз азаматтарына қарсы кезейтін болады. Бірақ меншік қай
жерде ұялайды? Отбасында. Демек, бұл топтардың отбасылары да, ба-
лалары да болмауға тиіс. Әрине, бұл ақылға сыймайды.
Екі мыңжылдық өткеннен кейін Платонның кейбір идеялары XX
ғасырдың тоталитарлық қоғамдарында жүзеге асты. Бұрынғы Кеңес
Одағындағы мемлекеттің рөлі, шамасы, платондық мемлекеттегіден
тіпті кем болмаған-ау. Барлық экономиканы жаппай мемлекеттендіріп,
жеке меншікті жойып, большевиктердің «әйелдерді қоғамдық жа-
сауы» ғана қалған-ды. Бірақ әділетті қоғам құруға бәрібір қолдары
жеткен жоқ. Мемлекеттің қыспағы астында миллиондаған адамдар
56
өз мүмкіншіліктерін іске асыра алмай, ішімдік батпағына батты, ал
«билік ұстағандар» «мемлекет атынан» әрекет еткенмен, жағдайдың
нақты билеушілері болып шығып, заңдастыра алмаса да, қолдарына
елеулі байлық жинап қалды. Сөйтіп, «төмендегі» миллиондаған
адамдар және байлықтарын заңдастырғысы келген «ат төбеліндей»
билеушілер өмірге бейімсіз бұл қоғамды іштен жарып құртты.
Фашистік Германия туралы айтар болсақ, мемлекеттің бас идеоло-
гы Геббельс Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде болашақ «мыңжылдық
Рейхтің» билік етуші элитасын қалыптастыру идеясын іске асыру-
мен әлек болды. Ол үшін аса батыл неміс офицерлері майданнан
кері қайтарылып, санаторийлерде демалуға жіберілді, ол жерлерге
«мыңжылдық Рейхтің» болашақ билеушілерін – тазақанды арийлік-
терді дүниеге әкелу үшін, жас неміс әйелдері де жеткізіліп тұрды. Алай-
да біраз уақыт өткеннен кейін, бұл әйелдер көбінесе дүниеге кемтар
сәбилер әкеле бастады. Ол түсінікті де: өйткені нәресте – кездейсоқ
жыныстық қатынастардың емес, сүйіспеншіліктің жемісі. Көп
кешікпей, бұл «бағдарлама» жабылды.
Көріп отырғанымыздай, қаншалықты ақылға сыйымсыз болса
да, кез келген идея текке кетпейді, ерте ме, кеш пе, оны өмірде іске
асырғысы келетін адамдар табылады. Ол тиісті оң немесе теріс нәтиже
бере ме, оны «Ұлы Мәртебелі Тарих» көрсетеді.
Ертедегі грек философиясы өз шыңына заманының білімдар ада-
мы – данышпан
аристотельдің
шығармашылығы тұсында жетті.
Бұны біз оның:
Достарыңызбен бөлісу: |