адамның ұлылығын
Вольтер оның әлемді
танып білу және
өзгерте алу
қабілетінен көрді. Оның ойынша, өз-өзін сақтау түйсігі,
өз-өзін сүю адамдарды бір-бірінен алшақтатпайды, керісінше, бір-
бірлеріне жақындастырып, араласуға және жақсы көруге септігін
тигізеді. Адам жеке-дара өмір сүре алмайды. Ол – қоғамдық тіршілік
иесі. Қоғамды нығайта отырып, еркек пен әйелдің негізіндегі табиғи
байланыстар сәбилердің дүниеге келуіне жеткізеді.
Вольтер өне бойы өзіне: «Егер Әлем материалдық денелерден тұрса,
онда адамның жаны қайдан пайда болды?» – деген сұрақ қоятын. Ой-
шыл өзінің сұрағына өзі: «Жан – адамның сезу және ойлау қабілеті. Ал
олай болса, тәннен бөлек, оған тәуелсіз өмір сүре алатын жан туралы
менің ешқандай түсінігім жоқ», – деп жауап беретін. Бұндай көзқарас,
әрине, дінге қарсы бағытталған. Ал ең қызығы, Вольтер өзінің бұл
тезисін дін жолымен дәлелдеуге әрекет етеді: «Егер мына ғажап Әлемді
Құдай жаратса, онда неге біз Ол материяға да сезетін және ойлайтын
қабілет берген деп жорамалдай алмаймыз?». Өз заманының жараты-
лыстану ғылымында жеткен жетістіктеріне сүйене отырып, ол адам
жанының әртүрлі сезімдерін түйсіктермен, жүйке жүйесі және мимен
ұштастырады. Жан-жануарлардың да миы, жүрегі, бауыры және басқа
ағза мүшелері бар болғандықтан, олар да сезінеді, мүмкін, көмескі
болса да, өздерін қоршаған дүниені түсінетін шығар.
Вольтер «табиғи дінді» жақтаушы болып шықты, яғни ол солай деп
барлық адамзатқа ортақ мораль ұстанымдарын түсінді. Моральдың
басты ұстанымын ертедегі данышпандар: «Өзіңе басқалардың
не істегенін қаласаң, өзің оларға да соны істе», – деп, әлдеқашан
тұжырып қойған. Осыдан келіп, әртүрлі ескі наным-сенімдерді,
165
клерикализмді, әсіресе католик шіркеуінің тәртіптерін өткір сынап-
мінеу («Жексұрындарды таптаңдар!») шығып отыр. Сонымен қатар
ол атеизмді де сынға алған. Белгілі «Философиялық сөздікте» ол:
«Атеизм билік басындағылардың қолында болса, ол – аса қауіпті
құбыжық; қағазбасты ғалымдардың өмірі кіршіксіз таза көрінгенмен,
олардың атеизмі де қауіпсіз емес, өйткені олар отырған орындары-
нан шығып, лауазымды адамдарға да жетуі мүмкін; фанатизм сияқты
жойқын болмағанмен, атеизм де қашанда ізгілік үшін қатерлі», – деп
жазды («Вольтер. Философские сочинения. – М.; 1988. – 645-бет).
Әрине, Вольтер еркін ойлау дегеннің синонимі болатын атеизмді емес,
кейіннен «айбынды» деп аталған атеизм туралы айтқан. Белинскийдің
сөзімен айтқанда, Вольтер «әжуа-келемеж құралымен Еуропадағы фа-
натизм мен надандықтың өртін сөндірді...». Ал француз әдебиетінің
классигі Ромен Роллан: «Вольтердің «Жексұрындарды таптаңдар!»
деген ескі ұранын еске түсіріп көріңдер және оны қазіргі заманның
жексұрындарына қолданып көріңдер», – деп жазды.
Вольтер –
Достарыңызбен бөлісу: |