ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет195/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

 Тарих

Поэзия

Философия

 



Теология

Жаратылыстану тарихы

Азаматтық тарих

 Теориялық философия

Практикалық философия

Философиялық антропология

Азаматтық философия

Ф.Бэконның пікірінше, ғылым практиканың алдында озып жүруге, 

жаңадан  ашылатын  жаңалықтарға  жол  көрсетуге  тиіс.  Бірақ  басты 

қиындық  адамның 



ақылының  өзінде

,  оның  қолданылуында 



жатыр

Демек,  таптаурын  болған  жолмен  емес,  «мүлдем  басқа  әдіспен,  басқа 



жолмен  жүру  керек».  «Органон»  логикадан  артық  ештеңе  де  емес. 

Жаңа логика, яғни әдіс құру арқылы ғана ойлау шектерін тәжірибемен 

сәйкестікке келтіруге және теорияны адамның табиғат күштерін игеру 

үшін жұмсайтын құралына айналдыруға болады.

Бірақ ғылым ғимаратын қайта салу үшін алдымен теорияны прак-

тикадан кейін қалып қояға келтірген шарттарды ашып көрсету керек.

Ф.Бэкон  бойынша,  ғылымда  ғасырлар  бойы  ғылымның  ары  қарай 

дамуына  кедергі  жасаған  ескі  наным-сенімдер  қалыптасып  келді. 

Оларды ғалым «пұттар» немесе «елестер» деп атады.

Алғашқы  елес  – 



тектік  пұттар

  (лат.  –  idola  tribus).  Олар  адамның 

жалпы  табиғатынан  келіп  шығады.  Қазіргі  заман  тілімен  айтқанда, 

бұл  –  танымның  антропоморфизмі,  яғни  адамға  тән  психологиялық 

қасиеттерді  табиғат  құбылысына  немесе  жан-жануарларға,  заттарға 

телу  болады.  Олардың  түп-тамырлары  алғашқы  қауымдық  қоғамға, 

адам  табиғаттың  дүлей  күштерін  «өзіне  ұқсас»  деп  қабылдайтын 

заманға  кетеді.  Іс  жүзінде  тектік  пұттар  әлі  күнге  дейін  сақталған, 

өйткені  табиғат  әлі  де  біз  үшін  ұлы  құпия  күйінде  қалып  отыр,  оны 

алдағы ұрпақтардың көпшілігі шешетін болады.

Екінші елес – ол 

үңгір пұттары

 (лат. – idola spesus). Әрбір адам бұл 

өмірге белгілі бір орында, отбасында келеді. Біреу кедей шаруа отба-

сында  дүние  есігін  ашса,  ал  екіншісі  сәби  кезінен-ақ  байлыққа  «шо-

мылып» өседі. Есейе келе, тиісті білім және тәрбие алып, адам дүниеге 

«табиғат  жарығы  қисық  түсетін»  өз  үңгірінің  терезесінен  қарағандай 

болады.  Сондықтан  ғылым  жолына  түсу  үшін,  өзінің  үңгір  аясынан 

аспайтын таяздығын жеңе отырып, адам жалпыадамзаттық жетістіктер 

деңгейіне дейін көтерілуге тиіс.



125

Бір  кездері  ұлы  орыс  философы  Вл.Соловьев  «дүниетаным» 

дегеннің не екені туралы ойлана келе, оны «ақыл терезесі» деп атаған. 

Осындай  үш  «терезені»  –  К.Маркстің  экономикалық  материализмін, 

Л.Толстойдың  «ұзын  сонар»  морализмін  және  Ф.Ницшенің  «ғажап 

адам»  теориясын  салыстыра  келе,  ол:  «Экономикалық  материализм 

терезесінен біз артқы немесе, француздар айтатындай, тарих пен қазіргі 

заманның... «төменгі» ауласын көреміз; дерексіз, ұзын сонар морализм 

терезесі  таза,  бірақ  енді 


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау