ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет303/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

Фридрих Виль

-

гельм  Йозеф  Шеллинг

  (1775-1854)  философия  тарихына  объективті 

идеалист ретінде енді. Ол өте талантты адам еді. Бозбала шағында-ақ 

ол  профессор,  тамаша  дәрісші  болып  үлгерді.  Оның  дәрістеріне  сту-

денттер  ғана  емес,  қоғамның  зиялылары  да,  тіпті  мемлекет  басшысы 

да өз нөкерлерімен келіп қатысатын.

Шеллингтің шығармашылығының бес кезеңін бөліп көрсетуге бо-

лады:


• табиғат философиясы (90 жылдардың ортасынан бастап);

• трансценденталдық немесе эстетикалық идеализм (1800-1801 жж.);

• теңбе-теңдік философиясы (1804 жылға дейін);

• еркіндік философиясы (1813 жылға дейін);

• оң философия немесе «Ашылу философиясы» (соңғы кезең).

Оларды  түсіне  білу  кілтін  ойшылдың  өмірінен  табамыз.  Ол  өзінің 

досы, романтикалық «Толқын мен тегеурін»   (бұл 

жерде 


«сезім 

толқындары»,  құштарлықтардың  тасқын  сияқты  ағыны  сөз  болып 

отыр)  қозғалысының  негізін  салушылардың  бірі  Август  Вильгельм 

Шлегельдің  әйелі  Каролина  Михаэлиске  ғашық  болады.  Екеуінің 

ғашықтығы  «асқынып»,  Каролина  Августен  ажырасып,  Фридрих-

пен  некелесіп  тынады.  Бұл  Шеллингтің  өміріндегі  үлкен  оқиға  бол-

ды,  өйткені  Каролина  ол  үшін  «сәуле  шашқан  жұлдыз»  ғана  емес, 

оның көмекшісі де, ең бастысы, ойы бір серіктесі де болған-ды. Екеуі 

Шеллингтің  жазғандарын  бірге  талқылайтын;  ол  күйеуінің  хат  алы- 

суын жүргізіп отыратын... Бірақ аяқ астынан Каролина қатты ауырып, 

көп кешікпей қайтыс болады.



194

Бұл Шеллингтің өмірін күрт өзгертті. Ол ұзақ уақыт үнсіз қалып, 

содан кейін діни өмір жолына түседі... Біраз уақыт өткен соң, қайтадан 

үйленеді. Бірақ енді ол мүлдем басқа: басылып қалған, өң-түсі кеткен, 

шығармашылығы тұралаған адам еді.

Шеллингтің табиғатқа көзқарасын: «Табиғат философиясы идеяла-

ры»  (1797),  «Әлемдік  жан  туралы»  (1798),  «Табиғат  философиясының 

алғашқы  көріністері»  (1799),  «Динамикалық  үдерістің  жалпы  дедук-

циясы» (1800) атты еңбектерінен көреміз.

Шеллингтің  шығармашылығы  жаратылыстануда  ашылған  ірі 

жаңалықтармен тұспа-тұс келді: оларды өз шығармаларында көрсетіп 

қана  қойған  жоқ,  солардың  нәтижелерін  басшылыққа  алып  та  отыр-

ды.  Оның  бойындағы  табиғат  түсінігі  Канттың,  әсіресе  Фихтенің 

ықпалымен қалыптасты.

Шеллингтің 


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау