Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
94
8. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының
талабы бойынша тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін көлік оқиғасы болған
күннен бастап бес күн мерзімде беруге міндетті.
9. Режимдік объектілердегі еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерде болуға
арналған рұқсаттың ерекшеліктері ескеріле отырып айқындалады.
10. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, авариялардың, қираудың, өрттің және басқа
да жағдайлардың салдарынан зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды),
жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің аяқталуын арнайы тергеп-тексеру
жөніндегі комиссия авариялық-құтқару қызметі немесе құралымы басшысының және
сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.
190-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру
материалдарын ресімдеу тәртібі және оларды есепке алу
1. Жұмыскердің (жұмыскерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соққан
және еңбек қызметіне байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға
(ұсынымға) сәйкес тергеп-тексерілуге жатады.
Ауыр зардаптарға әкеп соққан, адам өлімімен аяқталған және еңбек қызметіне
байланысты топтық жазатайым оқиғалар арнайы тергеп-тексерілуге жатады.
Тергеп-тексеру, арнайы тергеп-тексеру актілерінің нысандарын және еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиға, кәсіптік ауру туралы актілердің нысандарын еңбек
жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
2. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.
Егер комиссия еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру
кезінде өрескел абайсыздық зиянның туындауына немесе оның ұлғаюына себеп
болғандығын анықтаса, комиссия тараптардың сабақтас жауаптылығын қолданады және
жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен айқындайды.
Егер еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі
комиссия мүшелерінің біреуі комиссияның (көпшіліктің) қорытындыларымен келіспеген
жағдайда, ол өзінің уәжді пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде
ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актісіне «ерекше пікірге қара» деген ескертпемен қол
қояды.
3. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адамның
немесе оның сенім білдірілген адамының, жұмыскерлер өкілінің жұмыс берушіге жазбаша
түрде жүгінуге құқығы бар, ол олардың өтінішін он күн мерзімде қарауға және мәні
бойынша шешім қабылдауға міндетті.
4. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және
тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, жұмыскердің және мемлекеттік еңбек
инспекторының не қауіпті өндірістік объектілерде болған оқиғалар кезінде өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың
арасында туындаған келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек
инспекторы бағыныстылық тәртібімен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.
Жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторының еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша шешімі еңбек жөніндегі
уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген
нысан
бойынша қорытынды түрінде ресімделеді.
5. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында
тергеп-тексеру актісімен қатар:
1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау бойынша оқытудан өткені және нұсқау
алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық қарап тексеруден өткені
туралы
мәліметтер;