Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
79
өз өкілдерін көрсете отырып, өздерінің шешімдері мен ұсыныстарын жұмыскерлерге
жазбаша түрде жеткізуге міндетті.
164-бап.
Ұжымдық еңбек дауларын қарау жөніндегі органдар және
жұмыскерлердің талаптарын ресімдеу мен қарау тәртібі
1. Ұжымдық еңбек даулары мынадай реттілікпен шешіледі: жұмыс беруші (жұмыс
берушілер бірлестігі), шешу мүмкін болмаған жағдайда - татуластыру комиссиясы, онда
келісімге қол жеткізілмеген кезде - еңбек төрелігі, ол реттемеген мәселелер бойынша -
соттар қарайды.
2. Жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану,
жұмыскерлер мен жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы келісімдердің,
ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарының, жұмыс беруші актілерінің талаптарын
орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша талаптары жұмыскерлердің жалпы
жиналысында (конференциясында) қалыптастырылады және бекітіледі.
Жұмыскерлер жиналысы, егер оған ұйым жұмыскерлерінің жалпы санының кемінде
үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес жұмыскерлер сайлаған
делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
Жұмыскерлер жиналысының (конференциясының) шешімі, егер олар ұсынған
талаптарды қатысушылардың кемінде үштен екісі қолдап дауыс берсе, қабылданды деп
есептеледі. Жұмыскерлер жиналысын (конференциясын) өткізу мүмкін болмаған кезде,
жұмыскерлердің өкілді органының өзі ұсынған талаптарын қолдауға жұмыскерлердің
кемінде үштен екісінің қолтаңбасын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.
Жұмыскерлердің өкілдері жұмыс берушімен жұмыскерлер жиналыстарын
(конференцияларын) өткізу регламентін, орнын, уақытын, жиналысқа (конференцияға)
қатысушылардың санын келіседі.
3. Жұмыскерлердің талаптары жазбаша нысанда жазылады және жұмыс берушіге,
жұмыс берушілер бірлестіктеріне жиналыс (конференция) өткізілген күннен бастап
күнтізбелік үш күн мерзімде жіберіледі.
4. Көрсетілген талаптарды әртүрлі жұмыс берушілердің жұмыскерлері қойған
жағдайда, бұл талаптарды кәсіптік одақтардың салалық немесе аумақтық бірлестіктері не
жұмыскерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы
мүмкін.
5. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі жұмыскерлердің талаптар қою жөнінде
жиналыс (конференция) өткізуіне кедергі келтіретін қандай да болсын араласуға бармауға
міндетті.
6. Жұмыскерлердің талаптарын шешу мүмкін болмаған кезде, олар татуластыру
рәсімдері тәртібімен қаралады.
7. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгіне
алады. Делдалдық рәсім татуластыру комиссиясындағы, еңбек төрелігіндегі татуластыру
рәсімдеріне қарағанда дербес болып табылады және солармен қатар жүргізілуі мүмкін.
165-бап. Татуластыру комиссиясы
1. Татуластыру комиссиясы жұмыс берушi мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан
тепе-теңдік негізде тараптардың бірлескен шешімімен құрылған орган болып табылады.
Татуластыру комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс беруші, жұмыс берушілер
бірлестігі (олардың өкілдері) өз шешімін жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) назарына
жеткізген не хабарламаған не ұжымдық келіссөздер барысында келіспеушіліктер
хаттамасын жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады. Ұйымда
жұмыскерлердің бірнеше өкілдері болған кезде, олар комиссия жұмысына қатысу үшін
бірыңғай өкілді орган құрады.
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
80
2. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлер бiрлестiгi татуластыру комиссиясының жұмыс
істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды.
3. Татуластыру комиссиясы жұмыскерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын олар
келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде қарайды.
Татуластыру комиссиясының талаптарды қарау тәртiбi, қараудың көрсетiлген мерзiмiн
ұзарту тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.
4. Татуластыру рәсiмі процесінде татуластыру комиссиясы жұмыскерлермен (олардың
өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлер бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен),
мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi адамдармен консультациялар жүргiзедi.
5. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың
өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi, тараптар үшiн мiндеттi күшi болады және
татуластыру комиссиясының шешімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде
орындалады. Тараптардың біреуі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, басқа тарап
хаттамада тиісті жазба жасайды.
6. Татуластыру комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде оның жұмысы
тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады.
166-бап. Еңбек төрелігі
1. Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауының тараптары татуластыру комиссиясының
жұмысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құрады.
2. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қарау тәртібі
тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес
адамнан тұруға тиіс. Еңбек төрелігінің құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы,
Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін еңбек төрелігі жөніндегі
кеңестің өкілі, қажет болған кезде басқа адамдар қосылуға тиіс.
Татуластыру комиссиясының мүшелері жұмыскерлердің қаралып отырған талаптары
бойынша еңбек төрелігінің құрамына кіре алмайды.
3. Еңбек төрелігінің төрағасын төрелік мүшелері өздерінің арасынан сайлайды.
4. Еңбек төрелігі ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауының тараптары
өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған кезде басқа да мүдделі адамдар
өкілдерінің қатысуымен де қарайды.
5. Дауды қарау рәсімін еңбек төрелігі айқындайды және ол ұжымдық еңбек дауы
тараптарының назарына жеткізіледі.
6. Еңбек төрелігінің шешімі ол құрылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен
кешіктірілмей төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек
төрелігі мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып
табылады. Шешім уәжді болуға, жазбаша нысанда жазылуға және оған төрелік
мүшелерінің барлығы қол қоюға тиіс.
7. Татуластыру комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптары келісімге қол
жеткізбеген кезде, Қазақстан Республикасының заңдарымен ереуілдер өткізу тыйым
салынған немесе шектелген ұйымдарда еңбек төрелігінің құрылуы міндетті.
8. Еңбек төрелігінің шешімі ұжымдық еңбек дауы тараптарының орындауы үшін
міндетті болады.
9. Еңбек төрелігінің шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда,
тараптардың дауды шешуді сот тәртібімен жүзеге асыруға құқығы бар.
167-бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау
1. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тәртібі ұжымдық еңбек дауы
тараптарының келісуі бойынша айқындалады.
2. Тараптар делдал ретінде өздеріне қатысты тәуелсіз ұйымдар мен тұлғаларды
айқындайды. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық,
өңірлік комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен ұжымдық еңбек